16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік - ел тірегі)

 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік - ел тірегі)

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына жиырма жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды.
Әр халық ана тілін дамытуына, әлемдегі бүкіл елдің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ұжымдық құқығын жүзеге асыруына заң жүзінде мүмкіндік алды. Тіл заңнамасының түп негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы – халықаралық тіл дамытудың өлшем-үлгілеріне сәйкес келеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деуі Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Қазақстанды мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық саясаты. Бүгінгі күнге дейін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасында достықтың бастауы, олардың ынтымағы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қадір тұтамыз.
Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет, өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің баянды болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 6
  1. Данагул Мендигали
    0 + 0 -
    Өте жақсы жазылған
  2. Данагул Мендигали
    0 + 0 -
    Өте жақсы жазылған
  3. Ерсин Улас
    Ерсин Улас 08.12.2015 19:21
    0 + 0 -
    Бұл жерде ті туралы болып кеткен ғой
  4. Asemgul Dauletbek
    Asemgul Dauletbek 21.12.2014 14:19
    0 + 0 -
    Рахмет.жаксы тусиникти шыгарма
  5. Бек Бисембай
    Бек Бисембай 21.12.2014 11:46
    0 + 0 -
    Оте дурыс жазган КАЗАКСТАН АЛГА!
  6. Раушан Умбетова
    0 + 0 -
    Да я согласна

Ілмектер: тәуелсіздік туралы шығарма, тауелсиздик туралы шыгарма казакша, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы шығарма, 16 желтоқсан шығарма, 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне шығарма, Қазақша шығарма: 16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні, шығарма (Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте), скачать сочинение на казахском языке день независимости, тәуелсіз қазақстан шығарма, тәуелсіз қазақстан шығарма тегін, шығарма тәуелсіз қазақстан, шығарма тәуелсіз қазақстаным, тәуелсіз қазақстан шығарма қазақша, сочинение на казахском языке про независимый казахстан, сочинения на казахском языке про независимость, сочинение на казахском языке казахстан независимое государство