Қазіргі таңда әлеуметтік желі күн сайын даму үстінде.Әлеуметтік желінің адамдар өмірінде алар орны ерекше.Жақсыларды жағалап,асыл уақытты бағалап жүргенге не жетсін,шыны керек өміріміздің 90 пайызын әлеуметтік желіге арнап жүрміз,тіпті интернетте еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін отырады десекте артық етпес. Интернет – әлдекімге ойына келгенін жүзеге асыратын қару, әлдекімге білім мен ғылымды дамытудың басты құралы.Кейбірі дұрыс жағына....
Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген. Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді. «Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді. ....
Платон диалогтарының ішінде ең маңызды және атақтыларының бірі «Мемлекет» болып табылады. «Мемлекет» шығармасын атақты жасаған оны баяндау шеберлігі, кітаптың мазмұны және шындыққа жақындығы. «Мемлекеттің» қалған шығармалардан артықшылығы – философиялық ойдың көп жақты қолданылуы. Бұл шығарманың тақырыбы әділеттік және оның бір ұғымы этика болып табылады. Бірақ осы сұрақтарды қарастырғанда Платон философияның негізгі сұрақтарының бәрін қарастырып өтеді. Бұл шығарманы құрастырғанда Платон табиғат туралы, адамдардың қарым қатынасы туралы, мемлекттің құрылуы және оның адамдарының сословиелер туралы және осы мемлектті қалай басқару керектігі, азаматтардың тәрбиеленуі және оларға білім беру қарастырады. Бұл шығарманың атауы өзіне сай келмейтін сияқты, бірақ ол түсінікті, ол кезде қазіргі кездегі жүйе деген мағынадағы термин болған жоқ. «Мемлекет» өзінің көлемі мен мазмұны, қолданылған материал мен ой тереңдігі мен көпжақтығы, зерттеліп жатқан тақырыбы жағынан Платон шығармаларындағы ерекше роль алады. Сократ жанындағы адамдарға айтқысы келген «мұрат» (идеал) туралы ойлары, адам өмірінің барлық жағын қарастырады; адамның өзін, жануясын, тұратын еліннің барлық этникалық, эстетикалық жақтарынна қарастырады. Ол кітаптың бірінші бөлігі болып табылады, одан кейін «Тимей» космостағы идеалды құру, «Критий» идеаль қоғам құру мен оны іске асыру туралы жазды. «Тимей» мен «Критий» Платонның өмірінің соңында жазса, «Мемлекет» IV ғасырдың 70-60 жылдары жазылған. Бұл диалогтың мағынасын Кефальдың үйінде Сократ сөздерінен көреміз және оны ертесі достарына айтып береді. Бұл диалог бірнеше сағатқа созылған, Пиреяда Афинаға жақын жерде күндізгі құдайға арналған марш пен кешкі факелмен жүгіру аралығында болды. Бұл диалогта жоғарғы орынды Сократ пен Платонның бауырлары Аристона Адамей мен Главкон алады, екеуі де философияға қатысы жоқ, бірақ Платонның «Сократ апалогиясы» мен «Парменидте» аттары кездеседі. ....
Білім беру жүйесі, әсіресе,оның оқыту әдіс – тәсілдері үздіксіз жаңару кезеңдерін бастан көшіруде. Бұл табиғи өмір талабы қоғамымыздың тұрапты өзгеріп, нарық соқпағына түскен сайын ерекше сипат алады. Мектептердің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне жол ашылды. Мектеп өмірінің күнделікті іс-тәжрибесі дәуір талабына сай жас ұрпаққа білім беру, оларды ғылым саласына қызықтыру, өмір сүруге деген талпыныс әрекетін ұйымдастыру. Мектептегі біліммен тәрбие беру басты тұлға ұстазға жүктелген. Демек, мұғалім алдына қойылған міндет өте ауқымды, білім жүйесін іштей қайта құру: құрылымдық, құндылық, қызметтік. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім «ЖАҢА ФОРМАЦИЯ» мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Ол рухани дамыған, әлеуметтік есейген, білікті маман, өзін - өзі жетілдіруге ұмытылатын шығармашыл тұлға және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеуге жауапты. Қоғам талабына сай деңгейден көріне білу кез келген мұғалімнің ісінен танылады деу қиын. Ұстаз тәрбие сатыларынан, шыңдалу белестерінен өтіп, тәжірибе жинақтап барып нәтижелі істерге қол жеткізеді. Мектептің бүгінгі таңдағы бағыты - оқушылардың қабілетін дамыта оқыту. Оқытудың әр - түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практакасына енгізілуде. Инновациялық үрдісті өмірге енгізудің мәні оқу материалын оқушыға дайын күйінде жеткізу емес, шәкіртпен бірлесе оны шешудің түрлі жолдарын тәсілдерін іздестіру. Осы орайда мұғалім өз пәнінен «Деңгейлеп - саралап оқыту» Ж.Қараев, В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту», «Проблемалық оқыту», «Блум таксономиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту», «Ойын арқылы оқыту технологиясы», «Семантикалық карта», «Оқытудың компьютерлік-программалық технологиясы» т.б технология-ларды, сабақта пайдаланып, оқушының қалыптан тыс ойлануына, дайын білімді пайдалана салмай жаңа шешім іздеп, жаңалық ашуға, жаңа жол табуына жетелейді. Осы технологиямен жұмыс істеген оқушыда материалды талдай, топтай, қорытындылап түйіндей алу қалыптасады, яғни оқушылар сөздік энцнклопедия, анықтамалық, алғы сөздіктермен жұмыс жасау, компюьтермен, конспект, реферат, аннотация құра білуге дағдыланады. Оқушының білім, білік, дағдылары: өз ойын әдеби тілмен жеткізу, аудитория алдына шығып сөйлеу, тезис құрай алу, сұрақ қою арқылы накты дәлелдемелермен тыңдаушының көзін жеткізе білу қалыптасады.....
Табиғатта кездеспейтін элементтер. Жоғарыда айтылғандай ядролық реакцияның жәрдемімен табиғатта тек тұрақты күйде кездесетін химиялық элементтердің радиоактивті изотоптары алынған. Нөмірлері 43, 61, 85 және $7 элементтердің тұрақты изотоптары жалпы кездеспейді, олар жасанды түрде бірінші рет алынған. Ал, технеций деп аталған 2 = 43 элементтің ең ұзақ өмір сүретін изотопы бар, оның жартылай ыдырау периоды мил-лион жылға жуық. Сондай-ақ, ядролық реакциялар және жасанды радиоактив-тіктің көмегімен трансурандық элемеңттер алынған. Нептуний мен плутоний туралы сендер білесіңдер. Олардан басқа тағы мынадай элементтер алынған: америций (Z = 95), кюрий (Z = 96), берклий (Z = 97), калифорний (Z = 98), эйнштейний (Z = 99), фермий (Z = 100), менделевий (Z = 101), нобелий (Z = 102), лоуренсий (Z = 103), курчатовий (Z = 104), нильсборий (Z = 105). Курчатовий, нильсборий және қазірше жалпы қабылданған атауы жоқ 106, 107 және 108-элементтер алғашқы рет СССР-де Дубна қаласында синтезделген. (Элемент 108 бір мезгілде ФРГ-де синтезделген.) Таңбаланған атомдар. Қазіргі уақытта әр түрлі химиялық элементтердің радиоактивті изотоптарын ғылымда да, өндіріс те де қолданудың маңызы артып келеді. Әсіресе, таңбаланған атомдар методының маңызы зор. Бұл метод радиоактивті изо-топтардың химиялық қасиеттерінің сол химиялық элементтердің радиоактивті емес изотоптарының қасиеттерінен айырма-шылығы болмайтындығына ңегізделген. ....
Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Бұл процесте заңға көп күрделі талаптар қойылады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ойы мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган – Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жіті көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзіне асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан-жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актілер де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады. Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсартуға екінші зор үлес қосатын еліміздегі сан алуан нормативтік актілерді топтастырып, жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп, отыру. Қоғамның диалектикалық даму барысында мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларын жасақтау міндеті де күшейе түседі.....
Өнер ұғымы мәдениеттануда сөздің тар және кең мағынасында қолданылады.Терминнің тар мағынасында “ өнер ” деп көркем шығармашылық процесін және оның әртүрлі бітімдерін айтады. Оның қазақ мәдениетіндегі алғашқы жүйелерін көрсеткен – Жүсіпбек Аймауытов: “ Атам заманда табылған өнер, білімнің бәрі сөз арқылы бұл күнге, жетіп піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр ”. Оқымыстылар өнерді беске бөледі: • 1. Сөз ( словесность ) • 2. Суретшілік ( живопись ) • 3. Мүсіншілік ( скульптура ). Балшық, тас, мрамор әм басқа нәрселерден адамның, басқа хайуандардың пішінін жасау. • 4. Үй ішілік ( архитектура, үй, сарай, көпір салу сияқты өнер ). • 5. Ән-күй ( музыка ), т.б. Бес түрлі өнердің ең артығы – сөз. Сөздің артықшылығы- өзге төртеуін сөзбен суреттеп айтуға болады. Басқа өнерлер қанша кәмелетке жетсе де, сөзді суреттей алмайды. Қазақтың “ өнер алды – қызыл тіл ” дегені терең ақыл – тәжірибемен айтылған сөз. Қазақ мәдениетінің көркем өнерін зерттеу дәстүрі осы жолмен ары қарай дамығанын ғылыми әдебиеттен байқаймыз. Алайда, “өнер ұғымын” кең мағынада кез келген адамның шығармашылық әрекетінің баламасмы ретінде қолдануға болады. Бұл мағына “ шеберлік ”, “ жасампаздық ”, “ іскерлік ” және жалпы мәдениеттілік ұғымдарымен сабақтас. Осы сипатта өнер адамның басқа тірі жандардан түбегейлі айырмашылығын білдіретін қасиетке жатады. Өнерлі адам деп тұлғалық қасиеттерді бойына толыққанды және үйлесімді жинақтаған кісіні айтады. Тек кейін еңбектің қоғамдық бөлінуінің нәтижесінде сөздің тар мағынасындағы кәсіпқой “ өнер қайраткерлері ” пайда болды. Әрине “ өнер алды - қызыл тіл ” деген мақалмен келісуге болады. Сонда да көркем шығармашылықтың бастауы сөз емес деген пікір қазіргі мәдениеттануда ұсынылып отыр. Шынында да, адамзат дыбыстары ажыратылған сөйлеу қабілетіне ие болғанға дейін де жаза білген. Көне адамның тасқа салған суреттері (петроглифтер) шығармашылықтың алғашқы үлгілері болып табылады. Қазіргі кезде осыдан 4-5 миллион жылдар бұрын салынған петроглифтер табылып отыр. ....
Электр энергиясын қолдану бізге барлық іс-әрекеттерді жақсартуға өнеркәсіпке жаңа автоматтандырылған технологиялық процесстер енгізіп жаңа мүмкіншіліктерді берді. Ауыл шаруашылығында жаңа қажеттіліктерде құрылған технологиялар нақты өнім түрін жылдам және жеңіл түрде тудыратын болды.Электр энериясы өмірдің барлық салаларында соншалықты кең таралуының басты себебінің бірі – электромагниттік энергияны өте аз шығынмен алыс қашықтыққа беру және оны энергияның басқа да түрлеріне: механикалық, жарық , жылу , химиялық және т.б. түрлендіру ыңғайлы. “ Электротехниканың теориялық негіздері ” курсының пәні деп, тізбектер мен өрістердегі өтетін электромагниттік процестерді сандық және сапалық жағынан оқып үйренуді айтады.Физика және жоғары математика курстарына негізделген бұл курс , осы заманғы электротехникалық құрылымдардың әртүрлі кең кластарына қолданылатын инженерлік есптеулер және талдау әдістеріне толы болады. Сонымен қатар ЭТН өндіріске қажетті болашақ мамндардың электротехника мен радиотехникадан ғылыми көзқарастарының қалыптасып жетілуінде аса маңызды рөл атқарады және бұл курсқа арнай электротехникалық және радиотехникалық пәндер негізделеді. ЭТН курсында электрлік және магниттік құбылыстарды екі тәсілмен сипаттап жазу қолданады . Оның бірі тізбектер теориясы, ал екіншісі өріс теориясы. Тізбектер теориясында нақты электротехникалық құрылымдарды жобамен идеялизацияланған схемалармен ауыстыру қолданылады. Бұл схема анықталуға тиісті кернеулер және токтары бар тізбектің бөліктерінен тұрады. Инженерлік практикада, тізбектер теориясы аралық токтар арасындағыкернеуді есептеуге жүгінбей–ақ, қарастырылып отырған тізбектің бөлігінің ұштарының арасындағы кернеуді тікелей дәл анықтауға мүмкіндікбереді. Токтарды өткігіштің қимасының әр түрлі нүктелеріндегі оның тығыздықтарын ещқандай есептеусіз-ақ анықтайды. Өріс теориясы кеңістік пен уақыттағы нүктеден нүктеге дейінгі электрлік және магниттік шамалардың өзгерісін зерттейді. Ол электрлік және магниттік өрістердің кернеуліктерін электр энергиясының сәуле шығарумен, көлемдік зарядтың таралуы, токтардың тығыздықтары және т.б. зерттеумен шұғылданады. ЭТН курсында диалектикалық ойлауды қалыптастыратын симметрия принципі, энергияның минималды принципі, зарядтың сақталу заңы, магнит ағынының үздіксіздік принципі деп аталатын жалпы физикалық принциптер қолданады. Электр тізбектерін есептеуді екі әдіспен баяндап жеткізуге болады. Бірінші әдіс бойынша , есептеу жұмыстары синусоиадлық токтың электр тізбектерінің теориясы бойынша баяндалады. Ал екінші ідіс бойынша, әуелі есептеу әдісі резетивтік тізбектер (тұрақты ток тізбектері) қатысты қарастырылады да, сонан соң бұл әдістер синусоидалық ток тізбетеріне ауысады. Электр тізбегі деп – электр тоғын тудыратын құралдар мен обьектілер жиыны , ЭҚК тоғы және кернеуі туралы түсінік көрсететін электромагниттік процесстер. Тұрақты ток тізбегін , қазіргі техникадағы өз бағытын өзгертпейтін яғни э.қ.к көз полярлығы әр уақытта тұрақты тізбегін айтамыз. ....
Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отырғаныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бері де композицияның негізгі бастаулары. Бұл сөз әдетте музыкалық шығармаларға арналғандай, бірақ мұнда кең ұғым бар. Түсініктірек болу үшін, бұл туралы нақтылай сөз етейік. Жазушы роман жазғысы келді дейік. Болашақ дүниенің негізгі ойлары басында пісіп-жетілгенде, ол шығармасының жоспарын жасайды. Ол жоспары, жазушының ойындағы дүниелері бірлік пен бірегейлікке жеткенше, әрқайсысы өз орындарын тапқанша, талай өзгерістерге ұшырап, сан рет қайта сүзгіден өтеді. Содан кейін ғана ол көркем сөзге көшеді. Архитектор да белгілі бір ғимараттың жобасын сызбастан бұрын, оның сырт көрінісі мен негізгі пропорциясын анықтағанша, бірнеше эскиздер жасайды. Міне, алдын ала атқарылатын осы шаруаларды жобалау немесе қарапайым түрде жоспарлау деп атайды. Бұл жоспарлаудың мақсаты - жеке нәрселерді (бөлімдерді) тұтас бір дүниеге айналдыру. Композиция (латын тілінде "құрастыру", "тәртіпке келтіру" деген мағынаны білдіреді) - шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композиция -көркем құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. .....
Балабақша тәрбиешісіне жүктелер міндет көп. Солардың бірі жас ерекшеліктеріне байланысты балалармен ойын өлеңдерді бірге жатқа айтып, бірлесе ойнай білу, көркем әдебиет үлгілерімен таныстыратын сабақтарда бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытатын ойлы өлендерді бой сергіту сәттерінде орынды қолдана алу. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі казақ халқында, өзге халықтарда болсын, көркем сөзбен келетін кандай ойыңдар бар екенін, әсіресе, өз елінің мұрасында, тіпті ақындардың жаңа туындыларында қай шығармасын ойында пайдалануға болатыңдығын жақсы білу шарт. «Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы» сериясымен шығарылған «Асыл сөз» жинағына пікір жазған белгілі балалар ақыны Бүркіт ЬІсқақов ойын өлеңдерге «Жасырынбақ», «Куырмаш», «Айгөлек», «Ақтүш», «Ак серек, көк серек» деп аталатын өлеңдерін жатқызады да, олардың балаларды қимыл-әрекетке баулып, денелерін ширата түсуге арналғандығын айтады. «Бөбектің буыны бекіді, бұғанасы қатты, бұрынғыдай қаз-қаз басып, тәй-тәй жүретін уақыттан өтті. Еңді белін бекем ұстап, екі аяғын тең басып, зыр жүгіретін болды. Ол өмірді танып, өзін қоршаған ортаны білуі қажег. Демек, оның бойымен бірге ойы да өсуге тиіс. Міне, ата-ана осыны ескеріп, ойын өлендермен бірге түрліше ойлы өлеңдер де ойлап шығарған. Солардың бірі — «Санамақтар». Ойын өлеңдер мен ойлы өлеңдерді өзара ажырата талдап, балаларға ұсынылатын барлық шығармаларда ойын элементтері ұшырасатының жақсы түсіндіріп, зерттеулер жазып келе жатқан белгілі ғалым Ш.Ыбыраевтың сыныптамасында балаларға арналған поэзиялық туындылар былайша жіктеледі: а) Санамақтар (считалки); ө) Бесік жыры (колыбелъная); б) Төрттүлік жыры (про животных); в) Ойын өлеңдер; г)Өтірік өлеңдер; ғ) Тақпақтар; д) Қаламақтар (жеребьевки); ж) Арнау-тілек (заплички); з) Мазақтама (дразнилки). Бұлайша жіктеудін негізінде өлеңдердің түр-сипаты, мазмұны алын-ғаңдығын ескерткен балалар әдебиетінің сыншысы: «Қаламақ», «Санамақ» тақпақтары жекелеген қызметтерді, ойын жүргізушіні тағайыңдау үшін айтылса, «Соқыртеке», «Үй артыңда қол ағаш», «Кім ұшты?» ойын процесінде тұтастық тауып, әр түрлі кимыл-қозғалыстармен бірлікте, ырғақта айтылады. Олардың танымдык, тілдік маңызы зор» Екі жастан он үш жасқа дейінгі бала негізінен кимыл, ойын баласы. «Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Күңдей нұрлы шағымда, Күнге жетем өрмелеп!» — деп келетін елең шумағын қай жастағы бала дөңгелене айтсаң, жарасымды. Тәрбиешілер арасыңда «бой сергіту өлеңдері» деген термин бар да, «тақпақ» тек қана сабақта жаттатылатын өлеңдер деген түсінік қалыптасқан. ....