9 Мамыр - Жеңіс күні [жоспар]
II Ауыр Жеңiстiң тарихы.
1. Кеңес Одағының Батырлары.
2. Халықтың батырлығы.
3. “Ленинградтық өренім”
III Жеңіс – Қасиеттi мерекесі.
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 66 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін.....
Жас кезінен алдына қалайда ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт, ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті.