Мұхтар Шаханов (Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме)
Нар көңілдің жастығы ма,
Әлде оянған арман ба,
Жүз жасаған Жамбыл ақын кешегі,
О, керемет, Грузияға барғанда,
"Бір сұлуға ғашық бопты" деседі.
- Міне, нағыз бүгінгінің батыры,
Қатал уақыт қарияны сала алмапты-ау төзіне.
Неткен қайсар сұлулық бұл, -
деп бір орыс ақыны
Жас алыпты көзіне.
Иә, қарттар бар арғымағы арманнан,
Жігерімен дүр сілкінткен даланы.
Сұлулықты сезінуден қалған жан
Бәрінен де қалады.
Жер бетінде жел өшірген із аз ба,
Жігерсіздің өрісі әркез тар болған.
Отызында кемпір болған қыз аз ба,
Жігіт аз ба отыз бесте шал болған?!
Кім жас,
Кім қарт,
Уақыт өзі іріктер,
Ер көбейсін ат қып мінер қиялды.
Қарттық - оттың азаюы,
оты азайған жігіттер
Қай кездеде коғам үшін зиянды.
Бақыттысың әр таң сайын көзіңді
Сұлулыққа суарудан қашпасаң.
Қартайдым деп алдай көрме өзіңді,
Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан
Әлде оянған арман ба,
Жүз жасаған Жамбыл ақын кешегі,
О, керемет, Грузияға барғанда,
"Бір сұлуға ғашық бопты" деседі.
- Міне, нағыз бүгінгінің батыры,
Қатал уақыт қарияны сала алмапты-ау төзіне.
Неткен қайсар сұлулық бұл, -
деп бір орыс ақыны
Жас алыпты көзіне.
Иә, қарттар бар арғымағы арманнан,
Жігерімен дүр сілкінткен даланы.
Сұлулықты сезінуден қалған жан
Бәрінен де қалады.
Жер бетінде жел өшірген із аз ба,
Жігерсіздің өрісі әркез тар болған.
Отызында кемпір болған қыз аз ба,
Жігіт аз ба отыз бесте шал болған?!
Кім жас,
Кім қарт,
Уақыт өзі іріктер,
Ер көбейсін ат қып мінер қиялды.
Қарттық - оттың азаюы,
оты азайған жігіттер
Қай кездеде коғам үшін зиянды.
Бақыттысың әр таң сайын көзіңді
Сұлулыққа суарудан қашпасаң.
Қартайдым деп алдай көрме өзіңді,
Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұхтар шаханов Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме