file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Димаш Құдайбергеннің әкесі баласы үшін басшылық қызметінен кетті

Димаш Құдайбергеннің әкесі баласы үшін басшылық қызметінен кетті

Димаш Құдайбергеннің әкесі аз уақыттың ішінде жарты әлемді бағындырған ұлының шығармашылығымен айналысу мақсатында мемлекеттік қызметтен кетті. Қанат Айтбаев Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

«I am a singer» ән байқауының ұйымдастырушылары бір ай бұрын Қанатты қонақ ретінде Қытайға шақырған болатын. Сол уақыттан бері әкесі Димаштың жанында жүрді.

Ал Ақтөбеге қайтып келген мәдениет басқармасының басшысы жұмыстан шығу туралы арыз жазған.

Алайда облыс әкімі оның бұл өтінішін қанағаттандырды ма, жоқ па - ол жағы белгісіз. Ал әзірге басшының міндеттерін оның орынбасары атқаруда.

Қанат Айтбаевтың өзі болса тұмауратып қалғанын айтып, қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Димаш Құдайбергеннің әкесі баласы үшін басшылық қызметінен кетті

Естеріңізге салсақ, Димаш байқаудың кезекті кезеңінде қытай жұртын аузына қаратқан. Ол америкалық әнші Бруно Марстың Uptown Funk деп аталатын әнін орындап шыққан.

Бүгінгі таңда 14 кезеңнен тұратын байқаудың алты кезеңін Димаш сәтті еңсеріп үлгерді.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру