Ғабиден Мұстафин
Ақылды ой ақылды басқа бiр енсе, сүйресең де шықпас, жыртық басқа шынжырмен байласаң да тұрмас.
Ата-ананы ұмытқан жас — опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
Ата-ананың қадірін білмеген — халық қадірін білмес.
Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.
Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.
Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық.
Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады.
Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары да жоқ.
Бабын таппаған еңбек құмға құйған су сияқты. Бабын тапсаң, ана сияқты ие береді, ие береді.
Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты іздемеу — ой мешеулігі.
Дүниеде көбірек тұрғың келсе өзіңді-өзің бапта, кеткің келсе былапытта.
Заман талабының деңгейінде болу үшін біздер — мәдениет қайраткерлері өмірге барынша терең бойлап, оны жан-жақты тануымыз керек, ең жоғарғы шеберлікке жетіп, ерінбей-жалықпай еңбектенуіміз қажет.
… арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар.
Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
Дүниедегі байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі де осы — нан байлығы.
Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді... Әдебиет әдебиет болғалы тіл қасиетін ешкім сарқа пайдаланған емес, мойымайтын кен.
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті.
Өмір егер ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік, тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин туралы нақыл сөз, канаттты создер Габиден Мустафин туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Ғабиден Мұстафин, Габиден Мустафин