Бағдарламалау | Шешім қабылдау теориясы

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда адамзат қызметінің барлық аясында белгілі бір мақсатқа жету үшін түрлі шешім қабылдау кезінде операцияларды зерттеу теориясы негізгі құрал болып табылады. Бұл теорияның қайнар көзі – математикалық моделдеу.
Мәселен қайбір шаруамен сіз өзіңіз тұратын қаладан басқа қалаға бес апта бойы барып тұруыңыз керек болсын делік. Ол қалада Сіз алғаш рет бірінші аптаның дүйсенбісінде болып, өз қалаңызға бесінші аптаның сәрсенбісінде ақырғы рет оралуыңыз қажет. Билет құны 400 доллар. Дегенмен, аптаның аяғында ұшатын болсаңыз, сізге 20 пайыз жеңілдік жасалады. Мұның сыртында бір бағыттағы билеттің құны тапсырыс берілген билет құнының 75 пайызына тең. Әрине, сіз жол шығынын азайтқыңыз келеді. Бұл жағдайды тиімді таңдау жасау үшін негізгі үш компонентті анықтауды қажет ететін шешім қабылдау есебі ретінде қарастыруға болады:
1. Бұл жағдайдлағы альтернатив шешім деп нені қабылдаймыз?
2. Мүмкін болатын шешім қандай шектеулерді қанағаттандыруы қажет?
3. Алтернатив шешім қандай критерий бойынша қабылданады? ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ АКЦИОНЕРЛІК ФОРМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

КІРІСПЕ
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қатынастардың дамуы болып табылады. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделеген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып-сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қатынастар акционерлердің басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қатынастардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қатынастардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады.
Акционерлік қатынастардың, қаржылық ресурстардың мобилизациясы ақшаны байланыстырудың, инфляциямен күрестің және ақша айналымын тұрақтандырудың құралы болып табылады.
Елімізде акционерлік қатынастардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің екінші этабын жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бизнес | Шағын және орта бизнестің теориялық негіздері

Кіріспе
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар.Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпкорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия еңгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар — бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңарпашылықтар мен ашылымдар жасауда. Сондықтан Европа Достастығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы 15,7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес түрінде болуы кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама беруге тырысып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі.
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше оқиға байланысты белгілі бір объектіні сақтандырумен әлеуметтік сақтандыру сияқты екі оқшауланған нысанада іс - әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен – халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты. Әлеуметтік қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғау процесі, ал әлеуметтік сақтандыру осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі. Міндетті әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік саладағы мемлекет саясатының ажырамас бөлігі. Еңбек процесіне тартылмаған әр түрлі әлеуметтік топтағы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға қол жеткізу үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру қоғамдағы әлеу¬меттік әділеттілікті қамтамасыз етуге жасалатын жағдайлардың бірі болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі үлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің — жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Тұлға теориялары

Кіріспе
З. Фрейдтің психоанализдік негізгі тұжырымдамалары мен принциптері. Зигмунт Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Австраианың Фрайберг қаласында дүниеге келген. З.Фрейттің «психоанализ» терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады. «Психоанализ» терминінің 3 мағынасы бар: 1)Тұлға және психопаталогия теориясы; 2)Тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3)Индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезілмейтін әдісі. Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде «қол жететін ес» деп аталады) тура осы сәтте сезілмейтін тәжірибелерді көрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы көпір болып табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар : психикалық қуат, ояту және инстингтер. Инстингтердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға ұмтылу және агрессиялы инстинг, өлімге ұмтылу. 20 – жылдардың басында З.Фрейд өзінің консентуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі 3 компонентке бөлді: ид, эго,жоғарғы эго.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.
Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Тест құру теориясы мен әдістемесі

Кіріспе
Соңғы жылдарда біздің елімізде жоғары оқу орындарында, мектептерде студенттердің және оқушылардың білім деңгейін тексеріп, бақылауда кеңінен таралып жүрген әдіс -тест әдісі.Бұл әдістің басқа бақылау әдістөрінен артықшылығы мынада: негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты бір бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, оқушының ойлау қабылетінің дамуына мүмкіндік туғызады.
Тест (байқау, тексеру) - оқушының білімін, біліктілігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Тестілеуде компьютерді қолдану біріншіден, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, екіншіден тексеру нәтижесі неғұрлым объективті болып, оқушылардың материалды игеруі және білім дәрежесін талдауға мүмкіндік береді, қызметтік жаңалығына байланысты оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін-өзі бақылауын қамтамассыз ету мақсатында қолданылады .Қазіргі кездегі компьютерлер бұл салада өте жоғарғы мүмкіндіктерге ие болды, бірақ әлі де программалық базаның әлсіздігі сақталып отыр. Сондықтан да компьютерді программамен қамтамасыз ету саласында тестік программа құруға мүмкіндік беретін программаға сұраныс пайда болды. Бір жағынан жаппай компьютерлендіру негізінде тестілеу программасына үлкен сұраныстың болуы, екінші жағынан, тестер (тестілеу прграммасы) құру технологиясының айтарлықтай дамымауы қазіргі кезде білімді тексерудің әмбебап жүйесін құруды ең өзекті мәселеге айналдырып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Маркетинг | Теория негізінде «Adramit Akros» кәсіпорнының баға және баға белгілеу

КІРІСПЕ
Барлық коммерциялық және коммерциялық емес мекемелердің
Алдында өз тауарлары мен қызметтеріне баға қою міндеті турады. Баға көптеген әртүрлі ипостас түрінде болады. Бізді барлық жағымыздан бағалар қоршауда. Үй ішін үйақы, оқу үшін-оқуақы, дәрігерге не дантистке сыйлықақы төлеиміз . Әуежелілері , темір жол , такси және автобус біздерден жол чиновнігінің пара алғанын, ұры – қарының сіз болған кәсіпкерлік ассоциацияның мүшелік взностарын ұрлағанын айтқаны үшін гонорар,ойланылмаған шығындарды жабу үшін задаток алады. Басқару қызметін атқарушының“бағасы”- оның алатын комиссиясы. Жұмысшы бағасы – оның айлығы. Және, соңында, табыс салымы көпшілігіміз үшін біздердің ақша жасау құқы үшін төлейтін бағамыз екенін экономистер мойындағысы келмейді. Осы дипломдық жұмысымның мақсаты – фирманың маркетинг қызметіндегі баға және баға саясатын ЖШС «Adramit Akros» мысалында терең зерттеу. Бағаны қалай белгілейді? Тармхи жағынан қарайтын болсақ, бағаны сатып алушы мен сатушы бір-бірімен келісу жағдайында белгілейді. Сатушы өзі аламын деген шамадан жоғарырақ баға атаса, ал сатып алушы өзі төлеймін дегенімен төменірек береді. Ақыр, аяғында саудаласу нәтижесінде өзара келісілген бағаға тоқтайды. Тарихи сатып алушының таңдауын анықтайтын негізгі факторге ылғи баға жатқан. Бұл жағдай жарлы елдердегі кедей адам топтарына азық- түлік сияқты көпшілік тұтыну тауарлары үшін маңызын жоймаған. Дегенмен, соңғы онжылдықтарда сатып алушының таңдауына өткізуді ынталандыру, тауарды таратуды ұйымдастыру және клиенттерге көрсетілетін қызметтер сияқты бағадан тыс факторлар әсерлерін бірқатар көбірек тигізетін болып отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР

І. КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Белгілі бір адамған тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасын , тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктері.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес , жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиетінің бірі болып табылады.
Темперамент – жас балалардың ойыны үстінде , түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалды.
Темперамент – жүйке-жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардлың эмоциялық қозғалғыштығынан, қимыл-қозғалысынан , жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент-организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен , әсіресе, жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиетерімен шарттас.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің темпераментінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау.
Курстық жұмыстың міндеттері.
Темпераментті дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу
Темпераментті даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушылар мен жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ТАБЫСТАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

КІРІСПЕ
1. БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ: ӨТКЕН МЕН БҮГІНГІ.
БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚӨЗҚАРАСТАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Бөлу коғаіущық ұдайы өндірістіц маңызды фазасы болып табылады. Белу қоғамцық ұдайы өндірістің фазасы ретінде өндіріс пен тутынудың арасывда болып, құбылыс түріңде өнімдерді бвлу міндетін атқарады.
Алайда, бөлуді жүзеге асыру үшін өнімді бөлуде мынау қажет: біріншіден, қоғам мүшелеріне өндіріс тұріне қарай белу, өнімді бөлу осы бөлудің нәтижесі болады.
Өнімді бөлу мәселесі ең өзекті мәселе болған жене бола береді. Себебі ол миллиондаған адамдар мүдделеріне әсер етеді. Оны зерттеуге кептеген экономикалық ойдың әртұрлі мектебі мен бағыттарының өкілдері қатьісқан. Олардын әрқайсысы дәуірдің сол кездегі және ертедегі ерекшелігіне қарай, өмірлік игіліктерді бөлудің әртұрлі принципін ұсынған. Мьісалы, еркін нарык теориясы («либерализм» мектебі) өкілдері - А. Смит мен Д. Рикардоньщ есептеуінше, жалақы негізін қалыптастырудың принципіне «өмір сүру қажетгілік деңгейі» алуды ұсынған.....
Курстық жұмыстар
Толық