Ұланы бар елдің ұраны бар!
Болат Жансая
8 сынып, Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы
Кентау қаласы

Әр адам үшін өмірде екі ғана нәрсе қымбат. Оның бірі-Ана,екіншісі-Отан. Себебі.бұл екеуі жайлы қозғағанда елжіремейтін жүрек жоқ болар,сірә. Ана бізді өмірге әкелсе,Отан бағып-қағушы. Сондықтан да біз Анамызды қалай құрметтесек, Отанымызды дәл солай қадірлейміз. Міне,сондықтан болар, аяулы Ана мен ардақты Отанды қосып, Отан-Ана дейтініміз.Жер шарындағы өзге жандар үшін қалай екенін білмеймін, бірақ мен үшін менің Отаным ең керемет жер,ғажап ел! Ұлан-байтақ жазығы бар, бидай,күріш азығы бар, асқар-асқар таулары бар, жасыл желек баулары бар, ащы-тұщы
көлдері бар, сарғылт келген шөлдері бар , сан миллион халқы да бар, ескірмейтін салты да бар, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет-Қазақстан Республикасы.
Әлем халқы қызыға да қызғана қарайтын осы көз жауын алардай табиғаты сұлу жерде кіндік қаның тамып, өсіп-өнуіңнің өзі бір бақыт емес пе?! Ал, осындай бақытты күндерге жол ашып берген батыр да батыл, дана да дара батырларымызға мың да бір рахмет! Келешек ұрпақ үшін жан аямай шайқасып, ғасырлар бойы туған жер ата қонысты сақтап, ұшы-қиырсыз даласын алтынға, шыңдарын қар басқан асқар тауларын алмасқа теңеп, осы теңдесі жоқ байлығын бізге,ұрпақтарға, аманат етіп қалдырды емес пе?! Сол байлықты көзінің қарашығындай сақтап, ел тыныштығын ойлаушы,әрине,-елбасы.
1991 жылдың 1-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындалды.Сол күннен бастап елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа жетелеп келеді.Жүз отыз бір ұлт пен ұлысты бауырына басып,қазақ тілін ту еткен шаңырық астына біріктіруші, бейбіт күнді еліне тарту етуші, бірлігі жарасқан елдің тірегі-елбасымыз дер едім. Нұрсұлтан атамыздың арқасында Тәуелсіз Мемелекеттер Достығына (ТМД), Біріккен Ұлттар Ұйымына(БҰҰ) оның арнайы мамандандырылған мекемелері-ЮНЕСКО,МАГАТЕ,ДДҰға мүше болдық. Көзді ашып-жұмғанша бүкіл әлем көз тігіп отырған ірі державаға айналдық. Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығын тойлағанымызда, мұнша қуатты мемлекет осынша аз уақыт ішінде пайда болғанына әлем жұртшылығы таң қалысты емес пе?!Дәл осы жас мемлекеттің Қысқы Олимпиада ойындарын өз жерінде өткізіп, жүлделерді қанжығасына байлап, үлкен жетістіктерге қол жеткізуі, Қазақстанның мерейін үстемдетіп, беделін асқақтата түсті.
Жетістік демекші,ЭКСПО-2017 көрмесінің қазақ жерінде өтуі де зор қуаныш, үлкен мәртебе. Расымен де,Экспо Қазақстан үшін үлкен абырой болмақ. Бұл халықаралық көрменің ең басты ерекшелігі де сол-ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Қазақстан мемлекеті өткізгелі тұр. Елбасымыз айтқандай бұл көрме тек атақ үшін емес, ірі көлемде пайда табу үшін өткізіледі. Көрме Астананың инфроқұрылымына үлкен серпіліс әкеліп,ғылыми жетістіктердің бағы жанады деп сенеміз. Ал,ендеше, еліміздің мерейін асыратын көрмеге сәттілік тілейміз! Әрине,мұның бәрі әуелі-Алланың,екінші-елбасымыздың,сонан соң-халқымыздың ауызбіршілігінің арқасы. Елбасымыздың халыққа жолдаған қай үндеуіне қарасақ та,халықты бірлікке,ынтымақтастыққа, ал жастарды білімге,еңбекқорлыққа шақырады. Жастар еліміздің ертеңі болғандықтан оларға барлық жағдай жасалып,жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр. Біз үлгі аларлықтай жан-елбасымыз Н.Ә.Назарбаев деп білемін. Ол кісінің есімі тарихта алтын әріппен жазылып, жүріп өткен жолы қайталанбас дара жол болып, өр тұлғасы халық жүрегінде ерекше сезіммен қалмағы сөзсіз.
Жақсы лебіз,жарым ырыс деуші еді ,өз ойымды өлеңіммен жеткізейін: Сөзімді мен бастайын Бисмиллә деп, Қолға қалам алып ем шабытым кеп.
Жырлайын мен елімнің жебеушісін,
Нұрсұлтандай елбасым-бақытым деп.
Еліме нұрлы сәуле алып келген,
Елбасым ғылымға жол салып берген.
Әр түрлі сайыстарда көшті бастап,
Алып жүр елім орын ойып төрден.
Бауырына басып талай ұлт,ұлысты,
Бір ата балаларындай іс қылысты.
Жастарға ел тағдырын аманаттап,
Бірлікпен іс қылса екен деп тырысты.
Ұландары жерімді қорғасын деп,
Жаратқаным елбасымды қолдасын деп,
Елімде еш жамандық болмасын деп,
Алладан күндіз-түні тілеймін тек.
Я,бұл жүзіміздегі шаттық оңай келген жоқ. Қасиетті де қастерлі Тәуелсіздікті сан ғасыр бұрын бабаларымыз аңсап өтті. Осы кунге жету ушін халқымыз талай қиындықты бастан кешірді. Патшалық Ресейдің құрамында,сонан соң Кеңес мемлекетінің құрамында болып, дербестікті де, тәуелсіздікті де мүлде жоғалтты. Жігерлі жастарымыздың,батырларымыздың арқасында осы күнге де қолымыз жетті-ау!Кейде мен сол кездегі би-даналарым болмағанда, еңбекқор ағаларым болмағанда, ержүрек батырларым, ащы тілді ақындарым болмағанда, саналы жастарымыз, көтеріліс бастауымыз болмағанда осы күнге жетер ме едік деп ойланам. Әрине,жоқ. Біз аға-әпкелеріміздің алдында қарыздармыз. Оны өтеудің жалғыз-ақ жолы бар-Қазақстанды көркейту! Аманаттап кеткен жерді қорғау. Бүгінгі таңда қарулы күштерімізде мін жоқ. Дегенмен,елім,жерім деп жүрегі жалындап тұрған патриоттар кемде-кем.Мұхтар Шаханов атамыз айтқан екен: «Өз еліңнің патриоты болу үшін,алдымен туып-өскен өлкеңді сүй.
Шағын Отаныңды қастерлемей жатып әлемді сүйе алмайсың»-деп. Мен әрқайсысымыз ұлағатты ұстаздардың берген білімін бойымызға сіңіріп, білгір маман иесі боларымызға сенемін. Абай атамыз айтқандай Қазақстанның қорғанын құраушы кірпіші болып қаланатынымызға сенемін. Елім деп туған ерлерге, бейбіт күнді тарту еткен бабаларымызға басымды иіп тағзым етемін.Біз,еліміздің ертеңі-жастар,Қазақстанды Еуропа елдерімен теңестіреміз деп еш күмәнданбастан айта аламын. «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!»-деген Мағжан Жұмабаев атамыздың өлеңін естігенде қалайша тосылып қалмақпыз?! Біздің мемлекет көптеген жетістіктерге қол жеткізгенімен,біздің алар асуымыз, шығар биігіміз алда. Келісіліп пішкен тоң кең болмайды дегендей халқымыздың бірлігі жарасқан осынау күнде елімізді ілгері тарту өз қолымызда. Болашаққа нық сеніммен қадам басу үшін, өткенімізден сабақ алып отыруымыз керек. Біз өткенімізді ұмытпаймыз.Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.«Ешкім де ұмытылған жоқ,еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осы сөздерді соғыста қаза тапқандар ескерткешіне қашалып жазылған. Расымен де, соғыста қираған үйлер мен қалалар қалпына келтірілгенімен, жүректегі жара ешқашан жазылмас. Соғыс кезінде жақын адамынан айырылмаған жанұя жоқ шығар,сірә!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Ұланы бар елдің ұраны бар! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Ұланы бар елдің ұраны бар! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Ұланы бар елдің ұраны бар!