Мен Тәуелсіз елдің ұланымын

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!
М. Шаханов
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құрылған халқымен ерекшеленеді. Тарихы сан ғасырдың тереңіне кететін халқымыздың қазақ аталған бертінгі дәуірінде ел бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, «ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төске озған» жүйрік ақындар, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен дана билер, қалың жауға қарсы шапқан ержүрек батырлар, ел қамын жеген ардақты аналар аз болмаған. Олардың есімдері халық аузында да, жазба әдебиеттерде де өз орнын тапқан. ......
Шығармалар
Толық

Еліміз артып отырған үлкен жауапкершілікке лайық болу – біздің тікелей міндетіміз

Тәуелсіздік... Осы сөзде қаншама мән, шаттық, бақыт жатыр десеңізші! Осы бір ғана сөз елдің тыныштығын,азаттығын, бостандығын, ынтымағын білдіреді. Осы тәуелсіздікке жету үшін қанша аға-апаларымыз тер төккен. Міне, сол бір ғана сөздің арқасында алтын күн аспанымызда нұрын шашып тұр. Біздің ел – азат ел! Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тұғырға байлаған асқақ ел. Осы жиырма жыл ішінде талай жетістікке, талай күйініш-сүйінішке бөленіп, талай өрлеудің жолында келе жатырмыз. Еліміздің кірпішін қалаған Елбасымыз бар. ......
Шығармалар
Толық

Ұлттық мүдде- ел қазығы, ел бағы.

Шұғыласынан нұр шашып, өз жылуымен жыл басы Наурыз да келді. Қос етек көйлектері желбіреп, үкілері үлбіреп, шашбаулары сылдырап, басқан іздері білінбей, белдерін қынай байлап, қазақ киімін киген менің сыныптастарым Наурыз мерекесіне дайындалуда. Қарағанда көз тоятын мұндай әдемі ұлттық киімге бай сән өнері, күмбірлеген күй өнері, әуелеген ән өнері, таң қалдырған би өнері, ұлттық спорт, тағылымға толы ұлттық салт-дәстүр – бәрі менің ұлтымның тамырын тереңге жайған текті халық екендігінің дәлеліндей. Мен өзімнің қазақ болып жаралғаныма шын бақыттымын. Басынан «ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» өткеріп, жетпіс жылдың үстінде қызыл империяның құрамында болған біздің елімізге, ұлттық құндылықтарымызға ......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием

Біз, Қазақ елі-тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған батпан қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткерген елміз. Сол зұлым замандардың шеңгелінен арыстанша алысып, жолбарысша жұлысып өткеніміз ақиқат. Тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойы күресіп келген ұлы мұраты еді. «Ұлтым» деп қан алаңда қасқайып тұрып алған кешегі асыл текті, асқақ рухты аға-апаларымыздың шеруінің межесі тәуелсіздік екенін жыл өткен сайын терең түсініп келеміз.......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік белгілері-рәміздер!

Қазақстан әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі ел екендігі шындық. Қазақстанның рәміздеріне ту, елтаңба, әнұран жатады. Бұлар әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Сол сияқты Қазақстан мемлекетінің де тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ең маңызды міндет тұрды. Ол Қазақстан рәміздерін тағайындау еді. Сол кезден бастап еліміздің өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар . Бұлар ел үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет. Рәміздер біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айқын бейнесі. Рәміздердің әрқайсысының шығу тарихы бар. Бұл Қазақстанның қаншама ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін киелі қазына.......
Шығармалар
Толық

Отан неден басталады?

Мен бұл шығармамды болашаққа хат деп атар едім. Олай дейтін себебім, менің болашағым Отанымның тағдырымен тамырлас болады. Жас та болсам, Отан деп соққан жүрегім мені тынымсыз ізденуге, оқуға, еңбектенуге шақырады. Әрбір жетістігім Отанымның гүлденуіне қосылған үлес секілді.
Алғаш дүние есігін ашқанда анам мені құшағына қысып, емірене сүйіп, Отанымның ыстық демін дарытты.
Аялаған әкешім мені ең бір сұлу да сүйкімді әлди деп алақанына алып: «Отанымның болашағы өзіңсің, қазақ деген дарқан халықтың қалаулы да аяулы қызы бол,» - деп шаттана қуанды, ақ батасын берді.
Балалық шағымның еркелік деп аталатын шағы әжемнің қызық ертегісінен басталып, атамның ғажайып тарихымыз туралы әңгімелерімен бірте-бірте есейткенін қазір ғана ұғынып отырғандаймын.......
Шығармалар
Толық

Қазақ елі осындай

Тарих. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран заманда мұқым бір халық ізім-қайым өшіп, қанат-қолтығы кең жұртқа сіңіп, бұлдыр елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың өзін-өзі қорғай білетін қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің тұтастығына, рухының беріктігіне байланысты.
Тарих – халық зердесі. Әр халықтың ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі «Уақыт» деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып, ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов:
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,-деп жырлайды. Ұлттық тарихымызды құдіретті төрт ананың біріне теңейді. Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.......
Шығармалар
Толық

Ұлылықтың бастауы ұлы далам!

Дала...Естір құлаққа жағымды естілетін қасиетті сөз. Құдіреттілігі әуелі табиғатында.Кеудеңді керіп, құшырлана жұтар таза ауасы , сылдырап аққан мөлдір суы , ерке самал желі , асқар тау, жасыл желегі , жүгірген аң, ұшқан құсы бәрі- бәрі Жер-Ананың сайын далаға берген сыйы.
Және де «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» ұлтарақтай жер үшін қасық қаны қалғанша аянбаған жаужүректі батырлардың ; нәзік қылығымен, өрілген бұрымымен тіршіліктің тазалығымен, бар мейірімін ұрпақ тәрбиесіне бөліп, ер -азаматын сыйлай білер, қаракөз қыздардың , ибалы келіндердің, ақ жаулықты аналардың ; әрбір сөзі «қазақ» деп басталып, «қазақ» болып аяқталатын ақындардың, шешендердің, жазушы,жыраулардың; қабылдаған шешімі ,ұтқыр ойы ел игілігіне , ұстанған бағыты «Алаштың» көркеюіне арналған билер мен хандардың кіндік қаны тамған жер- Ұлы даласы, атамекені .......
Шығармалар
Толық

Табиғатым - тал бесігім

Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9 -шы орынды иеленіп жатқан ел. Осы ұлан байтақ даламыздың табиғатын ешбір елмен салыстырып, ұқсастығын тауып айырмашылығын ажыратпас едім. Өйткені, ешбір табиғат қазақ даласының құнарлы топырақ , мөлдір су, шүйгін шөп , текті талдарына жетпейді.
Қазақстанның табиғаты, таза ауасы дегенде алдымен Бурабайды елестеміз,еске аламыз. «Қазақстанның Швейцариясы» дейміз. Жоқ, керісінше, Швейцарияны «Қазақстанның Көкшетауы» десін!......
Шығармалар
Толық

Журналистика - мен армандайтын мамандық

Бала күнімнен журналист болуды армандаймын. Арманыма жету үшін асығамын. Жақсы журналистке нендей талаптың үдесінен шығу керек дегенде менің түсінгенім : ең әуелі алдыңдағы ақ қағазға, қаламға адалдық керек. Қарақан бастың қамынан гөрі ел мүддесі, халықтың тағдыры, Отанның бүгіні мен келешегі қашанда бірінші орында тұруы тиіс. Менің журналистика саласындағы мақсатым: «Жүрген жолы әрдайым нұрлы істер, Қаламың мұқалмасын журналистер!»-дегендей, жаңалықтың жаршысы болып, көрерменнен(оқырманннан,тыңдарманнан) алты сағат алда жүремін. Өз қызметімді жемісті атқару үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық қабілетімді толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, батыл, әділ қасиетіммен таныламын. Жеке бас мәдениетімді сақтап , мәселені терең білуге талпынамын. Өмірде әртүрлі жағдайға кездесетіндіктен,......
Шығармалар
Толық