Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием
Адилова Камила
сынып, Дарынды балаларға арналған мектеп,
Орал қаласы
Жетекшісі: Бижанова М.С.

Біз, Қазақ елі-тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған батпан қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткерген елміз. Сол зұлым замандардың шеңгелінен арыстанша алысып, жолбарысша жұлысып өткеніміз ақиқат. Тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойы күресіп келген ұлы мұраты еді. «Ұлтым» деп қан алаңда қасқайып тұрып алған кешегі асыл текті, асқақ рухты аға-апаларымыздың шеруінің межесі тәуелсіздік екенін жыл өткен сайын терең түсініп келеміз.
Біз кешегісі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз.Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұлан-теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар, қазіргі саясаткерлердің ішіндегі өз елінде ғана емес, бүкіл әлем танып, үлкен беделге ие болған әйгілі тұлға Нұрсұлтандай көшбасшысы бар ел екендігімізді мақтан етемін.
«Еңсемді көтерер елім бар» деп өз еліне сенген Елбасы «Ел көшін бастау- маған сын , мені қостау-елге сын» деп үміт артады. «Жырақтағы жұртың жаутаңдап қарап, отырса, кісінің жаны қайтіп жай табады?»-деген жан тебірнетерлік сөзін оқып, мен өз елімнің басшысын одан сайын жақсы көріп кеттім.
«Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - деген мемлекет басщының сөздері біз үшін ұлы өсиет емес пе?!Мейлі сен патша, не қойшы бол,атамекеніңнен табаның тайса –жетімексің …Қазақ елінің озып, үдеген кезі де,тозып, жүдеген кезі де аз емес.Соны шын жүрегімен сезе білген Елбасымыз әлемдегі дамыған мемлекеттердің бай тәжірибесін таразылай отырып, тәуелсіздігін жаңа алған еліміздің жаһандық өркениет көшіне қосылуының бірден-бір дұрыс жолын нұскап жүзеге асыруда.
Қазақ өзімен өзі тату болмай, өзгемен ешқашан да тату бола алмайды.Қазақты еш уақытта сырттан жау алған емес, қазақ әлсіресе алауыздықтан әлсіреп, күшейсе бірліктен күшейген.Бойында қаны, намысы бар әрбір азамат енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек,көгертеміз деп ой-санасын қамшылауы керек.
Біз бүгінде тәуелсіздігімізге жиырма үш жыл толған ел болып,басқаға жалтақтайтын күннен кеттік.Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік.Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік.
Азаттықты аңсаған ерлеріміздің ерен ерлігі мен төккен тері текке кетпей, аталар арманы ақиқатқа айналған біздің «Қазақстан» деген айбынды да айбарлы мемлекетіміздің,өрлігімен өз орнына таласқан төрткүл дүние саясатта санасқан мәңгілікел- Қазақстанымыздың жұрты аман, елі тыныш болғай!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием