Данияр Ақылбайұлы Құлымша (BALA) (19 ақпан 1998 жылы)

Данияр Ақылбайұлы Құлымша, BALA (19 ақпан 1998 жылы туған, Ақтөбе, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды.

Өмірбаяны
Данияр 1998 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасында дүниеге келген. Топтың кенжесі болғанымен отбасында үлкені; інісі және қарындасы бар. Отбасы қазіргі таңда Астана қаласында тұрады.

Білімі
11 жылдық жалпы орта білім алғаннан кейін Алматы қаласындағы Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжіне түседі. Қазіргі кезде осы коледждің 2-курс студенті.

Арманы
Вокалист боламын деген нақты мақсат 1-курсқа дейін толықтай болмады. Армандарының ішінде архитектор болу да болған, өйткені Bala сурет салуды жақсы көретін. IT саласына баруды да армандаған. Компьютермен айналысқанды, ішкі құрылғыларын қопарып техникаға қызығатын. Үйінде Данияр болмаса, компьютер бұзылып қалатын да сәттер болған. Алайда әкесі бұл екі салада маман болу үшін математиканың қажет екендігін түсіндіреді. Сөйтіп Bala үшінші арманы музыкамен айналысуды жанына жақын көреді. Мүлдем үш түрлі әлемді көздеген Даниярға әкесінің ақыл-кеңестері өмірінде маңызды рөл атқарады. Ninety One тобын дебюттен кейін жаппай негатив қоршағанда, ата-аналары баласы үшін қамығумен болады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ұлықпан Жолдасов Мырзабайұлы (1966 жылы 14 ақпан)

Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов (1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында туған) — әнші, композитор, музыкалық продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қарақия ауданының Құрметті азаматы (2016). Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі (2015).

Ұлықпан Мырзабайұлы 1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген.
Шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінгі таңда қазақ эстрдасында 300ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, МузАРТ, Мәдина Сәдуақасова, "Нұр-мұқасан" және басқа да көптеген эстрада жұлдыздарының орындауындағы бұл әндердің көбісі дерлік тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Махаббат маусымы" әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңді....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Көтеш Райымбекұлы (1745 - 1818)

Көтеш Райымбекұлы (1745, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1818, сонда) – халық ақыны. Алғаш рет 17 жасында Абылай ханға қарсы бас көтерген Мейрам руын мадақтаған өлеңі арқылы аты шығады. Оның өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Ақынның өлеңдерін зерттеп-жинаушылар: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Бозтай Жақыпбаев, Ғалымжан Мұқатов. Көтештің шығармалары көркемдік құндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің”, “Күркелінің бауыры күнде дауыл”, “Сексен ерікке қоймады-ау, қалжыратып”, “Қартайғанда қатының дұшпан болады”, “Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма”, “Қыз бен Көтеш”, “Көтештің Кіпіне қызбен айтысы”, “Көтештің Зағипамен айтысы” деген айтыс өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығы көрінсе, екіншіден, тоғышарлықты келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғаны байқалады. Ақынның бірқатар өлеңдері мен айтыстары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1961), “Алдаспан” (1971), “Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы” (1985) атты жинақтарда жарияланды.

Өмірбаян
Көтеш — ХVІІІ ғ. өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып-өскен. Арғы атасы — Тұрлыбек. Ол ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген. Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Көпбай Әлімбетұлы (1904 жылы)

Көпбай Әлімбетұлы (1904, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылы – өлген жылы белгісіз) – халық ақыны. Ақындық өнерімен жастай танылған. Оңтүстікке аты жайылған ақын Нұралы Нысанбайұлының шәкірті.

Дастан-қиссалары
«Алмас – болат»

Арнау, толғаулары
«Туған өлкем»,
«Алатау – ырыс аймағым»,
«Арыс – Түркістан каналы»,
«Ер шопан»,
«Ақ бидай».
Ауыл өмірі, бейбіт тұрмыс, достық, бейбітшілік тақырыбын жырлады....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Естай Беркімбайұлы (1874 - 1946)

Естай Беркімбайұлы (1874, қазіргі Павлодар облысы Екібастұз ауданы қарасты Ақкөл ауылы - 1946) — қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).

Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.

Ол кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген. 16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.
20 жасында Ертіс атырабына белгілі әнші болды. Осы өнердің арқасында көп жерлерді (Қараөткел, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу) аралайды. Сұлу Көкше мен Баянға барады. Бұл сапарында Біржанмен кездесіп, оның өнерінен тәлім алды.
Әнші-сазгерлер Біржан, Ақан сері мен Жарылғапбердінің өнер-өнегесінен сусындаған Естай олардың тек әншілік-орындаушылық өнерін ғана емес, сазгерлік өнерін де ілгері дамытты: көптеген әндер ("Бір мысқал", "Майда қоңыр", "Ашу — пышақ", "Шоқ қара ағаш") шығарды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874)

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.

Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Доскей Әлімбайұлы (1850 - 1946)

Доскей Әлімбайұлы (1850, Астана, Сораң атты жер - 21.09.1946, Қарағанды) - топжарғын ақын, айыр-көмей шешен, жезтаңдай әнші, дарынды композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық ақыны. Арғын тайпасының Қуандық руының Мойын Байдәулет бөлімінен шыққан.

Жасынан жетім қалып, байларда жалшылықта жүрген. Жас шағынан өнер мәдениетін - әйгілі Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Біржан салдардан үйреніпті. Доскей Орынбай, Кемпірбай сынды өнерпаздармен кездеседі, Үкілі Ыбырай және Ақан серімен айтысады. "Көмейің кең, тілің мірдің оғындай өткір екен…" - дейді Біржан, Доскейге домбрасын сыйлап.

Доскей әу бастан аңыз - әңгімелерге, ертегі - жырларға, ән-күйге құлағын түріп, зейініне тоқып, халықтың ақ жамбыдай асыл дүниелерін жадына ұстап жүреді. Жасынан жетім қалған, байлардың жалшысы болған ол 16 жасынан өзінің ақындығын таныта бастайды. Революцияға дейін Доскей патша үкіметі мен бай, билердің айуандық қылықтарын өзінің өткір жырларымен өлтіре шенеді. Халық ішінен шыққан ақын Доскей қанша қудаланып, қиындыққа кездессе де, үстем тап өкілдерінің алдына бас имеген. Кеңес заманы орнағаннан кейін Доскей көмірлі Қарағандыда өмір сүрген. Сондықтан шығармаларының негізгі тақырыбы Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегі болды. "Қарағанды", "Екі сайлау", "Жүрегім" деген өлеңдері ақынның таңдаулы шығармалары болып есептеледі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сәкен Майғазиаев Қордабайұлы (1975 жылы 1 қаңтар)

Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Өмірбаяны
Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.

2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды. 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Медеу Уәлиханұлы Арынбаев (1967 жылы 5 наурыз)

Медеу Уәлиханұлы Арынбаев (1967 жылы 5 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза кентінде туған) — әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). "Алтын Адам" ұлттық сыйлығының иегері (2002). Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

Медеу Уәлиханұлы Арынбаев 1967 жылы 5 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза кентінде дүниеге келген.
1990 жылы Ташкенттегі эстрадалық студиясын бітірген.
1990 - 1995 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің музыкалық - педагогика факультетін бітірген.
1992 жылы «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар конкурсына қатысып, екінші орынды иеленеді.
1995 - 1997 жылдары Гүлдер ансамбльінің солисті.
1997 жылы "АБК" эстрадалық тұңғыш трисының әншісі әрі жетекшісі болды. (құрамында Қыдырәлі Болманов, Ерлан Көкеев).
қазіргі таңда жеке шығармашылықта. Ән салып қана қоймай өзі де ән жазады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дастан Дәрібайұлы Оразбеков (5 ақпан 1982 жыл)

Дастан Дәрібайұлы Оразбеков (5 ақпан 1982 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында туған) — «Орда» тобының белді әншісі, биші, актёр.

Өмірбаяны
Кішкентай кезінен өнерге жақын болған. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, ән айтып, би билеп, сахнаға шыққан.

Әкеcінің есімі – Дәрібай, 2009 ж. өмірден өткен. Анасының аты – Мереке. Ата-анасы сахнаға шығып ән айтпаса да, өз достарының, туған-туыстарының ортасында өте өнерлі жандар болған.

Отбасында төрт ағайынды. Үйінің үлкені – «Орда» тобының әншісі Рүстем, одан кейін Дастан. Меруерт, Гүлшат есімді екі қарындасы бар. 1997 жылы отбасымен Алматы қаласына көшіп келген. Жұбайының есімі - Жанат, Алдияр атты бір ұлы бар....
Өмірбаяндар (биография)
Толық