file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Данияр Ақышев теңгенің құнсыздануы туралы сыбысқа жауап берді

Данияр Ақышев теңгенің құнсыздануы туралы сыбысқа жауап берді

Ұлттық Банк басшысы Данияр Ақышев теңге жақын арада құнсызданады деген сыбысқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы КТК арнасының "Слуги народа" бағдарламасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ақышев теңгенің қазіргі уақытта нығаюына не себеп болғанын түсіндірді. Оның айтуынша, теңге шетелдік валютаға деген сұраныс азайып жатқанына байланысты күш жинауда.


«Сол себепті, айырбас бағамына қатысты кез келген болжам фактіге негізделген болуы керек деп есептеймін», – дейді теңгенің құнсыздануына қатысты сыбысқа жауап берген банк басшысы.

Ақышев Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына ешқандай өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмағанын алға тартты. Оның сөзіне сенсек, банк қаржы нарығын тұрақсыздандыруға әкеліп соқтыратындай еш әрекет жасамайды.

«Егер бағам өзге деңгейде болуы тиіс болса, негізделген факторлардың әсерімен біртіндеп сол деңгейге жеткізіледі. Алайда бұған қандай да бір адамның волюнтаристік шешімі немесе еркі әсер ете алмайды», – деп сендірді ол.

Ұлттық банк басшысы Ресейде девальвация болған жағдайда, қазақстандық теңге дәл солай құнсыздануға міндетті емес екенін де алға тартты.

«2017 жылы біздің мақсат 6-8% пайызды құрайды. Біз айтарлықтай қауіп-қатер көріп тұрған жоқпыз. Тек әлемдік нарықтағы жағдай күрт өзгеріп жатса ғана әсері болмақ», – деді Ақышев.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру