Ортағасырлық Еуропа мәдениеті сол замандағы басқа мәдениеттерден артық болмаса кем болған жоқ. Оған дәлел сол кездегі салынған ғимараттар , ескерткіштер, соборлар жалпы айтқанда сәулет өнерінің қайталанбас, тарихқа бай жетістіктері, азғантай уақыт ішінде Еуропаның әр түрлі қиыншылықта тез ес жинап, ақылға сыймас, көзге тоймас құнды мәдени ошақтың ордасы болып шыға келуі сөз жоқ тек арманмен салыстыруға болады. ....
Ортағасырлық батысеуропалық философия — дүние-таным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни-теология-лық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Ортағасырлық батысеуро-палық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Фе-ликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонис-тер және Аврелий Августин өздерінің интеллектуалдық ықпал-дарын тигізді. Рим шіркеуі Әулие Августинді (375—383) сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі орасан зор сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны «батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы сәулетшісі» дейді. Аврелий Ав-густин өзінің «Құдай қаласы туралы» еңбегінде атақты фор-муласын — «сгесіо иі ІтІеШуат, іпІеШсІо иі сгедат» (үғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын) формуласын негіздейді. Бұл «ақыл мен сенімнің өзара бірін-бірі толықтыру принципі» V— XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Еуропаның бүкіл ор-тағасырлық философиялық ойының ең негізгі дүниетаным-дық кредосына айналды. Егер Аврелий Августин Рим шіркеуінің «әкейі» болса, онда Боэций (480—526) М.Грабманның дәл сипаттамасы бойынша «соңғы римдік және бірінші схоласт» болып табылады және сонымен қатар Ортағасырлықтың негізін қалаушы ретінде де (Э. Рэнд) орынды саналады. Боэций антик дәуірінің рухани-философиялық мүрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыс-тырушы, антиктік интеллектуалдық-философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы қуат-ты транслятор болып табылады. ....
Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдсгі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалык, (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. ; Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды Қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты. ....
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімсн (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты — "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. ....
XVIII ғасырдағы Қазақстанның ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін, ханның мирасқорлары ол біріктірген Кіші және Орта жүздердегі кейбір иеліктерін сақтап қала алмады. Кіші жүздің өз ішінде Әбілқайырдан кейін хан болған Нұралының иелігіне шек қойылды. Өлген хан Әбілқайырдың басты тірегі болған шекті руы және қазақ халқының бір бөлігі Батыр сұлтанды хан деп таныды. Сөйтіп, Кіші жүзде екі хандық орын тепті: Кіші жүздің оңтүстік-шығысы Батыр сұлтанның, ал солтүстік-батыс өңірі Нұралының ықпалында қалды. Ресеймен іргелес Кіші жүзде екі хандықтың құрылуы, әрине, патша үкіметінің осы өңірді, әсіресе Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аудандарын отарлауы үтттін қолайлы еді. Ресейдің Кіші жүзге қатысты саясатына қазақ-башқұрт қатынастары бірқатар өзгерістер енгізді. 1735 жылы Башқұртстанда патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күрестің жаңа кезеңі басталды. Осы қарулы қарсылықты жаныштау кезінде патша әскери күштерінің қуғынына ұшыраған 50 000 башқұрт бас сауғалап көрішілес Қазақстанға қашты. Көтеріліске қатысқандарды үрейлендіру және қашқындарды еліне қайтару үшін патша үкіметі әр түрлі айла-амалдар қолданды. Орынбор губернаторы И.И.Неплюев қазақ феодалдарына үндеу таратып, башқұрттарды талан-таражға салуға рұқсат берді. Алайда қазақ жұртына патша әкімінің хатынан гөрі башқұрттардың көтеріліс басшысы Батыршаның үндеуі жақын еді. Көтеріліске қатынасқан башқұрттардың негізгі бөлігі қазақ ауылдарынан өздеріне қорғаныш тауып, кейін Башқұртстанға қайта оралады. Бұл жағдай Ресей билеушілері тарапынан Кіші жүз қазақтарына өшпенділікті күшейтті.
1.2. Жоңғария мемлекетінің құлауы. 1745 жылы күзде қалмақтардың билеушісі көрнекті қолбасы Қалдан-Серен қайтыс болғаннан кейін, Орталық Азиядағы саяси жағдай тіпті шиеленісіп кетті. Қазақстан мен Жоңғария шекарасында қайшылықтардың күрделенуі барысында зауыттармен, кен орындарына қауіп төнді. Осындай жағдайда патша үкіметі, бір жағынан, өзінің экономикалық мүдделерін қорғау, екінші жағынан, Қазақстанның тәуелділігін күшейту мақсатымен қазақ жерінде немесе оған тікелей іргелес өңірде бекініс шептерін кеңейтуге кірісті. Оған дейін 1747 жылы Алтайдың байлығына құныққан императрица Елизавета Петровна үкіметі арнайы шешіммен бұрынғы ауқатты Демидовтар әулетінің қолында болған тау-кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялаған еді. 1755 жылы жоңғар тайпалары арасындағы талас бір кезде Орталық Азияда қуатты мемлекеттердің бірі болған Жоңғар хандығын әлсіретті. Бұл жағдайды Пекин сарайы да өз мүддесіне пайдаланып қалуға тырысты. Жоңғарияда билікке таласушылардың бірі Әмірсананы император Цянь-Лун (Хун Ли) қолдап, 1755 жылдың көктемінде әскердің бір бөлігін Өмірсана бастаған орасан зор қолды және басқа ірі әскери топты Жоңғарияға аттандырды. Бір-бірімен қырқысып, әлсіреген жоңғар феодалдары Цин әскерлеріне қарсылық көрсете алмады. 1755 жылғы шілде айының 19-ында император Цянь-Лунның жарлығына сай бұрынғы жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды.....
Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Халық арасындағы үзілмейтін үрдіс. Аударма көптеген халықтардың тілдерінің және әдебиеттерінің пайда болуында және дамуында маңызды рөл атқарады. Аудармашы түпнұсқа тілін терең әрі жан-жақты біліп, сондай-ақ, сол халықтың тарихы мен мәдениетін көрсеткен жағдайда ғана аудармашы аударманың әлеуметтік жоспарын сәтті орындайды. Аударманың бірінші теоретиктері аудармашылардың өзі болды. Кез-келген теориялық концепциялар аударма процесінің қадағаланып отырған фактілерінің сипаттамасына сүйену керек, сонымен бірге осы фактілерді жалпылап, түсіндіру керек. Аударма - бұл күрделі құбылыс. Оның жеке аспектілері түрлі ғылым салаларын зертеу пәні болуы мүмкін. Пәнге байланысты зертеуді бірнеше түрге бөлуге болады:психологиялық аударматану, әдебиет аударматану, этнографиялық аударматану, тарих аударматануы және т.б. Аудармашылық халық арасындағы мәдениеттің әдебиеттің, қатнастың ортақ жылжу процесіндегі даму қабілеті. Аударма сын - бұл, аударма өнерінің қандай дәрежеге жеткендігін көрсететін бірден-бір көрсеткіш. “Әр халықтың адамзатқа, өткен мәдениетке, көршілеріне деген өзіндік ерекше қатысы бар. Әр халықтың аудармашылық іске байланысты өзінің тарихы бар. Бірақ, ұлттық мәдениеттің дамуындағы халықтың шығармашылығы, әдеби тілінің өзара байланысындағы аударманың рөлі белгіленген заңдарға бағынышты” [7] Олексий Кундзич а)Аударма түрлері. Аударманың жалпы екі түрі бар; 1) Жазбаша аударма 2) Ауызша аударма Жазбаша аударма мен ауызша аударманың бір-бірінен айырмашылығы – бұл осы аудармалардың әрқайсысын жүзеге асыру барысында, аудармашы түпнұсқаның әртүрлі үзінділерімен жұмыс атқарады. Аудармашы жазбаша аударма кезінде түпнұсқадағы айтылымды бірінен соң бірін аударады, бірақ түпнұсқаның мәтіні түгелдей оның қолында болады, және де әр айтылым берілген мәтіннің бірлігі болып есептеледі. Аудармашы бөлек айтылымды бүкіл мәтіннің мазмұнымен қатыстыра аударады;ол мәтіннің алдыңғы және соңғы бөлімдерінен аударма нұсқасын таңдауға қажетті қосымша ақпаратты іздей алады, ойдың даму логикасын , бөлек айтылымдар арасындағы дұрыс байланысты бақылай алады. ....
Тіл — адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден-ак пайдаланылған. XIX гасырдың аяғында жүргізген сынак бойынша Қазақстанда жергілікті ұлт үлесі - 81,1% болған. Яғни Қазақстанда ол кезде біртекті тілдік орта болган. Бүл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де санасуға мәжбүр болған. Қазақ даласында қызмет атқарған губернаторлар мен оның төңірегендегілер тілмаштар ұстаған. Қазақша білу қазақ даласында қызмет атқаратын патша чиновниктеріне қойылатын қатаң талаптар қатарына жатқызылган. XIX ғасырдың II жартысындағы тілдік ахуал, яғни жергілікті ұлт окілдерінің 81,1% болуы және біртекті тілдік ортаның болуы патша әкімшілігі үшін екі тілде (орысша, қазакша) газет шыгару және сол газеттерді ("Дала уоләятінің газеті, 'Түркістан уәләятінің газеті) қаржыландырып түру қажеттілігін туғыз-ды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында казақ тілі өзінің қоғамдық әлеуметтік қызметін толық атқарған. Сол жылдары қазақ даласында болған орыс ғалымы Г.Н. Потанин былай деп жазады: "Бар жерде қырғыз тілін ғана естисіз — жол шетінде жантайып, әңгіме соғып жатқан қазактар да, стансада өткінші шенеуніктің ат-арбасьның маңында әбігерге түскен ат айдаушылар да сол тілде сойлейді. Кейде, тіпті сотта да солай әр кезеңде әр түрлі болды. Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілді. 1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім кабылданды. 1924 жылы қабылданған Қазақстанның 1-ші Конституциясы бойынша казақ және орыс тілдері республика мемлекеттік тіл болып табылады. 1938 және 1978 жылдары қабылданған Қазақсган Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. ....
ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде халыққа білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молдалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалық тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі,астрономия,медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды.Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын оқытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды.Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда,1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп,1789 жылы Орынбор қаласының айыбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды.Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік(кеңсе хатшысы) қызметтерге дайындалды.Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады.Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды.Бұл мектептің оқушылары орыс тілін,математиканы, географияны, шығыс тілдерін,сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді.....
XVIII ғасырдың соңындағы шексіз монархиялық билік бір кезде біртұтас ұлыттық мемлекет құруда үдемелі рөл атқарса, енді кертартпа күшке айналып, ақсүйектер мен дін қызметшілерінің мүддесін қорғауы капитализмнің дамуын тежеді. Ел ішіндегі сауда саласының кеңеюіне табиғи шаруалар қожалығының кедергі болуы феодалдық қатынастарды жоюды қажет етті. Бұған шаруалар да, буржуазия да мүдделі еді. Өнеркәсіп пен сауданың еркін дамуын цехтың ұйымдастырылуы тежеді. Буржуазия цехтық құрылысты жоюға мүдделі болды және саудадағы, банк ісіндегі, несиелік, құқықтық, кедендік жүйедегі салықты жою үшін күресті. XVIII ғасырдың 80- жылдары феодалдық абсолюттік билік дағдарысы асқына түсті. Ғасырдың орта тұсында орын, алған экономикалық өрлеу тоқталды, елдің шаруашылығы нашарлап кетті. 1787 -1789 жылдары өндірісттік – сауда дағдарысы тереңдеді. Қалалар мен ауылдарда ашығушылар саны көбейіп, төменгі әлеуметтік топта кедейшілік кең етек алды. Мұның бәрі олардың күшті қарсылығын тудырды.Осы кезде жоғарыдағылардың да дағдарысы басталғанеді.Монархия күйреу алдында тұрды.1614 жылданбері францияда бас штаттар,яғни феодалдық –сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі шақырлмаған еді.Дворяндар бас штаттарды шақыруды талап етті.Халық қолдауын сезінген депутатар өкіметке қарсышығуға бел байлады.олар мемлекеттің таптық принципін әшкерлеп,17маусымда өздерін ұлттық жиналыс деп жариялады. 20маусымда дөңгелек залға жиналған ұлттық жиналыс депутатары,конситутцияның негізгі ережелері дайын болмайынша,залдан шықпайтындарына ант берді.1789жылдың 9-шілдесінде жиналыс мүшелері өздерін ұлттық құрылтай жиналыс деп жариялады.Король XVI людовик пен сарай маңындағылар толғағыжеткен төңкерісті қарулы күш көмегі мен басуға шешім қабылдады. Революцияның басталуы.1789 жылдың 12 маусымында,Париж қаласында қаржы министрі Н.А.Неккер өз еркімен қызметтен кетті деген хабар тарап,әскер ішінде толқулар басталды.13 шілдеде парижде көтеріліс бұрқете қалды.Ертеңінде таңертеңгілік париж көтерілісшілердің қолында болды.көтерішілердің соңғы қимылы бастилияны алумен аяақталды.Бұл француз революциасының басталғанаын білдірді және бұл оның алғашқы жеңісі болды. 1789 жылғы революцияның басты саяси жетістігі буржуазия мен халықтың одақтасығы арқасында абсолютік билікті құлату болды. Басты саяси басқарушы мекеме болып құрылтай жиналысы танылды, оған мүше болғандар негізінен буржуалар еді. Жергілікті билік буржуазияның қолына көшті осылайша францияда аса маңызды тарихи оқиға мемлекетік биліктің буржуазияның өтуі биліке асты. 1789 ж тамызында өткен құрылтай жиналсы екі маңызды құжат қабылдады. 4-11 тамыздағы декрет бойынша феодалдық «жеке» борыштар мен шіркеу ондығы жойылды. Бірақ негізгі жер мен байланысты мінтеттер сақталынып қалды. Жер сенорлардың жеке меншігі болып табылып оларды тек қана сатып алуға жол ашылды.....
ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады. Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді. Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,халқыма пайдамды тигізем, қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған. 1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Голошекин Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Октябрь» төнкерісін жүргізу саясаты ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голошекин өзіне қарсылық білдіргендерді «ұлтшыл» деп жариялап, олардың көзін жоды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргінен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды. Менің мақсатым алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов туралы оқып, танысып, Ахмет Байтұрсыновты мысалшы деп тану, және оны басқаларға үлгі етіп, оның шығармаларын мұраға қалдыру. ....