Әдебиет | Ауызша аударманың тарихы ХХ ғасырдағы ауызша аударманың өркендеуі
Жалпы аударма туралы түсінік
Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Халық арасындағы үзілмейтін үрдіс. Аударма көптеген халықтардың тілдерінің және әдебиеттерінің пайда болуында және дамуында маңызды рөл атқарады.
Аудармашы түпнұсқа тілін терең әрі жан-жақты біліп, сондай-ақ, сол халықтың тарихы мен мәдениетін көрсеткен жағдайда ғана аудармашы аударманың әлеуметтік жоспарын сәтті орындайды. Аударманың бірінші теоретиктері аудармашылардың өзі болды. Кез-келген теориялық концепциялар аударма процесінің қадағаланып отырған фактілерінің сипаттамасына сүйену керек, сонымен бірге осы фактілерді жалпылап, түсіндіру керек.
Аударма - бұл күрделі құбылыс. Оның жеке аспектілері түрлі ғылым салаларын зертеу пәні болуы мүмкін. Пәнге байланысты зертеуді бірнеше түрге бөлуге болады:психологиялық аударматану, әдебиет аударматану, этнографиялық аударматану, тарих аударматануы және т.б.
Аудармашылық халық арасындағы мәдениеттің әдебиеттің, қатнастың ортақ жылжу процесіндегі даму қабілеті.
Аударма сын - бұл, аударма өнерінің қандай дәрежеге жеткендігін көрсететін бірден-бір көрсеткіш.
“Әр халықтың адамзатқа, өткен мәдениетке, көршілеріне деген өзіндік ерекше қатысы бар. Әр халықтың аудармашылық іске байланысты өзінің тарихы бар. Бірақ, ұлттық мәдениеттің дамуындағы халықтың шығармашылығы, әдеби тілінің өзара байланысындағы аударманың рөлі белгіленген заңдарға бағынышты” [7]
Олексий Кундзич
а)Аударма түрлері.
Аударманың жалпы екі түрі бар;
1) Жазбаша аударма
2) Ауызша аударма
Жазбаша аударма мен ауызша аударманың бір-бірінен айырмашылығы – бұл осы аудармалардың әрқайсысын жүзеге асыру барысында, аудармашы түпнұсқаның әртүрлі үзінділерімен жұмыс атқарады. Аудармашы жазбаша аударма кезінде түпнұсқадағы айтылымды бірінен соң бірін аударады, бірақ түпнұсқаның мәтіні түгелдей оның қолында болады, және де әр айтылым берілген мәтіннің бірлігі болып есептеледі. Аудармашы бөлек айтылымды бүкіл мәтіннің мазмұнымен қатыстыра аударады;ол мәтіннің алдыңғы және соңғы бөлімдерінен аударма нұсқасын таңдауға қажетті қосымша ақпаратты іздей алады, ойдың даму логикасын , бөлек айтылымдар арасындағы дұрыс байланысты бақылай алады.
Ауызша аударма кезінде түпнұсқа мәтінін оратор сөйлегеннен кейін, орташа сегментпен қабылдап, аударуы тиіс.Ол аударма барысында түпнұсқаны басқа бөліктерін білуге мүмкіндігі жоқ.
Аудармашы ауызша аударма барысында коммуниканттармен тікелей қатынаста болады. Аудармашы тіларалық қатынаста қатысушылармен кері байланыста болуға мүмкіндігі болады. Ол ауызша айтылған сөйлемді, оның темпінің дұрыстығына қарамастан қабылдауға, оратордың сөйлеу мәнерінің ерекшелігін қабылдауға, және сөйлеушілер мен тыңдаушылар арасындағы түсінікті қамтамасыз етуге тиісті. Оратормен кері байланыс болған кезде, айтылған ойды нақтылауға, бөтен терминнің мағынасын айқындауға мүмкіндігі болады.[98-108]
Ауызша аударма - қосарласқан аударма, ілеспе аударма, және парақтан аудару сияқты ауызша рәсімдеуді қажет ететін, аударма түрлерінің барлығын біріктіретін ұғым. Тәржіма процесінде түпнұсқа мен оның аудармасы ауызша жасалғандықтан, аударманың бұл түрінде аудармашы түпнұсқа бөліктерін бір-ақ рет қабылдап, оны кейіннен салыстыруға немесе жасалған аударманы түзетуге болмайтынын ескертеді.
Ілеспе аудармада қабылдау және аудару параллельді түрде жүзеге асады. Аудармашы осы кезде уақыт тапшылығына байланысты айтылымның бөлек сегменттерін аударып, осы аударылған сегменттерден аударма мәтініндегі ойы аяқталған айтылымдармен бірге құрады.
Ауызша аударма өз ішінен үшке бөлінеді;
1)ілеспе аударма
2)қосарласқан аударма
3)парақтан аудару
1)Ілеспе аударма – бастапқы мәтінді қабылдай отырып, қатар жүзеге асырылатын ауызша аударма.Кәсіби аудармалардың бір түрі.
2)Қосарласқан аударма – мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын аударма. Қосарласқан аударманың жазбалары бар және абзацты – фразалы, сондай-ақ, бір жақты және екі жақты сияқты түрлері болады. Көбінесе қосарласқан аударма деп, жазбалары бар аудармашылық әрекеттің кәсіби түрін атайды.
3)Парақтан аудару – жазылған мәтінді алдын-ала оқымай, оны қабылдау барысында ауызша аудару.[24;26;39]
Ауызша аударманың теориясы ауызша аударманың барлық түрлерінің мәселелерін қамтиды. Теорияларға сәйкес қарастырылатын қосарласқан, ілеспе және парақтан аударудың өзіндік мәселелері ауызша аударма теориясының шеңберінен аспайтын сана механизмі, аударманың таңбалық тәсілінің қызметіне жатады.[11;12]
б) Ауызша аударма тарихынан.
Бір жарым миллион жыл бұрын пайда болған homo habilis (лат. епті адам) өзімен уақыт жағынан қатарлас жануарларға қарағанда өзгеше дамыды. Санасы арқылы эволюцияның жаңа сатысына аяқ басты. Әлем халықтарының өсу жылдымдығы әлемдегі халықтардың екі есесіне пропорционалды болып келді. Адамзаттың квадраттық заңының өсуі, адамдардың ұжымдық өзара әрекеттесудің ақпараттық табиғатымен байланысты.
Тіл пайда болғаннан бастап, адамзат қоғамы ақпаратты болды. Сондай-ақ, ақпараттық алмасу экономикалық алмасудан ерекшеленді. Маисты ыдысқа ауыстырсаң, ыдысыңнан айырыласың, бірақ ауқатқа ие боласың. Бір-бірінің ойларымен алмасқан екі адам ештеңеден құр қалмайды; өздерінің білім әлемдерін дамыта отырып,екі түрлі ойдың иелері болады.
Адамзат пен оның тіл рөлі өсуінің математикалық моделі антропологияның, тарихтың, демография мен статистиканың мәліметтерімен үйлеседі. Бұл, адамзат демографиялық маңыздылық сатысында-тарихтың сынақтық аралығында болды. Бұл ресурстардың жоқшылығынан емес, ақпараттық қауымның дамуын және сақталып қалуын, алдыңғы өсу темпін енді қолдай аламыз. Ақпараттық қауым өз-өздігінен дами бастады; компьютерлерге ұқсас машиналар шығарылып, бағдарламалар дамып, және де көптеген қызмет бағытында және аумағында, оның ішінде аударма аясында адамның орнына жүрді.
Әлем елдерін қамтыған демографиялық төңкеріс уақыттың өте қысқа периодын- бір жүз жылдықты ғана қамтыды. Бір жарым миллион жылмен салыстырғанда бұл сәт қана, алайда ол мәдениеттің терең өзгерістерімен, соның ішінде, ақпараттық кеңістіктің глобализациясымен ерекшеленді. Алғашқы ақпараттық қауымның пайда болу мен даму болжамына сүйене келе, әр түрлі адамдар топтарының арасындағы коммуникацияны жүзеге асыруға, ұғатын және тез ойлай алатын, жақсы есте сақтау қабілеті бар, өз ойларын айта алатын, сұхбаттасушыны түсініп, оның сөзін өз тіліне аудара алатын адамдар болған деп айтуға болады. Осыған сәйкес ауызша аударма жазу пайда болмай тұрған кезде болғанын және ауызша аудармашы – ең көне кәсіптердің бірі екенін дәлелдей аламыз.
В.Н. Комиссаров өзінің “Современное переводоведение” еңбегінде мынадай қызықты деректерге тоқталады:
“ Ауызша аударманың мыңжылдық тарихы бар екенін көптеген деректер куәландырады. Ежелгі Вавилон мен Ассирияда патшалардың бұйрығын, жаулап алынған халықтарға жеткізетін аудармашылардың тобы болған. Жалпы аудармашыларсыз әр тілдегі халықтар орналасқан, көптеген елдерді жаулап алу нәтижесінде пайда болған ежелгі империялардың құрылуы мүмкін емес еді. Ал Ежелгі Мысырда көршілермен қарым-қатынас жасау үшін аудармашыларды дайындайтын арнайы мектеп болған.”
Библияда Жүсіп және оның ағайындары туралы әңгіме айтылады: Жүсіпке қызғанған ағалары оны Мысырға құлдыққа сатып жібереді. Ал кейін бұл жерде Жүсіп Мысыр фараонының маңайында маңызды тұлға болады. Біраз уақыт өткеннен кейін, Жүсіптің отанында өнім шықпай, оның ағайындары нан табу үшін Мысырға аттанады. Ағайындарын Жүсіпке алып келген кезде, олар інісін танымай қалады, ал Жүсіп болса, оларға бірден ашылмай, аудармашы арқылы сөйлеседі. Аударма және аудармашы туралы осындай мәліметтердің көптеген қайнарларын табуға болады.
В.Н. Комиссаровтың болжамы бойынша, алғашқы қауымда әйелдер бөтен диалектілер мен сөздерді оқу саласында алғашқы ұстаз және маман болған.
Әйелдер тұтқынға түскенде немесе басқа рудың өкіліне күйеуге шыққанда, өз бетімен не амалсыздан бөтен тілді жаттап, аудармашының міндеттерін өз мойындарына алған. Олар қарым-қатынас пен өзара түсіністік процесінде делдал қызметін атқарды. Сондай-ақ, әйелдер балаларын өз тілдеріне үйретті.
Әлемнің тауарлық алмасуының және шекарасы кеңеюінің дамуымен бірте-бірте ортақ затты жалғастыру мен кеңейту қажеттігі өсті. Ауызша аударма Месопотамия, Мысыр, Ежелгі Грецияның көне мәдениеттерінде, әсіресе, көптілдік Рим империясында одан ары қарай дамыды.
Өкінішке орай, берілген тақырыптың нақты зерттеулері бізге беймәлім.( бүкіл суретті толықтай қалпына келтіру мүмкін емес- ауызша аударма материалсыз, ол тек жазу ескерткіштерінде және ежелгі хроникаларда бейнеленуі мүмкін.) Бұл жоспарда жазбаша аударманың объективті түрде жолы болды.
Логикалық қосарластықты және мәтіннің жеке бөліктерін қамтамасыз ететін мәтінаралық байланыстың қате түсінігі, сондай-ақ, мәтіннің бүтіндігін бұзу, күрделі қателерге әкеліп соқтырады. Әсіресе, жиі аудармашы себеп-салдар байланысын жеткізгенде, қиындықтарға тап болады. Бұл кезде себеп пен салдардың орындары ауысып, мағыналық акценттер орнынан жылжиды.
Ауызша аударманың ең маңызды мәселелерінің бірі- мәдениетаралық айырмашылық; оқып отырған тілдің елінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, менталитетін білу. Кәсіби аудармашы оқып отырған тілдің елінің мәдениетінен, тарихынан, салт-дәстүрінен хабардар болуы керек.
Ауызша аударма тек коммуникативтік функцияны атқарады және аудармашы айтылған сөзді дұрыс рәсімдеуі міндетті емес. Бұл кезде әр сөйлем мүшесін орын-орнымен бірден айту мүмкін емес. Осы сатыға кәсіби емес және бастаушы аудармашыларды жатқызуға болады.
Ауызша аудармада идиоматикалық сатының жүзеге асырылуы-бұл бір басқа іс; аударма толықтай баламалы болып, оңай, әдемі дыбысталады. Біздің көзқарасымызша, екінші сатыны , әрине, өз тіліңде жүзеге асыру оңайырақ.
Кәсіби аударма құрылымы және мазмұны жағынан идиоматикалық болып саналады, бұл жағдайда, баламалылық өте жоғары деңгейде болады.
c) ХХ ғасыр ауызша аударманың “алтын ғасыры” болды. Әсіресе, 1990 жылдары ғылым мен арнайы техниканың (ілеспе аударма үшін жасалған жабдықтар, аудио және видео аппаратуралар, компьютерлер, интернет, және т.б) қарқынды дамуы арқасында ауызша аударма адамзат қызметінің маңызды әрі таралған түрі болып есептелді.1953 жылы Парижде Пьер-Франсуа Кайе елу елдің аудармашыларын біріктіретін Аудармашылардың Халықаралық Федерациясын (Federation internationale des traducteurs-FIT)құрды. FIT- кәсіби, саяси емес, коммерциялық мақсаттарды көздемейтін ұйым. Оның атқаратын міндеті-әр елдің аудармашылар ұйымын біріктіру.
Алайда, ХХ ғасырдың аяғында ауызша аударма шарықтау шегіне жетті,бұл дәстүрлі аудармаға деген сұраныс төмендей бастағанын білдірді. Сонымен бірге сапалы және арнайы (экономикалық, банктік, заңдық және т.б) ауызша аударманың сұранысы төмендеді....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Ауызша аударманың тарихы ХХ ғасырдағы ауызша аударманың өркендеуі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Ауызша аударманың тарихы ХХ ғасырдағы ауызша аударманың өркендеуі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Адебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, Ауызша аударманың тарихы ХХ ғасырдағы ауызша аударманың өркендеуі