Қазақ тілі | Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру

КІРІСПЕ
Бүкіл түркі халықтары грамматикасының атасы саналатын Махмұд Қашқари еңбегін біз де қазақ тілінің тарихи грамматикасына арқау етеміз.
Махмұд Қашқари орта ғасырлардағы ғылымның алыбы, әрі жетік лексиколог, асқан грамматист, тарихшы, әдебиетші.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат- түрік" (Түркі тілдерінің сөздігі) атты еңбегі түркі тілдес халықтардың тілін, тарихын,рухани дүниесін көрсететін мұраларға толы.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лүғат ат- түрік" жалпы түркі халықтарының , соның ішінде Орта Азия халықтарының ортақ ғылыми мүрасы.
Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат- түрік" атты сөздігінің қолжазбасы алғашқы рет 1913-1915 жылдары Стамбулда басылып шықты. (1;36-37)
Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіш Махмұт Қашқаридың өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы «Диван-и лұғат ат түрктен» («Түркі тілінің сөздігін») ғана біле аламыз. Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029- 1038 жылдар аралығында Қашкарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридьщ Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун эл-Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып, Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін, Қарахаидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі - Қашқарға ауысқан. Махмұттың «Қашқари» ныспысын алуы да осы қалада тұруына байланысты болатын.
Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда алды. Ол заманғы Қашкар қаласы - Шығыс Түркістанның ipi саяси жаңа мәдени орталығы еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде өзінің өлмес «Құтты білігін» жазғаны - бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса дамығанын дәлелдейді, Ол уақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде Қашқар елінде де мектептердe Кұран, араб тілі, заң негіздері, математика оқытылатын. Бірақ Махмұт тек Қашкарда алған білімімен шектелмей, Азияның басқа да, Бұхара, Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ipi мәдени орталықтарында білімін кеңейтеді.
"Диуани" - түркі тілдерінің салыстырмалы үлағаты, соған қоса алғашқы тілдік филологиялық зерттеу , онда түркі елдерінің тілдері тұңғыіп рет ғылыми жүйеге түседі. Жеке сөздердің маңызы мен этимологиясы түсіндіріледі. Еңбектен грамматикалық ережелерді, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, өлеңдер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер т.б. тарихи құнды материалдарды кездестіреміз. Сөздіктің маңызы әлі жойылған жоқ. Әдебиет тілінің ескі үлгілерін танытатын деректерді де біз осы Махмұд Қаіпқари сөздігінен табамыз.Ол түсінуге ауыр сөздердің маңызы, жанама түсінігі, шыгу тарихы, басқа тілдерге байланысты, көптеген тайпалардың сөз қолданыстары , өзгерістері сияқты күрделі мәселелерді шешуге де көмектеседі. Сондықтан Махмұд Қашқари сөздігін XI ғасырдағы ескі түркі тілі жайын білгізіп қана қоятын еңбек демей, сонымен қатар оған дейінгі және одан кейінгі дәуірлердегі тіл өзгерістерін, әдеби тілдің жайын, тарихын танытатын бағалы еңбек деп білген жөн.
Ал енді "Диуани лұғат ат- түрік" кітабының осы күнгі түркі тілдеріне қандай қатынасы бар деген мәселеге келсек, онда біз көпшілік зерттеушілер пікірін қуаттай отырып, оны тірі түркі тілдерінің бәріне бірдей тән қазына , ортақ мұра деп қараймыз. Шынында да бұл өзі- осы күнгі көптеген түркі халықтарының өз алдына бөлініп , халық сипатына жетіп қалыптасып алған кезінде жазылған еңбек. Онда талай-талай тайпалар мен рулардың ауызекі сөйлеу тілінен алынған материалдар жинақталған. Сондықтан да Н.А.Баскаковтың Махмұд Қашқариді "түркі тілдерін өзара салыстыра зерттеудің пионері болған еді " десе, А.Н.Самойлович оны "XXI ғасырдың Радловы" деп атаған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тілін халықаралық тәсілдер бойынша тестілеу ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Тестілеу техникасы және тест мүмкіндіктері[center][/center]
Қандай тест тілдік білімді – тілді білуін бағалай алады немесе тілді үйренуге көмектесе алады?
Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады:
1. Біріншіден, мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауым үшін позитивтік қатынасқа әкеледі. Мотивациялық тұрғыда және оқыту нәтижесі үшін оқытушылар негізінен позитивтік ауан қалыптастыруға тырысады.
2. Екіншіден, тест тіл үйренуші үшін тілді жетілдіруге жетелейді, көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудың, оны тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудың пайдасын көреді. Тест оқушының, тілдің қай жағына көңіл бөлу керектігіне көз жеткізеді.
Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген позитивтік қатынастың құрылуына көмектеседі және оқушы, студент немесе кез-келген тіл үйренуші үшін жетістік сезімін, оқытушы бағалауының да өзінің оқыған-тоқығанымен сәйкес келетінін аңғартатын сезім пайда болады. Жақсы тілдік тестілер, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға олардан табандылықты талап ете отырып, тілді оқуға көмектеседі және тіл үйренушінің жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да көрсетіп береді.
Тест бағалаушыға қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің оқытуының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз бізге төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: «Менің оқытуым тиімді болды ма, болмады ма?» Басқаша айтсақ, біз тест көмегімен, өзіміздің тырысуымызбен тіл үйренушінің қатынасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз: «менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме екен?», «Мен қалай оқытып жүрмін?», «Қандай пункттерді қайта қарау керек?», «Осы материалға менің көбірек, азырақ көңіл аударуым қажет пе?» деген сияқты сұрақтарды өзімізден сұрай аламыз. Оған қоса, тестер бізге болашақ тестерді жетілдіруге көмектеседі: «Тест нұсқаулары анық болды ма екен?», «Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тесті аяқтай ала ма екен?», «Тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңіл толмаушылық туғызуы мүмкін бе екен?», «Тест тапсырушының алған тілдік білімін тест анықтай алды ма екен?» деген сияқты сұрақтар біздерді мазалауы тиіс.
Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестер жасалынған, жеткен прогресті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға бағыттайды.
Түйіндесек, жақсы тест аудиторияда мораль ауанын жақсартуға, сондай-ақ, оны қолдауға, сақтауға көмектеседі, оқытудың көмекші құралы да болып табылады.
Тілді тестілеу өнер тәрізді тарихи мәліметтер, көз жүгіртсек, бүгінгі күндердегі тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі көзқарасқа сай келетін коммуникативтік мақсаттарды білдіреді.
Өткен жылдар еншісіндегі әлемдік тәжірибедегі тестілеу, негізінен, интуитивті болды немесе субъективті сипатта болды десе болады және оқытушының жеке пікір-ойларына да байланысты болды. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады, тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетеді 1, 6 б..
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз, бұл кезең тілдік тұлғаны емес, оны қолдана білуін бағалау маңыздылығымен ерекшеленеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тілінде орын тәртібі жайлы сөз тіркесі

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде орын тәртібі мәселесі төңірегінде бірқатар тілші ғалымдардың зерттеу еңбектерінде, мақалаларында ой-пікірлер айтылып келеді. Ол негізінен тілдік категориялардың ішінде сөз тіркесіне, сөйлем мүшелеріне және құрмалас сөйлем компоненттеріне қатысты зерттелуде. Сонымен қатар құрмалас сөйлемдерді құрмаластырушы тәсіл ретінде де айтылған ой-пікірлер бар.
Сөйлемдегі кей сөздер бірімен-бірі меңгерілуімен іс бітпейді. Олардың кейбірі бірімен-бірі ешбір жалғаусыз қарым-қатынасқа енеді. Әрине, мұнда екінші сөздің аяғындағы жалғау ескерілмейді, тек екі сөз арасы ескеріледі.
"Қабысудың ендігі бір мәнісі – сөздер бір-біріне өте тығыз байланысуынан көрінеді. Бұлардың орны өзгеден берік. Қабыса байланысқан сөздер араларынан қыл өтпестей болып көрінеді" [1;147].
"Қабысу — түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, матасуда тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады" [2;47].
Қабысу – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысы. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды.
Сөздердің орын тәртібі туралы орыс тіліндегі еңбектерде де жазылған.
Орыс тілінде сөздердің орын тәртібі соңғы жылдары көптеген тілші ғалымдардың назарын аударып жүр. Сөздердің орын тәртібі қазіргі орыс тілінде де, ежелгі орыс тілінде де зерттелген. Алайда зерттеуге нысан болатын нақты мәселелер айқындалған жоқ. Өйткені О.А.Лаптаева. З.Д.Попова, В.Н.Роговалар орын тәртібін сөйлемнің жеке мүшелерінің орын тәртібіне қатыстыра зерттесе, М.С.Андронова, В.М.Чистиякова жеке ескерткіштер мен шығармалардың орын тәртібі туралы қарастырады, ал И.П.Распопов, А.Мельничук сөйлемнің актуальді, синтагматикалық мүшеленуін зерттеумен байланыстырады.
...Орыс тілші ғалымы О.Б.Сиротинина орын тәртібі мәселесіне ерекше тоқталып, зерттеген. Ол сөз тіркестерін құраудағы, сөйлем құраудағы сөздердің орын тәртібінің ролі, қызметі жайлы айтады.
Оның айтуынша, "сөздердің орын тәртібі тіліміздегі тіркестерді, сөйлемдерді ұйымдастырып жасаудағы маңызды нәрсе.
Барлық сөз тіркестерінде белгілі орын тәртібі бар: бағыныңқы сыңары әрдайым басыңқыдан бұрын тұрады. Осы қатаң орын тәртібінің өзгеруінен сөз тіркесі бұзылады" [3;3].
Зерттеу нысаны. Менің жұмысымның зерттеу нысаны — орын тәртібінің функциясы. Мен сөздердің орын тәртібінің функциясын үш бөлімге бөліп қарастырдым.
1.Орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркесі
2. Орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизм
3. Орын тәртібі арқылы жасалған күрделі сөз
Зерттеу мақсаты: Орын тәртібі арқылы жасалатын тілдік категориялардың ұқсастығы мен айырмашылығын нақтылау.
Зерттеудің дерек көздері. Бұл тақырып арнайы зерттелмегендіктен, ол туралы ғылыми пікір табу немесе шетел ғалымдарының ғылыми болжамдары мен ойын талқылауға мүмкіндік болмағаны рас. Дегенмен «орын тәртібі» ұғымы бізге белгілі. Сондықтан орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркестерін, фразеологизмдерді және күрделі сөздерді түсіну қиындық туғызбайды.
Ең алдымен Балақаев М., Қордабаев Т «Қазіргі қазақ тілі (синтаксис)», Кеңесбаев І «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Сайрамбаев Т.«Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері », Р.Әмір «Жай сөйлем синтаксисі», Аманжолов С «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы», Исаев С «Қазіргі қазақ тілі», оқулықтарын қолыма алып жете танысып шықтым.Ондағы сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің және күрделі сөздің қалай жасалғандығына көңіл аудардым.
Мысалдарды Әуезов М «Абай жолы», Нұрпейісов Ә «Қан мен тер», Мұқанов С «Ботагөз» романдарынан, Б.Майлин әңгімелерінен, Абай мен Жамбыл өлеңдерінен алдым.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизм

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауында осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі төртінші басымдық ретінде атап көрсетілген.
Елбасы өзінің осы Жолдауында осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту мәселесіне ерекше назар аудара отырып:
“Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет…”, - деп нақты міндеттер жүктеді.
Сонымен бірге Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығымен 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасында рухани және білім беру саласын дамыту, елдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жөнінде мақсат қойылған. Соған сәйкес елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін құру; көркем және ғылыми толық дестелерін шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және т. б. міндеттер жүктелген.
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының “3.3. Ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет басылымдарының дестелерін әзірлеу”атты бөлімінде: “Тіл білімі” топтамасындағы осы бағыттың дестелерінде қазақ әдеби тілінің дамуы жөнінде жан-жақты мәлімет беретін және оның лексикасының баюына ықпал ететін қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері, синонимдер сөздігі, диалектологиялық және этимологиялық сөздіктер беріледі”, - делінген.
Сол себепті диплом жұмысымызда Елбасының Жолдауы мен мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосуды мақсат еттік.
Қазақ тілі байлығының құнарлы қорына жататын, көркем сөз бен шешендік өнердің қайнар бұлағы болып саналатын тұрақты тіркестердің бір саласы – фразеологизмдер. Бұл тіліміздегі тұрақты тіркестердің мағыналық астарында халықтың ерте уақыттан бергі өмірінің бүкіл болмысы сақталып суреттелген. Халықтың күн көріс, тұрмыс-тіршілік негізінде жан-жақты өрбіген түсінік пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың өзгешеліктері тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Сондықтан тұрақты тіркестер – халқымыздың ұлттық ерекшелігін бойына сіңірген басты мәдени байлығымыздың бірі. Әр ұлттың тіліндегі фразеологизмдердің тұтасжиынтығы сол ұлт тіліне тән өзіндік бейнелі сөз орамдары арқылы оның бүкіл заттық, рухани, мәдени өмірінен хабардар етеді. Сонымен қатар, тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Мұның барлығын халық өз орнымен жүйелі пайдалана білген және пайдалана да біледі. Және әрбір қолданыстың өз дәуірі болады. Алайда, қазақ тіл білімінде, түркологияда, орыс тіл білімінде фразеологизмнің жалпы проблемалары бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексикалық көлемде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім. Фразеологизмдер дегенде тұрақты тіркес және еркін тіркес деп аталатын сөз тіркестері пайда бола алады. О баста оның ортақ қасиеттері деп – екеуінің құрылысы күрделі, кемі екі я болмаса одан да көп сөздердің тіркесуінен тұратынын, компоненттердің арақатынасы, оған ұйытқы болатын амал-тәсілдер жағынан да бір-біріне дат еместігін, негізі бір болатынын жатқызуға болады. Басында төркіні бір, заты сөз тіркесі болғанымен, тұрақты тіркес одан ажырау барысында бір-біріне ұқсамайтын белгі қасиеттерге ие болып, ақыры басқа категорияға қалыптасқан.
Содан еркін тіркес затында синтаксистің қарайтын объектісі болады да, тұрақты тіркес лексикологияның объектісі болады. Демек, олар тілдің әр түрлі салаларына жатады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі етістіктің болымдылық-болымсыздық мағынасы мен қызметі

К І Р І С П Е
Грамматика теориясына қатысты өзекті мәселенің бірі – болымдылық-болымсыздық проблемасы. Тілдің лексикасы мен грамматикасын терең бойлаған лингвистикалық болымдылық-болымсыздық - көне де, көп қырлы, қарымды тілдік құбылыс.
Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі даму, кемелденуі тұрғысынан немесе оның тарихи дамуы жағынан қарастырсақ да, болымдылық-болымсыздық мәселесі үнемі зерттеушілер назарында болғанын көреміз. Болымдылық-болымсыздық категориясы түрлі ғылым салаларының – логика, философия, психология және т.б. ортақ зерттеу объектісі болғаны белгілі. Сол себепті ол ғылымдардың тарихи қалыптасу жағдайлары, олардың даму бағыт-бағдарлары тілдік болымдылық-болымсыздық мәселесі мен ойлау категорияларының, пайымдау сипатының арақатынасын, ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтауға өз ықпалын сөзсіз тигізді.
Жалпы тіл білімінде, түркітану ғылымдарында бұл мәселе төңірегінде жасалған арнайы зерттеулер, айтылған пікірлер, ойлар біршама. Қазақ тіл білімінде де аталған мәселе жайлы ғылыми зерттеулер бар. Бірақ мұнда болымдылық-болымсыздық мәселесі бірде орыс тілі фактісімен салыстырылса, бірде оның берілу тәсілдері сөз болады.
Болымдылық-болымсыздықтың тілдік табиғатын қазіргі тіл білімінің даму бағыттарына сай талдасақ, оны шын мәніндегі логика-грамматикалық негізі бар күрделі тілдік құбылыс деп тануымызға жол ашылады деп ойлаймын. Бұл жұмыста болымдылық-болымсыздық мәселесі лексикалық болымдылық-болымсыздық және грамматикалық болымдылық-болымсыздық деп ғылыми тұрғыдан топтастырылып, олардың жасалу жолдары мен сөз таптарына қатысы сөз болады. Сондай-ақ болымсыз мағына беруге қатынасатын тілдік көрсеткіштер қызметтік және семантикалық өріс негізінде форма мен мазмұнның сәйкестігі тұрғысынан қарастырылады.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БОЛЫМДЫЛЫҚ-БОЛЫМСЫЗДЫҚ
МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың зерттелуі жайына тоқталмас бұрын, мәселенің түркологияда зерттелуін сөз етелік. Болымдылық-болымсыздық мәселесі түркі тілдерінде де күрделі проблемалардың біріне саналады (1, 5). Бұған ғалымдар ертеден-ақ назар аударған.
Біз қарастырып отырған мәселе туралы мәліметті, алдымен, түркі тілдерінің грамматикаларынан кездестіруге болады. Түркі тілдері грамматикаларының етістікке, сын есім, есімдікке арналған бөлімдеріне, «бар», «жоқ» сөздерінің қолданылуына арналған және синтаксис тарауларында қатысты жерлерде болымсыздық жайлы деректер сөз етіледі. Мұнда етістіктің болымсыз түріне көп көңіл бөлінеді. Авторлардың басым көпшілігі оның жасалу жолы ретінде –ма, -ме жұрнағын көрсетеді (2, 102).....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі сын есім компонентті фразеологизмдер

Кіріспе
Тіл мен халық – біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану – ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің бастысы да тіл. Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін айқындай түсетін неше алуан әдет – ғұрып, салт – сана, мінез – құлық, қасиет – қалыбы тілдік танымында тікелей көрініс тапқан. Өмірдің барлық саласын қамтитын ішкі мазмұн бай мағынамен көзге түсетін, тілімзге бейнеліде мәнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым – құрылысы бар фрозеологизімдер – ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тұлғалар. Олар тіл элементтері ілімде өзінің ұлттық нақышы мен көзге түседі.
Фрозеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын құбылыс материалы. Фрозеологиялық тіркестер қай – қайсысын болмасын бәрі де алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қолданылған. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.
Зеріттеудің өзектілігі. Қазақ халқының даналығын, дүниетаным - көзқарасын тілінде түйіндеген сыйғыза білген, сөзді үнеммен дәл де нақты қолдануды дағды еткен. Осы орайда өзінің оброздылығымен, эксперментті – эмоционалды баянаду мен көзге түсетін фрозеологизмдерді қолданып ұрпақтан – ұрпаққа мұра еткен. Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс халық тілінің басқа эксперменттерімен байланысты біте қайнасып келе жатқан фрозеологизмдерді оқып, танымайынша тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.
Қазақ тілінде есім мағыналы прозеологизмдер, оның ішінде сын есім компонентті фрозеологизмдер тілімізде түрлі мақсатта қолданылады, бірақ олар өз алдына зерттіеу нысаны болған емес. Сын есім компонентті фрозеологизмдердің морфологиялық құрлысын, синтаксистік қызыметін, семантикалық категориясын анықтап, мағыналық жағынан топтастыру, яғни олардың табиғатын ашу бүгінгі күн талабы болып отыр. Жұмысымыздың өзекті мәселесі осыдан келіп шығады.
Зерттеудің нысаны – қазақ тіліндегі сын есім конпонентті фрозелогизмдер, олардың семантикасын, мағыналық тақырыптық топтарын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Сын есім компонентті прозеологизмдердің грамматикалық, лексикасемантикалық сипатын ашу мақсатында зерттеу жұмысы алдына төмендегідей міндеттер қояды:
 Фрозеологизмдерді мағына белгісі жағынан талдау;
 Есімді фрозеологизмдерді күрделі сөздерден айыру мәселесін саралау;
 Сын есім компонентті фрозеологизмдерді лексикасемантикалық топтарға жіктеу, әр мағыналық топқа сипаттама беру.
Зерттеу материялдары. І. Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фрозеологиялық сөздігінен» (1977), он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» (1974-1986), сондай – ақ көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиеті туындыларынан, баспа сөз материялдарынан жиналды.
Зерттеудің жаңалығы қазақ тіліндегі сын есіим компонентті фрозеологизмдердің жеке зерттеу нысаны болуымен байланысты:
 Компонет құрамына талданды
 Көп мағыналылық, синоним, антоним категориялары ажыратылды
 Мағыналық – тақырыптық тұрғыдан топтастырылды
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Қазақ тіліндегі сын есім компонетті фрозеологизмдерді теориялық тұрғыдан қарастырудың нәтижелері тіліміздегі фрозеологизмдерді сөз тобына қатысты жіктеп, олардың семантикалық категорияларын, мағыналық топтарын ажыратып, саралауға септігін тигізеді.
Зерттеу нәтижелерін қазақ тіл білімінің лексикология және фрозеология, грамматика салалры бойынша жүргізілетін практикалық сабақтарда пайдалануға болады.
Зерттудің әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат – міндеттерді шешу үшін мынандай әдістер басшылыққа аланжды яғни жұмыста сипаттамалы әдіс, семантикалық – структуралық әдіс пайдаланылды. Бұл әдіс бойынша сын есім компонентті фрозеологизмдер мағыналық топтарға ажырытылды.
Зарттеудің методологиялық және теориялық негізі. Қазақ тіл білімінің К. Аханов, С. Аманжолов, Х. Қожахметова, І. Кеңесбаев, С. Сәтеннова, Ә. Болғанбаев, Б. Қалиев, Г. Смағұлова сынды ғалымдарының ғылыми еңбектері мен тұжырымдары басшылыққа ашылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазіргі қазақ тіліндегі жанасу байланысу формасы

Кіріспе
Тіл білімінің күрделі де қызық саласының бірі – синтаксис. Грек сөзінен шыққан «sintaxis» ойдың жемісін көрсететін сөйлемнің құрылысын зерттейді.
Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай негізгі екі салаға бөлінеді: 1) сөз тіркесінің синтаксисі. 2) сөйлемнің синтаксисі.
Қазақ тіл білімі тарихында Ахмет Байтұрсынов пен Құдайберген Жұбанов ерекше орын алады. Тілдік тәсілдердің жұмсалу жүйелерін айқындап, оларға өзінше ат қойып, айдар таққан кісі Ахмет Байтұрсынов болады да, олардың жұмсалу, даму, қалыптасу заңдылықтарын айқындауға ерекше күш жұмсаған профессор Құдайберген Жұбанов болды. Екеуі де кезінде әділетсіздіктің құрбаны болды да, олардың ізін жас ғалымдар жалғастыруда. Олар мақала, кітап, оқулықтар жазса да, докторлық, кандидаттық диссертация жазса да, А.Байтұрсынов құрастырған тілдегі фонетикалық, грамматикалық жүйелік пен ұғым, категория атауларын пайдаланады. Бір қатары Қ.Жұбановтың салған жолымен шұғылданады. Солардың бәрі – қазақ тіл білімінің табысы.
Сөз тіркестерінің құрамы, олардың түрлері, тәсілдері, байланысу формаларын қарастыратын сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылы бой көтеріп, оның мәселері көптеген ғылыми зерттеудің обьектілері болып, синтаксис ғылымының бір саласы ретінде қалыптасты.
Осы аталмыш ғылымның тарихына үңілетін болсақ, 1950 жылға дейін «сөз тіркесі» термині қалыптасқан жоқ болатын, тек сөйлемдегі сөздердің байланысы деп көрсетіліп жүрді. Дегенмен де бірен – саран еңбектерде оқта – текте кездеседі. Мысалы, 1948 жылы Ғ.Бегалиев пен Н.Сауранбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» сөз тіркесі термині айтылып, оған мынадай анықтама береді. “Сөздер жеке түрде де және бір – бірімен байланысып та айтылады, бір – бірімен мағына жағынан байланысқан бірнеше сөздердің тобын сөз тіркесі дейді”. [ 1. 149 ]
Қазақ тіл білімінің көшбасшылары А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінде сөйлем сөз болады да, сөз тіркесі синтаксисі туралы жазбайды.
Жоғарыда айтқанымыздай өткен ғасырдың 50-жылдарынан кейін ғана бұл термин қазақ тіл білімі саласында қолданысқа ие болып, 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді кітап шығады. Қазақ тіл білімінің салалары – фонетика, лексика, және грамматика жөнінде жазылған елеулі еңбек болды. Ең басты жаңалығы – сөз тіркесі синтаксисінің бөлек қарастырылуы және сөз тіркесіне мынадай анықтама берілуі. “Сөз тіркесі дегеніміз – сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланыста айтылған мағыналық тобы”. [ 2. 337.]
Бұдан соң шыққан еңбектердегі сөз тіркесі туралы анықтамаларға қысқаша тоқталатын болсақ. С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықпаевтың авторлығымен шыққан 1961 жылғы «Қазақ тілі грамматикасы» атты еңбекте: «Толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір – біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын сөз тіркесі дейміз», - деген анықтама берілген. [ 3. 27.] Ал 1971 жылы шыққан М.Балақаев пен Т.Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында сөз тіркесі жайлы мынадай пікір айтады: «Синтаксистік қарым – қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз».[4.15] «Қазіргі қазақ тілі» атты 2004 жылы шыққан еңбекте де тап осылай берілген (авторлары М.Балақаев, Т.Сайрамбаев).....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қытай тіліндегі негізгі сөзжасам әдістері

Кіріспе
Қазіргі таңда әлемдегі ең іргелі ұлттардың бірі болып саналатын Қытай тілінің тамыры өте алыс ғасырлар түкпірінде жатыр. Осы бір адамзат қоғамының нң көне мәдени ошақтарының ерекше үлгісі болып саналатын көне Қытайдың тілі дүние жүзіндегі бай тілдердің біріне жатады, Тіл – ол халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, сол тіл арқылы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Сонымен қатар, комуникативтік әрекет ұлттың, мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып ғана қоймай, бүкіл мәдениет пен танымның негізгі тұғыры саналады. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасаудың дамуына да ықпал етеді. Тіл арқылы сана дамып, рухани мәдениет өркендейді.
Қытай тілінің негізгі байлығы – оның сөздік қоры. Осы байлықтың қалай жиналғандығын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін жүйелі түрде арнайы зерттеу бүгінгі күннің талабы. Алайда қытайдың бай сөздік қоры бірден қалыптасқан жоқ, оның лексикасы үнемі толығып, дамып, байып отырған.
Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Қажеттікті өтеу үшін жаңа сөздер жасалады, кейде жаңа атулар басқа тілдерден де алынады. Қытай тілінің сөз қабылдау процессі, яғни кірме сөздер сөздік құрамының дамуы мен баюында негізгі қызметті тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады. Осыған орай, жоғарыдағы жағдайдың барлығы ескеріліп, қытай тілінің сөздік қорына ұлғаюына аса маңызы бар және грамматиканың алтын қорынан орын алатын сөзжасам жүйесін осы жұмыста жан-жақты қарастыруды ұйғардық.
Сөзжасам – номинативті бірліктерді құрайтын механизм, тілдің номинативті әрекет өрісі және сөздің құрылымы мен жасалу негіздерін зерттейтін грамматиканың негізгі ұйтқысы болып табылады. Қытай тілінің сөзжасам жүйесі атаудың жасалу, қалыптасу жолын, мағынаның дамуын, ұғым, мағына, атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасам – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, зерттеу тәсілі мен әдістері бар, жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір жүйелі саласы.
Сөзжасам процессінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас,себебі, әлемдік әртүрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз тудыратын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің бір саласы ретінде бағаланады.
Осы диплом жұмысын жазудағы басты мақсат: сөзжасамның қытай тілі грамматика тарихында алатын орнын анықтап, талдап көрсету; сөзжасамның жаңа мағыналы белгілеудегі, ұғымды таңбалаудағы рөлі мен маңызын ашып көрсету.
Аталған мақсаттарға жету жолында зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер жүктелді:
– түбірлер мен қосымшалар арсындағы құрылымды - семантикалы сабақтастықты анықтау;
– сөзжасам әдістерінің ерекшеліктерін көрсету;
– сөздер арасындағы сөзжасамдық туынды сөздердің баqланыстарын анықтау;
– синхронды және диахронды тұрғыдағы сөзжасам әдісін жан-жақты талдау;
– түбір сөздерді қосу арқылы сөзжасам әдісін жете талдау;
– аффикстер арқылы сөзжасам әдісін ашып көрсету.
Диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде біз қарастырып отырған мәселеге қатысты зерттеу жұиыстары мен материалдар жоққа тән болғандықтан, тек қытай және орыс тіліндегі ғылыми еңбектерді пайдаландық. Атап айтсақ, қытай тіліндегі материалдар: Cунь Чансюйдің « Қытай тілінің лексикасы» атты еңбегін пайдаландық. Ғалымның осы еңбегінде көрсетілген сөзжасам жайында жалпы түсінік пен морфема туралы ұғым және сөзжасамның байланысы жайында мағлұматтар диплом жұмысын жазу барысында көп септігін тигізді. Орыс тіліндегі ғылыми еңбектер: Кубрякова Е.С « Сөзжасам» еңбегінен сөзжасам процессінің негізгі әдістері мен осы әдістер арқылы жасалған туынды сөздердің қызметі туралы бірқатар материалдар алсақ, ал, Семенас Л,А «Қытай тілінің лексиколгиясы», Хаматова А:А «Қазіргі қытай тілінің сөзжасамы» еңбектері аффикстер арқылы сөзжасам әдісін және қытай тілінің сөзжасамындағы басқа да әдістерін жете зерттеп, тақырыпты ашуда айтарлықтай үлес қосты.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Дипломдық жұмыстың объекті. Бастауыш мектептегі оқу - тәрбие процесі.
Дипломдық жұмыстың пәні. Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі.
Дипломдық жұмыстың мақсат. Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;
- ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
- оқушылардың тілін дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;
- бастауыш сынып оқушылардың тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.
Диплом жұмысының құрамасы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Парсы тіліндегі зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері

Кіріспе
Кез келген тілдің дамуы, ең алдымен, сөзжасам жүйесімен байланысты. Тілдің байлығы-кірме сөздер есебінен сөздік құрамның толығуымен емес, төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы негізінде, жаңа сөздердің туындауы арқылы анықталады. Сондықтан тілдегі төл сөздердің ұғымдық, мағыналық және тұлғалық даму жүйесін зерделеу қажет.
Тіл дамуы әлем бейнесін танып-біліп, олардың әр түрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беруі арқылы орындалады. Заттар мен құбылыстардың белгілеріне атау, есім беру халық танымымен, ой-санасының өсуімен, ұлттық психология мен менталитетіне байланысты анықталады. Болмыстағы кез-келген зат не құбылыс ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау ретінде танылады. Атаудың жасалу, қалыптасу процесі-сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны. Яғни сөзжасам-ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасын жасау процесін айқындайды. Сөзжасам-атау жасау процесі. Процесс нәтижесі-туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс-тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды. Туынды сөздің құрылымын тұлғалық және мағыналық деңгейде қарастыра отырып, мағынаның белгіленуіндегі ұғымның, танымның рөлі мен маңызы зерттелді. Жаңа сөз жасау, белгілі құбылыс пен затқа атау беру-номинация мен сөзжасамның зерттеу нысаны.
Тілдің сөздік қорын байытуда грамматикалық тәсілдер бойынша тілдегі қалыптасқан модельдер мен құрылған жаңа сөздер жетекші рөль атқарады, нәтижесінде оның лексикалық қоры толықтырылады. Бұл тілдің маңызды функциясы-коммуникацияның кемелденуіне ықпал етеді. Тілдің барлық даму сатыларында сөзжасам мәселелерін зерттеу тіл білімінің өзекті мәселесі болып саналады.
Сөзжасам семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдер арқылы туынды сөз – атау жасайды. Атауды коммуникациядан және танымдық қызметтен бөліп қарауға болмайды. Ойлаудың кез келген материалдық бейнесі, ең алдымен, хабарлауға байланысты. Ал сөзжасам мен оның нәтижесі болып табылатын атау тілдегі лексикалық бірлік ретінде ғана емес, әлем бейнесін жасауға қызмет ететін номинативтік қызметімен бағалануы қажет.Атаудың қалыптасу тарихында тілде ортақ сөзжасамдық қалыптар түзіледі. Осы сөзжасамдық қалыптар кешені сөзжасамдық тәсілдердің жіктелуін туғызады.
Тіл дамуы көнеден келе жатқан күрделі әрі кешенді құбылыс. Оның өзіндік ішкі және сыртқы даму заңдылықтары бар, бұларды зерттеу сөзжасамның мақсаты болып табылады. Сөзжасам атаудың жасалу сипаты мен мотивациясын (негізделуін) жасалу тәсілі мен жаңадан туындаған мағынаның ішкі құрылымын анықтайды. Сөзжасам процесінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас, себебі әлемдік әр түрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз туғызатын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің кешенді бір саласы ретінде бағаланады.
Жаңа сөз жасаудың сипаты мен құрылымын тану күрделілігі атау бейнелейтін заттың, құбылыстың және олар туралы ұғымның қатынасын анықтау қиындығымен байланысты. Туынды сөз жасау, көбінесе басқа тілдік құбылыстар арқылы негізделіп орындалады. Себепші (мотивтендіруші) сөз арқылы негізделіп, әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы пайда болған жаңа мағыналы тұлғалар туынды сөздер болады, мұндай жасалымдар – сөзжасамдық процесс негізінде орындалғандықтан, сөзжасамның негізгі зерттеу нысанына айналады. Туынды сөздер екі не бірнеше морфемалар мағынасы арқылы жасалып, күрделі құрылымға ие болады. Сөзжасамдық аспектіде туынды сөздердің мағынасын айқындау – олардың ішкі семантикалық құрылымын зерделеу деген сөз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық