Табиғатым - тал бесігім

 Табиғатым - тал бесігім

Науан Гүлнұр
11 сынып, Қызыл-шаруа орта мектебі
Қызыл-шаруа ауылы, Т.Рысқұлов ауданы
Жетекшісі: Метерқұлова Ү.О.

Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9 -шы орынды иеленіп жатқан ел. Осы ұлан байтақ даламыздың табиғатын ешбір елмен салыстырып, ұқсастығын тауып айырмашылығын ажыратпас едім. Өйткені, ешбір табиғат қазақ даласының құнарлы топырақ , мөлдір су, шүйгін шөп , текті талдарына жетпейді.
Қазақстанның табиғаты, таза ауасы дегенде алдымен Бурабайды елестеміз,еске аламыз. «Қазақстанның Швейцариясы» дейміз. Жоқ, керісінше, Швейцарияны «Қазақстанның Көкшетауы» десін!
Кең даламның ұшқан құсы, жүгірген аңы , қыбырлаған жәндігі бәрі-бәрі Табиғат - Ананың балалары. Гүрілдеп барып тасқындап, тасқындап барып сылдарлап, сылдырлап барып жайылып көл жасайтын су. Адамның асы ,кір-қолаңын жууы, тіршіліктің өсіп-өркендеуі барлығы тікелей –тіршілік нәріне байланысты. Сусыз тіршілік жоқ. Судың да сұрауы бар. Сондықтан оған түкірмей, қоқыс тастамай, бекерге көзін жаппай, өз байлығымызды қорғай білейік.
«Әр аймақтың ауасы әр түрлі» деп жатады. Бәріміз бір аспанның астында тұрып , ауаның таралуы әр түрлі болғаны ма? Жоқ, олай емес. Бұл жергілікті жердің экологиялық жағдайына байланысты. Қаншама «ауаны ластамаңдар, табиғатқа зиян келтірмейік» десек те, зауыт, фабрикалар салынып, түрлі металл өндіру орындары ашылып, (көк) қара түтінін будақтатып жатыр. Бұған да қарсы келе алмайсың.Көштен қалмау керек. Ел экономикасын дамыту керек. Тек «экономикамызды көтерміз» деп, денсаулығымызды «түсіріп» алмасақ болғаны...
Бірі сылаң қағып, бірі қиқаңдап, бірі майысып , бірі қаққан қазықтай тікірейіп тұрған сан алуан ағаштың түрі бар. Әлгі өндіріс орындарынан шыққан түтін осылардың жапырақтарына келіп қонақтайды да , сіңіп жоқ болып кетеді. Кеудемізді керіп, құшырлана жұтар ауамыздың таза болуы үшін ағаштардың әсері айтарлықтай мол. Ендігі мәселе осы ағаштарымызды аман алып қалайық. «Жиһаз жасаймыз, отындыққа керек» деп діңімен, діңімен емес-ау, түбірімен жұлып алып кетіп жатыр. «Бір тал кесең, он шыбық тік!»
«Мына жердің топырағы қара топырақ – құнарлы, егіндікке еншілейтін жер, ана жердің топырағы қоңыр - көкөніс ,жеміс талдарын тігуге жарап тұр, мына аймақтың топырағы құмды - қарбыздың дәнегін қадап, қаптатып алуға болады екен » деген сияқты көзқарасты айтып жатушы еді бұрынырақта . (3 жыл бұрын) Ал қазір ше? Олай атпақ түгілі , ойлауға да мұрша бермейді . Үй салынуда, жол ашылуда. Мейрамхана мен қонақүй құрылысы қарқындап тұр. Егеріңді жылыжайға ек те, дәріханадан топырақ құнарландыратын тамшыларды қосып, су татитын өнім алып шық.Топырақтың бәрін аударып, асфальттап , цементтеп топырақты өзге елден тасып жүрмесек болды,әйтеуір.
Табан тиер, шөп өсер, жәндік азығын табар топырақты жер қалсын да арттағыларға. Көк майсаға аунап, топыраған иіскеп, суына шомылар байлықтарымыз аман болсын! Оны аман алып қалу өз қолымызда.
Табиғат біздің анамыз. Бар мейірімі мер күллі асылын адамзат игілігі үшін сарқып төгуде. Анасының алдындағы перзенттік парызды өтеуі сияқты, Табиғат - Ананың алдында өзіндік міндеттерімізді орындайық.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру