ПМНО | Бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары
Мазмұны
Кіріспе
1-тарау. Бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары
1.1. Пунктуацияның қолданылу тарихы
1.2. Тыныс белгінінің түрлері және оларды дұрыс қолдана білу
1.3. Пунктуация ережелері
1.4. Пунктуацияны бастауыш сыныпта оқыту
2-тарау. Ж.Аймауытовтың кешендi(комплекстi) оқыту бағдарламасында бастауыш сыныпта тыныс белгілерін оқыту жөнiндегi ой-пiкiрлерi
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
қатысты, әсіресе ұлт тіліне қатысты ілім-білімнің өркендеуінде қалыптасқан бір заңдылық бар. Ол – сол ұлт тіліндегі тілдік факторлардың тарих тасасында қалмай, уақыт озған сайын сан түрлі ғылыми зерттеу нысанына негіз болуы. Бұл ретте кезінде көп іс тындырған тілші, әдіскер ғалымдардың еңбектері кейінгі зерттеушілер үшін қашан да жөн сілтейтін өлмес туындылармен құнды екендігін кейінгі ұрпақ үлкен ілтипат көңілмен мойындайды. Сондай құнды мұралардың қатарына белгілі әдіскерлер Ж.Аймауытов, Ш.Х.Сарыбаев, Ы.Маманов, Д.Әлімжанов, Н.Оралбаева, З.Бейсембаева, Ж.Сүлейменова, Қ.Қадашева, А.Сатбекова, К.Жақсылықова сияқты әдіскер-ғалымдардың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты ғылыми зерттеулері жатады. Олардың қазақ тілін мектепте оқытудың әдістемесіне қатысты шыққан мазмұнды мақалалары, монографиялары - үлкен ғылыми ізденістерге бағдар болып табылатын туындылар екендігі шындық. Бұл еңбектерде аталған ғалымдар өздеріінің қазақ тілін оқытудың әдістемесіне байланысты жинаған материал-деректерін ғана емес, сонымен қатар әр тақырыпқа қатысты сабақтың жүргізілу әдіснамасын жасап, жаттығулардың орындалу барысын, оқушыларға жаңа материалды үйретуде қолданылатын түрлі әдістерді(репродуктивтік, индуктивті, дедуктивті, интерактивті, интегралды, модульмен оқыту, т.б.) де қамти өткендігін айқын аңғаруға болады.
Әдіскер ғалымдар Ә.Әмірова, П.Жаманқұлова, Б.Құлмағамбетовалар бастауыш сынып оқушыларының сауатын ашып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйретудің өзіндік орнына ерекше мән береді. Аталған ғалымдардың, әсіресе Ж.Аймауытовтың еңбектерін диплом жұмысына пайдалану барысында тыныс белгілерінің түрлі қолданыс үлгілерін салыстырып, олардың сөйлем ішіндегі қалыптасуы мен өзгеруін, қойылу ерекшеліктерін салыстыра отырып, олардың ой-пікірлерінің қазақ тілін оқыту әдіснамасы іліміндегі өзіндік орнын, дәрежесін байқадық.
Диплом жұмысының мақсаты: біз қарастырып отырған мәселе - бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары жоғарыда аты аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінде Ж.Аймауытовтың қазақ тілін кешенді оқытуға қатысты өзіндік ой-пікірлері негізінде кеңінен қарастырылса да - бұл «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша жоғары білім алып жатқан студенттер үшін ауқымы көлемді, тың тақырыптардың бірі деуге болады.
Диплом жұмысын жазу барысында белгілі қазақстандық әдіскер ғалымдарымыздың ғылыми еңбектерін пайдаланып, өзімізше талдау жасауға тырыстық. Осы диплом жұмысын жазу барысында оларда келтірілген деректердің көп септігін тигізгендігін ерекше атап өтеміз. Бұл еңбектердің болашақта да бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың өзіндік қыр-сырын танып білгісі келетін ғылым сүйер жас қауымға тигізер көмегі мол болары сөзсіз.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІН ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
1.1. Пунктуацияның қолданылу тарихы
Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Пунктуация – латынның «пунктум» деген сөзінен алынған. Пунктумның мағынасы – нүкте. Қазіргі уақытта пунктуация тіл білімінің тыныс белгілері туралы, оларды қолдану ережелері ілім деген мағынаны білдіреді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл – екі бөлек категория.
Әріп сөздің және оның формасының жеке дыбыстарын таңбалайды. Сондықтан ол - сөздің бір бөлшегі, жеке бір элементі болып есептеледі, де лексика мен морфологияға байланысты болады, яғни әрбір жеке сөзде қолданылады. Ал тыныс белгісі олай емес. Ол жеке дыбыс түгіл, тұтас сөзбен де беруге болмайтын күрделі ұғымды білдіреді. Мағыналарының күрделілігі жағынан алғанда, тыныс белгілері жазу тілінің көнерек заманында қолданылған пиктографиялық немесе идеографиялық белгілер тәріздес. Қолдану орны жағынан алғанда,тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде емес, сөйлеуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің қандай бөлшектерден құралғандығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын байқату қызметін атқарады. Сондықтан пунктуация сөйлеуге, сөйлемге, яғни синтаксиске, байланысты қолданылатын категория болып табылады.
Пунктуация, емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы.
Пунктуация жазылған мәтіннің мазмұнын, негізгі ойды дұрыс түсінуге, оны мәнерлеп оқуға мүмкіндік жасайды. «Пунктуацияның негізгі қызметі – сөйлемді жазуда ойды беруге қатысты бөліктерге бөлуді нұсқау», - дейді С.И.Абакумов. Яғни пунктуация тілдің басқа элементтері сияқты жазуда ойды дұрыс беруге қызмет етеді. Пунктуацияны игеру – адамның сауаттылық мәдениетін арттырады. Мектеп оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту оқыту әдістемесі қарастырады.
Пунктуация – адамдар арасында қатынас құралы қызметін атқаратын жазу тілінің маңызды бір саласы. Сондықтан жалпы тіл, қала берді жазу тілі сияқты, пунктуация да жалпы халықтық болып табылады. Оны қолдануда болсын, оқып тануда болсын жалпы халық таныған заң, ережелер басшылыққа алынуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, пунктуацияның әрбір белгісінің мәнін, атқаратын қызметтері мен қолданылатын орындарын тануда, білуде жазушылар мен оқушылар арасында бірлік болмаған жағдайда, тыныс белгілері өзінің қатынас құралылық қызметін атқара алмайды. Егер ол жазу практикасында орныққан, көпшілікке танылған заң, ережелерге сай болмай, теріс қолданылса, оқуды, түсінуді жеңілдету былай тұрсын, қайта оны қиындатады, теріс ұғымның, теріс түсініктің тууына себепші болады.
Жазғанды, айтқан ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта естен шығармаған жөн.
Сөздерді дұрыс орналастырып айтпасақ, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасақ, айтайын деген ойың теріс беріледі.
Пунктуация жазу тілінің дамуымен, әсіресе баспа ісінің дамуымен тығыз байланысты. Бірақ ол жазу тілімен бірге туып, әрдайым онымен қатар жасап келе жатқан категория емес. Тыныс белгісінсіз де жазу болған. Жазудың пикторграфиялық және идеографиялық түрлерінде жеке сөйлемге, жеке сөздерге сараланбай жүрген тізбекті жазу дәуірлерінде ешқандай тыныс белгісінің де және оған мұқтаждықтың да болмағандығы мәлім.
Тыныс белгісі – жазу тілінің жазу мәдениетінің, әсіресе баспа ісінің, дами түскен кейінгі дәуірінің жемісі. Баспаның өркендеуі, оның халық арасына тарап, оқушылар санының артуы жазу мәдениетінің көтерілуін, жазудың жалпыға бірдей ортақ заңдарға, ережелерге негізделіп, бір жүйеге келуін талап етеді. Жазылған пікір оқуға оңай, түсінуге жеңіл болуы үшін, түрлі ықшамды ұсақ бөлшектерге бөлу, әр бөлшектің бір-бірімен мағыналық қатынастарын көрсету қажеттіктері туады. Сол қажеттіліктен келіп, тыныс белгілері пайда болады.
Жазу мәдениеті дамуының қазіргі сатысында тілдерде тыныс белгілерінің түрі де, атқаратын қызметтері де әр алуан. Бірақ солардың бәрі бір мезгілдің ішінде, бірден пайда бола қалған емес. Жалпы жазу тілі сияқты, тыныс белгілері де, оларға байланысты заң, ережелер де бірте-бірте дамып, жетіліп отырған. Алғашқыда тыныс белгілері жазылған пікірді әр түрлі мәнді бөлшектерге бөліп тұру функциясында ғана қолданылған. Сонымен бірге, олар түр-тұрпаты жағынан да, қызметі жағынан да қазіргі тыныс белгілерінен өзгеше болған.
Орыс тілі пунктуациясын зерттеген ғалымдар орыс тілінің қолжазба түрінде сақталған ертеректегі жазу нұсқаларында сөйлеудің әрбір мағыналы бөлшектерінен кейін, көбінесе жеке сөздерден кейін, нүкте немесе бірнеше нүктеден құралған ромбик, қос нүкте тәріздес түрлі белгілердің қойылғандықтарын және олардың өздері де белгілі бір заңға, ережеге негізделмей, еркін қолданылатындықтарын айтады. Дәл осы тәріздес жағдай түркі тілдерінің көне замандардан қалған жазу ескерткіштерінде де кездеседі.
Біздің жыл санауымыздың V- VІІ ғасырлары шамасында жазылып сақталған Орхон-Енисей жазулары деп аталатын ескерткіштердің кейбіреулерінде әр сөзден кейін қос нүкте тәрізді белгі қойылса, кейбіреулерінен кейін төрт нүктеден құралған ромбик тәрізді белгі қойылып отырған. Ал араб әрпімен жазылып сақталған ертеректегі қиссаларда, дастандарда өлең жолдары арасына қойылған, тіліміздегі қазіргі графикалық белгілердің бірде-біріне ұқсамайтын түрлі белгілер кездеседі. Бұл жағдайлар тыныс белгілерінің бастапқы функциясы сөйлеуді тек әр түрлі мәнді бөлшектерге бөлу ғана болғандығын, бөлуші белгілердің түр-тұрпат жағынан қазіргі белгілерден өзгеше болғандығын байқатады.
Қазіргі заманда тілдерде кездесетін тыныс белгілеріне тән тағы бір қасиет – олардың интернационалдығы.
Тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді.
Қазақ тілінің пунктуациясы кенжелеп туып, кеш дамыды. Октябрь революциясына дейін белгілі бір жүйеге келтірілген, көпшілікке танылған пунктуациялық заң, ережелер болған жоқ. Ол уақыт үшін пунктуациялық ережелердің болмауының өзі де табиғи нәрсе еді. Өйткені тыныс белгісі баспасөз үшін керек. Ал пукнтуацияның тууына, оның дамуына ең бірінші қажеттілік болып табылатын баспасөз Қазақстанда тек совет дәуірінде ғана етек алып дами алды. Респуликамызда баспасөздің дамуы, оның бүкіл халық илігіне айналып, оқушылар санының артуы жазу мәдениетінің, сауаттылықтың шешуші бір саласы болып табылатын пунктуация мәселесін ғылыми негізде қалыптастырып реттеу міндетін қойды.
Қазақ тілінің қазіргі графикасында, баспасөз тәжірибесінде ғылыми негізде қалыптасып орныққан, тұрақты жүйеге келтірілген әрқайсысының қолданылатын орындары, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналары айқындалған тыныс белгілері бар. Құрамы, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналары жағынан қаза тілі графикасындағы тыныс белгілерінің басқа тілдерде қолданылатын тыныс белгілерінен ешқандай өзгешелігі жоқ. Яғни тыныс белгілеріне тән интернационалдық қасиет қазақ тілі графикасында да берік сақталған.
Қазақ тілінің пунктуациялық жүйесі мен негіздері орыс тілінің пунктуациялық үлгілерін басшылыққа алу арқылы қалыптасты. Бас түркі тілдері де негізінде орыс тілінің пунктуациялық ережелерін басшылыққа алады. Орыс пунктуациясының жалпы теориялық жағынан танылуы ертеден басталды.
Жазуларында ешбір тыныс белгісінің қолданбайтын халық та бар дей келіп, Л.Н.Харитонов оған қытай, араб, монғол тілдерін жатқызған.
Жазуда тыныс белгілерінің алғашқы элементтері болмаса, қалыптасқан таңбалар жүйесі де, оларды қолдану заңдары да болмаған еді.
Түркі тілдерінің бұрынғы ерекшеліктерінде тыныс белгісі таңбасының алғашқы элементтері кездеседі. Ол кездегі бар белгілер көбінесе тыныс белгісі қызметінен гөрі бір сөзді екініші сөзден айыру қызметін атқарған.
Қазақ тілінде шыққан алғашқы баспасөзіміздің бірі «Дала уалаяты» газетінің (1888-1902) тұңғыш шыға бастаған жылдарындағы нөмірлерінде де тыныс белгілерінің ешқайсысы қойылмайды. Кейде ұзақ күрделі ой немесе бір күрделі пікір біткенін білдіру үшін, екінші ой жаңа жолдан басталып жазылды. Бірақ ол абзацтар сөйлемдерді бір-бірінен ажыратуға себін аз тигізді. Тыныс белгілері қолданылмағандықтан, бас әріп болмағандықтан кейбір жазылған жолдарды ұғу, түсіну өте қиындық келтірді.
Бертін келе, 1894 жылдан бастап, газет кейбір сөйлемдердің жігін ажыратуға әредік сызықша (-), әр түрлі жұлдызшалар (*) сияқты шартты таңбаларды қолданады. Ондай жұлдызшалар сөйлемнің біткенін, дауыс үзілісін білдіретін тыныстық белгілер болғанға ұқсайды. Пікірміз дәлелді болу үшін, газеттен үзінді келтірейік:
«Байан ауылдық қазақ орыслары қазақлардың үстінан көб арыз бирады бізлерді қазақлар қағыб соғыб күн көрсатбайды диб – бұлармин сөйласіб китсак қазақлар ұры қазақлар залым қазақлар атұрдағыштар диб айта бастайды* бұған қарағанда қазақ мин қазақ орыслар бірүн бірі күндиб жау боб жатыр диб ойлауға болады оларда рас айтсақ мұндай нарсе болмаса керек* біз қазақлар қазақ орысларды жик көрмайміз жаңғызақ біздир өтірук жаладан ақтануға үмит итіб ойлаймыз ақ іс барча іслардан жоғары болса керек ғой диб* арамызда жаман айыбсыз адам жоқ диб таңбаймыз».
Жалпы әрбір тыныс белгісінің өзінің қолданылу, пайда болу тарихы бар. Мысалы: «Дүниежүзінде тұңғыш рет үтір белгісі (кіші тыныс белгісі) кітап бетінде XV ғасыр мен XVI ғасырдың арасында пайда болды. Оны алғаш рет кітапқа енгізген венецияның атақты баспаханашысы Альт Мануций еді. Бұл уақытқа дейін кітаптарды тек қана екі тыныс белгісі – нүкте мен қос нүкте ғана қойылады екен. Кітап соңына мазмұн жазуды да алғаш енгізген Мануций еді. Ол сонымен бірге кітаптың ірі әріппен терілген алғашқы бетін кітап дүкенінің маңдайшасына іліп қояды екен. Бұл дүние жүзіндегі алғашқы кітап жарнамасы еді». Ал тырнақшаның өзінің шыққан уақыты бар.
Профессор С.Е.Маловтың айтуынша, түріктердің Енисей жазуында қос нүкте – нүкте және тыныс белгісі есебінде жұмсалған.
Арғы кездерді былай қойғанның өзінде беріректе жазылған түркі тілдеріндегі арабша басылып шыққан кейбір кітаптардың өзінен бірде-бір тыныс белгісін кездестіре алмаймыз. Мәселен: 1915 жылы өзбек тілінде шыққан «Adab-us-Salixin», «Fatima Zuhra», 1984 жылы шағатайша басылған «Mir cali eir Nanai», 1911 жылы шыққан «Bahram dulandam», 1916 жылы шыққан «Sufi Allaiar-Subatul Fadiem» атты кітаптардан, сондай-ақ Н.Н.Пантусовтың 1880 жылы ұйғыр тілінде шыққан «Kitab Furat dar malik ein» атты кітабынан, т.б. еңбектерден бірде-бір тыныс белгісі табылмайды. М.Терентьевтің айтуынша, тыныс белгілері XIX ғасыр кезінде парсы тілінде де болмаған. Қазақтың араб әліппесіне негізделген жазу кезіндегі кейбір кітаптарда да ешбір тыныс белгісі қойылмай жазылады. XIX ғасырда шыққан түркі тілдері грамматикаларында тыныс белгілерінің элементі пайда бола бастағанын аңғаруға болады. Мәселен, профессор А.Қазембектің 1839 жылы шыққан «Түрік-татар тілі грамматикасының» 35-бетінде бір жұлдызша, 34 және 46 - беттетінде екі жерде сызықша қойылған. Ал 1869 жылы шыққан «Алтай тілі грамматикасында» тыныс белгілерінің бірсыпырасы кездеседі және олар бірсыдырғы орынды қойылған. Жоғарыда айтқанымыздай, М.Терентьев парсы тілінде тыныс белгілерінің болмауын сынағынымен, өзі жазған грамматикада орынды пайдаланбаған.
Академик В.В.Радловтың 1870 жылы шыққан «Образцы народной литературы тюрских наречий» деген еңбегінде тыныс белгілерінің бірсыпыра түрі кездеседі. Бірақ олар жүйелі түрде қалыптаспаған. Бұл еңбекте тыныс белгілері төмендегіше берілген (cөйлемдермен олардың тыныс белгілері кітаптың түпнұсқасынан өзгертілмей алынып отыр). Бала айтады «Мен қайдан тудым?» дейді. Шешесі әкесін айтпайды, «сол балама айтсам әкесін іздеп кетер» деп айтпайды.
В.В.Радлов текстерінде тыныс белгілері ішінен жақша мен көп нүкте ғана кездеспейді. Лютштің 1883 жылы басылып шыққан «Киргизская хрестоматиясында» тыныс белгілері былайшы қойылған: Сонда інісі ағасына: «Мен мұны түсімде көрдім, соның үшін білемін, жауап беріпті. Орынбай: екі шешен қосылса аттай желер, көп жаңғалақ шешеннің сөзін бөлер».
П.М.Мелиоранскийдің 1897 жылы шыққан «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деген кітабында мысалдарға қойылған тыныс белгілері мынадай түрде болып келеді: Қысқа бақай, тар мықын, кебеже қарын, кең құрсақ... тарланым; Битке өкпелеп тоныңды отқа салма; Жігіт айтты: атын байлайтқғын болмасын.
В.Катаринский 1897 жылы шыққан «Грамматика киргизского языка» деген еңбегінде мынадай сөйлемдер келтіреді: «Орысша сөйлей білсек, бәрін де айтар едім. Бір жол бар – жақын, жақын болса да алыс. Әуелі ойла, сонын соң істерсің. Бұл мысалдардан П.М.Мелиоранский мен В.Катаринскийдің қазақ тілі грамматикаларында да тыныс белгілерінің бірсыпыра түрлерінің кездесетіндігі көреміз. Дегенмен, мұнда да пунктуациялық жүйе сақталынбайды.
1915 жылы шыққан «Жазу қағидалары» деген кітапшада тыныс белгілерінің қолданылуы туралы ережелер берілген. Онда тыныс белгілерінің жеті түрі ғана аталып, олардың әрқайсысына берілген ережелерге мысалдар келтірілген. Леп белгісі «дауыс ишараты» деп, сызықша мен жақша және көп нүкте «ишарат» деп, тырнақша «екі ишарат» деп аталады.
Бұл келтірілген мысалдардан XIX ғасырда және XX ғасырдың басында түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде баспадан шыққан кітаптарда тыныс белгілері дұрыс, жүйелі түрде қолданылмаса да, таңбалардың элементі мен оларды пайдаланудың алғашқы тәжірибесі көріне бастағанын аңғартады, екіншіден, қазақ тілі пунктуациясы жүйелі, ғылыми негізде Ұлы Қазан социалистік революыиясынан кейін ғана орыс тілі пунктуациясы үлгісін басшылыққа ала отырып, қалыптаса бастады деген пікірімізді толық дәлелдей алады.
Орыс алфавитіне көшкен кезде, кейбір қазақ тілі мамандарының «Жазуда тыныс белгілерін дұрыс қоя білу керек, осы уақытқа дейін жұрттың бәріне бірдей заң болатындай тыныс белгілерінің ережелері жоқ, қазір қазақ халқы орыс алфавитіне көшір отырғанда, жазуда үлкен маңызы бар тыныс белгілерін дұрыс қоя білу мәселесін де осы бастын қолға алу керек» деген сияқты баспасөз бетіндегі пікірлері де қазақ тілі пунктуациясына назар аударып, оны жазудың көмекші құралы ретінде тануға түрткі болғандығы сөзсіз.
Қазақ тіліне ғана емес, басқа түркі тілдерінің жазуларындағы тыныс белгілерінің қолданылуына да орыс тілі тыныс белгілері игілікті әсер етті.
Түркі тілдері Қазан революциясынан кейін де біраз уақыт тыныс белгілерін ешбір ережесіз қолданды. Тіпті қазіргі уақыттың өзінде кейбір тыныс белгілері орыс текстерінде де солай қойылып жүр. Мысалы, бұрын жалпылауыш сөздерден соң қос нүкте қойылушы еді. Кейінгі уақытта жалпылауыш сөздерден соң сызықша қойылып келеді. Қазақ жазуындағы бірыңғай мүше алдындағы қос нүкте орнына қойылып жүрген сызықша орыс пунктуациясының әсерінен екендігі айқын. Демек, қазіргі қазақ тілінде тыныс белгілері бірыңғай мүше алдынан осылай екі түрлі болып келсін деген ережелерді кездестіре алмаймыз.
Біз сөйлем ортасында айтылған автор сөзінің екі жағынан үтір мен сызықшаны былайша қабаттастырып қоятынбыз: Өзімізді таныстыруға рұқсат етіңіз, - деді жігіт баяу ғана майда қоңыр дауыспен, - осы араның аңшысымын, атым - Владимир... («ҚӘ»). Бұл жөнінде «Сөйлем ортасында айтылған автор сөзінің екі жағынан үтір және сызықша қойылады» деген ереже болса да, қазір газет-журналдарымыз төл сөздің ішінде келген автор сөзінің екі жағынан тек үтір қойып жазып жүр.
Орысша текстерде қойылған интонациялық сызықша қазақша аудармасында да қойылады. Мысалы: қазақшасын алсақ, былай болып келеді: Бейбітшілік үшін сыйлық – бейбітшілік үшін берілген сыйлық емес дейтін адамдарды мен түсінбеймін («СК»). Орысшасы: Я не понимаю людей, которые говорят, что пермия за мир – это не премия за мир («Каз. Правда»). Міне, осы сияқты көптеген салыстырма мысалдар М.Әуезовтің: «Орысша текстің өзінде болған тыныс белгілерінің көбі қазақша тексте де қолданылады», – деген пікірін растайды. Сонымен, жазу мәдениеті қалыптасқан тілдегі пунктуцияны зерттемеуге, пунктуациялық дағдыларды жетілдіріп, сараламауға болмайды.
Қазақ тіл білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелу тарихын баяндағанда, тыныс белгілері жөнінде жазылған азды-көпті еңбектерді негізгі үш салаға бөліп қарауға тура келеді: тыныс белгілері туралы жазылған жеке мақалалар; тыныс белгілерінің мектеп оқушыларына арналған оқулықтарда баяндалуы; тыныс белгілеріне арналған жеке кітапшалар және олардың жетістік жақтары мен кемшіліктері. Бұларға қысқаша тоқталайық
Хронологиялық жағынан алғанда, қазақ тілінің тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы еңбектердің бірі – Ш.Сарыбаевтың сөйлемде үтірдің жазылатын орындары туралы шағын мақаласы. Автор бұл мақаласында оқушылар тыныс белгілерін дұрыс қоя білмейді, оның себебі қазақ тіліндегі интонациялық қалыптың бір ізбен өріс алып кете алмағандығынан деп көрсетеді. Автордың тыныс белгілерін қоя білуде интонацияның рөлін ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар ПМНО дипломдық жұмыстар, Бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары