Қашағаннан алғашқы мұнай алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы апта Министрлер кабинетінде қарбалас жұмысқа толы болды деуге болады. Үкімет отырысы өтті, министрлер де белсенділік танытып, өз салалары бойынша кездесулер өткізіп, баяндамалар жасады. Бұл апта сондай-ақ, Қашағаннан шыққан алғашқы мұнаймен есте қалды.
Үкімет мүшелері мұнай секторының даму бағыттарын талқылады
Апта басында Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның мұнай секторында жұмысшыларды қысқартпау туралы меморандумдардың кейбірі орындалмай отырғанын айтты.
"Қазақстанда мұнай секторында, мұнай-сервистік салада жұмыс орындарын қысқартпау бағытында барлығы 19 мыңнан астам меморандумдар жасалған. Біз меморандумдарға қол қойғанда, басшылық алдында қандай керемет екенімізді көрсетіп, «меморандумдарға қол қойдық, бізде барлығы жақсы» деп есеп береміз. Қазір біз өз материалдарымыздан көріп отырмыз, кейбір меморандумдардың талаптары орындалмай отыр. Мақтан тұтқан, керемет есептерің қайда қазір? Тамара Қасымқызы (Дүйсенова - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі), осыны көздеріне айту қажет, келесі жолы мұндай "даңғаза" меморандумдар болмау үшін, қандай министрліктерде, қай өңірлерде бұл меморандумдар атқарылмай отыр, қарау керек. Біз бос сөз үшін меморандум жасап отырғанымыз жоқ. Екі тарап жұмысшылар қысқармайды деп келісті. Егер бір мәселе шықса, әкімдер мен министрліктер бірлесіп қарасын", - деді Үкімет басшысы.
Өз кезегінде Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім Атырау облысында қысқартылған мұнайшылар «Теңіз Шевройл» компаниясында жаңадан ашылған жұмыс орындарына шақырылатынын айтты.
«Қазақстанда қазіргі уақытта 1 мыңнан астам мұнай-сервистік компания бар. Олар негізінен 5 облыста шоғырланған. Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты, олардың 99-ында жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша проблемалар туындап қалуы мүмкін. Бұлар бойынша, 3 топты анықтадық. Біріншісі, жұмыстан айырылған 1 279 қызметкер бойынша, біз жұмыстарды аяқтап қалдық. Қазіргі уақытта жұмысқа орналастырылмаған 500 адам қалды. Әрбір азаматты жұмысқа орналастыру шарасы жеке жүргізілуде. Атырау облысында 3 800 адам жұмыстан айырылуы ықтимал. Олар бойынша, екі тетік жасақталды. «Теңіз Шевройл» компаниясының болашақта кеңейтілуіне байланысты 20 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл компания аталмыш жұмысты бастап кеткен болатын. Биыл Атырау, Маңғыстау облыстарында жаңа жұмыс орындарының алғашқы легі ашыла бастады», - деді министр.
Сағынтаевтан сын естіген екі министр
Сондай-ақ бұл аптадағы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларына салғырт қараған екі министр - Бақыт Сұлтанов пен Қуандық Бишімбаевты сынға алды.
«9 қыркүйекте Мемлекет басшысы министрліктер мен әкімдіктерге бағынышты барлық ұйымдарға түгендеу жүргізуді тапсырды. Кеше мен Қаржы және Ұлттық экономика министрлерімен сөйлестім. Олардың бұл мәселеге кіріспегендіктеріне таң қалдым. Жыл соңына дейін зерделеу бойынша жұмыс тобын құру жоспарларында бар екен. Бір ай өтті. Сіздер тіпті кіріспегенсіздер де. Ертең сұрау болады, сонда біз не деп жауап береміз? Сондықтан, мен Қаржы және Ұлттық экономика министрлерінің Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды нашар ұйымдастырғанын атап өтемін. Бұл жұмыстарда өздеріңіздің әдістеріңізді өзгертулеріңіз қажет», - деді Сағынтаев.
Сұлтанов болса, өзіне сөз берілгенін пайдаланып, осы уақытқа дейін жария етілген мүлік сомасы 14 миллиард АҚШ долларынан асты деп хабарлады.
«Мүлікті жария ету науқанының аяқталуына үш айдан аз уақыт қалды. Бүгінгі таңда еліміз бойынша мүлікті жария етуге мәлімделген сома 3,0 трлн теңгеге жетіп отыр. Олардың 2,7 трлн теңгесі жария етілді. Оның ішінде 858,4 млрд теңгеге мүлік, 1 869,7 млрд теңгеге ақшалай қаражат жарияланды», - деді ол.
Осы ретте министр науқан басталмай тұрып, ақшаны қоса алғанда жария етілетін мүліктің сомасы 10-12 миллиард АҚШ доллардай болатындығын мәлімдегендіктерін еске салып өтті.
«Ұлттық валютаның АҚШ долларға орташа айлық көрсеткішін негізге ала отырып, бүгінгі таңда жария етілген мүліктің сомасы 14 миллиард АҚШ долларынан асты. Оның ішінде 10 миллиарды - ақша болса, 4 миллиардтан астамы мүлік», - деді министр.
Оның айтуынша, бұрын өткізілген капиталға рақымшылық жасаудың тәжірибесінде науқанның соңғы 2-3 айларында жария етілген қаражаттардың ең көп үлесі келіп түскені байқалған. Мысалы, бұдан бұрын 2006-2007 жылдарда өткізілген науқанда барлық заңдастырылған ақша қаражатының 75 пайызы соңғы тоқсанында түскен.
«Осыған орай, біз жылдың соңына дейін жария етілетін капиталдың сомасы айтарлықтай өседі деп күтеміз. Біз азаматтардың белсенділігін байқап отырмыз. Сонымен, егер өткен жылы банк шоттарына салынған ақшаның орташа айлық мөлшері 6,3 млрд теңгені құраса, ол ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында 250 млрд теңгені құрап отыр. Тек қазанның басынан банк шоттарына 56 млрд теңге аударылды. Жария ету үшін барлығы 4 201 арнайы банктік шот ашылған. Банкке аудармай, яғни бюджетке 10% алымды төлеп мәлімдеген, бүгінгі күнде барлығы 60 адам 6,4 млрд теңге сомасында ақшаларын жария етті»,- деді Б.Сұлтанов.
Мәдениет министрінің басы дауға қалды
Өткен аптада Министрлер кабинетінің мүшесі - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының басы дауға қалды. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі Еңлік Сыздықова видео арқылы қазіргі Мәдениет және ақпарат министрі, ол оқыған кезде Академия ректоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы «маған қырындап, оқуға түсу үшін ақша сұрады» деген мәлімдеме таратты.
Ал, министр өзінің бойжеткен қызға «қырындауына» қатысты мәліметтер таратқан тұлғаларды жауапкершілікке тартпақшы. Бұл туралы министрдің адвокаты Искандер Әлімбаев мәлім еткен еді.
«Қазіргі уақытта біз мұндай жағдайда қажетті лингвистикалық зерттеу жүргізу үшін филолог мамандарға жүгіндік. Осы зерттеудің нәтижесіне орай біз, А.Мұхамедиұлы қандай сот өндірісі арқылы өзінің құқы мен заңды мүддесін қорғайтындығына байланысты шешім қабылдаймыз»,- деді Әлімбаев.
Адвокаттың пайымынша, Еңлік Сыздықова таратқан мәліметтер шындыққа сай келмейді және белгілі бір құқықтан тыс мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғам алдында оның беделін түсіруді көздеген топ ұйымдастырған науқанның бір бөлігі болуы ықтимал.
«Мұндай әрекеттер тек қана заңсыз емес, сонымен бірге адамгершілік пен ар-ұят негіздеріне де қайшы келеді», - деді министрдің адвокаты. Артынша, Мәдениет және спорт министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты Интернет желісінде жарияланған пікірлерге байланысты ресми хабарлама таратты. «Құрметті БАҚ, Интернет басылымдар өкілдері, әлеуметтік желі пайдаланушылары! Министр А.Мұхамедиұлы өзінің ар-намысы мен абыройын сот арқылы Заңмен белгіленген тәртіпте қорғайтын болады. А.Мұхамедиұлы сот шешімі шығарылғанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарына кез келген пікір берілмейтіндігін хабарлайды. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!», - делінген хабарламада.
Қашағаннан алғашқы мұнай алынды
Өткен аптада Қашағаннан алғашқы мұнай алынды. Төрт ұңғымадан алынатын мұнай көлемі бүгінде тәулігіне 90 мың баррельді құрады. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі пленарлық отырыстан кейін Қашаған кен орнынан «ҚазТрансОйл» резервіне мұнай жіберіле бастағанын хабарлады.
«Қашағанда бәрі ретімен жүргізіліп жатыр. Өндіру басталып қана қойған жоқ, мен бүгін төрт ұңғымада өндіріс белсенді жүріп жатқанын көрдім, тәулігіне шамамен 90 мың баррель», - деді министр.
Қ. Бозымбаев, сондай-ақ, «Болашақ» мұнай өңдеу зауытының да жұмыс істеп тұрғандығын айтты.
«Болашақ» жұмыс істеп тұр. Оны қалпына келтіру жалғасып жатыр, себебі қондырғының барлық түрі әлі жүктеліп жатыр. Бірақ сауда мұнайы Болашақ зауытынан шықты, тазартылған және бүгінгі күні «ҚазТрансОйл» резервіне құйылып жатыр», - деді Қ. Бозымбаев.
Министрдің айтуынша, енді мұнай кезең-кезеңімен «ҚазТрансОйл» резервтерінде жиналатын болады, және алдағы уақытта оператор алғашқы экспорттық келісімшарттар туралы хабарлайды.
Қорғаныс министрі екі гарнизонды тексерді
Өткен аптада ҚР Қорғаныс министрі Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарына тексеріс жүргізуге келді. Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы ағымдағы жағдай мен қорытынды тексерістің жүргізілу барысы туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы және Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының баяндамаларын тыңдады. Тексеріс кезінде генерал-полковник Сәкен Жасұзақов 01098 әскери бөлімі 2-ші танк батальонының іс-қимылдарын, роталық-тактикалық оқу-жаттығулардың өткізілу барысын, ЖӘЖМ-2 мен Т-72-ден мотоатқыш, танкті взводтардың оқ атуларды орындауын тексерді. Қорғаныс министрі мергендігімен ерекшеленген 21450 әскери бөлімі 8-ші танк ротасы 1-ші танк взводының сержанты Нұрлан Райымбековті айрықша атап өтіп, оған алғыс жариялады. Одан басқа, ведомство басшысы Отар және Сарыөзек гарнизондарының инфрақұрылымына жөндеу жүргізілуі барысын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау жөнінде Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарының командалық құрамы мен әскери қызметшілеріне нақты міндеттер жүктеді. Әскерлердің қорытынды тексерісі барысында тактикалық буын, яғни, взвод, рота, батальонның жауынгерлік әзірлігі мен оқытылуы жай-күйіне ерекше назар аударылатынын айта кеткен жөн. Бақылау сабақтарының нәтижелері бойынша әрбір әскери қызметшіге баға қойылып, сондай-ақ, арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға бөлімшелердің дайындығының егжей-тегжейлі талдауы жүргізіледі.
Айта кету керек, апта соңына қарай ҚР Премьер-Министрі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Ереванға ұшты.

Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ҚР Үкіметі, Мұнай-газ, Экономика, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, бойынша, мұнай, министрі, жария, жұмыс, министр, алғашқы, Үкімет, қалды, басшысы, болады, Мұхамедиұлы, туралы, сомасы, байланысты, Қорғаныс, әскери, уақытта, Мәдениет, Қашағаннан