Бөлтірік Әлменұлы (1771 жылы)

Бөлтірік Әлменұлы — қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген.

Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Соның бірінде Бөлтірік шешен "Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер", - деп түйіндейді. Бөлтіріктің шешендің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бөлтірік Атыханұлы (1870-1928)

Бөлтірік Атыханұлы 1870-1928 жылдары өмір сүрген. Ақыны, жыршы, күйші. Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылында тұрған.

Құланаян Құлмамбеттің шәкірті. Бала кезінде ауыл молдасынан дәріс алған. Жасынан ел аралап, өнер қуған. Жетісу өлкесіне шұрайлы өлеңдерімен ақын ретінде танылған. Атақты Жамбыл, Майкөт, Үмбетәлі ақындармен айтысының үзінділері ғана жеткен.

Күйлері "Терме күй", Жыр күй", "Ән күй" шығармалары сақталынған. Ақын жырларының сақталуына үлес қосқандар Байниет Малыбекұлы, Қайырбек Мәңкеұлы, Садықожа Моштайұлы, Бура молда, Саурықов Сыдық, Әбдірасылов Шәуен ауыздан-ауызға жатқа айтып, ұрпаққа жеткізді. Академиктер Рахманқұл Бердібаев, Кеңес Нұрпейісов, ғалымдар Сәрсенбі Дәуітов, Сағатбек Медеубеков ақын шығармашылығы туралы зерттеулер жазды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы)

Бақыт Беделханұлы Әлдибеков (1975 жылы туған, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылы) — ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (2001).

Өмірбаяны
1996 жылы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1998 жылы осы оқу орнының аспирантурасын бітірді.
2000 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтын бітірген.
2000 жылдан Астана қаласындағы "Елорда" баспасының редакторы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Арыстанбек Мұхамедиұлы зілтеміршілер медалін қайтару туралы айтты

Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті үш қазақстандық ауыр атлет — Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедованың 2012 жылы Лондон олимпиадасындағы көрсеткіштерін жойғандығы туралы мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
Толық

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889)

Құрманғазы Сағырбайұлы туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.

Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған......
Рефераттар
Толық

Қашағаннан алғашқы мұнай алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы апта Министрлер кабинетінде қарбалас жұмысқа толы болды деуге болады. Үкімет отырысы өтті, министрлер де белсенділік танытып, өз салалары бойынша кездесулер өткізіп, баяндамалар жасады. Бұл апта сондай-ақ, Қашағаннан шыққан алғашқы мұнаймен есте қалды.
Жаңалықтар
Толық

Әбілғазизұлы Арынғазы (1785 – 1833)

Әбілғазизұлы Арынғазы (1785 – 1833) алмағайып аласапыран заманда өмір сүріп, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі үшін арыстандай арпалысып өткен көрнекті мемлекет қайраткері, көреген саясаткер......
Рефераттар
Толық

Ерлан Ахмет (Ұлы елім)

Аллаһ бізді жаратқан құлы етіп,
пенделердің тәубешіл бірі етіп.
Көрші ақысын жемейтін ұлт болғаннан,
көрген емес ешкімге құны кетіп.
Көне дала төсінде.....
Өлеңдер
Толық

Балам мықты, сенімді, ойлы болып өссін десең…

Кейбір жағдайда ата-ананың сабырға келіп, сабасына түсіп, өзінен: «маған баламның өзіне сенімді, мықты болып өскені, тығырықтан жол тауып кетер шешімтал болғаны, ұрыс-керісте өзін лайықты ұстай білуі, жасаған ісі туралы ойлана алуы, өз ақылымен өмір сүргені, өз өмірін өзі дұрыс жолға салғаны, ізгілікті тани алғаны керек пе, әлде, тек мені тыңдап, тілалғыш бала болғаны, оған өз билігімді жүргізгеніме мәз болғаным керек пе?» деп сұрауы тиіс.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық