Бейбіт өмір – ата-бабалар арманы, ұрпақ мақсаты

Қажеті жоқ...
Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып ізденейік.
Ги де Мопассон
Соғыс. Бұл - құлаққа жағымсыз естілетін сөз, азабы мол нәубат. Бес әріп пен дыбыстан құралған кішкентай сөз болғанымен, астарында салмағы ауыр терең мағына жатыр. «Соғыс» деген сөзді естігенде құлағыма алыстан тарстұрс атылған мылтық оқтарының, пулемет гүрсілінің, жарылған снарядтардың дыбысы келіп, жан мен тәннің өмір үшін арпалысқан сурет елестейді. Иә, жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі мен елдігі, ақыл мен жүректің ар алдында жасаған ерлігі. Себебі соғысқа аттанған әрбір жан отбасы, туғандары, отандастарына жауды жеңу туралы серт берді емес пе?! Сүйген жарларын, сәбилерін құшып, қоштасарда жеңіспен оралатындығын айтып кетті емес пе? Сондықтан олар ар алдында жауапты. Ал біз, еліміздің болашағы - жастар, не үшін жауаптымыз? Мені бұл сұрақ ойландырды. Тағзым, алғыс, құрмет деген сөздер бірінен соң бірі келе бастады. Мен тарихқа көз жүгірттім. Бастапқыда адамзат тіршілігі өмір үшін күрес болды, себебі тек мықтылар мен күштілер, бәсекеге қабілеттілер өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Алға жылжып, дамудың келесі сатысында адамдар жер үшін, одан соң билік үшін таласты. Ал ең сұрапылы әрі жиіркеніштісі адамдардың соғысты қорғану үшін емес, бейбіт жатқан елдерді қырып-жою үшін ашуы, соғыс сыртқы жауға төтеп беру құралы емес, соғыстың мансап, билікті нығайту құралына айналуы......
Шығармалар
Толық

Біз – бақытты ұрпақпыз!

Отаның үшін жасауың керек неше ерлік,
Қажеті қанша жігітке жігер өшерлік.
Отаның үшін махаббат керек, махаббат,
Отанын сүймеу – есерлік!
Ғ.Қалибекұлы
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Аллаға шүкір ата- бабаларымыз армандаған Тәуелсіздігімізге ие болып, 71 жыл Қазақтың ержүрек қаһармандарының арқасында біз бақытты, тәуелсіз, бейбіт, ашық аспан астында, сыйластықта өмір кешіп жатырмыз. Біздің Отанға деген махаббатымызды өлшеуге болмайды. Мен өз елімнің патриотымын. Патриотизм дегеніміз, өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгенділік, өз Отанының мүддесі үшін кез келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық.2016 жыл Ұлы Жеңістің 71жылдығы мен сұрапыл соғыстың басталғанының 75 жылдығы екені баршаға белгілі..«Өткенді білмей, болашақты болжау қиын» деген ұлағатты сөз бар. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады.....
Шығармалар
Толық

Ұрпақтардың қадірін білейік

1941-1945 жылдaр. Осынaу төрт жылдың ішіндe мыңдaғaн aдaмдaрдың қaны төгіліп, милиондaғaн жaндaр жaны мeн тәні жaзылмaс дeрткe душaр болды. Сол соғыстa зaр жылaп, бaлaсын aттaндырғaн aнa дa, жaрынaн aйырылғaн жeсір әйeл дe, aғaсыз қaлғaн іні-қaрындaстaр дa өтe көп болды. Бірeулeр осы жылдaрды қaйғы дeп eскe aлып жaтсa, қaзіргі зaмaнды көріп, бeйбіт өмірді көріп, шүкіршілік aйтaды. Хaлық бaсынa төнгeн бұл aуыр күндeр мeнің отбaсымды дa aйнaлып өтпeді. Мeнің aлдымдa Ұлы Отaн Соғысынa қaтысқaн aтaм Жaқимaнов Жұмaбeк Жaқимaнұлының фотосурeті, мeдaльдaры мeн ордeндeрі тұр. Мeн aтaм жaйлы көп нәрсeні білмeймін. Бірaқ ол мaғaн жaқын. Біздің үйдің төріндe aтaмыздың портрeті тұр. Кішкeнтaй кeзімнeн сол портрeтті көріп өстім, әрқaшaн «бұл aтaм» дeп aйтaтынмын, бірaқ сол сөздің мaғынaсын eнді түсіндім. Aтaм жaйлы мaғaн мeнің әжeм көп aйтaды. Aтaмның тaғдыры дa, өмірі дe бaсқaлaрғa ұқсaмaйды. Мінe, биыл мeнің әкeм 60 жaсқa толды. Aуылдaн әжeм дe кeлді. Туыстaр aрaсындa бірінші болып тілeк aйтқaн әжeм көзінe жaс aлып: «Әттeң, әкeң осы күнді көрe aлмaй кeтті, тaғы дa бірaз ғұмыр бeргeндe осы күнді дe көріп, тұлa бойы тұңғымды біргe құттықтaр eдік...», - дeді.
Үлкeндeрдің бәрі көздeрінe жaс үйіріліп, aтaмa жaтқaн жeрі жaрық болсын дeп aйтты. Осыдaн кeйін мeнің aтaм турaлы білгім кeлді. Әжeмнeн білгeнімді жaзып aлдым. Aтaм Жaқимaнов Жұмaбeк Жaқимaнұлы 1922 жылдың 16 қaңтaрындa Бaянaуыл aудaнының Бeлaғaш aуылындa Жaқимaновтaр отбaсындa дүниeгe кeлгeн. Жaстaйынaн әкeсінeн aйырылып, aнaсының қолындa өсeді, кeйін 1930-1933 жылдaры Үкімeт кeзіндeгі aштық жылдaрындa оны Қaрқaрaлыдaғы бaлaлaр үйінe aпaрып тaстaйды. Сондa тәрбиeлeніп, өмірдің қиындығын көрeді. 1939 жылы Фин соғысындaғы Мондeргeйм шaйқaсындa aлғaшқы жaрaқaтын aлaды дa, госпитaльдa жaтып шығaды. Ұлы Отaнымыздың бaсынa күн туғaндa ол он тоғыз жaстa eді.....
Шығармалар
Толық

Болашақ ұрпақтың баянды ертеңі үшін

Ерте ғасырларда жужандар мемлекетінің елшілер ғұндарды Мөңке қаған билеп тұрған сәтте қонаққа келіп, басынсыған түрмен, қағанның астындағы атын сұрапты. Бұған би-сұлтандар дау-дамай көтергенімен, қаған көніпті, келесі де сұлу жарын сұрапты, бұл бұйымтайларына да көніпті. Ендігі де елінде бос жатқан жерді сұрағанда, би-сұлтандар керек емес жерді берейік деп ұйғарғанда, Мөңке қаған атылып тұрып, «Ата-бабам жанын салып қорғаған, халқым мен оның ұрпағы мекендейтін ата-қоныс ешнәрсеге тең келмейді. Олардың жерімді сұрағаны қай сасқаны» деген ашумен, бірнеше күнде сол мемлекетті жаулап алған көрінеді. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс — жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат,- дейді дана халқымыз. Әйтсе де өзгенің жеріне ортақтасып, билік жүргізуге құмартқандар тарихымызда көптеп кездеседі. Ежелгі Македонияның патшасы Ескендір Зұлқарнайын да осындай нысананы көздей отыра, әлемге бастаған жорығы сәтсіз болып, көптеген шығынға ұшыраған болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс отының тұтануына себепкер болған тағы да Наполеонның әлемді билегісі келген арманы талай адамның қаны мен терін төкті. Мұндай дүниеқоңыздық талай мәселенің түйткіліне айналмақ. Жерге деген ашкөздік көптің сағын сындырып, қара халықтың басына талай нәубетті тарттырады......
Шығармалар
Толық

Ұлылар ерлігі –ұрпаққа үлгі

Соғыс-халықтың күш-қуаты, ерлік- жігерін сынайтын ұлы емтихан.
Б.Момышұлы
Міне, Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалған қанды майдан жылдарының аяқталғанына 71 жыл. Адамзат үшін аз уақыт болмаса да , тарих үшін көп емес. Алайда, мыңдаған ананы бауыр еті баласынан,талай жанды сүйгенінен , қаншама бауырды бір-бірінен айырған бұл соғыстың қазақ тарихында алар орны ерекше, салған жарасы терең, соғысты көзімен көрген ата-әжелеріміздің еске түсіргенде көзіне еріксіз жас келуі осының белгісі.
«Ердің туы – намыс» деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай сол замандағы КСРО елдерін жаулап алу мақсатында басталған сұм соғыста біздің ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз намысты қолдан бермей , біздің болашағымыз үшін аянбағанына, қасық қаны қалғанша Отанын қорғанына тарих куә. Барша адамзаттың жадында сақталған бұл соғыс артында өшпестей орны толмас өкініштерді қалдырды. Бізге , қазіргі жас ұрпаққа, қаншама боздақтарды қыршынынан қиып, талай елді-мекенді жермен жексен қылған сұм соғыс жылдарын еске алудың өзі үрей туғызады. Біздің бейбіт аспан астында алаңсыз өмір сүріп жатқанымыздың бағасының қаншалықты қымбат екенін тарих беттеріне зер салып қарасақ, еріксіз сезінуге болады. Фашистік Германия ашқан бұл соғыс миллиондаған адамның өмірін жалмап, талай шаңырақты шайқалтты, талай боздақтар өмірдің қызығын көрместен, бақилық боп кетті.....
Шығармалар
Толық

Қаһарман ұрпаққа тағзым

Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы
Мен бейбіт заманның ұрпағымын.Қасіретті соғысты мен түгіл менің ата-анам да көрмеген.Елімізде тыныштық орнап, әрбір арайлап атқан таңды қуанышпен қарсы алғалы да 71 жыл.
Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз.Себебі соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Тарих беттерін парақтасақ адам-адам бол-ғалы осылай. Талай рет үстемдік,байлық үшін адам қаны суша аққан.Әріге бармай-ақ 50 миллионнан астам өмірді жалмаған Ұлы Отан соғысын алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте соғысты әділетсіздік,жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағнетті.Қарапайым халыққа қасірет әкел-ген,қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңіске жеткен емес.
Таң алдында,тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен бірге адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ.Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты.Қырда қойшы қойын тастап,таягын винтовкаға айырбастады,ойда диханшы трактордан түсіп,танкіге отырды.Ол кезде бүкіл ел сол-дат болды.Сол жылдардың біз секілді бозбала,бойжеткендері ақын болуды,инженер болуды,оқымысты болуды армандаған еді.Алайда олардың армандарының қанатын сұм соғыс қырқып түсірді.....
Шығармалар
Толық

Жеңімпаз ұрпақ өнегесі-патриотизмнің қайнар көзі

Бүкіл адамзат тарихында мәңгі өшпейтін қасіретті беттер де орын алады. Солардың қатарында жиі еске алатынымыз-екінші дүниежүзілік соғыс. Елбасы Н.Назарбаев ол туралы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты жиында былай деген екен: «Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары үшін ол Ұлы Отан соғысы болды,өйткені Армия ғана емес,сонымен бірге бүкіл халық Отан қорғауға көтерілді» Бақайшағына дейін тас түйін қаруланған жау елімізге кенеттен баса көктеп кіріп,соғыс ашқан 1941 жылғы 22 маусым мен біздің халқымыз үшін Жеңіс Туы желбіреген 1945 жылғы 9 мамыр мәңгі өшпес тарихи даталарға айналды. Миллиондаған жазықсыз жандардың өмірін жалмаған сол қанды қырғынның басталғанына биыл 75 жыл, ал аяқталғанына 71 жыл толады. Қасіретті болса да,тарихымыздың сол бір қаралы беті де ешқашан ұмытылмақ емес,себебі ол тәуелсіз Қазақстан тарихының бір бөлшегі болып қала бермек. Бұл күндер қазақстандықтар жадында әр кез жаңғыра беретініне Нұрсұлтан Әбішұлының мына бір сөздері де айғақ: «Қазақстан біртұтас халықтар арасында Ұлы Отан соғысына қатысты.
Сондықтан да соғыс пен ол туралы зерде-көпұлтты Қазақстанның жалпы тарихының бір бөлігі». Ал,қасиетті тарихты білу, оны қастерлеу, өнеге тұту-азаматтық парыз, жаңа қазақстандық патриотизмнің маңызды құрауышы, ажырамас компоненті. Қазақстан жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысында теңдессіз ерлікпен шайқасқанын білеміз. Олардың ерлігі - Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудің тамаша өнегесі. Қазақ жерінен майданға аттанғандар арасынан 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Қас батырларды елге, әлемге танытуда қаламгерлер де көп еңбек сіңірді......
Шығармалар
Толық

Ерлік – елге мұра ұрпаққа үлгі

Ұлтық рух пен ұлттық патриотизм- бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті Б.Момышұлы
Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айтулы күндердің бірі- ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Кеңес халқының 1941-1945 жылдары фашистік басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысы аталған қасіретте ерлікпен күресіп, қол жеткізген Ұлы Жеңіс мерекесі. Бұл-баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи сындарлы, қаһарлы, отты жылдардағы майдан мен тылдағы Кеңес халқының тынымсыз еңбегімен, соғыс даласында кеудесін отқа тосқан батыр жауынгерлердің қанымен, Отанды қорғау жолында құрбан болған өрімдей жастармен, баласынан айырылған аналар мен әкелердің, туыстар мен бауырлардың көз жасымен келген қастерлі де қасиетті мереке. Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы қарсаңында қандай болсын құрметке лайық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің саны күн сайын азайып келеді. Республика көлемінде соғыс пен тыл ардагерлеріне әрқашан зор құрмет бөлініп, Отан қорғау жолындағы олардың ерлігі мен қайсарлығы насихатталып, жас буын ұрпаққа үлгі ретінде түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Бұл күнді мәңгілік есте қалдыру мақсатында атап өту- еліміздің тұғырлы тарихы мен қалыпты өркендеуінің, бейбітшілігінің кепілі ретінде тойлануға тиісті мереке. Уақыт жылжып өткен сайын, тарих қойнауындағы дүниені дүр сілкіндірген оқиғалардың түпкілікті мән- жайы, себеп- салдарлары айқындала бермек. Оның кейіпкерлерінің тұлғасы жан- жақты ашылып, тарихи оқиғаның маңызы арта түспек. Бұл, әсіресе, Қазақстан тарихнамасына тән қағида. Зор тарихи маңыз алған осындай тақырыптың бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерлері мен тыл еңбекшілерінің бұрын -соңды болмаған халықтық ерлігі. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Республикада жасақталған әскери құрамалар екінші дүниежүзілік соғыстың басты майдандарында болып, жеңіс жолында жаумен аянбай шайқасты. Олар Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті......
Шығармалар
Толық

Бабалар ерлігі– ұрпаққа өнеге

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
Бауыржан Момышұлы
Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар.
Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.........
Шығармалар
Толық

Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары- майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Ғаламтордағы мәлімметтер мен үлкен кісілердің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы ал,андардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағының өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді.
Отанымызды қорғауға еңбектенген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Осы соғысқа анамның атасы, менің атам да қатысқан екен. Ол кісі 1943 жылы шақырылыпты. Олар Петропавл қаласынан таң ата батысқа қарай алып жөнеліпті. Эшелон тоқтаған әрбір станция бұларға жергілікіті халық қолдарында бар тамақтарын беріп, ақ ниеттерін көрсетіп отырған. Межелі жерге жеткен кезде атамдар бірден ұрысқа кіріскен. Ұлы атам қан майданда отыз жеті ай болыпты. Өйткені, атам елге соғыс біте сала оралмапты. Біз мұны атамның соғыс кезіндегі жазған күнделігінен оқыдық. Күнделік атамның қызында сақталған екен. Мен атаммен мақтанамын! Менің үлкен атам –Құрмансейіт соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге соғысқа аттанған екен........
Шығармалар
Толық