Білім ошақтары – қоғам жетістіктерінің нәтижесі

«Саналы да сапалы,білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің еңі, бақыты сендердің қолдарында деп мен айта аламын.»
Н.Ә.Назарбаев
Қоғам – үздіксіз дамитын жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Осындай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік – мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Әрбір жаңа кезеңді жоғары технологиялардың дамуынан көреміз. Адамдардың алдында қоғам деген не? Ол қалай пайда болды, ол қалай дамыды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде? ......
Шығармалар
Толық

Туған жерің – түп қазығың

Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін...
Ал, екінші бақытым- тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші- Отан деген,
Құдай деген кім десе- Отан дер ем!
М.Мақатаев
Қазіргі кезде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм бүкіл Қазақстан үшін үлкен мәселе болып келеді. Қазақстан Республикасы Президенті еліміздің халқына жіберген жолдауында «Оқыту үрдесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастылары осы патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, жанның да,......
Шығармалар
Толық

Қазақтың салт- дәстүрлерін құрметтеу – борышым

Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай халық. Ал салт-дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт- дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен , ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық,......
Шығармалар
Толық

Туған жер – тұғырың

Елді сүю, туған жерді сүю – батырға да, ақынға да, қарапайым халыққа да тән қасиет. Кез-келген адам өз ата-анасын, туған жерін, туған тілін, дінін, салт-дәстүрін сүйіп өседі . Бұл қасиет- бізге ананың сүтінен, атаның қанынан өткен қазаққа тән қасиет.
Мен Маңғыстау өңірінде, Жаңаөзен қаласында өмірге келіппін. Кез-келген балаға тән қасиет, әр балаға өз туған жері “керемет”, “ғажап” болып көрінеді. Мағжан ата өз туған жері Сарыарқаны жырға қосып, сүйіспеншілігін білдірсе, мен де өз туған жерім Маңғыстауды шексіз сүйемін.......
Шығармалар
Толық

Мекенім менің – Қазақстан

Отан ... Бұл бір сөз ойыма оралғанда ерекше әсерленемін. Білмеймін, бәлкім бұл менің махаббатым болар...
Иә, кезінде осы қазақты қазақ қылу үшін ата-бабаларымыз не істемеген. Талай тар жол тайғақ кешуді бастан өткерді. Отан үшін қанында, жанында құрбан етті. Сонау Жәнібек пен Керей бастаған қазақ бұқарасы не көрмеді. Ақтабан щұбырынды, Алқакөл сұлама заманынан да сүрінбеді, тек алға деді. Одан кейін Аңырақай шайқасында қазақ жасағы жеңіс тойын тойлады. Осылайша үш жүздің басын қосып Абылай хан сайланды. 1456 жылдан басталған қазақ елінің тарихы небір сындардан сүрінбей өтті.......
Шығармалар
Толық

Мен – тәуелсіз ел ұланымын

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Мағжан Жұмабаев
Кез-келген адам баласының бойында алдына қойған мақсаты, міндеті болуы шарт. Себебі, адам баласының құндылығы да осында болмақ деп ойлаймын.
Әр адам өзінше ой тербеп, қиял құсы қанат қағып, болашақтан бір жақсылық пен жаңалық күтері сөзсіз. Сонымен қатар болашағын болжағысы келген әрбір қоғам мүшесі өткені мен бүгінін сараптай білуі шарт.......
Шығармалар
Толық

Ұлттық үрдіс – ұлағат

Ел мен жер – оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз.
Ы.Алтынсарин
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі – есті, еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін , әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар – ожданы мол болып өссін деп армандайды және бұл мәселені өзінің тұрмыс – салтына байланысты шешіп отырды. Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталған, тұрмыс және өмір тәжірибесі сынынан өткен салт – дәстүрлерді қолданып келді.......
Шығармалар
Толық

Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған,......
Шығармалар
Толық

Ел атын – ер шығарар

Патриот - сөзі отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау деген. Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген халық. Батырларымыз, сондай – ай қазақ халқы отанын, жерін сүйіп, халқын барлық уақыт жаудан қорғаған.қазақтың ұлтжандылығы, отан сүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған аталардан ұлы мұрамыз, мақал-мәтелдеріміз нақты дәлел.......
Шығармалар
Толық

Туған жерім – Қызылорда

Мен Қазақстан мемлекетінің Қызылорда қаласында туылдым. Қызылорда қаласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. Қаламыздағы Ұлы Жібек жолы-әлем өркениеті тарихының аңызды жетістіктерінің бірі. Қызылорда -әдемі қала. Қызылордада Сырдария өзені бар. Қызылордада күріш өседі. Мұнай мен газ өндіріледі. Өзімнің Қызылорда қаласында туылғанымды мақтан етемін.
Шуақты боп тұрсың сен.
Қызылорда қалам менің,......
Шығармалар
Толық