Әлеуметтану | ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі.
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше оқиға байланысты белгілі бір объектіні сақтандырумен әлеуметтік сақтандыру сияқты екі оқшауланған нысанада іс - әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен – халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты. Әлеуметтік қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғау процесі, ал әлеуметтік сақтандыру осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру – әлеуметтік саладағы мемлекет саясатының ажырамас бөлігі. Еңбек процесіне тартылмаған әр түрлі әлеуметтік топтағы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға қол жеткізу үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру қоғамдағы әлеу¬меттік әділеттілікті қамтамасыз етуге жасалатын жағдайлардың бірі болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі үлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің — жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен — еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді./3/
Елдегi нарықтық қатынастардың дамуы барысында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыруға байланысты сұрақтардың барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Барлық аталған проблемалар және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен мiндеттерiн белгiлiеуге өз ықпалын тигiздi.
1 ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Халықты әлеуметтік қорғау ұғымы және маңыздылығы
Өтпелі экономикадағы елдер үшін «әлеуметтік қорғау» деген термин жаңа болып табылады. Жоспарлы бөлу экономикасы тұсында халықтың тұрмысын тұрақты түрде көтеру принципі декларациялатын еді, ал қоғамның әр жақты дамуы кеңестік қоғамның теориялық аксиомасы болатын. Мұндай жағдайда әлеуметтік игілікті мемлекеттік бөлуден қалыптасып әр бір қоғам мүшесіне оның мәртебесіне сәйкес кепілдік түрде берілетін социализмнің артыкшылығын сипаттауда. Әлеуметтік экономикалық ғылым әлеуметтік қорғау деген терминді пайдаланбаған, оның орнына әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік әділеттік, әлеуметтік кепілдік санаттары қолданылған.
Әлеуметтік саясаттың негізінде әлеуметтік қорғаудың тиімді жүесін кұру жатыр. Әр түрлі мемлекеттерде және халықаралық ұйымдарда әлеуметтік қорғау түсінігі әр түрлі карастырылады. Бұл мәселе бойынша негізгі кұжат деп әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормасы туралы Конвенциясын есептеуге болады, ол өз күшіне 1955 жылы енген осы құжатта «Әлеуметтік қорғау» деген ұғым әлеуметтік қорғаудың түрлері орын алып олардың деңгейі анықталған. Әрі қарай әлеуметтік қамсыздандыру саласында тең құқықтық және құқықтық сақтау конвенциясы кабылданды (№118,1962ж),(№157,1982ж) және т.т. №102 Конвенция әлеуметтік қорғаудың тоғыз түрін кұптайды және біріктіреді: медициналық қызмет кәрсету, жұмыссыздық пен байланысты көмек, кәрілікпен байланысты зейнетақы, өндірістік жарақаттануға байланысты көмек, отбасын бағушыны жоғалтқан үшін көмек, екі-кабаттықтан босану үшін көмек, ауру болу жағдайдағы көмек, отбасылық көмек./3/
Бұл түсінікті анықтауда әр түрлі әдістер қолданылады. Ресейдегі Л.И. Абалкин және В.И. Щербакова сияқты ғалымдардың пікірлері бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесін калыптастыру келесі тоғыз принципке негізделеді:
1. Тұрғындардың әр түрлері және топтары мен олардың жағдайларына, жастарына, еңбекке кабілеттілігіне және экономикалық өзіндік деңгейіне байланысты диордеренциялдық катынаста болуы.
2. Әлеуметтік қорғаудың тетігі болып қоғамның өзінің әр бір мүшесіне беретін және оның өте мәнді құқығын қамтамасыз ететін заңмен бекітілген экономикалық құқықтық және әлеуметтік кепілдігін қорғайтын заңдардың жиынтығын құрастыру саналады.
3. Әлеуметтік қорғаудың жүйесі әр бір деңгейде интеграцияланған болуы тиіс: республикалық, аумактық, еңбек ұжымында және олардың әр бірінің құқықтары, жауапкершілігі және қызметі нақты түрде анықталуы керек.
Басқа авторлар әлеуметтік қорғаудың тетігінің қызметін әлеуметтік кепілдікті іске асырумен байланыстырылады. Олардың кейбір бөлігі әлеуметтік қорғаудың екі мәні туралы әңгіме козғайды.
4. Кең мағынада әлеуметтік қатынастардың жүйесі туралы, бұл жағдайда индивид өзінің өмір сүру шартына және өзінің отбасына сәйкес келетін жағдайді өзі қалыптастырады.
5. Тар мағынада өзінің жағдайларын өз күшімен қанағаттандыра алмайтын тұрғындар тобын әлеуметтік қорғау бағытталған мемлекеттің саясаты.
Әлеуметтік қорғау кең мәнде өмір сүру үшін қажетті қаржыны қамтамасыз етудегі құқықтық, әлеуметтік саяси және экономикалық кепілдіктердің жүйесі.
6. Еңбекке кабілетті азаматтарға олардың еңбекке деген өзіндік үлесіне экономикалық өзінділігіне және кәсіпкерлігіне сәйкес төлем жасау.
7. Әлеуметтік әлсіз топтар үшін мемлекет есебіне көмек кәрсету дегенмен оның мөлшері мемлекет белгілеген өмір сүру деңгейінен ең төменгі мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Әлеуметтік қорғау жүйесі тар мағынада - нарыктық катынастар жағдайындағы тұрғындарының экономикалық және құқықтық мәртебесінен туындайтын қайшылықтарды жеңілдетуге бағытталған мемлекеттік түзету реттеу жүйесі.
Әлеуметтік қорғау нарыктық экономика жағдайында мемлекеттік саясат өзіне экономикалық еркіндік мәселелерін косып қана қоймай әлеуметтік әділеттікті қосуы тиіс. Әділеттіктің өте мәнді принципі барлық адамдар өзінің мүмкіндігін тең құқықтық іске асыру үшін және мүмкіндіктерге ие деп санап қоғамдық әлеуметтікті қамтамасыз ету әркімнің өз қажеттілігіне сәйкес қарамағына қоғамның белгілеген бірдей табысы болу керек деген мәселені сипаттайды, бұл табыс оның кабілеттілігімен және оның еңбек мөлшерінің қоғамдық жұмсалуынан тәуелді болады.
Әлеуметтік бағытталған нарықтық жүйе барлық әрекетке - кабілетті және әділетті әлеуметтік ақша жүйесіне әлеуметтік қамтамасыз, әділеттікке және әлеуметтік прогресске негізделеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру - мемлекеттің тұрғындарының әлсіз тобына деген конституциялық міндеті. Әлеуметтік қамсыздандыру адам капиталына әр түрлі әсер етеді. Бұл жағдай денсаулық сақтау жүйесінде өнімді кыскартуда, денсаулықты жақсартуда және оны қалпына келдіруде байқалады, яғни адамның еңбекке деген қабілеттігі. Қатерлі жағдайларды болдырмау шараларда еңбекті қорғау, қатерлі жағдайлардың алдын алу, позитивтік әрекеттің мәнді факторы болып саналады. Әлеуметтік қамсыздандыруда кәсібилікке қайта оқыту, еңбекпен қамтамасыз етілуінің деңгейіне және жұмыссыздыққа, жұмысқа орналасуға көмек жасау немесе аумақтық қуатты көтеруге ыкпал етеді. Әлеуметтік қамсыздандыру белгілі бір әлеуметтік топтардың әлеуметтік және экономикалық қамтамасыз етудегі шаралардың жиынтығын сипаттауға болады. Мемлекет саясатының негізгі бағыты болып - азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуі, ауру болған жағдайда оларды қорғау саналады. Әлеуметтік қамсыздандырудың өте мәнді элементері болып әлеуметтік қолдау саналады.
Әлеуметтік көмек мемлекеттің нысаны үшін көмекті олардың өмір сүруін, ал қажет болған жағайда олардың дамуын қолдауын мойындайды.
Әлеуметтік көмектің принципі бюджеттен қаржыландыруға және оның алушының жеке қажеттілігіне бағытталады. Мұндай көмектің мөлшері ертерек салынған жарнаға тәуелді болмайды дегенмен де әлеуметтік көмек жасауда екі жағдай есепке алынуы тиіс: бірінші көмек алушы оның адам қоғамына интеграциялануда өзі белсенділікті кәрсетуі тиіс, екіншіден әлеуметтік саясаттың тетіктері қажеттілерге көмек жасаудың басқа мүмкіндігі болған жағдайда іске қосылады заңды келісім немесе өнегелік салалары арқылы. Әлеуметтік қолдау еңбекақы болмаған немесе отбасы бюджетіне түсетін аса үлкен салмақ болған жағдайда кәрсетіліп салықтар есебінен қаржыландырылады, бұл жағдайда қолдау бұрын жасалған жарнаға байланысты болмайды, дегенменде мұндай көмектің түрі және мөлшері алдын ала белгіленеді және көмек алушының тыс табысы немесе мүліктік жағдайына байланысты болмайды. Егерде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің айтарлықтай бөлігі әлеуметтік қолдау принципі бойынша құрылған болса бұл мемлекеттік қаржыға ауыр салмақ түседі немесе қамтамасыз етудің деңгейі әлеуметтік-экономикалық жағдайға карамастан төмендейді.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы.
Әлеуметтік қорғау жүйесі
Қызметі
Субъектілері
Формасы Қаржысы Институттары
Нысандары
Сурет 1
Ескерту: Финансы икредиты 2006 №7 45 б.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің өзіндік кұрылымы бар 1 сурет, яғни өзінің бүтіндігін қамтамасыз етіп өзіне өзі ұқсастығы байланысының тұрақты жиынтығы. Жүйені құрастыру элементтері болып объектілері саналады саяси тәртіптін түрлерімен қоғамның стандартарымен анықталады. Жоғарыда анықталған факторлар негізінде әлеуметтік қорғаудың тетіктері түзеледі олар әр түрлі формадағы кұралдардың жиынтығы арқылы іске асырылып, қоғамдық жүйенің экономикалық және саяси тұрақтылығына жетуінің мақсатына бағытталды. Әлеуметтік қорғаудың жүйесінің қызмет атқару шекаралары әлеуметтік тәуекелдіктің жиынтығы арқылы анықталады. Әлеуметтік қорғау нысандары болып азаматтар саналады олар өздеріне қайта өнетін қызметті біріктіреді. Экономикалық отбасылық, мәдени. Әлеуметтік қорғау өзінің кең түрдегі мәнінде коғам мүшелерінің барлығына тарайды және азаматтардың барлық санаттарына тарайды. Әлеуметтік қорғаудың нысандары республика тұрғындары әлеуметтік кластар, топтар, жеке азаматтар. Қазақстандағы өтпелі кезендер нысандар кұрылымы өте күрделі. Әлеуметтік қорғаудың нысаны болып жұмысқа қабілетсіз азаматтар саналады, олар өмір сүру деңгейінен төмен сүретіндер, жұмыссыздар, босқындар, Чернобль АЭС-дағы апаттан зақымдалғандар, соғыс ардагерлері, ауған соғысына қатысқандар, көп балалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, әскери қызметкерлерінің отбасылары, репрессия құрбандары, сонымен қатар тұрғындардың ақшалай табыстары, білім, табиғи кұралдар, тұрғын үй коммуналдық басқармалары. Ғасырлар бойы әлеуметтік қорғаудың негізгі субъектілері болып әртүрлі елдерде мемлекет саналады, яғни әлеуметтік қорғау қызметін іске асыратын әлеуметтік институттар және ұйымдар. Дегенмен де қорғаудың белсенді субъектісімен бірге мемлекеттен бұрын отбасы өз ара көмек, индивиттердің өздері өз өзіне көмек жасау сыналған.
1.2 Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық мәні және мазмұны
“Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа барлық азамат¬тар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. 2005, 2006 және 2007 жылдар міндетті әлеумет¬тік сақтандыру жүйесін кезең-кезең¬мен енгізу жылдары болып заңмен қарас¬тырылған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдардың ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу ны¬санынан 2005 жылға – 1,5 %, 2006 жылға – 2 %, 2007 жылға – 3 % мөлшерінде белгі¬ленген.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру — азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі үлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің — жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен — еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:
1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;
2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.
Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1) зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тара-пынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің кептеген түрлерінің болуымен сипатталады.
90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық кәрсеткіштерінің құлдырауынан да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақтылы аударып отыруға төлеушілердің мүдделігінің болмауынан да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдығының төмен деңгейінде кәрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен келеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкеріс минимумдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді.
Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.
Шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өнбойы индексациялап отыру қажеттігін тудырды.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.
1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін ең аз белгілінгсн кункәріс минимумын сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
3) зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
4) зейнетақы қорларын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
8) қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
9) зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:
- еңбек ету қабілетін жоғалтқан жағдай;
- асыраушысынан айрылған жағдай;
- жұмысынан айрылған жағдай;
Мыналар міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттары болып табылады:
- Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
- әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік беруі;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
- заңға сәйкес әлуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;
- әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
- әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;
- міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.
2.МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің көрсеткінтерін талдау
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді:
2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 1,5 пайыз;
2006 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 2 пайыз;
2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 3 пайыз.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген (2005, 2006 және 2007 ж.ж. 1-ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен белгіленетін ең төменгі жалақының тиісінше 1,5, 2 және 3 пайызы)...........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар әлеуметтану жобалар курстық жұмыстар