ОҚО-да 2016 жылы ерте жүкті болған қыздардың саны 750-ден асқан. Олардың басым бөлігі Шымкент қаласының тұрғындары деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған nur.kz.
Бүгінгі күннен бастап әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа жұмыс аптасын жаңа студияда бастады.
Димаш Құдайбергеннің әкесі аз уақыттың ішінде жарты әлемді бағындырған ұлының шығармашылығымен айналысу мақсатында мемлекеттік қызметтен кетті. Қанат Айтбаев Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.
Ұлттық Банк басшысы Данияр Ақышев теңге жақын арада құнсызданады деген сыбысқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы КТК арнасының "Слуги народа" бағдарламасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
KASE қор биржасының таңғы саудасында ұлттық валюта долларына 328,12 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өткен күннің екі сессиясының қорытындысында бір доллардың құны 327,86 теңге еді.
2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат: 21:45-те және 23:00-де «Kazsport» телеарнасы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алауының жағылуы мен эстафетасын «Универсиада-2017. Алау Эстафетасы. Күнделік» бағдарламасында көрсетеді.
2017 жылға арналған өндірістік күнтізбе ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.