Дипломдық жұмысты орындауға бастапқы ақпараттың үш түрі пайдаланылады. Базалық ақпарат−оған өнім, яғни қуысденелі қабырғалық бетон тасы мен оның сапасын анықтайтын физика-механикалық көрсеткіштер, бетон тасынының үлгілерін сынау әдістері, сынау үлгілерінің нәтижелерін алу, сақтау және тасымалдау туралы ақпараттар жатады. Жетекші және анықтамалық ақпарат- оған тасты сынауға арналған ақпараттар, сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтайтын стандарттар, нормативті құжатты жасау, оны рәсімдеу және нормабақылауын анықтайтын стандарттар және ИСО 9001-04 сериялы халықаралық стандарттары жайлы. ....
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі экономикалық жағдайдың күрделілігіне қарамастан жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы орта білім алуға түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалынып жатқан батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының алғы шарты. Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халыққа білім беру саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда ел Конститутциясынан бастау алған “Білім туралы Заң, Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің Мемлекеттік стандарты сияқты құжаттар. Бұл мемлекеттік құжаттарда ұлттық мектептерде ана тілін оқыту ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру, оқушылардың ана тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізу дағдыларын жаңа сатыға көтеру, оқыту барысында ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажеттігіне баса назар аударыла бастады.....
Кіріспе “Банк” деген ұғым Италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас орындығы – айырбас орны” деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды. Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарынң басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіптестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді. Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VІІІ-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египтте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. ....
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді… Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі осының айғағы. Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында- «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында – орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды, қамтамасыз ететін өнер, еңбекке баулу сияқты білім беру салалары арқылы жүзеге асыру қажет деп анық айтылған[1,2]. ....
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл Зерттеу жұмысында ұлтты ұйыстырушы ұлттық идеяның мән – мағынасы айшықтала отырып және әлемдік тәжірибемен қатар Қазақ ұлттық идеясын қалыптастырудағы рухани – мәдени құндылықтар қайта қаралып, мәдениеттанулық талдау жасалады сонымен қатар қазіргі әлеуметтік – экономикалық басымдықтарға баса назар аударылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихы сонау мыңдаған жылдардан бастауын алатын мың өліп мың тірілген қазақ халқы егемендігін алып, етек жеңін жиып, дүниежүзілік қауымдастық мүшесі болып, өзіндік құндылықтарын қайта қарап, XXI ғасыр нарықтық экономикалық қоғамға қадам басуда. Осы жолда тарих тезінен еленіп, елдің еңсесін көтеруші, ұлттың ұлы мұраты болған ұлттық идеяның рөлі өте маңызды орын алады. Ұлттық идея ұлттың қарыштап даму жолында алға қойған мақсат – мұраты. Ал, қазіргі ақпараттық, нарықтық қоғамда ұлттық идеяны қайта қалыптастыру қиынның қиыны. ....
КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі. Тіл – адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Тіл – адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзінде асырады. Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазына. Әр алуан халықтардың әлем күмбезін өзінше жүйелеп, өзінше жобалап, қияли-ой құдіретімен бейнелеуге талпынған жалпы кеңістік пен уақыт туралы танымы, наным-түсінігі, сенімі қазіргі антропоцентристік және этноцентристік ұстанымдардың өріс алып отырған тұсында өзекті мәселелердің біріне айналуда. Адам баласының өзіндік субъективті пікірі мен теориялық ойлау қабілеті күллі тіршілік-тынысының, мән-мағынасы ретінде көрінетін біртұтас таным үрдісі арқылы ғана дүние сырын жете ашуға мүмкіндік алады. Жаңа дәуір – XXI ғасырға аяқ басқан тұста мейлінше жетілген, кемеліне келген ғылым мен өркениет рухани жүдеуліктен бас тартып, халықтың ішкі рухының берік сақтаушысы – тіл мен мәдениетке арқа сүйеуді мақсат етіп отыр. Лингвистика тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің тарихи дамуы, диахрондық қалпы сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қоғам табиғатымен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұрғыда тіл білімінде халықтың рухани және материалдық мәдениетінің шындық- болмысын тілдік жүйе арқылы анықтайтын – лингвомәдениеттану саласы қалыптасқан. Табиғи шындық, ой мен сана тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, адамзаттың таным үрдісі, өзін қоршаған дүние әлемді, ғарыш пен кеңістікті қабылдауды тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылым ескерусіз қалдыра алмайды. Мәдениет пен тілдің ара жігі туралы алғаш сөз еткендердің бірі, американдық ғалым Эдуард Сепирдің пікірінше, "мәдениет – халықтың ойлауының, іс-әрекетінің көрінісі, ал тіл – қалай ойлаудың көрінісі". Тіл мен мәдениет – бір-бірінен ажырамайтын екі бірдей әлеуметтік құбылыс. Қоғамның өзі адамнан, ал адами жеке тұлғаның қалыптасуы тіл мен мәдениет бірлігінің тұтастығынан тұрады. Әр ұлт өз мәдениетін, ұлттық болмысын және тұрмыс тіршілігінің бейнесін тілінде сақтайды, тілі арқылы келер ұрпаққа жеткізеді. Тіл – мәдениеттің жемісі және оның құрамды бөліктерінің бірі, мәдениеттің қолданылуының бірден-бір шарты. Қазақ тіл білімінде тілдік бірліктердің этнолингвистикалық табиғатын зерттеу – бірнеше ғылым түрлерінің басын біріктіретін күрделі, ерекшелегі мол зерттеу салалрының бірі. Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазынасы – тілдік бірліктердің этнолингвистикалық сипатын айқындаудың, яғни қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы, кейбір лексика-семантикалық топтар этномәдени семаникасының жүйелі ғылыми-теориялық тұжырымдамасын жасау қажеттігін дәлелдейді. Диплом жұмысы тілдің мәдени лексикасындағы әшекей бұйым атауларының тілдегі көрінісін лингвомәдени, этнолингвистикалық аспектіде қарастыруға арналған.....
Кіріспе «Аударма» деген түсініктің ауқымы өте кең. Бір тілден екінші тілге өлең, әр түрлі мазмұндағы көркем проза, ғылыми- көпшілік кітаптар, дипломатиялық құжаттар, іс- қағаздары, саяси қайраткерлердің мақалалары мен сөздері, газет материалдары, әр тілде сөйлейтіндіктен аудармашыға жүгінуге мәжбүр болатын адамдардың сөздері т.б. аударылады. Аударманың мақсаты- түпнұсқа тілін білмейтін оқушыны немесе тыңдаушыны берілген текспен немесе ауызша айтылған сөздің мазмұнымен неұрлым жақынырақ таныстыру: бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу. Сонымен қатар осы іс- әрекет арқылы алынған нәтиже, мәтін, туынды «аударма» деп аталады. Аударма тарихында түпнұсқаның бұрмалануы, ондағы ойдың көмескіленуі сияқты жағдайлар өте көп болған. Бұл әсіресе, көркем әдебиет пен қоғамдық- саяси еңбектерге қатысты. Көркем әдебиет стилінің әдебиеттің тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде көркем өнері: туындының эстетикалық функция, прагматикалық сипаты- баршасы тілді иеленуші халықтың рухани- мәдени ұлттық танымның мүддесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады. Көркем аудармаға екі түрлі талап қойылады; біріншіден, аударылып отырған шығарманың негізгі идеясының екінші тілде дұрыс берілуі, ал екіншіден, шығарманың көркемдік қасиетінің толық сақталуы. Соңғы талап сол аударылып отырған жазушының тек оның өзіне ғана тән тілектерін, белгілі дәрежеге сөз бояулары арқылы әдемі суреттелулері арқылы, характерлердің саналуан болып қабысулары арқылы бүркемелеп қойған жасырын сырларын аудармашының түсінуіне байланысты. Әрине аударма екінші тілде қайта жасалған көркем шығарма болғандықтан аудармашылар түпнұсқаны жай ғана түсініп қоймай, оны екінші тілге көркем етіп жеткізу үшін шығармашылық елегінен өткізеді. Бұл елек аудармашының күшіне, мәдениетне, аудармаға сіңірген еңбегіне қарай нәтиже береді. Көркем шығарманың әр алуан қырлары мен сырлары болады: табиғат көріністері суреттеледі, адамның ішкі сыры (монолог) шертіледі, көңіл күйі, сезім дүниесі баяндалады, философиялық толғаныстармен психологиялық тебіреністер ашылады, тағысын тағылар. Бұлар кейде суреттеу түрінде, кейде баяндау түрінде берілсе, кейде асқақ пафоспен, кейде ұтымды афоризммен беріліп отырады. Аудармада осылардың бәрін өз қырымен, өз сырымен, өз бояуымен жеткізу керек. Жұмысымыздың тақырыбы «Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі» Зерттеудің өзектілігі. Аударматану ғылымында түпнұсқа тілдері ерекшеліктердің сақталуына қатысты біршама зерттеулер жүргізілген. Аударылатын тілдің ұлттық бітімге негіздері қалай игерілгендігі турасында еңбектер аз. Қазақ ғылымында дербес, арнайы, зерттеуді талап етіп отырған салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. «Аударма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып есею күйінде ғана екендігін» бұдан жарты ғасырдай уақыт бұрын М. Әуезов атап өткен болатын [1;3] Ғұлама жазушының тәржіма ғылыми – аударматану турасындағы тұжырымы маңызын жоғалтқан жоқ, өйткені қазақ филологиясында - әдебиеттанымдық жағынан да, тілтанымдық жағынан да – қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері аударматану ғылымының объектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын, талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың оның- қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес.....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы рыноктық «көрінбейтін қол»теориясының авторы А.Смиттің өзі де айтқан болатын.Ол өзінің атақты«Адамзат табиғатының табиғаты мен себептері туралы» еңбегінде келесідей жазды: «мемлекеттің мейлінше маңызды үш міндеті бар:әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету,әділ сот жүргізу және пайдалылығы үлкен,қоғам үшін едәуір болғанымен жеке тұлғаның немесе шағын топ шығындарының орынын ешқашан толтыра алмайтын,сондықтан жеке тұлғалар немесе шағын топтар үшін оларды құрап,ұстаудың пайдасы жоқ белгілі бір қоғамдық мекемелерді құрып және ұстау міндеттері».[23.14б.] Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні әкімшілік ресурстарды шамадан тыс қолдану және таңдап алынған кәсіпорындар мен рынокқа қатысушыларды қолдауда емес, жеке бастамашылық пен меншіктің барлық формаларын қорғауда болса керек. Биліктің міндеті - рынок субъектілері қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік институттардың жұмысын жолға қою болып табылады.[6.11б.] Бүгінде қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізу қызметтері мемлекеттік, өңірлік және жергілікті биліктер арқылы жүзеге асуда. Сондықтан біртұтас экономикалық және құқықтық кеңістік қамтамасыз етілмеген жағдайда ұлттық бағдарламалар өміршеңдігінің болашағы беймәлім күйінде қала береді.[1.3....
Жұмыстың өзектілігі. Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибедегі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет [1]. ХХ ғасырдың соңы әлемдік саяси жүйеде ғаламдық өзгерістерге толы мезгіл болды. КСРО мемлекеті ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Социализм мен капитализм жүйелерінің текетіресі аяқталып, ол тарих еншісінде қалды. Әлемдік саяси жүйенің осылайша өзгеруі дүние жүзінің геосаяси құрылымын айтарлықтай шиеленістіріп жіберді. Биполярлы әлем көп полюстіге айналып кетті. ....
Тақырыптың өзектілігі. Замана доңғалағы зыр айналып келеді. Уақыт талабы, заман сұранысы деп адамдар қолдан жасап алған өзіндік ережелер мен біржақты ұстанымдар қоғамда оңды-терісті өзгерістер орнатуда. Қалай десек те қоғам даму үстінде. Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлаған өткен ғасыр соңы мен еліміздің кемел келешегінен үміт күттіретін үстіміздегі ғасыр әлділердің құралына айналып отырған жаһандану, ғаламдасу сынды үрдіспен ерекшеленіп отыр. Жер шарын мекендейтін адамзат ұрпағына ортақ құндылықтар мен ортақ қызығушылықтарды меңзейтін үрдіс өзіндік оң және теріс жақтарын көрсетіп бағуда. Осы орайда ел ағаларының «Жаһандану – бірлесіп өмір сүру, қиындықтарды әлем адамдарымен бірлесе отырып жеңу» деп оның ұтымды тұстарын сөз етсе, екінші бір ағалардың «Ғаламдасу – сан ғасырғы құндылықтар мен мұралардан бас тарту, өзге, яғни бізге мүлде жат мұраларды мойындау, соған сену» деп дабыл қағып отырғаны белгілі. Әзірге, бір пікірдің толықтай мақұлданып немесе толығымен жоққа шығарылғаны жоқ. Ақиқаттың сайыс барысында пайда болатынын ескеріп, біз де ештемені кесіп айта алмаймыз. Дегенмен, тарих беттері ғаламдық үрдістің ұлттар үшін қауіпті екенін көрсетеді ....