Мәнгілік елдің ұлы ұрпағымыз
Бәкрамбек Асылзат
10 сынып, Қ.И.Сәтбаев ЖОМ
Отырар ауданы
Жетекшісі: Жұмашева Л.
10 сынып, Қ.И.Сәтбаев ЖОМ
Отырар ауданы
Жетекшісі: Жұмашева Л.
Елбасы Н.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық келісім ахуалын жасау мәселелеріне тоқталып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді”– деген.
Сан ғасырдан бері қазақ халқының тәрбие жөніндегі өнегелі сөздері мен істері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі отансүйгіштік сезімнен бастау алады. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойғы жинақталған тәрбие әдістерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына дарытты. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде патриотизмнің қандай рөл атқаратындығын көрсетеді.
Қазақ халқы қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен елдігін сақтап қалу үшін күресе отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген махаббатын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп беріп отырды. “Туған жер” ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысып, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырып отырған. “Отан от басынан басталады”, “Отан оттан да ыстық”, “Елің үшін отқа түс күймейсің” деп тәрбиеленетін қазақ баласы үшін Отан - отбасынан, ата-жұртынан , туып өскен топырағынан басталады. Патриоттық тәрбиенің нағыз қайнар көзі отбасынан және мектептен басталады. Мұндай тәрбие беруде халқымыздың тарихи мұраларын пайдалану мен тарихи тұлғалардың ұлттық патриотизмге негізделген отансүйгіштік іс-әрекеттерін үлгі тұтудың үлкен маңызы бар екені бүгінгі таңда нақтылана түсуде. Сондықтан зерттеу барысында “патриотизм”, “ұлттық патриотизм”, “қазақстандық патриотизм”, “Отан”, “отансүйгіштік” ұғымдарына қатысты терминдердің мәні мен мазмұны анықталып, нақтыланды.
Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғы да көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді.
“Патриотизм” ұғымына сөздіктер мен ғылыми еңбектерден анықтама беріліп, педагогика ғылымында патриоттық тәрбиенің зерттелуіне сипаттама жасалды. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: “Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім”– деп анықтама берілсе, Қазақ кеңес энциклопедиясында “патриотизм” – дегеніміз (грекше patris – Отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік. Бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды” – деп көрсеткен. Ал Үлкен кеңес энциклопедиясында “Социалистік қоғам азаматының патриотизмі өз Отанына, бүкіл социалистік елдер ынтымақтастығына берілгендік пен адалдықтан тұрады ” – делінген. Ал философиялық түсіндірмеде: “патриотизм (грекше patris – Отан) мазмұны Отанға сүйіспеншілік, оған шынайы берілгендік , оның өткені мен бүгінгісі үшін мақтаныш, Отан мүдделерін қорғауға ұмтылу болып табылатын адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім” деп қарастырылады. Дегенмен де, біздің зерттеу нысанымыз болып отырған патриотизм ұғымын әскери-жазушы, халық батыры Бауыржан Момышұлы педагогикалық-психологиялық тұрғыдан өз шығармаларында жан -жақты қарастырған. Біз Бауыржан Момышұлының «патриотизм» ұғымына берген анықтамасын зерттеу жұмысымызға тірек етіп аламыз. Жазушы “патриотизм – Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік , жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді , мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан: өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді”,- дей отырып, “Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз белгілі бір немесе басқа ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш сезімінің жиынтығы болып табылады, ұлттық мақтаныш сезімі әрбір ұлт адамы үшін бұзылмас заң” – деп, ұлттық патриотизмнің негізгі қасиетін атап көрсетеді. Бауыржан Момышұлы ұлтжандылық пен ұлтшылдықтың да ара жігін ашып көрсетеді: “Екі түрлі ұғым бар: ұлттық рух – бұл асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік. Бұл мәселені дұрыс түсіне білу керек” – деген сөздерінің жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде мәні зор.
Бауыржан Момышұлы - ержүрек жауынгер, атақты қолбасшы, әскери жазушы. Ең бастысы - әр қылығымен, әр көзқарасымен, бар болмысымен қазақтың намыстан жаралған халық екенін мойындата алған тұлға. Бауыржан Момышұлының отызға енді ілінген шағынан-ақ есімі аңызға айналды, даңқы әлемді шарлады. Ұлтжандылықтан жаралған батырлық бейнесі тарих белдерін аралап, жыл өткен сайын “тот баспас сары алтындай жарқыраған” ерлік жолын жалғастыра отырып, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қаһарманына айналды.
Қазақ азаматтарына патриоттық тәрбие беруде Бауыржан Момышұлының шығармаларының мүмкіндіктері кең. Өйткені ол біріншіден,жас ұрпақты тәрбиелеуде адамгершілікке баулудың басты құралы, рухани дүниесі байиды, ниет-танымы, өмірлік көзқарасы қалыптасады;екіншіден, ұлттық тәлім-тәрбие, отбасы тәрбиесі мен салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарға бай тарихи мұра, үшіншіден, Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен соғысқан ұлдарымыз бен қыздарымыздың бейнесін және ерен ерліктерін ұмыттырмауға мүмкіндік беретін танымдық мұра. Жауынгер жазушының шығармалары арқылы отбасы тәрбиесі ондағы ұстаз бен ата-ана, мораль, этика турасында тұщымды сөз қозғағанына көз жеткіздік. Оның қаламынан туған төл еңбектерінің тәрбиелік жақтары ашылып, патриоттық мәні айқындалды. «Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.» Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
«Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан , туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, «ұлттық патриотизм және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік
сезімін дамыту,ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын –жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдым. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, тағы басқа оған қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады. Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Мәнгілік елдің ұлы ұрпағымыз туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Мәнгілік елдің ұлы ұрпағымыз на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Мәнгілік елдің ұлы ұрпағымыз