Педагогика | ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика

Педагогика | ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика

Ұлы октябрь социалистік революциясы елді шын мәніндегі мәдени революцияны жүргізудің жағдайларын жасады,үстем таптың білім алудағы артықшылықтарын жойды,мектепті шіркеуден айырды,еңбекшілердің балаларын білім беру ісіне кеңінен қамтудың қажетті шараларын қабылдап,комунистік қоғам орнату мақсаттарына сай келетін жаңа жасауға кірісті.
Совет мемлекеті жаңа мектеп жасау ісінде педагогикалық ғылымның орасан зор роль атқаруға тиіс болатынын түсіне отырып ,оның дамуына қамқорлық жасады.Совет педагогикасының қалыптасып дамуы,лениндік идеялардың ықпалымен В.И.Лениннің тікелей араласып, белсене қатысуымен жүріп отырды. Сондай-ақ Ф.Э. Дзержинский,С.М.Киров,М.И.Калинин еңбектерінің зор маңызы болды.
Совет мектебін құруда, советтік педагогиканың негізін қалаудааса көрнекті роль атқарған А.В. Лунагарский, М.П. Порковский, және Н.К. Крупская сияқты халыққа білім беру ісінің ұйымдастырушылары В.И. Лениннің тікелей басшылығымен жұмыс істеді.
Н.К. Крупская октябрьге дейінгі дәірдің өзінде-ақ өзінің талантты педагог-марксист екенін көрсетті. Оның «халыққа білім беру және демократия » деп аталатын кітабы педагогикалық теориясын тарихи жөніндегі тұңғыш марксистік еңбек болды . Ұлы октябрь социалистік революциясынан кейін-ақ Крупская бірден мектеп жұмысымен, мектептен тыс мекемелер, балалар және жасөспірімдер қозғалысын ұйымдастыру жұмысымен тікелей айналыса бастады.
Совет педагогикасы біршама жас ғылым болып табылады, бірақ ол өзінің алдында өткен педагогикалық жүйелерден түбірінен өзгеше әрі дүниежүзілік педагогикалық ғылымның дамуындағы жаңа кезең болып табылады.
Совет педагогикасы қоғамымыздың даму заңдарын еске ала отырып комунистік тәрбие мәселесін қоғаммының өмірімен тығыз байланыстыра отырып ғылыми нағыз талдау жасауға бағыттайтын жанды, твочествалық ұғымды ілімді, миллиондаған адамдар ілімі – марксизм-ленинизмнің мызғымас берік іргетасы негізінде құралады. Мұның өзі совет педагогикасын комунистік тәрбие перспективаларын нақтырақ белгілеуіне мүмкіндік береді.
Егер өткен заман педагогикасы өз міндетін тәрбие мәселелерінің ғылыми түсіндіру деп есептеген болса, ал совет педагогикасы өзінің күш-жігерін тәрбиенің даму жолдарын ғылыми тұрғыда болжамдап отыруға шоғырландырды.
Совет педагогикасын өткендегі прогрестік педагогикалық идеялардың лайықты мирасқоры болып табылады. Ол өз зерттеулерінде алдыңғы қатарлы идеяларын меңгерумен бірге орыс педагогтары мен шетелдер педагогикасы таңдаулы өкілдерінің мұрасын маркстік-лениндік философияға сәйкес пайдаланып отырды. Бұл мұраны ол коммунистік тәрбие мақсаттарына, советтік мектептеріміздің міндеттеріне сәйкес ой елегінен өткізеді.
Совет педагогикасының мәні коммунистік қоғам адамын тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Педагогика пәнін толығырақ және тереңірек анықтау үшін тәрбиені объективтік қоғамдық құбылыс ретіндегі тәрбие және адамды бағытында арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмысы ретінде тәрбие деп ажыратылады.
Педагогика өз назарын тұтасынан арнайы ұйымдастырылған процес ретінде тәрбиені зерттеуге және педагогтар мен тәрбиешілердің, оқушы мен оқушылар қызметін зерттеді. Ол тәрбие қызметінің мақсатын, мазмұнын тәрбие құралдарын тәрбиелеу барысында адам бойында болатын өзгерістердің сипатын зерттейді.
Тәрбие дегеніміз- негізгі педагогикалық ұғым болып табылады. Ересек өсіп келе жатқан ұрпаққа жасайтын әсері жөніндегі тәрбие жайлы ұғым-барынша кең тараған ұғым. Тәрбиені былайша түсінудің белгілі негіздері бар. Шынында да тәрбиелеу барысында ұлкендердің кішілерге беріп отыратын қоғамдық-тарихи тәжірибесі болады. Үлкендер тәрбиелуде алдарына белгілі бір мақсат қойып соны жүзеге асырады, тәрбиесінде оларға жетекшілік роль беріледі. Осының бәрі тәрбиені адамның рухани дамуы мен оны қоғамдағы өмірмен еңбекке даярлаудың бір мақсатқа бағытталған басшылық деп анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогиканың тарихи даму салалары:
1. Жалпы педагогика, ол тәрбиенің негізгі заңдылықтарын зерттейді
2. Жас ерекшелік педагогикасы, ол адамның әртүрлі даму кезеңіндегі тәрбие ісінің ерекшеліктерін зерттейді. Мектепке дейінгі пелагогика, бастауыш мектеп педагогикасы, орта мектеп педагогикасы дамып келеді.
3. Арнаулы педагогика, бұл өз кезеңінде бірқатар салаларға бөлінеді: а) Сурдо – педагогика – саңырауларды оқыту және тәрбиелеу педагогикасы; б) Тифлопедалогика – соқырлар мен нашар көретіндерді оқыту мен тәрбиелеу педагогикасы; в) Олигофренопедагогика – ақыл ойы кемшілік балаларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын зеріттейтін педагогика. Бұлар үшін бір категориядағы балаларды оқыту арнайы оқу орындарда жүргізіледі. Арнайы педагогика осындай даярлық жолдарына талдау жасайды.
4. Әртүрлі оқу пәндеріне – тіл пәні, математика, тарих тағы басқа пәндерді оқыту методикасы, бұл берілген пәндерді оқытудың және осы оқып үйрену үстінде оқушыларды тәрбиелеудің оқыту теориясы ретінде дамып келеді.
5. Педагогика тарихы - ол әртүрлі тарихи дәуірлердегі педагогикалық идеялармен тәрбиенің дамуын зерттейді.
Ғылым өз пәнін үнемі зеріттеп отырмайынша дами алмайды. Басқа пәндер бойынша басқа ғылымдар сияқты педагогика да өзінің күш-жігерін тәрбие, білім беру және оқыту мәселелерін зеріттеуге бағыттаған. Бұл жолда асқан жаңалықтар да, адасулар да бодлы. Оқытумен тәрбиелеудің жеклеген, дара мәселелерінде орыс педагогтары мен әдіскерлерінің ашқан маңызды жаңалықтары аз емес.


Совет мектебінің тарихи аса маңызды жаңалықтарға бай. Педагогикалық бақылау – бұл оқу – тәрбие жұмысының тәжірибиесін зертеушінің табиғи жағдайларда мақсатты, жүйелі қабылдау деген сөзі. Бақылау міндеті – фактілерді жинақтау және сол фактілерге ғылыми – педагогикалық талдау беру. Зерттеуші сабақтың өткізілуін, мектеп жұмысының жалпы тәртібін, мұғалімдердің тәрбие жұмысының, пионер және комсомол ұйымдарының жұмысын бақылайды.
Сондай-ақ тура және жанама бақылауды да ажырата білу керек. Ғылыми бақылау мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
а) Мақсаты бар нақты нұсқау болу;
б) Белгілі жоспар бойынша жүргізілуі тиіс;
в) Бақыланған фактілерді дәл сол сияқты және объективті түрде жазып алуы тиіс.
Педагогикалық құбылыстарды бақылаған кезде әрбір адам оларды өзінше қабылдайтынын, фактілердің жайғана тіркеушісі болмай, қайта соларды өз ұғымдарының сүзгісінен өткізетінін есте ұстау қажет.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру