file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Арыстанбек Мұхамедиұлы зілтеміршілер медалін қайтару туралы айтты

Арыстанбек Мұхамедиұлы зілтеміршілер медалін қайтару туралы айтты

Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті үш қазақстандық ауыр атлет — Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедованың 2012 жылы Лондон олимпиадасындағы көрсеткіштерін жойғандығы туралы мәлімдеген еді.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ХОК жүлделердің күшін жою туралы шешімінен кейін қазақстандық ауыр атлеттердің алтын медальдер мен ақшалай сыйлықтарды өздеріне қалдыра алады ма, жоқ па – нақты жауап бере алмады. Бірақ Қазақстан бұл мәселені заң жағынан қарастырып жатқандығын мәлімдеді.

«Біз Ұлттық олимпиадалық комитетпен бұл мәселені қарастырып жатырмыз, нәтижесін кейін хабарлаймыз. Бұл негізінде халықаралық заңнамаға қатысты мәселе. Қазақстанда мұндай жағдай алғаш рет орын алып тұрғандықтан, бұл мәселені мұқият зерттеп жатырмыз», — деді Мұхамедиұлы үкімет отырысынан кейін.

Министрдің айтуынша, 1 қараша күні қазақстандық спортшылармен кездесу болады. «Егер халықаралық норма бойынша, спортшылар медальдерді қайтармауға хақылы болса, біз ол жағын да зерттейміз», — деп сөзін қорытындылады министр.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру