Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі терминжасам жүйесі

Кіріспе
Терминдер жүйесі, жалпы терминология жағдайы тілдің лексикалық құрамындағы бүтін бір мәселе ретінде көптен зерттеліп келеді. Оларды шешуде тіл мамандары да, логиктер де, басқа да ғылым салаларының өкілдері де қатысып, еңбектерін арнады.
Терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А.А.Реформатский, В.В.Виноградов, А.Н.Баскаков, Р.А.Будагов, Р.Ф.Журавлев, М.Ш.Гасымов, Б.О.Орузбаева, Н.А.Щеглова, Д.Э.Розекталь, М.А.Теленкова және В.П.Даниленко, Т.Бертогаевтың еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай-ақ қазақ түрколог тілшілері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Е.Аманжолов, С.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, Н.Сауранбаев, Ш.Сарыбаев,С.Исаев,Ө.Айтбаев, Б.Қалиев, А.Аманжолов, Ш.Құрманбайұлының еңбектерінің де үлесі зор.
Белгілі тіл маманы А.А.Реформатский термин мен терминология ұғымының теориялық мәнін ашуға тырысады. Ол термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі түрлі бағытқа тоқталады: яғни терминді белгілі бір затпен байланысты қарайтындар. А.А.Реформатский терминнің басты белгілеріне тоқталады: «термин емес сөздердің мағынасы контексте ашылу керек те, ал термин сөздер контекске тәуелді емес. Термин сөздерге көп мағыналылық, экспрессия жат» – дейді. Ол терминді 1) терминологиялық жүйенің элементі ретінде; 2) жалпы тіл жүйесінің элементі есебінде қарастырады. [1, 46, 54]
Г.О.Винокур терминдер тек зат есім болуға тиісті деген пікір айтады. Яғни термин болу үшін сол сөз заттануы тиіс. Ол, әсіресе , қимыл атауларына назар аударады. Техникалық терминдердің көбі қимыл мен процесс атаулары болып келеді деген қорытынды жасайды. [2,13]
Н.А.Щеглованың еңбектерінен де осындай пікірді кездестіруге болады. [3,89]. В.Н.Прохорова «Актуальные проблемы современной русской лексикологии» деген еңбегінде терминге мынандай анықтама берген: «Термин- бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғымның атауы болып табылатын және дифинициясы бар сөз немесе сөздер тіркесі» [4,10]
Термин жөнінде бұдан да басқа пікірлер бар. Атап айтқанда, энциклопедиялық сөздіктердің өзінен мынадай анықтаманы кездестіруге болады.
«Термин- рим мифологиясында шекара құдайы. Термин– терминалдар құрметіне арналған мейрам» дегенді аңғартады. Сонымен бірге термин- шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл-1980 жылы Мәскеуде жарық көрген бір томдық «Советский энциклопедический словарьда» берілген анықтама.
О.С.Ахманова «Словарь лингвистических терминов» деген еңбегінде: «Термин (ағыл.) дегеніміз- арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды белгілеу үшін жасалған «қабылданған, енген және т.б.» тілдегі арнайы (ғылыми, техникалық т.б.) сөздер мен сөз тіркестері» деген пікірді айтады [5,15]. Термин жөніндегі осындай пікірлерді қуаттай отырып, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова терминнің бір ғана мағына беретінін айтады. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келсе, термин жалқы мағына береді, -дейді. [6,16]
Академик І.Кеңесбаев пен профессор Т.Жанұзақов терминнің о баста латын тілінің «шек», «шекара» деген сөздерінен пайда болғандығын айтады. Яғни: «Ғылым мен техниканың, көркемөнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын тұжырымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз»- деген пікірге келеді. [7, 17]
В.П.Даниленко өзінің «Русская терминология» еңбегінде орыс тілі терминдерін дұрыс түсіну үшін ең алдымен «Орыс тілі» деген күрделі, жиынтық ұғымның құрамына кіретін элементтер арасындағы иерархиялық байланысты айқындап алудың қажеттілігін айтады. Осындай иерархиялық тізбекте тектік ұғымды, автордың айтуынша, «жалпы ұлттық орыс тілі» деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымға осы тілдің функционалдық тармағы болып табылатын «жалпы әдеби тіл», «диалектілер», «қарапайым сөйлеу», «жаргондар» тобы кіруге тиісті. Ал орыс тілінің терминдер жүйесін автор жалпы әдеби тілдің функционалдық тармағы болып табылатын ғылыми тіліне жатқызады. Осы тілдің лексикалық құрамына жататындығын айтады. [8] Шындығында терминдерді жалпы әдеби тілдің тармақтарының бірі ретінде қарастыратын болсақ, онда өзіне тән табиғатын ескермеген болар едік. Біріншіден, терминдердің пайда болуы әлеуметтік қажеттіліктен туады, адам өміріне ғылым мен техника келді, оны жасаушы топ пайда болды. Олардың жұмыс үстінде бір-бірімен қатынасатын, пікір алысатын тілінде ғылымдық жаңа ұғымдарды білдіретін, сол кәсіппен айналысатындар ғана қолданатын сөздер пайда болды. Осының нәтижесінде мұндай ғылыми ортаның тілі жалпы әдеби тілдің басқа функционалдық тарамдарынан өзгешелене бастады, сөйтіп әдеби тілдің бір тарамы ғылым тілі дүниеге келді....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Кеңес дәуірі және қазіргі қазақ әңгімелерінің жанрлық ерекшіліктері

Кіріспе
Әдебиеттану ғылымында әдеби жанр мәселесі жан-жақты зерттелініп келеді. Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері – әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.
Әдебиеттанушы Г.Н.Поспелов жанр мәселесі туралы: „Термин жанр употребляется в нашей науке в двух разных смыслах. Жанрами нередко называют то что издавно было принято называть „родами” литературы – эпос, лирику, драму. Но это нарушает давно сложившуюся традицию называть словом „жанр” не роды литературы, а те более частные ее образования, которые существует в пределах различных ее родов такие как например: эпопея, роман, рассказ, новелла, ода, очерк, трагедия” [1;230], – дейді.
Байқап отырғанымыздай, жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп. Әдебиет теориясы жайлы жазылған кітаптардың көбінде әдебиеттің тегі – жанр, әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, әңгімені т.б. жатқызамыз.
„Литературные жанры обладают структурными, формальными свойствами, имеющими разную меру определенности. На более ранних этапах на первой план выдвигались и осознавались как доминирующие именно формальные аспекты жанров. Жанрообразующими началами становились и стиховые размеры и строфическая организация и ориентация на те или иные речевые конструкции и принципы построения,” [2;372] – деген В.Е.Хализовтың пікірінше әрбір жанрлық туындының жанр түзуші белгісі болады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, біздің бітіру жұмысымыздың нысаны „...шағын көлемді эпикалық жанр әңгімеде өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы шығарма сыртында – баяндаудан да, суреттеуден де тыс. Авторлық материал – нағыз қажетті детальдар мен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі, композициясы да – жинақы, үйірімді, ширақ келеді,” [3;290]– дейді белгілі әдебиеттанушы ғалым З.Қабдолов.
Шағын көлемді эпикалық түр әңгіменің жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Қазақтан шыққан тұңғыш әдебиеттанушы-ғалым А.Байтұрсынұлы 1926 жылы жарық көрген мәні мен маңызы өте терең, сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап түсіндірген „Әдебиет танытқыш” атты еңбегінде жазба әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін айта келіп, оны: 1) әуезе, яки әңгіме 2) толғау тобына қарайтын сөздер, 3) айтыс-тартыс тобына қарайтын сөздер деп үш түрге бөліп қарастырады.
Осы топтағы әуезе немесе әңгімеге анықтама бере келіп, А.Байтұрсынұлы:
„Бұл топқа кіретін сөздер толып жатыр. Оның бәрін түгендеудің қажеті жоқ. Басты-басты түрлерін алғанда, олары мынау болады:
1. Ертегі жыр 2. Тарихи жыр. 3. Әуезе жыр. 4. Ұлы әңгіме (роман). 5. Ұзақ сөз. 6. Аңыз өлең немесе әңгіме. 7. Көңілді сөз. 8. Мысал.
9. Ұсақ әңгімелер” [4,32], – дейді.
А.Байтұрсынұлы ұлы әңгіме, яғни романға жанрлық жағынан сипаттама бере келіп, „ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі „Ұзақ әңгіме”, ал одан шағындау түрі „Ұсақ әңгіме” деп аталады”, – деп нақтылай түседі. Одан әрі: „Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәр-бәрінде де бір, айтылу аудандарында айырма бар: ұлы әңгіме сөзі алыстан айдаған аттар сынды жайыла бастайды, ұзақ әңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұсақ әңгіме мүше алып, оралып келе қоятын аттарша бастайды”, – деп „әуезе түрлерін” одан әрі қарай жіктеп, жүйелеп береді.
А.Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышындағы” „ұлы әңгіме” деп отырғаны – роман, „ұзақ әңгіме” деп отырғаны – әңгіме жанры екені түсінікті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысы

Кіріспе
Көне тарихтың куәсіндей болып, бізге қадым замандардан жеткен ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерін жан-жақты зерттеп, олардың ішінен інжу-маржандай ең асылдарын сұрыптап ала білу, әрі сан ғасырлар бойы халық даналығы тудырған асыл қазынаны бүкіл қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан егеменді еліміздің игілігіне айналдыру-қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі деп білеміз.Сондай-ақ көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын зерттеп, сол арқылы әдеби мұралардың қазақ халқының төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ғылыми негізде ашып көрсету болашақтың ісі деп санаймыз.
Қазақ елінің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, әдеби, жалпы рухани тарихы қайта жазылып жатқан бүгінгі таңда ежелгі әдеби жәдігерліктердің әр қайсысын жеке-жеке, дербес күйінде зерттеумен шектеліп қалудың өзі жеткіліксіз болып отыр. Ендігі міндет-ежелгі тарихтың түрлі кезеңдерінде өмірге келген әдеби шығармалардың бірінен-бірі туындап жататын ішкі логикалық байланыстарын, өзара ықпал әсерін, даму жолдарын көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің арасындағы өзара байланыстарын талдау, сұрыптау болып табылады. Ал, бұл аса жауапты міндетті жүзеге асырудың өзі ежелгі әдеби жәдігерліктерді өзара байланысты түрде алып қарастыруды талап етеді. Дәлірек айтсақ, қазақ әдебиетінің түп-төркінін, қайнар бастауларын объективті түрде зерттеудің ғылыми принциптерінің бірі-ежелгі әдеби жәдігерліктерді ауыз әдебиеті үлгілерімен өзара байланысты түрде алып талдау болып табылады.
Әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп,оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдаиға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс.Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады.Міне, сол себепті біз ежелгі түркі әдебиеті мен қазақтың халық ауыз әдебиеті арасындағы сан ғасырлар бойы үзілмей ұласып келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы проблемасын осы тұрғыдан зерттеуді жөн көрдік.
Тақырыптың өзектілігі: Көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиеті арасындағы өзара байланыс-қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи және теориялық жағынан барлық қыры толық күйінде, жан-жақты зерттеле қоймаған аса күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Ал, бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу-ұлттық сөз өнерінің эстетикалық қуатын, философиялық мән-мағынасын әрбір әдеби жәдігерліктердің өмірге келу себептерін айқындап алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі қоғамдық, әлеуметтік, рухани өмірімізде орын алып отырған қыруар өзгерістердің өзі ежелгі көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын ғылыми негізде
айқындап алуды қажет етіп отыр.Рас, соңғы жылдары қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерттеуге арналған бірқатар қуынды еңбектер өмірге келді.Алайда, қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін, сан қилы мәселелерін, жанрларын тағы басқаларын зерттеуге арналған мұндай ғылыми еңбектер өзара жалғаспай, бірін-бірі толықтырмай, сол арқылы ежелгі дәуір әдебиеті тарихының тұтас ғылыми картинасын жасамай, әрқайсысы жеке-жеке күйінде қалып отыр.
Көне жазба әдебиеттің ауыз әдебиетіне, ауыз әдебиетінің көне жазба әдебиетіне өзара әсер ықпалын, байланысын қарастыру әдебиет тарихындағы елеулі мәселелердің бірі.Осы құбылыстың табиғатын тану, қыры мен сырын түсіну қажеттігі тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қалыптасу, даму динамикасын қадағалау әдебиет тарихының үлесіне тиеді. Бұлардың өзара сабақтастығын, байланысын анықтау- осы ғылым саласының басты проблемаларының бірі. Осыған орай ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктер мен түркі-оғыз қағанаттары дәуірлеріндегі жазба ескерткіштерде кездесетін ауыз әдебиетінің элементерін, уыз әдебиеті үлгілерін тауып талдауды алдымызға басты мақсат етіп қойдық. Сондай-ақ Махмұт Қашқаридың «Диуани-лұғат-ат түрік » еңбегіндегі үлгілердің және Әлидің «Қисса Жүсіп »,Рабғузидің «Қисса-ул әнбия» сияқты туындыларының ауыз әдебиетіне әсер- ықпалын ашуды да мақсат деп алдық.
Осы аталған мақсаттардан төменгідей міндеттер келіп саяды:
-Сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктерді зерттеп, сол әдеби мұралардың қазақ халқының өздерінің төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ашып көрсету.
-Шығыс жазба әдебиетінің көптеген хикаялары,рауаяттары халық арасына ауызша тарап кеткен.Міне осы шығыстық қисса-дастандардың қазіргі ауыз әдебиетіндегі варианттарын танып білу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жаңа жыл

Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған.
Тақпақтар
Толық

Бұзау

Тентек болма, ақ бұзау,
Еріншек болма, ақ бұзау.
Кең далада сенімен,
Жарысып мен жүгірем.
Тақпақтар
Толық

Нөсер

Найзағайлар атылды,
Жерге бұршақ шашылды.
Нөсер жауып бір кезде,
Жұртты әуреге салдырды.....
Тақпақтар
Толық

Аққала – ақ бала

Аққала мен ақ бала,
Сырғанайды сырғанақта.
Жаздым тақпақ бәріне,
Ақ қыс сұлу ақ өлең.
Ақ бала жасады аққала.
Ақ қар жатыр далада.
Тақпақтар
Толық

Болашақ чемпиондар

Сырғанайды екеуі,

Мұзайдынға кеп бірге.

Желді қуып жетеді,

Екпін қосып екпінге.



Бақыты боп бар елдің.

Алар талай байрақ та.

Чемпионы әлемнің

Болар күні әлі алда
Тақпақтар
Толық