Бәрі де «Шығанақтан» басталды... 9 сыныпта оқып жүрген кезде, біз қазақ әдебиетінде Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Оқулықта берілген «Шығанақтың» үзіндісін оқыдық. Шығарманы оқи отырып, автордың еңбек жолымен, шығармашылығымен жақынырақ таныссақ деген ой туды. Ғабиден Мұстафиннің шығармаларымен 11 сыныпта әлі де танысамыз, сол себепті шығармада кездесетін қазақ халқының халық ауыз әдебиетіне байланысты материал жинақтап, зерттеу жұмысын жүргізсек деген ой туды. Жұмысты бастамас бұрын алдымызға мақсат қойдық: жазушының шығармашылығымен танысып, шығармадағы суреттеу тілі мен сөз саптауын, сөз қолдану ерекшелігін зерттеу, таразылау. Жобамыздан күтілетін нәтиже: осы жобадағы материал сөздік қорының алтын қазына екенін нақты дәлелдей отырып, мектеп мұғалімдері сабақ барысында қосымша материал ретінде пайдалануы. .....
Тоғай. Егін. Шалғын... Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жоны ғана көрінеді. Арғы қабақта аспанмен тілдескен Алтайға жаңа жолмен бірге Ертісті кесе біз де өттік. Жол Алтайдың ішіне сүңгіді. Біз де сүңгідік. Жүрген сайын артымыз ылди, алдымыз ор, өрмелеп аспанға шығып бара жатқан сияқтымыз. Тay қоюланып, ірілене түсті. Шат тереңдеп кетті. Екі ернімен көк тіреген тар жықпылды, шапши аққан тентек су бой бермеді. Былай бұрылсаң өзен, былай бұрылсаң тау қақпалар, қалың жолшының соңынан қиялай жүріп келеміз...
Сонау баста, «Бұдан әрі жол бермеймін» дегендей, көлденең шөгіп құз - жартас жатыр. Оның бер жағында, қолында кішкене қызыл туы бар бір әйел тұр. Машина жүре алмай, қайтып кетті. Жаяу өрмеледік. Әлдекім ысқырады! Сонша болмады, көп гүрсіл тауды жаңғырықтыра жөнелді...
— Тас бұзған дәрінің дауысы ғой...- дейді штаб бастығы Доншенко. Құлақты бітеп, жүректі сілкінткен күшті гүрсіл оған күзетшінің тоқылдағы сияқты. Алды-артымыздан құйынша көтерілген тас аралас тозаң састырып келе жатса, ол жалтыраған қасқа басын кепкесімен де бүркемеді.
Жасы он жеті - он сегіз шамасында, ақ таяқ ұстаған қыз құз тастың жақпарынан шықты. Жолдың алдын ашып жүрген тау бұзғыш жас маман екен. Сөзден гөрі өз ісін сүйетінін сездірген соң, бөгелмей өтіп кеттік. Құзға келсек төрт-бес жұмысшы жәшік-жәшік динамитті бұзып, бір үңгірге тасып жүр... Үңгірдің түбінде екі-үш адам динамитті, кірпішті қалап отыр. Біздің сұрауымызға: .....
Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш-қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам.
Ғабиден Мұстафин.
Ғабиден Мұстафин мұрасы - 20-40 жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын .....
Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері атанған ҒабиденМұстафин 1902 жылы 29 қарашада Қарағанды облысындағы осы күнгі Теміртау қаласына жақын Жауыртау – Нұра өзені бойындағы Сартөбе деген ауылында кедей отбасында туған. Болашақ жазушының әкесі мал бағумен айналысқан, сондықтан да оның балалық шағы қарасаң, көз жетпейтін кең далада, Сарыжайлауда өтті. Ол бұл кездерде әкесіне көмектесіп, мал бағумен қатар, ауыл модасынан арапша сауатын да ашты. Ал орыс тіліне оны сол кезде Спасск мыс балқыту заутында табельші болып жұмыс істейтін Жүсіп Мауқымов деген азамат үйретті, үлкен қамқорлық жасады. Соған орай Ғабиден осы зауыт жанындағы орысша-қазақ екі жылдық мектепті бітіріп шықты. Бұдан әрі оқуға мүмкіндігі болмай, туған ауылына.....