Жеңдік жауды күресте

Ер есімі – ел есінде
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
Т. Жароков
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.....
Шығармалар
Толық

Батырлардың еңбегін еске түсір

Соғыс. Соғыс - күйретуші күш!!! Күйретуші күш дейміз – ау. Осыдан 71 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталған болатын. Бұл соғыс талай – талай отбасын әбігер қылып, қарапайым халықтың күнделікті тұрмысында құтын қашырып, үрейлендірді, тіпті жер жастандырды десек те болады. Бұл соғысқа талай аталарымыз, апаларымыз қатысып, елін жаудан қорғады. Ол кезде ата-апаларымыз әлі бесіктен белдері шықпаған еді, сонда да елін, кіндік қаны тамған туған жерін сүйгендіктен: «Отанымызды қорғаймыз » -деп алға қарай ұмтылды, еш аянбады. Бұл ата-апаларымыздың елі, жері үшін сүйіспеншілігі, төзімділігі еді. Бұл кез «Қайтсем елімді жаудан қорғаймын, аман есесн құтқарамын», - деп шырқырап жанын аямай шырылдаған кез. Фашистердің арманы бізді жеңіп шұрайлы жерімізді тартып алу еді, бірақ бұл армандары орындалмады, жүректері «Елім» деп соққан ержүрек жауынгер апа – аталарымыз қасқайып қарсы тұрып күн демей, түн демей қасық қаны қалғанша елін жауынан қорғады. Қазақтардың сол кездегі Жеңіске қол жеткізген кездегі қуанышын көргенде, бәріміз жылар едік!!!
Біз бұл күнге ата-апаларымыздың арқасында жеттік. Олардың көз жасымен, қанымен, жанымен, күшімен, сімен, ерлігімен атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, үлкен асуды бағындырып, туын көкке көтеріп, жеңістің таңбасын басқан күн-Жеңіс күні. Біз үшін 9 мамыр–Ұлы Жеңіс күні мерекесі. Бұл күн халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл мерекені мен «Ұлы мереке» - деп айтар едім.....
Шығармалар
Толық

Еліміздің тағлымды тарихы

Міне, көзді ашып жұмғанша уақытта зымырап өтіп бара жатыр. «Уақыт – ұлы дәрігер» дегендей, халқымыз бастан кешірген сұрапыл қайғы мен қасірет жеңілденді, ер-азаматтарымыздың төгілген қаны мен тері өзінің жемісін беруде. Ұлы Жеңістің 71 жылдығы және Ұлы Отан Соғысы басталуына 75 жылдығы да жақындап келеді. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары да азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Сол себепті біз ардагерлерімізді құрметтеп мақтан тұтуымыз керек. Батыр дегеніміз- ел басына күн туған шақта ел-жұртын жанын аямай қорғай білу. Қазақ халқы- ежелден батыр халық. Бұған сан ғасырлық тарихымыз, батырлық дастандарымыз айғақ. Сол шайқастарда талай боздақтарымыз қыршыннан қиылды, елінің болашағы үшін жанын пида етті. Ауыл тұрмысын жақсартуда сүт-тауарлы фермасын ашып, ел болып қыруар еңбек жасағанын әңгімелегендерін үлгі –өнеге ретінде қабылдаймыз. Сол кездердегі үлкен тұлғаларда біздің ауылдың қадірлі қонағы болған. Солардың бірі – Дінмұхамед Қонаев ауыл ақсақалдары мен еңбек ардагерлері, үлкен-кішілерімен кездесіп қолын алды.«Қазақта Димекеңдей кемеңгер тұлғалы адам кемде-кем. Тағдыр маған онымен үш мәрте көзбен көріп, кездесуді жазыпты» деп әңгімелейтін атам. .....
Шығармалар
Толық

Ұлылар ерлігі –ұрпаққа үлгі

Соғыс-халықтың күш-қуаты, ерлік- жігерін сынайтын ұлы емтихан.
Б.Момышұлы
Міне, Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалған қанды майдан жылдарының аяқталғанына 71 жыл. Адамзат үшін аз уақыт болмаса да , тарих үшін көп емес. Алайда, мыңдаған ананы бауыр еті баласынан,талай жанды сүйгенінен , қаншама бауырды бір-бірінен айырған бұл соғыстың қазақ тарихында алар орны ерекше, салған жарасы терең, соғысты көзімен көрген ата-әжелеріміздің еске түсіргенде көзіне еріксіз жас келуі осының белгісі.
«Ердің туы – намыс» деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай сол замандағы КСРО елдерін жаулап алу мақсатында басталған сұм соғыста біздің ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз намысты қолдан бермей , біздің болашағымыз үшін аянбағанына, қасық қаны қалғанша Отанын қорғанына тарих куә. Барша адамзаттың жадында сақталған бұл соғыс артында өшпестей орны толмас өкініштерді қалдырды. Бізге , қазіргі жас ұрпаққа, қаншама боздақтарды қыршынынан қиып, талай елді-мекенді жермен жексен қылған сұм соғыс жылдарын еске алудың өзі үрей туғызады. Біздің бейбіт аспан астында алаңсыз өмір сүріп жатқанымыздың бағасының қаншалықты қымбат екенін тарих беттеріне зер салып қарасақ, еріксіз сезінуге болады. Фашистік Германия ашқан бұл соғыс миллиондаған адамның өмірін жалмап, талай шаңырақты шайқалтты, талай боздақтар өмірдің қызығын көрместен, бақилық боп кетті.....
Шығармалар
Толық

Еліміз ерлерімен мақтанады

Ерлік ұмытылмайды Ежелден ер тілегі – ел тілегі, Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Б.Момышұлы
Соғыс... Соғыс дегеніміз қантөгіс, қайғы-қасірет. 1941 жылдың 22 маусымында басталған соғыс 1418 күнге созылған. Кеңестер Одағына тұтқиылдан ескертусіз соғыс ашқан неміс фашистері адамзат баласына зор қайғы-қасірет әкелді. Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең үлкен қасіретті майдан, Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болды. Жеңіс... Біз үшін Жеңіс күнінен қымбат мереке жоқ. Ұлы Жеңіс аға ұрпақтық Ұлы ерлігін ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі күн. 9 - Мамыр – Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыс ойранын салмаған, отына шарпылмаған отбасы жоқ шығар, сірә. Ана сүйікті ұлынан, ару асыл жарынан, бала аяулы әкесінен айрылды. Соғыста қираған қалалар мен ауылдар қалпына келтірілді. Бірақ соғыс жарасы әлі жазылған жоқ. Әлі де хабарсыз кеткен ұлын, бала әкесін іздеген хабарды теледидардан жиі көреміз. Біз соғысты көрген жоқпыз. Ұлы Отан соғысы туралы кітаптардан оқып, фильмдерден көрдік Соғыс тақырыбында әлі де кітаптар, фильмдер шығарылып, өлеңдер мен әндер де жалғасын табуда. Осынау қиыншылықпен келген жеңіс қалайша ұмыт болмақ?! «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды». Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткішіне қашалып жазылған. Кешегі ел басына күн туған қатерлі шақта аға ұрпақ өкілдері бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді жанқиярлықпен қорғады. Соғыс көптеген ерлердің есімін елге танытты. Талғат Бигелдинов пен Сергей Луганский, Мәлік пен Бауыржан, Әлия мен Мәншүк ерліктері туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.
Ерліктің арқасында бақ қарады....
Шығармалар
Толық

Қайсар жүректі солдаттарым

1941 – 1945 жылдар барша қазақстандықтар үшін өкініш пен жұбанышқа, қайғы мен қасіретке толы кезең ретінде мәңгі есте қалады. Келешек ұрпақтың жарқын, тәуелсіз болашағы жолында аға – әпкелеріміз сұрапыл соғысқа қатысып, жанкешті ерлік көрсетті. Жеңіс туын желбіретіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру біздің батыр ағаларымыздың асыл арманы болатын. Жеңісті жақындатуда қаһармандық пен қайсарлық танытып, елжандылық пен елдіктің символына айналған ұлы бейне Бауыржан Момышұлы сұм соғыста еліне деген асқан сүйіспеншілігі мен жеріне деген шексіз құштарлығының арқасында жауға тойтарыс бере білді. 1941 жыл. Ызғарлы қыс. Түн. Волоколам тас жолы. Қарға омбыған бір топ әскер жер бауырлап, бір ізбен алға жылжып келеді. Осы әскерді үстіне қалың тоңды бүркене киген, мылтық асынған, сұсты командир басқарып тұр. Бұл жерде жаңа ғана қанды шайқас болып өтті. Анадай жерде қалпағын мұз басқан, кірпігін қыраудан аша алмай отырған сержант радио арқылы штабпен байланыса алмай жатыр. Қаһарлы қыстың әсерінен батальоннан 3 күн бұрын байланыс үзілген. Тіпті, «Батальон жау қолында қаза тапты» деген сыбыстар да ел арасында тарап кеткен. Анда – санда командир : « Бір солдат мың қолға татиды, берілмейміз! » - деп өз әскеріне рух беріп қояды. Солдаттар мұндай рухты сөздерді естігенде бойларына жылу барып, қандары тулап бір – бірлеріне қарап, «Біз жеңеміз!!!» дегендей болады. Бұл командир – Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлының батальонды басқарып келе жатқанына 3 күн, 3 түн болды. Бауыржан Момышұлы бір сәтте қалың ойға шомып, кері шегінудің жоспарын құра бастайды. «Эх, мына соғыс тым ұзаққа созылып кетті.....
Шығармалар
Толық

Соғыс және балалар

Бала және балалық шақ. Балалық шақ та әртүрлі болады: кейбіреудің балалық шағы бұлтсыз бейбіт аспан астында алаңсыз өтсе, бір ұрпақтың балалық шағы қатал да қиын тағдырлы. Ұлы Отан Соғысы. Қанша тағдырдың тамырына балта шапқан, балалықтың бал күнін «соғыс» деген суық сөздің ызғарымен қарыған 19411945-ші жылдар. Мен осы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өзіміз қатарлы балалар жайында оқып білгенді ұнатамын. Сондықтан да он бес одақтас республика бір үлкен Отан болып есептелген Советтік Отанды неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге атсалысқан жас батырлар туралы жазып отырмын.
Соғысқа дейін олар жәй ғана қарапайым балалар болатын. Мектепте оқып, үлкендерге қолғабыс беріп, доп қуып жүрген ойын балалары еді. Оларды тек туыстары мен бірге оқыған достары ғана танитын. Кенет соғыстың сын сағаты жетіп, кешегі балалар өздерінің Отанды қандай үлкен жүрекпен сүйетінін дәлелдеді. Иә, соғыстың ауыртпалығы сол кездері балаларға да түсті. Бірақ ол ауыртпалықты жас балалар көтере білді, шыбықтай жас қабырғалар одан қайыспады да. Соғыстың алғашқы күндерінде –ақ Брест қамалын қорғауда музыка взводының тәрбиеленушісі он төрт жасар Петя Клыпа ержүректілігімен ерекшеленіп, І дәрежелі Ұлы Отан Соғысы орденімен марапатталды. Көптеген пионерлер партизан отрядтарында барлаушылық қызметін атқарды, кейбіреулері астыртын жұмыстарға қатысып, диверсант та бола білді. Пионер Зина Портнова Витебск облысында «Кек алушылар» отрядында жауға қарсы күресті, осы астыртын ұйымда жүріп ол комсомол қатарына қабылданды. Сатқынның ұстап беруімен қолға түскен Зина жауап алу кезінде үстелден пистолетті алып үлгереді, сөйтіп, тергеуші мен екі қарауылын атып қашуға әрекеттенеді......
Шығармалар
Толық

Қаһарман ұрпаққа тағзым

Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы
Мен бейбіт заманның ұрпағымын.Қасіретті соғысты мен түгіл менің ата-анам да көрмеген.Елімізде тыныштық орнап, әрбір арайлап атқан таңды қуанышпен қарсы алғалы да 71 жыл.
Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз.Себебі соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Тарих беттерін парақтасақ адам-адам бол-ғалы осылай. Талай рет үстемдік,байлық үшін адам қаны суша аққан.Әріге бармай-ақ 50 миллионнан астам өмірді жалмаған Ұлы Отан соғысын алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте соғысты әділетсіздік,жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағнетті.Қарапайым халыққа қасірет әкел-ген,қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңіске жеткен емес.
Таң алдында,тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен бірге адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ.Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты.Қырда қойшы қойын тастап,таягын винтовкаға айырбастады,ойда диханшы трактордан түсіп,танкіге отырды.Ол кезде бүкіл ел сол-дат болды.Сол жылдардың біз секілді бозбала,бойжеткендері ақын болуды,инженер болуды,оқымысты болуды армандаған еді.Алайда олардың армандарының қанатын сұм соғыс қырқып түсірді.....
Шығармалар
Толық

Жеңіс туын желбіреткендер

Сын сағатта ерлігіміз де, елдігіміз де бойымыздан табылды.
Н.Ә.Назарбаев
Мен өмірге келдім, алғаш рет анамды көрдім. Ия, ол маған өмір сыйлады, бағып-қақты, аялы алақанымен өсірді. Енді мен бақыттты баламын. Көзімді ашып жан-жағыма қарасам, бәрі-бәрі керемет! Мектепке келесің, білім аласың, емін-еркін ойнап-күлесің. Осындай тамаша өмір оңайлықпен келмегенін сәби жүрегім сезеді. Оған себеп – «соғыс» деген қарғыс атқыр сөзді айтып, атам еріксіз көзіне жас алатын. Соғыс. Осы бес әріптен тұратын қатыгез де сұмдық сөз құлаққа түрпідей тиетіні рас. 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат төртте неміс фашистері бейбіт жатқан біздің Отанымызға опасыздықпен шабуыл жасады. Шырт ұйқыда жатқан қарапайым халық ұйқысынан шошып оянды. Соғыс 1418 күнге созылды. Отан үшін қан майданға әкелер мен ағалар, аталарымыз аттанды.
Алақандай ауылымыздан да қаншама боздақтар жауға қарсы соғысты. Солардың бірі – менің атам Тәжімбетов Іскендір. Жастық шағының қиын кезеңдерін, әсіресе соғыс майданындағы ауыр арпалыстарды, күні-түні ұйқы көрмей, дамылдамай, жауға қарсы шайқасқанын, жолдастарына оқ тиіп, майдан даласында көз жұмғандарын атам үнемі әңгімелеп отырушы еді. Ол майданда «Катюша» машинасын жүргізген. Жаулармен бетпе-бет кездескенін, ұрыс даласында қаншама жора-жолдастарының қалғанын есіне жиі алатын. Ескі суреттерге қарап, көзі жасаурайтын, жиі ойға шоматын ауылымызда қазір бір ғана ардагер қария бар....
Шығармалар
Толық