География | Қазақстандағы ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи реттелу жолдары

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақыттардағы адамзат өміріндегі аса маңызды мәселелердің бірі, табиғаттың көркі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап, экожүйенің бұзылмауын қадағалау мен оны қалпына келтіру болып табылады. Себебі табиғаттағы кез-келген тіршілік иесінің экожүйедегі орны ерекше. Сол себептен оларды қорғау мен сақтап қалу үшін жұмыс жасау керек. Ал, бұл жұмысты орындау барлық адамзат баласының алдында тұрған ұлы міндет. Бұл зерттеу жұмысы да сол міндеттердің бірін орындаумен өзекті бола түседі. Жер көлемі жөнінен бүкіл дүние жүзінде ондықтың ішінен орын алатын ұлан-байтақ аумағымен, тау-тасты орман-көлді, шөл-шөлейтті алуан қырлылығымен көзге түссе. Фаунасы мен флорасы жағынан да басқа елдермен терезесі тең деп мақтана айтуға тұрарлық. Кеңес өкіметі тұсында алпыстан астам сүтқоректі аң, жүз алпыстан аса құс ауланып келсе, осы хайуанаттардың ішінде шаруашылыққа жағынан аса маңыздылардың бірі саналған ақбөкен болатын. Ақбөкен [1] көне заманнан бізге жеткен түз тағыларының бірі. Оның осы уақытқа дейін сақталып қалуының сыры, өзіне тән ерекше қасиеттеріне байланысты. Бұл жердегі киелі , қасиетті сөздерінің қолданылу себебі: « мүйізі»- пантокрин (жен-шень) дәрісі өкпе қабыну, жүрек, паралич, эпилепция ауруларынан емдеп, «тұяғының күлі» теміреткі мен денедегі жарадан жазса, «қаны»-шөлі қанбайтын сусамыр ауруынан айықтыратындығынан. Бірақ осы ерекшеліктерімен ақбөкендер тарих сахнасынан ХХ ғасырлардың бас кезеңдерінде жойылып кетудің алдында болды. Оған қорғау жұмыстарын дер кезінде жүргізудің арқасында халық шаруашылығына пайлану жағдайына дейін жетті. Содан кейінгі 1980-90 жылдары да осы жағдайы қайтадан қайталанды.сол себептен оны аулау тоқтатылып, қорғау жұмысы қолға алынды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары

Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты мен қазіргі кезде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаның негізгі қорытындысы табиғатты тиімді пайдалану мен оны пайдаланудың тегін түрінен төлемді түріне өту болып табылады. Қазіргі кезде бұл өтпелі жағдайға келудің өзі әкімшілдік-әміршілдік әдістің экономиканы басқарудағы тегін табиғатты пайдалану теориясының табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қанағаттандыра алмауы салдарынан болды.
Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын. Табиғат пайдаланушы негізгі және айналымды өндірістік қорлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни, ең жақсы экономикалық жоспарлық-есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз пайдалана, шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланды.
Табиғатты тегін пайдалану принциптерін қолданудың көпжылдық тәжірибесі тек қана әкімшілік-әміршілдік әдіспен оны реттеудің жеткіліксіздігіне, көз жеткізді және оларды экономикалық әдіспен алмастыру қажеттілігі, яғни табиғатты төлемді түрде пайдалану әдісімен алмастыру мәселесін талап етті. Мысалы, біздің еліміз, табиғатты пайдалануда әкімшілік-әміршілдік жүйесіндегі елдер сияқты табиғи ресурстарды тек жалпы экономикалық жағынан тиімді пайдалануы бойынша ғана емес, сонымен бірге өндірістің материалмен қамтамасыз етілуі жағынан да дүние жүзінде артта қалғандардың бірі болып шықты. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Қазақстан Республикасының су ресурстарын экологиялық бағалау

Зерттеу мақсаты: Су жүйелер экологиясы пәнінің ғылыми-әдістемелік негізі және оны жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесімен қамтамасыз ету.
Зерттеудің обьектісі: Жоғары оқу орындарының студенттер мен магистранттардың оқу процесі.
Зерттеудің пәні: Су жүйелер экологиясы пәнін оқыту кезеңіндегі қалыптасатын білім мен дағдының дидактикалық жүйесі.
Зерттеудің көкейкестілігі: Дүние жүзіндегі бүгінгі күнгі экологиялық жағдайдың асқынуы жастарға экологиялық білім мен тәрбие беріп, оларды қоршаған ортаны қорғауға, аялауға сонымен қатар тиімді пайдалануға тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті міндеттерінің бірі.
Бүгінгі таңда Республикамыздағы 323 мың мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық білім мен тәрбиенің берілмеу себебінің бірі – экологялық дайындықтан өткен тәрбиешілер, бағдарламалар мен оқу құралдарының жоқтығы. Экологиялық білім беру орта мектепке де қанағаттанарлықтай емес. Республика бойынша 3 млн. оқушыларға экологиялық білім тұжырымдамасының барлығына қарамастан қазіргі кезде экология пәнінің біртұтас бағдарламасы және сонымен қатар экологялық бағыттағы мектеп, гимназия және лицейлердің жоқтың қасы. Ал жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру деңгейі біршама жоғары. Мұнда халықаралық деңгейдегі экологиялық Жоғары оқу орындарының болмағынмен де экологиялық мамандарды дайындау жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Қазақстан аумағындағы қорықтар

Адам баласы ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп-қатердің бірі - қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық, дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы-JUCN) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен алты белгілі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі - қорғалатын территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия (WCPA), табиғи экожүйені қорғаудың теориялық және практикалық мәселелері мен айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.
ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады.
2003 жылы Дурбан қаласында (ЮАР) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс комиссия жұмыстарын қорытындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар (ҚТТ) маңызын қайта бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориалдық қорғау мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:
- қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру

Қазақстан Республикасы – егеменді, демократиялық және біртұтас мемлекет. Оның экономикасының жетекші салалары болып табылатын түсті және қара металлургияның мемлекетаралық зор маңызы бар. Берілген "Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)" атты жұмыс еліміздің экономикасына зор үлесін қосады. Қазақстанда бұл саланың айтарлықтай орны ерекше.
Жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасының металлургиясын жаңа ГАЖ-функцияларды, картографиялық бегілерді пайдаланып картографиялау.
Зерттеліп отырған аймақтың физикалық-географиялық орны айтарлықтай республика өнеркәсібінің дамуына әсер етеді.
Алғашқы тарауда жалпы металлургияға, Қазақстанда дамыған кен орындарына басты назар аударылады. Қазақстанның түсті металлургиясының әр саласына жеке тоқталып, орналасу ерекшеліктеріне, түсті металдардың түпкілікті қай жерден табылғандығы, олардың құрамы және қазіргі таңда дамып келе жатқан, сонымен қатар шет ел компанияларымен бірігіп жұмыс істеп жатқан кен орындары туралы сөз етіледі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Қазақстандағы ботаникалық бақтардың географиясы

Тақырыптың актуальдылығы: Қазақстан Республикасы ғаламдық масштабта өріс алып отырған тұрақты даму Концепциясын (Концепция устойчиво го развития) қабылдауға (1) байланысты ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жүйесіне баса назар аударып отыр. Елімізде «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар тұралы заң» 1997 жылы 15 тамыз айында үкіметтің № 162-1 қаулысы бойынша қабылданған (2). Ерекше қорғалатын табиғи территориялар география ғылымының зерттейтін негізгі нысаналары екенін естен шығармау қажет. Осы заңның жобасында ерекше қорғалатын та- биғи территориялар жүйесіне (система) - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемле- кеттік табиғи ұлттық раоктер, мемлекеттік табиғи заказниктер, мемлекеттік таб- иғи ескерткіштер мен қатар зоологиялық парктер мен ботаникалық бақтар кіреді. Ботаникалық бақтар республикадағы биологиялық түр ретінде табиғи ареалында жойылып бара жатқан сирек өсімдіктерді сақтап, өсіретін ерекше қорғалатын табиғи территория. Қазақстанда ботаникалық бақтар жүйесі географиялық принцип бойынша орналастырылып құрылыған еді. Қазақстанның Қызыл кітабына кір- ген сирек өсімдік түрлері бүгінде тек қана осы ботаникалық бақтарда табылады. Сондықтан республиканың табиғатын қорғауда өзіндік орны бар бақтардың географиясын зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Ботаникалық бақтарды сондай-ақ экологиялық білім мен тәрбие берүдің ошағы екенін естен шығармауымыз қажет. Себебі мекетп оқушыларымен экологиялық тақырыптағы экскурсиялар осы бақтарда өтіп жатады. Болашақ география пәнінің мұғаліміне республикадағы ботаникалық бақтардың географиясын, олардың бірінен бірінің айырмашылығын білу - кәсіби біліктіліктің бір талабы Диплом жұмысының ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы

Көне тарихы бар Қазақстан жері сонау ертеден-ақ табиғи байлықтары мол өлке. Ұзақ жылдар бойы аң терілерін дайындап, мемлекетке өткізуде Қазақстан екінші орын алып келген. Бұрынғы Одақ бойынша ауланатын 60 түрлі терісі бағалы аңдардың 52-сі Қазақстаңда кездеседі. Халықтың аң терілерінен істелген жылы киімдерге, тауарларға деген талап-тілегі өскен сайын, болашақта бұл аңдардың санын көбейту және оны тиімді пайдалану ісі түбегейлі проблема болып отыр. Жасыратыны жоқ, терісі бағалы аңдардың саны жыл сайын азайып келеді. Олардың құрып кету қаупі бар. Солардың ішіңде тауда — барыс, қызыл қасқыр, ақ тырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, ормандарда — орман сусары, бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда қарақұйрық, үстірт арқары, қарақөл, гепард, су жағасында — камшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан сияқты хайуанаттар мекендейді. Қазіргі таңда бұл аңдар сирек кездеседі. Шетелдік тәжірибеге көз жіберетін болсақ, қорықтарға Германияда барлық жер көлемінің 2,4%, Англияда 4%, Жапонияда 4,22%, Оңтүстік Америкада 2,5%, Жаңа Зелаңдияда 5,93%-і жер бөлінген. Ал Болгарияда 100 мың шаршы километр жерге 27, Польшада 11 қорық пен табиғи бақ орналасқан.
Қазақстандағы бар болғаны 7 қорықтың жер көлемі республикамыздағы барлық жердің 0,15%-не ғана тең. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер

КIРIСПЕ
Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол салаларын зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н.Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір еңбектерінің мәні зор. Кейiнгi жылдары жарық көрiп жатқан оқулықтар мен зерттеу жұмыстары аталған ғылым саласының әлi де зерттей түсудi қажет ететiн тұстары бар екендiгiн көрсетiп отыр.
Тілді грамматикалық тұрғыдан қарайтындар да, логикалық аспектіде қарайтындар да сөйлемнің қандай түрі болмасын предикативтік қасиетке ие және ол бұның ең басты белгісі болып саналады деп есептейді.
Осыған байланысты да көп уақытқа дейін сөйлем атаулының барлығы дерлік тек екі басты мүшелі болуға тиіс деген идея үстем болып келді.
Алайда сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі - олардың бір бас мүшелі болып та келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында “ бір бас мүшелі” (бір құрамды) сөйлемдер идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы болмасын бір құрамды сөйлемдердің де предикативтік құрылымға негізделетінін жоққа шығармайды. Қазақ тіл білімінде бұл мәселені арнайы зерттеген – ғалым Ж. Сәдуақасов. Аталған проблемаға қатысты негізгі мәселелер айқындалды десек те, әлі де айқындауды қажет ететін тұстары бар.
Диплом жұмысының өзектiлiгi
Ойды жарыққа шығарудың құралы ретінде қолданылатын жай сөйлемдердің құрамдық, мағыналық сипаты әр алуан. Осыған орай, сөйлемдердi таптастыруда бiр iздiлiк жоқ. Бір құрамды сөйлемдерге қандай сөйлемдер жататындығы жөніндегі көзқарастар да сан алуан. Аталған мәселенiң оқулықтар мен зерттеулерде әр түрлi қаралуы, бiр iздi пiкiрдiң болмауы, мектеп оқулықтарында жүйелі түрде берілмеуі оның өзектiлiгiн танытса керек.
Диплом жұмысының мақсаты мен мiндеттері
Зерттеудiң мақсаты – сөйлем синтаксисiнiң негізгі нысандарының бірі болып саналатын бір құрамды сөйлемдердің граматикалық табиғатын таныту.
Осыған орай, төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
– бір құрамды сөйлемдер туралы жалпы және қазақ тіл біліміндегі пікірлерді жинақтап-саралау;
– бір құрамды сөйлемдерді топтастыру;
– бір құрамды сөйлем түрлерiнiң ерекшелiктерiн ашу;
– олардың тұлғалық-құрылымдық сипатын анықтау;
– тiлдiк фактiлермен (мәнбірлермен) нақтылау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ - қытай тілдеріндегі еліктеу сөздерді салғастыра зерттеу

Кіріспе
Еліктеу сөздер қытай-қазақ тілдерінің қай-қайсысында да өзіндік дара сипаты бар, ерекше, оқшау сөз табы ретінде қаралады. Оған еліктеу сөздердің басқа сөз таптарына ұқсамайтын қалыптасу жолдары, мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері, сөйлем құрамындағы орны мен рөлі, қолданылу икемділігі т.б. жақтары себеп болған. Диплом жұмысында екі тілдегі еліктеу сөздердің жоғарыда аталған өзіндік ерекшеліктерін салғастыра отырып, олардағы ортақтықтарды тауып, өзгешеліктерді айқындауға баса мән берілді. Мүлде ұқсамайтын екі жүйеге тән тілдер бола тұрса да, олардағы еліктеу сөздердің пайда болуы мен қолданылу жақтарындағы өзгешеліктердің болуына қарамастан, көптеген ортақтықтардың да барлығын байқауға болады. Сондықтан, жұмыста екі тілдегі еліктеу сөздерді салғастыра қарастыруды негізгі мақсат еттік.
Тақырыптың өзектілігі
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер әр екі тілде өз алдына жеке зерттеліп келсе де, қазірге дейін оларды арнаулы салғастыра зерттеген ғылыми еңбек жоқ. Сондықтан бұл тақырып көлемінде салғастыра зерттеу жүргізу қазақ-қытай тіл білімі үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Екіншіден, еліктеу сөздерді жан-жақты зерттеу практикалық қытай тілі пәнін оқыту процессінде студенттердің еліктеу сөздердің ерекшеліктерімен толық танысуы, жан-жақты түсінік қалыптастыруы үшін қажет. Үшіншіден, біз диплом жұмысын жазу барысында еліктеу сөздер жөніндегі қытай тіл мамандарының көптеген зерттеу еңбектерін пайдаланып, оларды жүйелеп, негізгі көзғарастарды іріктеп алып, олардың ортақ және өзгеше жақтарын саралап көрсетуге күш салдық. Бұл ғылыми еңбектер мен көзғарастар бұдан кейінгі еліктеу сөздерді зерттеушілер мен еліктеу сөздер жөнінде жазылатын оқу құралдарына пайдалануға болатын құнды материал деп білеміз.
Жұмыстың зерттеу нысаны
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер, олардың зерттелуі, лексика-грамматикалық ерекшеліктері.
Зерттеу әдісі
Жұмыста салғастырмалы зерттеу тәсілі қолданылды.
Жұмыстың мақсаты
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер жөніндегі бұрын-соңды жарық көрген ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, екі тілдегі еліктеу сөздердің ортақтықтары мен айырмашылықтарын айқындау, қазақ тілімен салғастыра отырып қытай тіліндегі еліктеу сөздердің өзіндік сипатын, әсіресе, еліктеу сөздердің қолданылу ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету. Сөйтіп, қытай тіліндегі еліктеу сөздерді оқытуда кездесетін қиын түйіндерді теориялық тұрғыдан да практикалық жағынан да талдап түсіндіру болып табылады..
Жұмыстың негізгі міндеті
Зерттеу мақсаттарына сай, қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің лексика-семантикалық сипатын, жеке сөз табы болуындағы негізгі грамматикалық белгілерін айқындау, еліктеу сөздердің морфологиялық құрамын, жасалу жолдарын, қолданылу ерекшеліктерін көрсету.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Қытай тілін оқыту практикасында студенттердің қытай тіліндегі еліктеу сөздерді үйрену, игеру барысында кездесетін қиыншылықтар ескеріле отырып, еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты, әсіресе, қолданылу ерекшеліктері, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысы, синтаксистік қызметі, фонетикалық ерекшеліктері, морфологиялқ құрамы нақты мысалдар арқылы жан-жақты көрсетілді. Екі тілдегі еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктері салғастырыла отырып, олардың ортақ және өзгеше жақтары сараланды. Қытай тіліндегі үнемі қолданылатын еліктеу сөздер іріктеліп алынып, әр қайсысы жеке-жеке мысалдармен түсіндірілді.
Жұмыстың теориялық мәнділігі
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің зерттелуі, лексика грамматикалқ ерекшеліктері, қолданылуы, синтаксистік қызметі т.б. туралы байымдаулар мен талдаулар алдағы уақытта қытай тіліндегі еліктеу сөздерді зерттеуге қызығатын студенттер мен магистранттардың зерттеу жұмыстарына теориялық жақтан пайдалануына негіз болады деп ойлаймыз.
Жұмыстың практикалық мәнділігі
Жұмыста келтірілген қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздерге қатысты көнтеген нақты мысалдар мен оған қатысты талдау, сипаттаулар студенттердің практикалық қытай тілін оқу барысында кездесетін еліктеу сөздерге байланысты қиын түйіндерді түсінуіне көмектеседі деп ойлаймыз.
Тілдік материадардың сипаттамасы
Жұмыста еліктеу сөздер жөнінде қазақ-қытай тіл мамандары жағынан жазылған арнаулы зерттеу еңбектері, сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы қытай филологиясымен шұғылданатын оқушылар мен оқытушыларға арналғн оқу құралдары негізгі материал ретінде пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы
Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазақ аңыз-әңгімелерінде тұлпар бейнесінің сомдалуы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарында, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар, ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз,- [1; 1б.] делінген. Сондықтан біз, Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз.
Дипломдық жұмыс қазақ халқының асыл түлігі - тұлпар бейнесінің әдебиетімізде жеке образ болып қалыптасуы, осы образ арқылы шығармаларда өмір шындығы мен кейіпкер тағдырының көрініс табуы, оның көркемдік тұрғыдан жинақтауға әсері сынды мәселелерді қарастыруға арналған. Дипломдық жұмыста қазақ ауыз әдебиетіндегі тұлпарлар бейнесі: жылқы малы туралы наным-түсінік, тұлпарлар бейнесін сомдауда кейіпкер тағдырының көркемдік тұтастығы, қазіргі әдебиеттегі тұлпарлар бейнесінің өзіндік қырлары кеңінен көрсетіледі.
Қазақ халқын: "ер қанаты - аттан" бөлек қарау мүмкін емес. Арыдағы арналарды еске алсақ, халық әдебиеті үлгілерінде, көне жазба ескерткіштердің тасқа қашалып жазылған мұраларында тілге тиек етіліп, аласапыран замандарда да елге қорған, ерге қанат бола білген тұлпарлар көп жырланады. Мінсе -көлігі, жесе - азығы, ішсе - сусыны болған сенімді серігі - тұлпарларға айрықша мән берген. Қазақ халқының өмір тарихы мен өткен жолы асыл жануар - жылқымен байланысты болғандықтан, оны ән-жырға қосып жырлап, мифтік санада өз жаратушысы деп те сенген . Бұндай дәлелдерді халық тарихы мен өмір-тұрмысынан жиі ұшырастыруға болады.
Қазіргі таңда тілдік, этнографиялық, тарихи тұрғыдан мол мағлұмат беретін ауыз әдебиетінің туындылары - көптеген ғылымның зерттеу объектісіне айналуда. Қазақ тұлпарларының әуел бастан халқымыздың санасына, дүниетанымына етене жақын болғандығын дәлелдейтін рухани мұраларды С. Қондыбай [3], А. Тоқтабай [4] т.б. археолог, этнограф зерттеушілеріміздің еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ халық әдебиетіндегі жылқы малының орны жөнінде Ә. Қоңыратбаев [5], Н. Келімбетов [6], А. Қыраубаева [7], Р. Бердібай [8] т.б. еңбектері зерттеушілер үшін құнды ғылыми - танымдық мәліметтерді алға тартады.
"Мал патшасы - жылқының" әдебиеттегі орнын, оның образын биік тұғырға көтерген Ғ. Мүсірепов , Т. Әлімқұлов , Қ. Жұмаділов , С. Бақбергенов т.б. қаламгерлер тұлпар бейнесін көркем де шынайы суреттеген.
Шындығында да, жан - жануарлар қай халықтың болмасын фольклоры мен әдебиетінде елеулі орын алатындығы әдеби шығармалардың тереңіне үңілген адамға мен мұндалап - ақ түр. Жылқы жайлы Қазақ Совет энциклопедиясындағы тарихи деректерге сүйенсек, біздің заманымыздан 7000 - 6000 жылдар бұрын Азия, Африка, Европада қолға үйретілгендігі сөз болып, сондай - ақ, жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған, - делінген . Осы ретте, Қазақстан территориясынан табылған Ботай мәдениетін зерттеуге ат салысқан ғалымдар: В.З. Зайберт , Л.А. Маркова, М.К. Хабдулина, Г.Б. Зданович т.б. энеолит дәуіріндегі табылған сүйектердің - 99,9 % - і жылқынікі болғандығын тап басып көрсетеді.
Қазақстан - Американ біріккен экспедициясының қорытындысы табылған жебелердің үшына жасалған талдауларда жылқы малының қаны табылмағандығын айта келіп, II ғасырда жылқыны қазақтар қолға үйреткендігін дәлелдеген . Эпостық шығармалар ішінде жиі кездесетін, кез-келген елдің ауыз әдебиет туындыларында мол ұшырасатын бейне - жылқы болып табылуы да тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол адамның жақын досы, ақылшысы, сырласы, тағдырласы түрінде өріледі. Мәселен, Саха -Якут, түркі халықтарының дүниетанымында жылқы - жаратушы ана, апам -напат тотемі жылқы - тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы (пырақ) күш немесе шаманның ие - қыласы, жылқы - адам не сиқыршы ретінде сомдалған. Қазақ әдебиетінде XX ғасырдың 60-80 жылдар аралығындағы прозалық шығармаларында да тұлпар образына байланысты көркемдік ізденістер оқырман назарын өзіне аударады. Бұл шығармалардағы басты идея -тұлпарлардың адам өміріндегі өзіндік орны, тарихи қоғамдық - әлеуметтік шындықтың тұлпарлар образымен сабақтасуын, тұлпардың сымбаты мен сұлулығы, ат баптаудағы дәстүрлі мектептер суреттелген. Мұның бәрінен, әрине жылқы - халқымыздьщ қымбат қазыналарының бірі, өмір - тұрмыстағы жиі пайдаланатын, қадірлі де қасиетті жануарларының қатарына жататынын білеміз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық