Ұланы бар елдің ұраны бар!

Әр адам үшін өмірде екі ғана нәрсе қымбат. Оның бірі-Ана,екіншісі-Отан. Себебі.бұл екеуі жайлы қозғағанда елжіремейтін жүрек жоқ болар,сірә. Ана бізді өмірге әкелсе,Отан бағып-қағушы. Сондықтан да біз Анамызды қалай құрметтесек, Отанымызды дәл солай қадірлейміз. Міне,сондықтан болар, аяулы Ана мен ардақты Отанды қосып, Отан-Ана дейтініміз.Жер шарындағы өзге жандар үшін қалай екенін білмеймін, бірақ мен үшін менің Отаным ең керемет жер,ғажап ел! Ұлан-байтақ жазығы бар, бидай,күріш азығы бар, асқар-асқар таулары бар, жасыл желек баулары бар, ащы-тұщы
көлдері бар, сарғылт келген шөлдері бар , сан миллион халқы да бар, ескірмейтін салты да бар, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет-Қазақстан Республикасы.......
Шығармалар
Толық

Мәнгілік елдің ұлы ұрпағымыз

Елбасы Н.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық келісім ахуалын жасау мәселелеріне тоқталып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді”– деген.......
Шығармалар
Толық

Ораз Жандосов – қайраткер тұлға

Сүйер ұлың болса, сен сүй
Сүйінерге жарар ол.
Абай
Адамзат баласының тарихымен тағдырында ХХ ғасырдың алатын орны айрықша . ХХ ғасыр қазақ даласына қуаныш пен қайғыны өсу мен өшуді, үміт пен күдікті аз әкелген жоқ. Социалистік идеяның құдіретіне қалтқысыз сенген туған халқы мен елінің игілігіне адал қызмет еткен абзал азамат, тұғыры биік тұлғалардың бірі Ораз Қиқымұлы Жандосов.
Ең берік Ат, ең биік Ат, ең баянды Ат - Азамат.......
Шығармалар
Толық

Ұлттық рухтың қайнары- патриоттық сезім, тұғырлы тарихпен мемлекеттік рәміздер

«Патриот - Отанға қызмет етуші адам,ал Отан дегеніміз,ең алдымен,
халық». Бұл кемелді пікірді данқты бабамыз,ел қорғаны Бауыржан Момышұлы айтқан екен. Шынымен де,Отанға қызмет ету,оны сүйіп,ардақтау Қазақстан Республикасында туған әр азаматтың ел алдындағы парызы мен азаматтығының белгісі.
Қазіргі таңда біз ата-салтымызды,рухани құндылық пен сан ғасырлық тарихымызды сақтап қалған кемелді,зайырлы мемлекетпіз.Тұғыры биік тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен кейін,осы аз ғана жиырма жылдың ішінде еңсемізді тік көтеріп,мемлекеттігімізді мақтан тұтып,тарих сахнасына беделді қазақ халқын таныттық.......
Шығармалар
Толық

Бауыржан Момышұлы - әйгілі батыр

Адамзат баласы жер бетінде пайда болғалы бері көптеген оқиғаларды басынан кешті. Қазіргі біздің өмір сүріп отырған заманымызға дейін жер бетіндегі халық қалыптасу процесін басынан кешірді. Міне, осы оқиғаларды мен 5 сыныпта тарих пәнінен оқып білдім. Тарихтан қазақ елінің көптеген соғыстарды бастарынан кешкендерін білдік. Сонда мен өз Отанына, еліне адал ......
Шығармалар
Толық

Ұлттық патриотизм – елдікті сақтап қалудың негізі

Қазақ халқының сан ғасырларға созылған ұлт - азаттық күресінің нәтижесі – тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы. Осы жолдағы ұлы белестерде, қиын-қыстау асуларда бабаларымыз кемеңгер ақылы мен ержүрек батырлығын көрсетіп, ұлан байтақ жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, біздерге мирас етті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сөзімен айтсақ: “Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін , Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз”.......
Шығармалар
Толық

Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – еліміздің егемендігін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын айқындайтын айшықты белгілер. Бұл мақалада рәміздердің рухани-танымдық қызметінің пайда болуы, қалыптасуы және оның құрылымының тарихи ерекшеліктеріне талдау жасауға арналған. Сондықтан автор қазақ қоғамының мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен білу деңгейі бойынша жүргізілген әлеуметтік сұрақ-жауаптар негінде әлеуметтік бірегейлікті сақтау үшін жастар арасында отансүйгіштік сезімді оятуға бағытталған рәміздердің ғылыми тұрғыда зерделенуі мен ағарту-насихаттау жұмысын жетілдіру қажет деп санайды.......
Шығармалар
Толық

ҰЗЫН ҚҰЛАҚ СҰР ҚОЯН

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян». Мақсаты: Балаларға үш орталықта жұмыс жасауға үйрету.Берілген қоян суретін жапсыра білуге баулу.Түрлі-түсті бояулармен бояуға дағдыландыру.Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Қостілділік жұмыс: қоян-заяц, ұзын-длинный, құлақ-уши,сұр-серый. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Шаттық шеңбер. Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз,түрлі-түсті карындаштар, қоянның суреттері. Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері Баланың іс-әрекеттері Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер: Орымыздан тұрайық, Мойнымызды бұрайық Қолымызды көтеріп Саусақты ашып-жұмайық Онан соң төмен түсіріп Алақанды соғайық Иықты артқа ысырып Басты төмен салайық Жаттығу жасап осылай ....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

Мақсаты:
Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт –дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат-әрекетіне баулу, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмен, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадыңдамытып, әрекет үйлесінін жетілдіру.
Ойын барысы:
Алдаркөсе балаларды жайлауға шақырып, онда жігіттер жарысын өткізіп, ойындар ойнауға шақырады.
"Киіз үй" қимыл – қозғалыс ойыны, 6-7 жастағы мектепалды тобының балалары.
Балалар төрт командаға бөлінеді де, ойыншығы бар орындықтар айналасында шеңбер құрады, орындықта орамал ілулі тұр. Орындық айна қасында музыка ырғағымен айналады да, өлең айтады:
"Күннің көзі жарқырайды, көктем елі шақырады".
Басқа музыка шырқалады, балалар шашылып, әр түрлі би қимылдарын орындайды. Осы кезде ойыншықтар орнын ауыстырады. Музыка үзіледі, балалар өз ойыншықтарына жүгіріп келіп, киіз үй тігеді.
"Нысанаға түс"- "Таяқ-тастау", "Балапандар", "Арқан тарту" ойын-аттаркционы.
Мақсаты: Төзімшілікті, күшті, белсенділікті дамыту, өз әрекетін әріптесінің әрекетімен келістіру дағдысын меңгерту.
Эстафеталар: .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық