Қаһарман ұрпаққа тағзым
Қошқарбаева Толғанай
11 сынып, № 273 орта мектеп Байқоңыр қаласы
Жетекшісі: Раманкулова Г.А.

Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы
Мен бейбіт заманның ұрпағымын.Қасіретті соғысты мен түгіл менің ата-анам да көрмеген.Елімізде тыныштық орнап, әрбір арайлап атқан таңды қуанышпен қарсы алғалы да 71 жыл.
Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз.Себебі соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Тарих беттерін парақтасақ адам-адам бол-ғалы осылай. Талай рет үстемдік,байлық үшін адам қаны суша аққан.Әріге бармай-ақ 50 миллионнан астам өмірді жалмаған Ұлы Отан соғысын алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте соғысты әділетсіздік,жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағнетті.Қарапайым халыққа қасірет әкел-ген,қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңіске жеткен емес.
Таң алдында,тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен бірге адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ.Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты.Қырда қойшы қойын тастап,таягын винтовкаға айырбастады,ойда диханшы трактордан түсіп,танкіге отырды.Ол кезде бүкіл ел сол-дат болды.Сол жылдардың біз секілді бозбала,бойжеткендері ақын болуды,инженер болуды,оқымысты болуды армандаған еді.Алайда олардың армандарының қанатын сұм соғыс қырқып түсірді. Ұлы Отан соғысының тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыру- ға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екендігін байқар еді. Осы бір аяқ асты-нан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық әр түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды.Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды.Бұл соғыс қайғықасірет әкелмеген бірде –бір отбасы болмады.Бірі-нің әкесі, бірінің бауыры, бірінің бауыр еті баласы қаза тапты. Қаншама боздақтар-дың қыршын жасы қиылды.Ішінде ақыны да,әншісі де бар еді.Қауызын ашпай көк-тей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен?
Фашистік Германия тізе бүкті.Бірақ сол соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін алып кетті.Оны жеңген Кеңестер Одағы 27 миллион адамның өмірін берді.Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық және мәдени қазынаны құртты. Міне,соғыстың әкелген қасіреті.Сондықтан адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек.Осыдан 71 жыл бұрынғы Жеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп,кейінгі ұрпаққа осындай тыныш өмір әкелгені үшін қасиетті.
Әрине,жеңіс өздігінен келген жоқ.Оны елі,жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жет-кізді. 500-ден астам қазақстандық елге Батыр атанып,аңызға айнала оралды.Содан бері зымырап 71 жыл өте шықты. Бұл бір адамның қарттыққа жетер ғұмыры.Алайда «Тау алыстаған сайын биіктей түседі»-дегендей жылдар жылжыған сайын соғыс боздақтарының өшпес ерліктері мәнін жоғалтпас құндылыққа айналуда. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам-опа-сыз,оңбаған адам»-деп Бауыржан Момышұлы айтқандай,Отан үшін өз басын өлім-ге байлап,ажалмен алысып,өз ұрпақтарының ,өз халқының намысын қорғаған олар халқын шын сүйген перзенттері деп білемін.Сондай қиыншылық жағдайда дұшпан-ның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан ата-ларымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.Соғыста ел күй-реп,талай адам ажал құшты.Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен,қайратты мінезімен жауынгерлерге жігер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржан Момышұлының еңбегі ерекше. «Отан үшін отқа түс,күймейсің»-деп ұран тастаған батыр атамыз,келер ұрпақтың болашағы үшін өз басын өлімге байлап,ажал-мен алысып,жеңіс туын тікті.Бауыржан ата өзінің бір естелігінде: «Мен-өзге ұлттар-ды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын»- дейді. Батыр атамыздың әр қазақтың жүрегінде сақталуының себебі де, ұлтын сүйгендігінен шығар.Бауыржан атамның тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында мұнартып қалықтаған ақиық,мұз-балақ қыран болып елестейді. 941 жылы Мәскеу түбіндегі қанды шайқастардатеңде-сі жоқ ерлігімен әлемді дүр сілкіндірген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирі ретінде қапияда ой тауып,қараңғыда жол тауып,ерен ерлігімен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды.Жеңістің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлігі үшін Мәскеу халқы құрметтеп,үлкен сый жасады.Мәскеу қаласынан ұлан ғайыр бір көше мен зәулім мектепке батыр ата-мыздың есімі берілді. Бұл Бауыржан ата ерлігін мойындау және бүкіл қазақ халқына жасалған құрмет деп түсінемін.
Мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай ерлігі дастан батыр тұлғаларымыз,дара тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп,бақилық болып жатыр.Соғыстың тірі куәсі атанған Бауыржан,Қасым,Әди аталарымыз да өздері жеткізген жеңістің,бейбіт күн-нің,ұрпақтарының қуанышын көріп,артарына келер ұрпағына үлгі болар естеліктер-ін қалдырып кете барды.Мен бұл кісілерді Ұлы Жеңіске қарумен де,қаламмен де үлес қосқан батырлар деп білемін.Олардың ерлігі-ұрпаққа өнеге.Бізді ерлікке жетелер,елге,жерге деген сүйіспеншілігімізді оятар ерлік істері үшін қаһарман ұрпаққа мың тағзым.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Қаһарман ұрпаққа тағзым туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Каһарман урпакка тагзым на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Қаһарман ұрпаққа тағзым