Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Сополимерлену деп екі немесе одан да көп мономерлердің бірге полимерленуін айтады. Ол тәжірибе жүзінде өте көп қолданылады. Сополимерлену нәтижесінде әр түрлі қасиеттері бар полимерлер алуға болады. Мысал ретінде бутадиен мен стиролды соплимерлеу реакциясын келтірейік: nCH2=СН-CH=CH2+mCH2=CH=>[-CH2-CH=CH-CH2-]n-[-CH2-CH-]m
C6H5 C6H5
Реакция нәтижесінде бутадиен-стирол каучугі алынады. Радикалдық сополимерлену үшін жоғарыда қаралған барлық заңдылықтар тән. Бірақ бірнеше мономерлердің қатысуы реакция сатыларын қиындатады. Екі мономердің сополимерленуін қарайық. өсетін радикалдардың активтігі тек соңғы буынның табиғатымен анықталады деп ұйғарып, сополимерлену құрамының теңдеуін шығару үшін төрт қарапайым өсу реакцияларын ескереміз:
Өсу реакциялары Өсу реакцияларының жылдамдықтары М1●+М1=>М1● V=k11[М1●][ М1] М1●+М2=>М2● V=k12[М1●][ М2] М2●+ М2=>М1● V=k21[М2●][ М1] М2●+М2=>М2● V=k22[М2●][ М2]
мұнда Мi- і-типті мономер, Мі●-Мі буынымен аяқталатын макрорадикал, kji-Мі мономерінің Мj● радикалына қосылу реакциясының жылдамдық константасы. Сополимерленген кезде мономерлердің реакцияға түсу жылдамдықтары мына теңдеулерімен сипатталады: [М1●][ М1]+ k21[М2●][ М1] (1)
[М2●][ М2]+ k12[М1●][ М2] (2) Екі теңдеуді бір-біріне бөлсе осы реакция жылдамдықтарының қатынасы шығады:
(3) Сополимерлену кезінде жүйеде квазистанциор күй туады, яғни әр түрлі активті орталықтардың концентрациясын тұрақтайды. Квазистанциор күйдің шарты: k12[М1●][ М2] = k21[М2●][ М1] (4) осыдан [М1●]= [ М2●] (5) [М1●] мәнін (3) теңдеуіне қойып және де оның алымы мен бөлімін k12 k21 көбейтіп, кейбір жеңілдіктер жасағанда ол мынадай түрге келеді:
(6) мұндағы r1=k11/k12 , r2=k22/k21 , r1, r2 , шамалары мономерлердің салыстырмалы активтігі не сополимерлену константалары деп аталады. Олар радикалға «өз» және «бөтен» мономерлердің қосылу реакция жылдамдықтарының қатынасын көрсетеді. r1 және r2 мәндері реакйияға түсетін мономерлердің табиғатына байланысты. (6) теңдеуі сополимерлер құрамның дифференциалдық теңдеу деп аталады. Бұл теңдеу r1 және r2 константаларын анықтау үшін мономерлердің сополимерге түрлену дәрежесі 5-7% аспайтын, полимерленудің бастапқы сатысында қолданылады. Мұндай жағдайда [M1]/[M2] қатынасы тұрақты, ал сол мезгілдегі лездік қатынас:
болса сополимер құрамының теңдеуі мына түрге ауысады. (7) мұндағы [m1] және [m2] мономерлер буындарының макромолекуладағы концентрациясы. ....
Ресей Федерациясының соңғы жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2002 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болады: Халық саны – 145,2 млн адам. Жұмыссыздар саны – 6153 мың адам. Халықтың ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір айға) – 3949,8 рубль. Экономика саласында еңбекпен қамтылғандардың жылдық орташа саны – 65359 мың адам. Жалпы ішкі өнімі Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) – 10863,4 млрд рубль Жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда – 75497,0 рубль Өнеркәсіптік өнім көлемі – 6867,9 млрд рубль Негізгі капиталға күрделі салымдар – 1758,7 млн рубль Бюджет табыстары – 3519,2 млрд рубль Бюджет шығындары – 3422,2 млрд рубль Экспорт – 106154,3 млн доллар Импорт – 461230 млн доллар
Ал күрделі салымдар мәселесі бойынша Ресей бірнеше ірі дамыған мемлекеттермен тығызбайланысты. Төмендегі кестедегі көрсеткіштер арқылы 2001 – 2002 жылдар аралығындағы Ресейге салынған күрделі салымдар мен инвестор мемлекеттері көрсетілген. Ресейге құйылған шет елдік күрделі салымдар көлемі 2001 2002 АҚШ–ң млн долл. % АҚШ–ң млн долл. %
Барлық күрделі салымда 14258 100 19780 100
Германия 1237 8,7 4001 20,2
Кипр 2331 16,3 2327 11,8
Ұлыбритания 1553 10,9 2271 11,5 Швейцария 1341 9,4 1349 6,8 Франция 1201 8,4 1184 6,0 Нидерланды 1249 8,8 1168 5,9 АҚШ 1604 11,2 1133 5,7 Жапония 408 2,9 441 2,2 Австрия 423 3,0 376 1,9 Швеция 72 0,5 139 0,7 Басқа да елдер 2839 19,9 5391 27,3 Ал ендігі жерде осы шетелдік күрделі салымдардың экономика саласындағы таралған бағыттары төмендегідей жағдайда. ....
Рынокты талғамдары, талаптары, мәдениеттік ерекшеліктері бар әр түрлі сұраныс деңгейімен сипатталатын тұлғынушылар құрайды. Осы кезде компания негізгі тұтынушылар тобын анықтау барысында олардың мінез-құлқына ерекше көңіл аударуы тиіс. Осы кезде тұтынушылар мұқтаждықтарын толық біліп барьш, өнім ұсыну қажет. Мұқтаждық адамның мәдениет деңгейімен белгіленетін қажеттіліктің өзгеше түрі. Тұтынушылардың мінез құлқының калыптасуында олардың мәдениеті ерекше орын алады. Жалпы мұқтаждықгар келесі негіздеулер бойынша жіктеледі: субъектілері бойынша; жекелей және қоғамдық; абстрактілік деңгейіне қарай; абстрактілік және нақты; өндіріс процесіне катысты: экономикалық және экономикалық емес; өзектілігі бойынша: бірінші. екінші және алысталған. Тұтынушылардың мінез-құлқын оқуға негізделген сатып алушы мінез-құлқының моделі әрекет етеді. Рынок бойынша маманның басты мақсаты - әр түрлі тіркендірушілер мен жауап реакциясы пайда болғанда тұтынушы санасының "қара жәшігінде" болған өзгерістерді білу. "Қара жәшік" екі бөліктен тұрады: 1-шісі сатып алушы сипаттамасы, адамның тітіркендірушілерді қабылдауы мен жауап кайтаруына негізгі әсер етуші; 2-шісі - нәтижесі тәуелді сатып алу шешімін кабылдау үрдісі ....
Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің, мақала-зерттеулерінде жазушы ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейілінше аз сөз болады. классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақаларды айтпасақ, қазақ совет әдебитінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге ешнәрсе жоқ. Стильге бір тоқталмай кетпейтін монографияларды былай қойғанда, сөз болып отырған тақырыппен тікелей байланысты мақала, жеке еңбектерде де аз емес. Оларды бәрінің тізімін келтіріп жату қажет те емес. Сондықтан тек кейбіреулерін ғана көрсетуге тура келеді. Біздің қазақ әдебиеттану ғылымында стиль жайлы мақалалар болмаса жеке монографиялық еңбектер әлі жазылған жоқ. Демек, қазақ оқырмандарына бұл мәселе туралы, мүмкіндігінше толығырақ тоқталған жөн. Стиль деген термин ескі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль грекше stylos. Дәлірек айтсақ, балауызбен сырлаған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш қалақша. ....
Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды. Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде. Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырау құлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнитпен электр өрістері жатады.....
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық».Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Валеология» пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен алынған. «Валео» - денсаулық , «логос» - ғылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді. ....
Демография – бұл халық туралы ғылым. Ал демографиялық саясат деп мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітімі мен көші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, маңызды аталмыш «бес таған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз. Бүгінгі күннің аса күрделі мәселелерінің бірі- Қазақстанның өзіндік дербес демографиялық саясаты біздерге не үшіе соншама қажет? Не үшін оған ұлттық қауіпсіздікте бірінші басымдылық беріліп отыр? Себебі, Қазақстан ұлысының негізгі ұлты ретінде қазақ халқының жан-жақты даму бағдарламасын қабылдап, көп ұлтты республикамызда ұлтаралық қатынастарды жақсарту мен сауықтыру мәселесін мемлекеттік саясат деңгейіне көтергенде ғана болашаққа толық сеніммен қарай аламыз. «Мың өліп, мың тірілген қазақ» халқы басынан талай демографиялық апаттарды өткерді. Елдігіміздің шырқын өткенде отаршылдар нағыз демографиялық зобалаң жолдармен бұзып келгені баршаға аян. Қазақ хандығы құрылғаннан бастап, көрші, әсіресе, Жоңғар, Қытай, Ресей, Қоқан, Хорезм мемлекеттерінің шабуылына талай ұшырап, көптеген жерімізге қоса халқымыздан да айырылдық.Зұлматты геноцидтің басталуы қаншама тереңде жатса, оның зардабы да соншама ұзақ сақталуда. Бұл санымызға, тілімізге, егемендігімізге, дінімізге, санамызға, ділімізге, мәдениетімізге, экономикамызға, өркениетімізге, менталитетімізге тікелей әсер еткендігі сөзсіз анық. Енді тым алысқа бармай-ақ, аңсаған тәуелсіздігімізді алғаннан бергі еліміздегі демографиялық өзгерістерге назар аударсақ. Кеңес Одағының ыдырауы мен еліміздің көптен күткен тәуелсіздігін алуы барысындағы өтпелі кезеңде біз күрделі демографиялық өзгерістер мен жаңа көші-қон толқындарына куә болдық. Бұл кезеңдегі демографиялық үрдістердің негізгі ерекшелігі- өлім-жітімнің көбеюі, бала туудың кемуі, яғни, табиғи өсімнің құлдырауы салдарынан халықтың жалпы санының азаюы.Бұған қоса республикамыздан алыс-жақын жерлерге ауып кетіп жатқан көші-қон толқындарының өрістеуі де халық санын төмендетіп жіберді. ....
Жеке тұлға туралы түсінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жай жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен калыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспсктілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан.....
Жас кезеңдері деп адамның өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерін, шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде ағзаның даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі даму деңгейде дайындалу мерзімі басталады. Адам жасының даму кезеңі бірнеше кезеңге бөлінеді: 1. Жаңа туған сәби (нәресте)---------------------------- 1-10 күн 2. Емшектегі сәби---------------------------------10 күн-1 жас 3. Сәбилік шақ-------------------------------------------1-3 жас 4. Бірінші балалық шақ----------------------------------4-7 жас 5. Екінші балалық шақ------------------------қыздар 8-11, ұлдар 8-12 жас 6. Жасөспірімдер немесе жеткіншек шағы-------- қыздар 12-15, ұлдар 13-16 жас ....