Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандап келеді. Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» құрыпты. Қалған уақыттың бәрінде мемлекеттер «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүрген көрінеді. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десек те, әлемнің түрлі...
Бұршақ халық шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Бұршақтан ең алдымен ауылшаруашылық өсімдіктері мен бақшалар, әсіресе гүлдеу зақымданады. Қазақстандағы бұршақтық процестерді зерттеуге арналған жұмыстар өте аз. Авторлармен өте қысқа шектелген материалдарда жыл ішінде бұршақ болған күндердің орташа санының географиялық таралуы, бұршақтың тәуліктік және жылдық жүрісі, оның жаууының ұзақтығы қарастырылады. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында бұршақ көбіне маусым айында жауады. Шөл және шөлейт аудандарда бұршақ түсуі сәуірде,шілдеде және қазанда байқалады. Қазақстанның басқа аудандарында бұршақ көбіне мамыр және тамыз айларында түседі. Қазақстан территориясы бойынша бұршақтың түсу ұзақтығы 7 минут және бұл шама 5-тен 10 минутқа дейін өзгеріп отырады. Таулы және шөлейтті жерлерде бұршақтың түсу ұзақтығы 10 минуттан да асатын жағдайлар кездеседі. Бұл шаманың ең көп мөлшерде түсуі Қазақстан территориясында 20-дан 40 минутқа дейін, ал кейбір жағдайларда 1 сағаттан асады. Бұл жұмыс Қазақстан территориясы бойынша бұршақтың таралуын және соның ішінде Алматы станциясындағы бұршақтың 10 жылдық мәліметін сараптау, яғни аэрологиялық жағдайын, жауу ұзақтығын анықтау, климаттық жағдайын және оны сараптау болып табылады.....
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде биотехнология ғылыми – техникалық үрдістердің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Биология және техника ғылымдары, генетикалық және ұлпалық инженерия салаларының жетістіктері негізінде адамзат өмірінің деңгейін айтарлықтай жоғарылатуда тірі ағзалардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнімдерді өндіру арқылы өндірістік – технологиялық, экологиялық және әлеуметтік – экономикалық өзекті мәселелерді жақын аралықтарда және стратегиялық жоспарлар құру арқылы шешіледі. Әрбір елдер, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшінде ұлт саулығын, экономиканың тұрақтылығын және қорғаныс қабілеттілігін арттыру өте маңызды, әрі күрделі мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде биотехнологияға басты назар аударылуы тиіс. Әсіресе, биотехнология ауыл шаруашылығы өндірісіне кеңінен қолдануға бағытталу қажет. Өйткені, біздің еліміздің стратегиялық мақсаттарында халық шаруашылығы осы салаға көп көңіл бөледі [1]. Тұқым шаруашылығында биотехнология жетістіктерін пайдалану арқылы дақыл сорттарын сауықтыру және олардың сыртқы орта ықпалдарына төзімді (ыстыққа , суыққа, топырақ ортасына және тағы басқа) жаңа сорттарын алу Қазақстан Республикасында 1995 жылдардан бері қолға алынып келеді. Өйткені, тұқым шаруашылығында биотехнологияны қолданып, дақыл өнімділігін 15-30 пайызға дейін жоғарылатуға болады [2]. Оңтүстік Қазақстан жалпы картоп дақылының өсіп-дамуы үшін қолайсыз болып табылады. Механикалық құрамы орташа саздақты болатын сұр топырақтар, түйнек түзу кезеңіндегі тым жоғары температура және ылғалдың жетіспеушілігі картоп өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады [3]. Картоп өнімділігін көтеру үшін әртүрлі табиғи ортаға тиісті агротехникалық шаралар жүйесін оңтайлы жүргізгенде ғана нақты жетістіктерге жетуге болады. Бұл шаралар жүйесінің бірі нақты табиғи ортаға бейімделген негізгі аурулуаға және зиянкестерге төзімді, жоғары сапалы және өнімділігі мол сорттарды пайдалану, сонымен қатар отырғызу үшін жоғары сапалы сау тұқымдық материалдарды қолдану керек. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында картоп шаруашылығын дамытудағы алғашқы міндеттердің бірі оның тұқым шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Картоптың өнімділігінің деңгейі отырғызатын тұқымдық материалдың сапасына тікелей байланысты болғандықтан, дақылдың тұқым шаруашылығын тиісті жағдайға келтіру бүгінгі күннің басты өзекті мәселесі болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайлары жоғары температуралық ықпалдармен сипатталатындықтан картоптың тұқым шаруашылығын жүргізу және элиталық тұқымдық материал өндіру кәдімгі клондық таңдап алу тәсілімен оң нәтиже бермей отыр. Ыстық ауа-райы жағдайында вирус ауруының аз ғана мөлшері дақылдың өнімділігі мен сапасына айтарлықтай кері әсер етеді.....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор. Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты. Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазіргі ғылыми әдебиетте Қазақстан библиографиясының тарихы теориялық және әдістемелік мәселелері Е.Нығметовтың «Қазақстанда мемлекеттік библиографияның даму тарихынан», Г.П.Царевтің «Библиография библиографии Казахстана», У.К.Мауленбердинаның «К развитию краеведческой библиографии в Казахстане», З.Қасымованың «О развитии государственной библиографии Казахской ССР», К.Ш.Бекмухамедовтың «Развитие библиографии в Казахстане за годы Советской власти», М.А.Ақшалдың «Основные этапы развития и современное состояние общественно-политической библиографии в Казахстане», Т.М.Алсатовтың «Рекомендательная библиография Казахстана», А.Т.Байбосынованың «Қызықты библиография» және тағы басқа да авторлардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылады. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты өлкетану библиографиясының кейбір өзекті мәселелері де жоғарыда аталынған еңбектерде зерттелінген. Өз алдына жеке басылым түрінде жарық көрген еңбектердің бірі ретінде 1979 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан С.Ш.Ахметованың «Өлкетану библиографиясын» ерекше атап өтке жөн. Сонымен қатар, диплом жұмысында тақырыпқа қатысты бүгінгі күнге дейінгі жинақталған көптеген ғылыми зерттеулер мен мақаларды жүйелі түрде қарастыру, соның нәтижесінде өлкетану библиографиясының жалпы мселелерін ашүып көрсету, қазіргі Республиканың өлкетанулық библиографиялық ресурстарын зерттеу көзделген. Диплом жұмысының ғылыми-практикалық маңызы Өлкетану библиографиясы мәселелеріне арналған зерттеулердің әрі қарай даму....
Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік алғалы елімізде елеулі орын алып, шешімін таппай келе жатқан мәселелер көп. Соның бірі – кітап проблемасы. Бүгінгі күннің кітап ісі жағдайын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында «Қазақ тіліндегі оқулықтар сын көтермейді. Олар адамдарды қазақ тілін үйретуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылдауы тиіс»,— [1] деп, атап көрсетеді. Бітіру жұмысты жазу барысында, кітап проблемасының бүгінгі мәселелерін жан-жақты ашып, шешу жолдарын нақтылай көрсетіп, етектен тартқан қиындықтардың орнын толтырар ұсыныстарын халық мүддесіне ұсынған, осы тақырыпта қалам тербеген азаматтардың аздығы байқалады. Десек те, еліміздің баспа ісін бұрынғы жеткен биігінен түсіріп алмауға ұмтылып жүрген жанкешті азаматтардың шығармашылыққа деген қажыр-қайратын көреміз. Атақты орыс жазушысы А.С.Пушкин ажал сағаты тақаған кезде кітап сөрелеріне карап: «Қош болыңдар, достар!» деген екен. «Егер мен байысым, тек қана кітап сатып алар едім»,— деп, М.Горкий рухани байлығымыздан, қалта байлығын бірінші орынға қоятын азаматтарға үлкен ой салған. Қазіргі қоғамда орын алып отырған кітап мәселесі бір күннің ішінде туындаған жағдай емес. Проблема болған, қазір де бар, болашақта да бола бермек. «Әр кітап өз проблемасын ала келеді», деп баспагерлер айтқандай, бұл мәселе сонау кітап деген ұғымның дүниеге келуімен, мәдениеттің ең жоғарғы сатысы баспа кітап өмірге келгеннен бастап қалыптасып келе жатыр. Айырмашылығы, осы уақытқа дейін дами отырып, әр кезеңнің әр түрлі қиыншылықтары мен кедергілеріне ұшырауында. Ал біздің заманымызға өз қиындығымен қатар үлкен жетістігін де ала келген кітап жайлы: «Әсіресе баспа кітап шыққаннан бергі жерде кітаптың әлеуметтік, қоғамдық, рөлі орасан зор дәрежеге жетті. Бұл-- кітаптың жасампаз дүние екендігінің айғағы. Тарих сахнасында мәңгі қалуын күйттеген қажеттіліктен туындаған ұлы жетістіктің көрінісі. Осынау адамзат көкірегін жарып шыққан ұлы идеяның авторы неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергке барша халықтың айтар алғысы шексіз»-- деп жазады профессор Ш. Елеукенов [2]. Бұдан түйеріміз, адам дамуымен бірге қосарласып, егіздей жармасып келе жатқан проблема бүгін ғана пайда болмай, әр заманның мәселелерімен ұштасып отырған. Ал осы мәселені көтермеген қазақ басылымдары кем де кем. «Әр кітабың шыққанда бір балаң өмірге келгендей қуанасың»— деп, «Санат» баспасының директоры, ұстазымыз С. Әбдрайымов айтқандай, әрбір туындап отырған мәселелерге халқымыздың бей-жай карамайтындығын қазақ баспасөз беттерінде жарияланған еңбектерден көреміз. Бұл жұмыстың жазылуын әр адамның жүрегіне сәуле нұрын құюда кездесіп отырған қиыншылықтардан, яғни ішкі қажеттіліктен туындап отырған еңбек деп ойлаймын. «Қазақ баспасөзі – тәуелсіздіктің нәтижесі, ұлттық өр үні мен көкірегіндегі мұңы екені даусыз. Бүгінгі қазақ баспасөзінің бет-бейнесі мен ...