Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту

КІРІСПЕ
Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері» деп анықтадық.
Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік. Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:
1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.
Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.
Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде тақырыптық актуалдылығы дәлелденіп, міндет-мақсаттары анықталды.
Бірінші тарауда қазіргі ғалымдар Д.Б.Занков, М.И.Махмұтов, Б.Тұрғынбаева, В.В.Давыдов, Б.М.Теплов т.б. қабілет табиғаты, бастауыш сынып оқушылырының ойлау ерекшеліктері және оның формалары: ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған.
Екінші тарауда оқыту барысында бастауыш сыныпта ойлау процесін дамытуға халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған. Қортындыда ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктерін оқу процесінде қолдау туралы нұсқалар жасаған.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Бастауыш сынып оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуына темпераменттің ықпалы

КІРІСПЕ
Еліміздің егемендік алуына байланысты, халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп-екшеп, бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие үрдісіне ендіру – келелі де, кешенді іске айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»стратегиялық жолдауында еліміздің болашақ ұрпағы инновациялық, ақпараттық технологияларды меңгеруге лайық зерек те білімді, бәсекелестікке қабілетті болуы керек екендігін баса айтып көрсеткен. 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасы да шығармашылық тұлғаны қалыптастыруды дағдыға алу қажеттілігін мақсат етіп отыр. Ал, «жалпыға білім беру» моделі «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Әр балаға таңдау бойынша білім беру барысында, ол баланың бойындағы тума қасиеттерімен санасу дәл қазіргі таңда ерекше орын алады деп санаймыз.
Тума қасиеттердің бірі – темперамент, ол жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі. Әрбір ата-ана және мұғалім осы жеке өзгешелікпен, яғни баланың темпераментімен санаса біліп тәрбие жұмысын жүргізіп отырса, онда әр баланың жан-жақты дамыған, белсенді шығармашылық тұлға болып қалыптасуы анық.
Әрине келешектің иесі – жастар, сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Ақыл – жастан, асыл – тастан демекші, еліміздің ертеңі жастардың қолында. Елбасымыздың өз сөзімен айтқанда: «Жастар ертеңгі жарқын болашақты армандап қана қоймай, оны өз қолдарымен жасауға да белсене қатысулары тиіс». Себебі, қазіргі таңда бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіл әлемдік проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, халық ағарту және мәдениет проблемалары, денсаулық сақтау және т.б. сол сияқты мәселелер. Адамзат болашағы аталған ауқымды проблемалармен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан, мектеп оқушыларының, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселені кеңінен қарастыруға баланың бойындағы тума қасиеттердің бірі-темперамент ерекше орын алады деп жоғарыда айтып кеттік. Ендеше, 25-ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырып келе жатқан темперамент проблемасының тарихына қысқаша тоқтап өтейік.
Темпераменттің төрт типі жайлы теорияларын тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, олар: гуморалды, конституционалды және нейрофизиологиялық теориялар деп бөлінеді. Гуморалды теория темпераментті адам бойндағы сұйықтармен байланыстырған (лат.humor-сұйық).Бұл теорияның негізін қалаған ежелгі грек дәрігері-Гиппокарт(б.э.д.Үғ.).Оның тұжырымы бойнша,адамдар төрт «дене шырындарының»(сұйықтарының)-қан, өт, запыран, шырыш-өзара қатынасымен ажыратылады.Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален(б.э.д.ІІғ.)алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик. Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигзді. Мәселен,И.Кант гуморалды теорияны негізге ала отырып темпераментті адамның сезімімен және әрекетімен байланыстырады(сангвиник-көңілді көтеріңкі адам; меланхолик-тұйық; холерик-әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз;флегматик-ұстамды, мізбақбас ). Ал отандас ғалым П.Ф.Лесгафт болса темпераментті қанайналым жүйесінің ерекшелігімен және зат алмасу процесінің жылдамдығымен байланыстырып қарастырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Дарындылық дегеніміз не? Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Және дарынды балаларға қалай қарау керек? Олар ерекше бағыт пен еркеше даму, көзқарасты қажетсіне ме?
Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар.
Дегенменен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.
Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты. Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі. Ол американдық психологтар: Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор. Ал психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды. Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты. (“одаренные дети: психолого-педагогические исследования и практика”).
Дарындылық проблемасын отандық психологтар да зерттеді. Олар: А. М. Матюшкин өзінің “Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы” еңбегінде, Шумакова Н.Б. өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г.Д. өзінің “Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық” атты мақаласында С. Юркевич “Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары” еңбегінде баяндалады.
Біздің дипломдық зерттеу жұмысымыздың мақсаты: дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.
2. Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.
3. Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру.
Зерттеу әдістері:
1. балалардың дарындылығын бақылау.
2. Олардың ерекшелігін психологиялық анықтау әдістері.
3. Ата-ана, балалармен жүргізілетін сұхбат, сауалнама.
4. Дарындылық деңгейлерін анықтайтын әдістемелер кешені.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы, А.М. Матюшкиннің шығармашылық дарындылық тұжырымдамасы, С. Юркевичтің, дарындылықты анықтау еңбектері, С.М. Джакуповтың танымдық іс-әрекет психологиясы.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздемесі құрылып, дарындылық табиғаты жөнінде қазақ тіліндегі әдебиет қатары толықтырылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері

КІРІСПЕ
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.
Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады. Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.
Сонымен қатар коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу және барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да анықталған. Дегенмен мектеп тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып келе жатқанына байланысты оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған. Сондықтан осы актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымның тақырыбын «Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері» деп анықтадық.
Зерттеу мақсаты — мектеп психологиялық қызметі тәжірибесінде психодиагностика жүргізу арқылы оқушылардың жеке даралық ерекшеліктерін анықтау және қызмет түрлеріне икемділігін болжамдау.
Зерттеу міндеттері:
-тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау;
-кәсіби психологиялық диагностиканы жүргізу ерекшеліктерімен танысу;
-оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін қолдану жолдарын үйрену;
-оқушылармен кәсіби қажетті қасиеттерді қалыптастыру тренингін жүргізу.
Дипломдық зерттеу барысында келесі ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, психо-диагностикалық әдістемелерді іріктеп алу, мектеп оқушылары арасында олардың темпераментің, таным процестерін, интеллектуалдық қабілеттілігін анықтау тестерін қолданып жеке даралық қасиеттерін бағалау, тренинг элементтерін қолданып түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі

І тарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.
1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы, оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге , өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға , өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді.Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі -білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының , құштарлығының ерекше көрінісі.Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы , алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет.Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.
Әлеуметтік -педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады.Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан- жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан- жақты негіздеген.Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс- әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады.Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы болып келді.Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты.Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады.Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

ПМНО | Бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары

Адамзат қоғамының кез-келген өзгерісі ғылымның дамуынан байқалады. Тілге қатысты, әсіресе ұлт тіліне қатысты ілім-білімнің өркендеуінде қалыптасқан бір заңдылық бар. Ол – сол ұлт тіліндегі тілдік факторлардың тарих тасасында қалмай, уақыт озған сайын сан түрлі ғылыми зерттеу нысанына негіз болуы. Бұл ретте кезінде көп іс тындырған тілші, әдіскер ғалымдардың еңбектері кейінгі зерттеушілер үшін қашан да жөн сілтейтін өлмес туындылармен құнды екендігін кейінгі ұрпақ үлкен ілтипат көңілмен мойындайды. Сондай құнды мұралардың қатарына белгілі әдіскерлер Ж.Аймауытов, Ш.Х.Сарыбаев, Ы.Маманов, Д.Әлімжанов, Н.Оралбаева, З.Бейсембаева, Ж.Сүлейменова, Қ.Қадашева, А.Сатбекова, К.Жақсылықова сияқты әдіскер-ғалымдардың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты ғылыми зерттеулері жатады. Олардың қазақ тілін мектепте оқытудың әдістемесіне қатысты шыққан мазмұнды мақалалары, монографиялары - үлкен ғылыми ізденістерге бағдар болып табылатын туындылар екендігі шындық. Бұл еңбектерде аталған ғалымдар өздеріінің қазақ тілін оқытудың әдістемесіне байланысты жинаған материал-деректерін ғана емес, сонымен қатар әр тақырыпқа қатысты сабақтың жүргізілу әдіснамасын жасап, жаттығулардың орындалу барысын, оқушыларға жаңа материалды үйретуде қолданылатын түрлі әдістерді(репродуктивтік, индуктивті, дедуктивті, интерактивті, интегралды, модульмен оқыту, т.б.) де қамти өткендігін айқын аңғаруға болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

ПМНО | Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ролі

Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да, мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау.
Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүрiп баланың қалай дамып келе жатқанын,оның түрлi қылықтарына түрткi болған себептердi ұдайы талдап отырады. Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастық қасиетiн қалыптастыру күнделiктi өмiрдiң әр күнiнде жүзеге асырылады. Баланың дамуына ықпал жасайтын факторлар өте көп. Балалармен тәрбие жұмысын жүргiзгенде олардың бәрiн ескерген жөн.
Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Бздiң болашағымыз – артта өсiп келе жатқан жасөскiндер мен жасөспiрiмдер. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертегiмiздiң кепiлi деген сөз бар. Әсiресе баланың эстетикалық, көркемдiк талғамын ұштап ұлттық тәрбие беруiмiз керек. Баланың тiлi қалыптаспай ойын айта алмайтыны түсiнiктi болғанымен, тiл халық жаны бар екендiгiн түсiне беремiз бе. Тiл ана сүтiмен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда дамып жетiледi. Онсыз бала мәңгүрт болып елiн-жерiн сүймейдi. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелi жерге дән тастағанмен өнбейтiн сияқты, жас баланы бiлiммен сусындатып, бағып – күтпесек, көкiрегiн ашып, тәрбие бермесек өспейдi, өнбейдi. Баламен тiл табысып, оның бойына бiлiм ұрығын себетiн басты тұлға – ұстаз. Ұстазы ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

ПМНО | Бастауыш сынып математика сабагында ойын есептерін қолдану

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасымен барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кездс математика негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған. Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде үш тенденция байқалады: барлық оқушыларға математикадан бір дәрежеде білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу; математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу; ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Музыка | Сыныптан тыс музыкалық білім беру

Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде мектептің, оның шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жџгі мол. Әрине, бұл жолда оқу–тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа оқу тәрбие бағдарламалары, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дџниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын музыка пәні мџғалімінің орны бөлек. Музыка мұғалімі өз бойына өнердің сан қырын сіңірген сөйлеу мәдениеті, кәсіби-педагогикалық, музыкалық орындаушылық дайындығы жоғары қабілетті, іскер, ізденімпаз маман болуы тиіс. Бәрімізга аян, музыка балалардың қиялын, талғамын, мәдениетін, өнерге деген сџйіспеншілігін дамытады. Музыка пәнімен байланыста берілетін тәрбие шаралары мазмұны мен көркемдігі арқылы оқушылардың идеялық көзқарасын, қоғамға, Отанға деген сезімдерін қалыптастырады, өмір құбылыстарын дұрыс тџсініп, қабылдауға жәрдемдеседі. Музыкалық білім беру мәселесінің танымдық тџрі – сыныптан тыс тәрбие жұмыстары.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Музыка | Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру

I тарау. Тәлім- тәрбие жұмысының әлеуметтік – педагогикалық
мәні.

1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні, мазмұны.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім - тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт –дәстүрлерінің сақталуы және әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Білім мазмұны тұжырымдамасында және Білім туралы Заңында : осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады,- деп көрсетілген. Бұл құжаттарда....
Дипломдық жұмыстар
Толық