Педагогика | ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан жеріндегі білім беру бағыттары
ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде халыққа білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молдалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалық тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі,астрономия,медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды.Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын оқытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды.Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда,1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп,1789 жылы Орынбор қаласының айыбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды.Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік(кеңсе хатшысы) қызметтерге дайындалды.Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады.Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды.Бұл мектептің оқушылары орыс тілін,математиканы, географияны, шығыс тілдерін,сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді.Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды.1857 жылы бұл мектепті Ыбырай Алтынсарин алтын медальмен бітіріп шықты. 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналған тағы бір мектеп ашылды, ал 1869жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше құрылды.
Қазақстанда ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында бастауыш мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, этнограф-ғалым, қазақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі-Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889)есімімен тығыз байланысты.Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліп-биін жасады. Осы әліп-би бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қолөнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты.Ол қазақ қыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты1888жылы Ырғызда, 1891жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта,1896жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады.Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі.Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
ХІХ ғасырдың соңына қарай өлкеде қалалық училище-лер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ училещелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды.Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының рөлін атқарды.1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептердің саны
730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы оқушылардың саны 29 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті. Өлкедегі патша әкімшілігі қазақ халқының сауатын ашуда бастауыш білім берумен, немесе орыс жазуын, әсіресе ауызша сөйлесе білуді және арифметиканың алғашқы төрт амалын үйретумен ғана шектелу жеткілікті деп санады. Ресей өкіметінің осындай кертартпа саясатының нәтижесінде Қазақстандағы орта білім беретін оқу орындарының,соның ішінде реалдық училищелердің, ерлер мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 жылы олардың жалпы саны 12 ғана болды. Бұларда 4 мың оқушы білім алды. 1917 жылға дейін өлкеде халық санының өсуімен және қазақтардың білімге деген құштарлығы арқасында орта білім беретін оқу орындарының қатары өсіп, 47 жоғары бастауыш училище,17 орта мектеп, 4 реалдық училище, 4 ерлер және 9 қыздар гимназиясы, 13 ауылшаруашылық төменгі мектебі мен қолөнер училищесі жұмыс істеді. Мектептік білім жүйесі деңгейінің өсуі және қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгеріс мұғалім кадрлар даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Міне, осымен байланысты 1879 жылы Түркістан мұғалімдер семинариясы, 1833жылы Орынбор қазақ мұғалімдер мектебі құрылды.Кейінірек мұғалімдер семинариялары Ақтөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары 1917 жылға дейін небәрі 300 қазақ мұғалімін даярлады. Бұл Қазақстан мектептерін оқытушы кадрларымен жеткілікті қамтамасыз ете алмады. Бір ерекше ескертіп айтатын жәйт, 1928 жылға дейін бүкіл өлкеде жоғары білім беретін бірде институт немесе университете болмады.
Ресей мемлекеті Қазақстанды өзіне қосып алғаннан кейін, оның табиғи байлықтарын игеру, кен ресурстарын зерттеу мәселелеріне ден қоя бастады. Ол үшін өлке жеріне ғылыми іздену экспедияцияларын жіберіп, қазақ халқының жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеуге кірісті. 1769 жылы Қазақстанға жасалған алғашқы ғылыми экспедияцияларының бірін П.С. Палас басқарды. Экспедиция Симбирск, Орынбор, Елек, Орск, Гурьев, Жайық, Уфа қалалары аймақтарын аралады. Оның қорытындысы бойынша П.С. Палас 1773 жылы өзінің «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» - деген еңбегін жариялады. 1769-1772 жылдары Н. Рычков патша әскерлерінің құрамында Қара Торғай, Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Тройцк бекіністері төңірегінде қазақ өлкесі жөнінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның «Капитан Н. Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары» - деген еңбегі жарық көрді. Қазақстанның тарихы мен этнографиясын, географиясын зерттеп, бір жүйеге түсіруде белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А. И. Левшинның (1797-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» деген іргелі еңбегінің зор маңызы болды. Сондай-ақ өлкені жан-жақты зертту көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В. Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ және басқалардың есімдерін тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес қосты.
Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Добромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т. б. есімдерін атап өтуге болады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді .Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде тауар айналысының өсуін шапшаңдатты . Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біртіндеп ыдырай бастады .
Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады .Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті .Мал мен астық барған сайын тауарға айналды .
Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп тауарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар көзі ретінде капиталистік Ресейге барынша тәуелді болып шықты .
70-80 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды .Фабрикаларда өндірілген арзан мақта-мата бірқатар шығыс елдерінің майдагерлік бұйымдарын шапшаң ығыстырды .Сонымен бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (самауыр, қазан , шалғы, орақ ,кетпен ,ошақ ,балта ,пышақ ,т.с.с.) көтеріңкі бағамен сатылды .Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін шикізат берді .ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейге мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу шапшаң өсті. Көптеген мал мен шикізат Семейдің ,Петропавлдың ,Оралдың, Орынбордың қасапханаларында былғары, тоң май, тері илеу, сабын қайнату зауыттарында өңделіп, қырға тон, аяқкиім ретінде қайтып оралып отырды .
Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала алмайтын еді және шаруашылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады .
Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін- жәрмеңкелік сауданы енгізді .Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкеде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түріне айналды .Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды .Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл (Петропавл маңында), Константиновск (Ақмола), Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді .1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі , ал кейіннен Шар (Семей болысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы) , Ойыл , Темір (Орал облысы) жәрмеңкелері жұмыс істеді.
Жәрмеңкелер тауар-рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының тауарлылығын арттыруға ынта туғызды, байлардың байи түсуіне , сауда буржуазиясының өсуіне себеп болды . Алыпсатарлар мал мен шикізатты арзанға сатып алып , оны жәрмеңкелерде қайтадан қымбат бағаға сату арқылы пайдаға кенелді . Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығын Ресейдің капиталистік экономикасы мен байланысын нығайтты, натуралды шаруашылықтың ыдырауын және патриархалдық-феодалдық қатынастардың күйреуін тездетті .
Қазақстанда сауда капиталының пәрменді түрде енуімен өлкеде сауданың тұрақты формалары: дүкендер, көтерме сауда қоймалары көбейді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан жеріндегі білім беру бағыттары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан жеріндегі білім беру бағыттары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Педагогика жоспарымен, казакша реферат жоспар, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан жеріндегі білім беру бағыттары