Бухгалтерлік есеп | ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ АКЦИОНЕРЛІК ФОРМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 Бухгалтерлік есеп | ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ АКЦИОНЕРЛІК ФОРМАСЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1.ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ АКЦИОНЕРЛІК ФОРМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Акционерлік компаниялардың пайда болу тарихы және олардың дамуы……………………………………..…………………… 6
1.2 Акционерлік қоғамдардың мәні мен мазмұны.………….. 11
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚ- НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ (АҚ СИСТЕМОТЕХНИКА МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ)
2.1 Акционерлік қоғамдардың экономикалық тиімділігі және олардың дамуы ………………………………………………………….19
2.2. Акционерлік қоғамның анализі мен талдауы.................20
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың жағдайы мен қызмет ету шарттарын талдау………………………………..………..24
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………30

КІРІСПЕ
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қатынастардың дамуы болып табылады. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделеген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып-сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қатынастар акционерлердің басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қатынастардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қатынастардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады.
Акционерлік қатынастардың, қаржылық ресурстардың мобилизациясы ақшаны байланыстырудың, инфляциямен күрестің және ақша айналымын тұрақтандырудың құралы болып табылады.
Елімізде акционерлік қатынастардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің екінші этабын жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру формаларына акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру кезінде әртүрлі деңгейде мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдар құрылады.
Өндірістің дамуында еңбек коллективтерінің еңбегін ынталандырудың, қызығушылығын жоғарлатудың тиімді көзі акционерленген кәсіпорындардың меншігіне қатысудағы олардың құқығын кепілдендіру болып табылады.
Сондай-ақ, акционерлік қоғамдар ел экономикасына несиелік және тікелей формадағы шетелдік капиталды тартуға мүмкіндік береді. Тікелей инвестициялар біріккен кәсіпорындарды құру, компанияның (қоғамның) акция пакеттерін иемдену немесе кәсіпорынды жеке жоба бойынша жекешелендіру бойынша тартылады. Шетелдік капитал өндіріс факторларының халықаралық мобильділігіне сүйенуге, ғылым, технология, басқару тәжірибесін тасымалдауға мүмкіндік береді.
Акционерлiк қоғамдардық экономиалық тиiмдiлiгi қазiргi нарық қатынастары жағдайында дамуы мен ұйымдастырудың маңызы мен ролі өте зор. Ұйымда экономикалік есеп жұмысы “Экономикалік есеп және қаржылық қорытынды жөніндегі” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес және экономикалік есептің отандық стандарттары мен халықаралық есеп стандарттарына, экономикалік есебінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің экономикалік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады.
Экономикалік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылықтың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде экономикалік есепке жүктелетін міндеттер әрі күрделі, әрі ауқымды болып отыр. Өйткені қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде еліміздегі мемлекет меншігінің үлесі сегіз пайыз болса, қалған бөлігі меншіктің басқа нысандарының үлесінде. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, ұйым және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілері болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан-теңіз екендігін дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да он төрт жыл уақыт өтті. Осы жылдардың аралығында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер Одағы тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылықтардағы экономикалік есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды. Экономикалік есепті халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуді жетілдіре түсу мақсатында, экономикалік есептің типтік шоттар жоспары қайта қаралып, жобасы жалпы талқыға ұсынылды.
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ АКЦИОНЕРЛІК ФОРМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Акционерлік компаниялардың пайда болу тарихы
Акционерлік қоғам капитал шоғырлануының қажеттілігі туындауы нәтижесінде, ең алдымен, алыстағы отар елдермен сауда жасауда пайда болды. Бұл қажеттілік ХV ғасырдың соңындағы Ұлы географиялық ашылулардың кең етек алуымен байланысты. Акционерлік компаниялардың негізгі белгілері ХVІ ғасырдағы Голландия компанияларында анық көрінеді. Дегенмен, көптеген оқымыстылар акционерлік компанияларға тән белгілерді бұдан да ертерек уақытта болғанын және олардың отаны ретінде ортағасырлық Италияны да, Ежелгі Римді де көрсетеді. Каминканың айтуынша, голландиялық компаниялардың көзге түсерлікткей айқын болуы бүкіл Еуропаның назарын өзіне аударғандығынан ғана ең ежелгісі деп саналған [2,152 б.].
Акционерлік компанияларға өтудің ең ежелгі формаларының бірі ретінде Ежелгі Римдегі vectіgalіum publіcorum-ды көрсетуге болады. Олардың негізінде бір немесе бірнеше тұлғалармен 3,5 немесе 5 жылға жасалған келісім шарты негізінде мемлекеттік кәсіпорынды жалға беру жатқан. Серіктестіктің құрамына салым сомасымен ғана жауап беретін толық серіктестіктер мен салымшылар кірген. Олар өздерінің сипаты бойынша қазіргі заманғы коммандиттік серіктестіктерге ұқсайды, бірақ олардан акционерлік компаниялармен ұқсастықты көру өте қиын, өйткені оларда акционерлік компанияның ең маңызды белгісі – акциялар болмаған.
Ал 13-ші, 14-ші жүзжылдықтарда communіtates, socіatates немесе colonnae дегендер ерекше дамуға ие болды. Олар кейбір тұлғалардың өздерінің тауарлары мен ақшаларын қандай да бір жүзуге аттанған кеменің капитанына берген, нәтижесінде ортақ қор (columna comunіus) құрылған, сондай-ақ қатысушылардың үлестеріне сәйкес пайда болған. бірақ, әлі де болса «акция түсінігі болмаған және қатысушылардың мүліктік жауапкершілігі салынған салым мөлшерінен жоғары болған.
И.Т. Тарасов ең алғашқы акционерлік қоғам ретінде 1345 жылы (кейбір мәліметтер бойынша 1371 жылы) Генуездік банкті атаған. Банктің капиталы 20400 тең бөлікке бөлінген, оның басқару органдары жалпы жиналыс пен басқарма болған. Генуездік банктің үлгісі бойынша 1694 жылы Ағылшын Патерсон банкі құрылған [3.83-84 б.].
Ал, Маркстің ілімі бойынша акционерлік қоғамдар капиталистік жеке меншік негізінде пайда болды. XІX ғасыр акционерлік бірлестіктердің күшейген кезеңі болып табылады. Акционерлік меншіктің қалыптасуына өндіргіш күштердің дамуы мен жаңа қоғамдық қажеттіліктер ретінде көрсетілген объективтік сипат тән болған.
Акционерлік меншікті капитализмнің экономикалық құрлымының бөлінбейтін компонентіне айналдырған түпкі себептеріне өндірістің орталықтану мен шоғырлану процестерінің жүзеге асу қажеттіліктерімен байланысты капиталдың жинақталуы болды. Капиталистік өндіріс әдісі кезінде акционерлік кәсіпорындардың пайда болуының материалдық негізі қоғамдану процесі болып табылады. Оның дамуы ірі машина өндірісінің қалыптасуымен жалғасты. Бұл жағдайда жеке капиталдар өзінің масштабы бойынша бұл өндіріске қызмет көрсетуге толық сәйкес келмейді. Капиталистік өндіріс қатынастары мен индивидуалды меншіктік қатынастар жүйесі өндіргіш күштердің даму қажеттілігімен қайшылыққа түседі. Бұл қайшылықты шешудің нәтижесі ретінде жаңа – акционерлік меншік формасы пайда болды [4,11 б.].
Акционерлік істің дамуы Голландияда жалғасын тапты. 1595 жылы (басқа мәліметтер бойынша 1602 жылы) Голландтық Ост-Инд компаниясы құрылады, одан кейін де бірнеше акционерлік компаниялар құрылады. Олардың ең ерекшесі голландтық Вест-Инд компаниясы болып табылады. Ірі, әрі ең ежелгі голландтық акционерлік компанияға, сондай-ақ Суринам, Северный және Леван акционерлік компанияларын да жатқызуға болады. ХVІІ ғасырдағы Амстердамдық биржа қазіргі күнгі ірі әлемдік биржалардың қатарында.
Голландиядан кейін хронологиялық ретте Англия тұрды. Онда акционерлік компаниялар ХVІ ғасырдың аяғында пайда болды, ең алғашқыларының бірі ретінде 1609 жылы құрылған (кейбір мәліметтер бойынша 1613 жылы) Ағылшындық Ост-Инд компаниясы болған. Акционерлік компаниялар әр кезде арнайы заң король декреті мен парламент актісімен бекітіліп тұрды. Заң жүзінде акционерлік компания ең алғаш рет Францияда мойындалды. 1810 жылы Сауда Кодексінде ең алғаш рет акционерлік компанияға қатысты ережелерді жинақтауға талпыныс жасалды [5,11 б.].
Еуропада акционерлік істің қалыптасуы мен дамуының барлық бастапқы кезеңі акционерлік қоғамдардың айналысындағы ажиотаж салдарынан болған кезеңдік жаппай банкротқа ұшырауымен сипатталады. ХVІІІ ғасырдың 20-шы жылдары Англияда акция спекуляциясы қауіпті мөлшерге дейін жетті. Осыған байланысты ағылшын парламенті 1720 жылы 11 маусымда атақты Buble Act (Сабын көпіршіктері туралы Заң) қабылданып, жаупкершілігі шектелген крмпанияның құрылуына тиым салды. 1734 жылы Джон Бернардтың акция мен бағалы қағаздар спекуляциясына тиым салған Актісі шықты. Кейіннен ағылшын парламенті акционерлік компаниялардың құрылу процесін реттейтін бірқатар Актілер қабылдады, соның ішінде ерекшеленетіні – 1841 жылы 14 шілдедегі Роберт Пилльдің Актісі. Ол бойынша алтыдан жоғары мүшесі бар акционерлік банктер қызмет жасауына тиым салынды, сондай-ақ концессиялық жүйені енгізді, солидарлық жауапкершілікті ... акционерлік компания, сондай-ақ Англияның отары – Солтүстік Америкада да болған. 1776 жылы барлық 13 отар елде ондаған корпорациялар болды. Басты рольді ірі отарлық ағылшын компаниялары – «Вирджин компаниясың (1629) мен «Гудзон компаниясың (1670) ойнады. Егемендіктің алғашқы он бір жылында олардың (1776-1787) тек қана 20 жаңа корпорациялар болған, ал 1800 жылы олардың саны 335-ке жеткен.
АҚШ-тың өмір сүруінің алғашқы кезеңінде әрбір жаңа кәсіпкерлік корпорация, корпорация жарғысын бекіту формасы ретінде берілетін сәйкес шарттардың немесе федералды органдардың заңшығарушы органдарының тек қана арнайы шешімдері бойынша ғана пайда бола алды. Қайтадан құрылып отырған корпорациялар қатаң бақыланды. Сондай-ақ, корпорацияның капитал мөлшері мен оның қызмет жасайтын территориясы да реттелініп отырды.
Ресей империясында акционерлік істің дамуы алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінен әлдеқайда артта болды. Ең алғаш рет акционерлік компанияларды енгізуге талпыныс жасаған 1699 жылдан кейін Еуропаға жасаған ең алғашқы сапарынан кейін-ақ Петр Бірінші болған[6]. Бірақ, бұл жарлық акционерлік компаниялардың құрылуына әкелген жоқ. 1739 жылы Л.Ланг Қытаймен сауда жасау үшін компания жобасын құрған. Сенат жобаны қарастырып, компанияға қатысқысы келген барлық тұлғалардың, коммерциялық-әріптестердің , олардың салым мөлшерін көрсете отырып жазу туралы келісім шығарды. Бірақ үкіметтің шақыруына ешкім назар аударған жоқ. Бұл жағдай 1740 және 1741 жылдары да қайталанады. Осы мәселелерге байланысты ғалымдар келесідей пікірді ұстанады: сол кездің ірі капиталистері өте колайлы жағдайда болды, олардың.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру