Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы санғасырлық күрес нәтижесі. Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздік! Неткен керемет, шуақты ұғым! Осы бір сөз жаныңа жүрегіңнен де жақын, от жалынынан да ыстық, Алатаудан да асқақ, мұхиттан да терең сезіледі. Мына бір көрініске көз жүгіртіп қараңызшы...Аспанмен таласқан ұшар басы сұлудың сәукелесіндей әдемі, аппақ қармен көмкерілген, қарақұсты көздеген мергеннің жебесіндей көкке тіке шаншылып, көкжиекке кеудесін тіреген асқар,алып шыңдар,тау төсін тауысша түрлендірген,сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, қыз-бозбала күлкісіндей сыңғырлай аққан бұлақтар,әсем әнімен жаныңды тербететұғын самал жел,сағымдай мұнартқан шөлдер. Дүние жүзінде мыңнан астам халық өмір сүруде.Олардың өзіндік халық болып қалыптасу тарихы да бар. Атырау-Алтай арасын, Алатау-Арқа даласын, ана сүтін арда емген, ақпейіл қазақ баласы ықылым заманнан ата жұрттың киесі қонып, осы даланың иесі болып келеді. Қазақ қазақ болғалы нені бастан кешпеді, жалындаған намысына су бүрікті-өшпеді, қылбұрау сап шыңғыртты, сағыңды талай сындыртты. Біз тақымымызға бір тисе деп арман еткен тұлпардың қолымызға ер-тұрмансыз,ноқта-жүгенсіз түсіп,жанына ғана жалаң қолмен жармасқанымызды ұмытпақ емеспіз. Жұмыр жердің тыныстіршілігін, оның тағдырын, асылы мен жасығын тарих таразысына салып, зерделеген-ұлы көне өмір көші.Осы көштің қарға тамырлы қазақ халқының қатпар-қатпар тарих қойнауына көз жүгіртсең, шулы ғасырдың, жұмыр басты пенденің шақшадай басын шарадай етіп, шаршы топты шырғалаңға тартқан шағында, етегін жаспен жуған қасіреті де, шаттанып күлген қуанышы да жеткілікті сияқты. .....
Қазақстан тәуелсіздік табалдырығын аттағалы, міне жиырма бес жылдың жүзі болды. Қазақстан жиырма бес жылда – әлемдік қауымдастықтың белді мүшелерінің қатарынан табылды. ТМД елдері ішінен бірінші болып ЕҚЫҰ-на төрағалық ету абыройына ие болды. Еуропалық және Азиялық саяси оқиғалардың түйіткіл мәселелерін шешуге белсене араласып, биік белестерден көріне білді. Сонау 1991 жылдан бері, біз Елтаңбамызды бекітіп, арғы-бергімізді түгендеп түйіп, Алтай мен Атырау арасын тұтастырған шекарамызды шегендеп, Сарыарқа төсінен айбарлы Елордамыздың іргесін көтеріп, еңсесін тіктедік. Осы жиырма жыл қазақ әскері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне де ықпалын тигізгені анық. Себебі қазір Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне үлкен жауапкершілік міндеттелуде. Менің ойымша Отанымызды қорғау ісі – Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ісі. Отан Қорғау әрбір азаматтың міндеті. Себебі Отан бәрімізге ортақ.....
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Ұлы Жеңістің 71 жылдығын ерекше атап өткен болатын. Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси – кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. .....
Мен өз өмірімде соғыс дегенді көргенде, білгенде емеспін. Соғыс - деген сөздің өзі өте ызғарлы, суық деген сезім туғызады. Соғыс деген сөздің өзі артынан зұламат, азатпен қан төгілген адамдар, қираған қалаларды қалдырған тарихи жағдайларды есіме салады. Соғыс туралы тек қана көргендерім ғана бар. Мен үшін соғыстың оты, оның зардабы, өмір бойы бітпейтін қиыншылықтары секілді. Көрген киномен оқыған кітаптарымда, соғысты көрген адамдардың қаншалықты қиналатынымен оның әкелген қасіретінен қаншама ұрпақтар зардап шегетінін ойласам, осыншама қайғы мен қасірет әкелетін сөзді кім ойлап тапты екен деген ойға қаламын. Ұлы Отан соғысы, бұл соғысты екінші дүние жүзі соғысы депте атайды. Бұл адамзат тарихында зұлымдық пен қаншерлікті паш еткен соғыс дер едім. Қырық бір миллион адамның өмірін жалмап, жүзде он миллион адам жарақат алған үлкен алапат қасірет. Осы соғыста қаншама адам зардап шегіп, мүгедек атанды. Қаншама ана жесір қалып, қаншама бала жетім атанды десеңізші. Оңай келмеген жеңісте ерең еңбегімен көзге түсіп, үлкен сый құрметке ие болған, мыңдаған жауынгердің ішінде өзіміздің қазақ жастары да бар. Солардың бірі Атыраулық жерлесіміз ұшқыш Хиуаз Доспанова. Өрімдей жас қыздың, үлкен алапат соғысты бастан кешіріп, өмірдің ащысы мен тұщысын ерте татады. Жаумен алысып, аспандағы шайқаста үш жүз рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан он төрт рет құлап, төрт мәрте ауыр жарақат алған.......
Пән: Қазақ әдебиет. Бөлім тақырыбы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – қазағымның ұраны Оқу бағдарламасына сілтеме: А/И2. Автор бейнесі Сабақтың мақсаты: Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау....
Бір жерде тұрлау таппаған, Қосылмай малы қаптаған, Бөлініп қонған қазақты Кімдер де кімдер шаппаған? Бағынып бірақ қалмаған, Тәуелсіз қайран жан далам! Жер бар ма жалпақ төсіңде......