Мен қазақстандықпын. Яғни, Қазақстан Республикасының азаматымын. Ұлтым – қазақ. Дүниеге Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін келдім. Сондықтан, елімнің қазіргі азаматтарының ішіндегі Совет үкіметін тек тарихтан ғана білетіндердің қатарынанмын. Әрине, атамнан, әжемнен, әкемнен және анамнан естіп білген тұстарым да бар. Ол кісілер үлкен тарихи құбылыстың куәләрі… Ал, біз, Қазақстанның бақытты ұрпағымыз! Біздің дәл осындай бақытты болуымызды бабаларымыз о бастан тілеп келді… Қанның иісі тарамаған ауаны жұту, қанға....
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы» Сабақ тақырыбы: Мен қазақстандықпын Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.5.1 Оқушыларға және достарына өзінің көзқарасы мен пікірін білдіру; 2.2.6.1 Рәміздерді қысқаша сипаттау, мәнін түсіну; 2.2.6.2 Мемлекеттік рәміздердің семантикасын түсіну; 2.2.6.3 Өз сөзімен Тұңғыш Президентіміз, оның Қазақстандағы тәуелсіздік алудағы рөлі туралы әңгімелеу; 2.1.5.12 Топ немесе ұжым мүшесі ретінде жұмыс істеу қабілетін дамыту. Сабақ мақсаттары: Оқушылар мемлекеттік рәміздерге сипаттама бере біледі; Еліміздегі көптеген ұлт өкілдерінің татулықта тұрып жатқандары туралы туралы әңгімелейді. Өз сөздерімен Отан, Астана, туған жер туралы әңгімелеп айтып береді..........
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемді өзгерткен жаңалықтар Сабақ тақырыбы: Қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.7.1.2. Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарынының дамуына қосқан үлестерін талқылау Сабақ мақсаттары: • Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қосқан үлестерін анықтау; • Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қосқан үлестерін талқылау......
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемді өзгерткен жаңалықтар Сабақ тақырыбы: Қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесі 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.7.1.2. Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарынының дамуына қосқан үлестерін талқылау Сабақ мақсаттары: • Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қосқан үлестерін анықтау; • Қазақстандық ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қосқан үлестерін талқылау......
Тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды, құжат алғаш ресми жарияланған уақыттан 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі
Педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен білім алған ауыл жастары оқуын тәмамдағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндеттелді.
Тиісті қаулыға үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды. Қаулы премьер-министрдің ресми сайтында жарияланған.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар: 9.4 В. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы Оқу мақсаты: Қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау Сабақтың мақсаты: Жоғары деңгей дағдылары: Қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалайды; Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындайды.....
Жасырмай айтар болсам жан сырымды , Тағдырым қарауылға қанша ілінді. Ерліктің қос қанаты деп білем мен, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
Елдің ерлігін тану үшін қашанда оның әрі тұлғаларымен ,айқындала түсетінін биіктерден барып білесің.Тарих көшінде миллиондардың атын шығаратын бірегей бір туар тұлғалардың да қажеттігі осыдан шығар.Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова, М.Мәметова , Х.Доспанова ерліктерін көрінген ер шыдай бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп ерлік көрсеткен қазағымның қаһарман қыздары.Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлтын жас ұрпағына қайсарлықтын,жігерліктің ,отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген қаһарман.Жангешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына,аруақтысына айналып,есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған өзінің тірі ескерткіштерін көбейтіп кеткен қазақ қызы. Кешегі қызыл империяның ресми идиологиясы Әлияның құның әрине,кеміткен жоқ.Керісінше оның ісін өзін аяулы тағдырын ұрпақ тәрбиесіне «ұрпақ болғанда комсомолдармен пионерлер » тәрбиесіне мейілінше пайдаланды.Әлия – аты аңызға,ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің,текті қыздардың кіндігін кескен жердің перзенті......
Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «Алаш» деген атты аламын. Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын? Сұлтанмахмұт Торайғыров Иә, мен- Қазақстандықпын. Неге? Себебі менің ата-анам, арғы ата-бабам қазақ, осы Қазақстан жерінде туып-өсіп, тамырын тереңге жайған қазақтар. Осы қазақтан тараған ұрпақ болсам, мен қалайша Қазақстандық болмаймын? Оның үстіне мен биыл 16-ға толдым. Қазақстанның толыққанды азаматы атанып, куәлік алдым.Тәуелсіз, егемен еліміздің мен де бір азаматы екенімді сезінудің өзі кеудеме мақтаныш сезімін сыйлайды. Қазір біз оқушымыз. Өз елімізге біздің дәл осы уақытта тигізе алар бірден-бір пайдамыз ол сабақты бар ынтамызбен оқу, еліміздің тарихын оқып, білу, салт-дәстүрін ұстану және құрметтеу, рәміздерді білу және қадірлеу деп білемін. Мен оқитын мектепте әрбір дүйсенбіде жаңа оқу аптасын еліміздің гимнін айтудан бастаймыз.Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін айтып тұрған сәтте менің бойымды еліме деген, Отаныма деген сүйіспеншілік, мақтаныш, патриоттық сезімдер кернеп тұрады. Бұл әрбір оқушының басындағы жай деп ойлаймын.Ендеше, осының өзі әрбір баланың бойында өз ұлтына, еліне, Қазақстанға деген патриоттық тәрбие беретінінің көрінісі.Патриот деген сөздің өзінде де терең мағына жатыр. Патриот дегеніміз – өз елін, жерін сүйетін, мақтан тұтатын, жауынан қорғайтын, тыныштығын сақтайтын адам.Мен өз елімнің патриоты болғым келеді......
Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған, Ғұмырлар бар батқан және батпаған. Әкелгенмен әр адамға бір қайғы, Сол жылдарға қарғыс айту жат маған. Жанды-жансыз бар табиғат түнерген, Әр кеудеде бір шер барын білсем мен. Қан майданда ерлік етсе біреулер, Қарсы жауға біз де шықтық түренмен. М.Мақатаев 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі шартты бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ең ауыр соғыс басталды. И.В.Сталин 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Тарихи әдебиетте бұл соғыс "Ұлы Отан соғысы" деген атқа ие болды. Ұлы Отан соғысы жағдайында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге, соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды. Малшылар да аянбай еңбек етті. Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайында техниканың жоқтығы миллиондаған бас малды жем - шөппен, әсіресе қысқы жемшөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет болды. Тамақ өнеркәсібі жоғарғы қарқынмен өсті. Экономикадағы бұл күмәнсіз табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізді. Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілігі майданға аттанды. Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы, аянбай қиян-кескі шайқастар жүргізді.......
Менің тамырымда қазақтың қаны, жүрегімде қазақтың сезімі, санамда қазақтың ойы сайрап жатыр. Менің ата –бабам сахара даланың төсінде өсіп, саф ауасымен тыныстанған, қыран құстай еркін , тұлпардай жүйріктігімен танымал, ерлігі дастандарда жырланып, батырлары еліне қамқор болған . Осындай батырлық пен ержүректілікті Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік жасаған ата – бабаларымыз-дан да көреміз. Соңғы деректерге қарасақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңестік республикалардан 27 миллионнан астам адам фашизмнің құрбаны болыпты. Бұл дегеніміз 27 миллион адамның арманы талқандалып, үмітін үсік шалды деген сөз емес пе? Осы миллиондаған халықтың ішінде 410 мыңдай қазақтың шығыны туралы ғана мәлімет берілген . Бірақ мұнда республикадан тыс жерлерден майданға аттанған қазақтар, еңбек армиясынан оралмай қалғандар, майданда алған жарақаттан қаза тапқандар туралы анықтама берілмеген. Қуғын –сүргіннен аман қалған қазақ зиялыларының майданға аттанып мерт болғандары туралы да нақты деректер жоқ. Бұлардың арасында Отанына адал қызмет етіп, елін, туған жерін көркейтуге үлес қосатын нағыз ғалым, ақын-жазушы, өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері, жаңашыл жастардың мезгілсіз мерт болғанын білгенде өзегіңді өрт өртейді. Тыныш жатқан бейбіт елдің мазасын алып , шырқын бұзған, өздерін басқалардан жоғары санаған, менменшіл, қанжүрек фашизмге лағнет айтқың келеді.......