Бауыржан Момышұлы - әйгілі батыр

 Бауыржан Момышұлы - әйгілі батыр

Серік Мейрам
6 сынып, № 15 орта мектебі
Балқаш қаласы
Жетекшісі: Амирова А.А.

Адамзат баласы жер бетінде пайда болғалы бері көптеген оқиғаларды басынан кешті. Қазіргі біздің өмір сүріп отырған заманымызға дейін жер бетіндегі халық қалыптасу процесін басынан кешірді. Міне, осы оқиғаларды мен 5 сыныпта тарих пәнінен оқып білдім. Тарихтан қазақ елінің көптеген соғыстарды бастарынан кешкендерін білдік. Сонда мен өз Отанына, еліне адал қызмет атқарып қана қоймай, қосымша жазушылықта да қабілетімен тарихта қалған Бауыржан атамызды танып білдім.

Әлемдік тарихта Екінші Дүниежүзілік соғысқа көптеген мемлекеттер қатысқан. Олардың қатарында Қазақстанның жауынгерлері де бар болатын. Ондағы Ұлы Отан соғысына жай ғана қатысып қойған жоқ, ерлігі мен батырлығын дәлелдеген «Кеңес Одағының батыры» деген атақты қан майдандағы ұрыстардан кейін еліміздің 500 адамы иеленді.Өкінішке орай, қазақ халқының жанашыры, батырлардың бірі және бірегейі, әскери маман Б.Момышұлына сол тұста «Кеңес Одағының батыры» атағын берген жоқ. Тек 1990 жылы ғана еліміздің тәуелсіздікке қадам басқан шағында Н.Ә.Назарбаевтың тікелей араласуымен «Кеңес Одағының батыры» деген атақ берілді. Бұл заңды құбылыс еді. Себебі , кеңестік қызыл империяның әміршіл-әкімшіл басшылары ұлттар арасынан шыққан ұлтжанды азаматтарды шет қағатын немесе жалған жала жауып, тұншықтыруға тырысатын да әдіс-тәсілдері бар еді. Мұндайда қазақ: «Алтынды, құм бүркей алмас» деген ғой. Яғни, барлығына уақыт төреші екендігін ұмытпағанымыз абзал.

Б.Момышұлы 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар (8-гвардия) дивизиясы құрамында майданға аттанды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды . 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты.

5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына оралды. Ресейдегі Волоколамск, Грюнь, Крюкова, Бородино, Трашкова, т.б. қала, деревниялар үшін болған қырғын ұрыстарға 9 рет асқан ерлік үлгісін көрсетті.Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып, әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы - оның осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Б.Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың бірі болды. Ол бұл әскер түрлерінің өзара тығыз байланыста әрекет етуіне баса көңіл бөліп отырды. Танк, артиллерия және тағы басқа әскери бөлімдерді (бөлімшелерді) полктар мен дивизиялар командирлері қол астына бере отырып, олардың (полктар мен дивизиялардың) өздігінше жауынгерлік қимылдар жүргізуіне мүмкіндік жасау тактикасын қолдады. Өзі қашан да ұрыс тағдыры шешілетін жерде болды.

Б.Момышұлы - әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабынан оқып білдім. Б.Момышұлының айтып кеткендері жетерлік. Бауыржан Момышұлының әрбір айтқан ұлағатты сөздері біздер үшін қымбат. Ең үлкен бақыттың бірі- Отанына, еліне, халқына қадірлі болу. Қай заманда болмасын, ер азаматтың қадірлі болмағы ел-жұртын жаудан қорғап, айрықша ерлік көрсетіп, халқының қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңіріп, ерлігімен көзге түсіп, даңқ пен абыройға кенеліп, халқының сүйіспеншілігіне бөленуден көрініс табады. Ел тұлғалары- әрбір халықтың көркі, мақтанышы. Мен де Отаныма адал қызмет істеп, оның көркеюіне өз үлесімді қосып, елімнің сүйіспеншілігіне бөленуге тырысамын.

Бауыржан Момышұлының аты аталғанда, менде екі бейне көз алдыма келеді: бірі-батыр, екіншісі - жазушы. Менің де мақсаты - бойымдағы қасиеттерімді тек жақсы жағынан көрсетіп, Бауыржан атамдай жан-жақты болу, әр нәрсенің өз бағасын жақсы түсініп, шын бағасын бере білу.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру