Қазақстанда 2017 жылы қай мереке күндері демаламыз?

Қазақстанда 2017 жылы қай мереке күндері демаламыз?

2017 жылға арналған өндірістік күнтізбе ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі мүмкін. Сондай-ақ Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын белгілеу көзделген:

он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын (Кодекстің 69-бабы);
он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын (Кодекстің 69-бабы);
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын (Кодекстің 69-бабы);
бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын (Кодекстің 69-бабы).

Еңбек шартында, ұжымдық шартта Кодекстің 69-бабында көрсетілген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аз жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

Кодекстің 79-бабына сәйкес ұйымдарда қызметкердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алу жүзеге асырылуға тиіс. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан аспауға тиіс; алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағатқа тең болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан аспауға тиіс және т.б.

Осыған байланысты жұмыс уақытының ұзақтығы төмендегіні құрайды:

40 сағаттық жұмыс аптасында:

бес күндік жұмыс аптасы кезінде - 8 сағаттан бес жұмыс күні;
алты күндік жұмыс аптасы кезінде - 7 сағаттан бес жұмыс күні және ұзақтығы 5 сағат болатын бір жұмыс күні.

36 сағаттық жұмыс аптасында:
бес күндік жұмыс аптасы кезінде - 7 сағат 12 минут болатын (7,20 сағат) бес жұмыс күні;
алты күндік жұмыс аптасы кезінде - 6 сағаттан алты жұмыс күні.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері деп танылады.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс күндеріне кірмейді.

Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы атап өтілетін мереке күндері:

ұлттық мереке:
16-17 - желтоқсан - Тәуелсіздік күні;

мемлекеттік мерекелер:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
9 мамыр - Жеңіс күні;
6 шілде - Астана күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Осыған орай, 2017 жылғы жұмыс уақытының балансын құру кезінде Заңның нормаларын есепке ала отырып, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды:

бес күндікте:
1 қаңтардан 3 қаңтарға;
7 мамырдан 8 мамырға;
16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға;
17 желтоқсаннан 19 желтоқсанға;

алты күндікте:
1 қаңтардан 3 қаңтарға;
7 мамырдан 8 мамырға;
17 желтоқсаннан 18 желтоқсанға;

Кодекстің 84-бабына сәйкес бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

2017 жылы Құрбан айттың бірінші күні 1 қыркүйекке тура келеді.

Өндірістік күнтізбеде ай, тоқсан және 2017 жылдың тұтастай жұмыс күндері (сағаттары) бойынша жұмыс уақытының нормасы келтірілген. Ол 40 сағаттық және 36 сағаттық жұмыс аптасында сегіз, жеті және алты сағаттық жұмыс күнінің негізінде бес күндік және алты күндік жұмыс аптасының күнтізбесі бойынша есептелген.

2017 жылы жұмыс уақытының нормасы:

40 сағаттық жұмыс аптасында:

бес күндік - 1960 сағатты (245 күн * 8,00 сағат);
алты күндік - 1972 сағатты (246 күн * 7,00 сағат + 50 күн * 5,00 сағат);

36 сағаттық жұмыс аптасында:

бес күндік - 1764 сағатты (245 күн * 7,20 сағат);
алты күндік - 1776 сағатты (296 күн * 6,00 сағат) құрайды.

2017 жылға арналған жұмыс күндерінің орташа айлық саны:

бес күндік жұмыс аптасында - 20,42 күнді;
алты күндік жұмыс аптасында - 24,67 күнді құрайды.

2017 жылға арналған күнтізбелік күндердің орташа айлық саны (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндерін қоспағанда) 29,25-ті құрайды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру