Қашықтан оқыту туралы мәлімет. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы....
kz
Толық

Сатиралық ертегі: Сәлім байбатша мен Рахым байбатшалардың қалай шүрегей етінен құр қалғаны

Бір күні Сәлім байбатша менен Рахым байбатша аң аулауға шығыпты. Бұлардың қасында құсшы болған бір Боқбасар деген қазағы бар екен. Бұлар құстың етін жейміз ғой деп, жол азық алмапты.
Аң аулап жүргенде, бұларға ешнәрсе кез келмепті. Ертеден бері намазына шейін аулап жүріп, бір жалғыз шүрегей атып алыпты. Бұлар көп жүріп шаршаған соң бір жерге келіп, дем алмаққа тоқтапты. Әсіресе, қарны ашқан соң атып алған үйректің етін асып жемекке ойланып, Боқбасарға үйректің етін істікке шаншып, «отқа қақта», – деп, бұйрық қылыпты. Байбатшалар дем алуға жатыпты. Боқбасар онша көңілі қош болмай, мешкей байбатшалар, тым болмаса, маған үйректің бір жапырағын тастамас деп, үйректі жайғастыра бастапты. Қашан Боқбасар үйректің жүнін жұлып болғанда, байбатшалар қынжылып, бұлайша депті: «Үйрек бек кішкене екен, екеумізді тойғызбас», [– депті]. «[Ал] Боқбасарға да береміз», – деп, бір сөз айтпайды.
Боқбасар қазақ болса да, қу қазақ еді. Байбатшалардың не ойлағанын күні бұрын біліп, оларға айтты:
– Шүрегей бек кішкентай, байбатшалар, сіз екеуіңіз тоймайсыздар. Мұны жегендеріңмен қарындарың тоймай, ауыздарыңның дәмін алып, бекер тамсанып, сілекейлерің ағар. Менің ойымша, екеулерің бірдей аш болғанша, онан да шүрегейді біреулерің жеп, біреулерің аш болыңдар, – дейді. Байбатшалар Боқбасардың айтқанын мақұл көрсе де, шүрегейдің етін біріне-бірі қимай, екеулері де аш қалуға көнбеді. Сонда Боқбасар тұрып, былай дейді.....
Ертегілер
Толық

Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты

Орталық Қазақстанда Қызыл Тулы 72 - гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 387 - Перекоп атқыштар дивизиясы жəне Ленин орденді 310 - Новгород Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды.
Ғылыми жобалар
Толық

Өлең; Ғабит Мүсірепов

Қуаныш жан толқытпай жай шыға ма,
Жұлдыз бар мақташыда, қойшыда да,
Ойпыр-ай, сен алғаның бақыт болды-ау
Қазақтың қадірлі ұлы, ойшыл аға!
«Шүйінші, шүйінші! — деп тоқталмай-ақ
Сол күні жүгірумен көп талды аяқ.
Мен-дағы омырауьмды сипай берем
Жап-жаңа өзіме әкеп таққандай-ақ!
Халықтың сонда....
Өлеңдер
Толық

Бүкіләлімдік тартылыс заңына есептер шығару 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Бүкіләлімдік тартылыс заңына есептер шығару 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.2 – бүкіләлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппараттарының қозғалысын сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар кез келген массасы бар дененің айналасында гравитациялық өрістің бар екендігін өзара тартылыс әсерінен пайда болатындығын және ғаламшар айланасындағы ғарыш аппараттарының қозғалысы бүкіләлемдік тартылыс күшіне байланысты екенін түсіндіреді.........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әлішер Науаи

Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Тәлім, тәрбие, үлгі, өнеге

Көргені жоқ көріктіден,
Тәлім көрген текті артық.

Тәрбие - тәлімнен.

Ғалым тәлімін өзінен бастасын.

Қызым келіннен ғибрат алып өседі,
Ұлым елімнен ғибрат алып өседі.

Қамшыға бүлдіргі
Балаға үлгі керек.

Бас тұмақтың үлгiсi.

Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

Баланы жастан,
Келінді бастан тәрбиеле!
Мақал-мәтелдер
Толық