Туған жерің – түп қазығың

 Туған жерің – түп қазығың

Ахметжанова Софья
7 сынып, №25 мектеп
Павлодар қаласы
Жетекшісі: Теміржанова М.Ә.

Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін...
Ал, екінші бақытым- тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші- Отан деген,
Құдай деген кім десе- Отан дер ем!
М.Мақатаев
Қазіргі кезде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм бүкіл Қазақстан үшін үлкен мәселе болып келеді. Қазақстан Республикасы Президенті еліміздің халқына жіберген жолдауында «Оқыту үрдесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастылары осы патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, жанның да, тәннің де дамуы аталып өткен. Сонымен қатар «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс»- деп айтылған. Осы мәселелер қазіргі таңда тәуелсіз жолына енді ғана түскен мемлекеттердің алдына қойылуда. Ендеше бүгінгі патриоттық идея да, патриоттық тәрбие де қазіргі заман адамдарына түсінікті болуы жөн. Өз халқыңның өнегелі жақтарын білу, кешегі және қазіргі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне сүйсіне қарау, оларға сай болу патриотизмнің басты міндеті болып табылады деп есептеймін.
Патриоттық сезім отбасынан басталады. Бірақ қазіргі кейбір ата-аналардың балаларына көңіл бөлмеуі, уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі – отбасындағы жастар тәрбиесінің рөлін түсірді. Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі бастауын жоғалтқан патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түспеуі анық.
«Мен елімнің патриотымын» – деп осы елдің әрбір азаматы, әрбір тірі жан дүниесі айқындағаны жөн болушы еді. Өйткені қазіргі кездегі өз елін, ұлтын сыйлайтын жан дүниелер аз. Ал мен Қазақстанның нағыз патриоты деп атануға толық құқығым бар. Нағыз патриот – өз елін, дінін, халқын, ұлтын, тілін сыйлайтын азамат. Елімізде болып жатқан жаңарулар мен өркендеуден тыс қалмаған және сол жаңаруларға байланысты өз ойын жеткізіп, елінің қамқоршысына айналған адам. Қайда жүрсең де, өз елімен мақтанып, өз жерін жүрегінде мәңгі сақтайтын жанды елдің патриоты деп атауға болады. Менің ойымша, патриот елі үшін туып, елі үшін өлуге де дайын адам.
Қазақтар ежелден басқа халықтардай отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы жерін, тілін, ұлтын жаудан қорғаған. Ауыз әдебиетінен


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру