Батырлардың еңбегін еске түсір

 Батырлардың еңбегін еске түсір

Мырзаш Нұрсұлу
5 сынып, № 202 орта мектеп
Жалағаш ауданы
Жетекшісі:Кеңесбаева Г.О.

Соғыс. Соғыс - күйретуші күш!!! Күйретуші күш дейміз – ау. Осыдан 71 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталған болатын. Бұл соғыс талай – талай отбасын әбігер қылып, қарапайым халықтың күнделікті тұрмысында құтын қашырып, үрейлендірді, тіпті жер жастандырды десек те болады. Бұл соғысқа талай аталарымыз, апаларымыз қатысып, елін жаудан қорғады. Ол кезде ата-апаларымыз әлі бесіктен белдері шықпаған еді, сонда да елін, кіндік қаны тамған туған жерін сүйгендіктен: «Отанымызды қорғаймыз » -деп алға қарай ұмтылды, еш аянбады. Бұл ата-апаларымыздың елі, жері үшін сүйіспеншілігі, төзімділігі еді. Бұл кез «Қайтсем елімді жаудан қорғаймын, аман есесн құтқарамын», - деп шырқырап жанын аямай шырылдаған кез. Фашистердің арманы бізді жеңіп шұрайлы жерімізді тартып алу еді, бірақ бұл армандары орындалмады, жүректері «Елім» деп соққан ержүрек жауынгер апа – аталарымыз қасқайып қарсы тұрып күн демей, түн демей қасық қаны қалғанша елін жауынан қорғады. Қазақтардың сол кездегі Жеңіске қол жеткізген кездегі қуанышын көргенде, бәріміз жылар едік!!!
Біз бұл күнге ата-апаларымыздың арқасында жеттік. Олардың көз жасымен, қанымен, жанымен, күшімен, сімен, ерлігімен атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, үлкен асуды бағындырып, туын көкке көтеріп, жеңістің таңбасын басқан күн-Жеңіс күні. Біз үшін 9 мамыр–Ұлы Жеңіс күні мерекесі. Бұл күн халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл мерекені мен «Ұлы мереке» - деп айтар едім. Өз басым ұлы Жеңіс мерекесін асыға күтемін. Себебі: Үлкен ата – апаларымның ерлігін, құлағыммен естіп, теледидардан көзіммен көрген уақытта ерекше бір сезімге бөленемін. «Бізді ата-әжелеріміз жаудан осынша қан төгіп, осынша ерліктің арқасында аман алып қалған екен ғой» деген ой түйіндеймін. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған, қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол –өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске оңай жолмен емес, ештеңеге теңеспейтін ғажап та тылсым күштің арқасында жеттік. Ол күш-әрине, «Бірлік », «Ынтымақ». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы деп білемін.
Соғыстан кейін дала қан сасыды. Мыңдаған тіпті одан да көп адам қаза тапуып, келешек ұрпағы үшін өмірімен қош айтысты. Қаншама отбасы қынжылып, қиналды. Жас балалар әкесін сағынды, жас аналар жұбайын сағынды, ата-әжелеріміз балаларын сағынды. Әр отбасыға бұл соғыс қаралы хабар алып келді. Біздің Мәншүк апамыз, Әлия апамыз соғыс болып жатқан кезде фашистердің қолынан қаза тапты.
Қазақ қыздарының қанында болатын қырық жанын аямай, Елін, Отанын жаудан қорғап, сол жауға қарсы тұрды. Біз бәріміз пулеметші апамыз Мәншүк Мәметованың, мерген апамыз Әлия Молдағұлованың ,даңқты жауынгер атамыз Бауыржан Момышұлының артына мұра қылып қалдырып кеткен өсиеттерінен, қасиеттерінен үлгі – өнеге алуымыз керек.Себебі бұл кісілер мен үшін бізді және елімізді жаудан қорғап қалған абзал жандар. Бұл кісілер өте күшті, батыр, ержүрек болған. Біздің елімізде осы жандар секілді азаматтар көбейеді деген үміттемін. Мен де осы батыр ата-апаларымыздың орнында болсам, елімді, жерімді қасық қаным қалғанша, аянбай қорғар едім. Біз Жас ұрпақпыз. Біз өз елімізді аянбай қорғауымыз керек. Мен ешқашан соғыс болғанын қаламаймын. Қазіргі таңда Еліміз тыныш, бейбіт өмір сүруде. Қайсар рухты, бірлігі мен ынтымағы, достығы жарасқан Қазақ Елі мәңгілік жасасын!!! Ынтымағы жарасқан ел ешқашанда азбайды, Бірлігі жарасқан ел ешқашанда тозбайды. Алдағы уақытта елімнің тыныштығын, Көк Туымның ешқашанда құламауын, дүние есігін ашқын кішкене сәбилердің жыламауын, халқымның ауызбірлігін тілеймін. Ешқашан, ешқашан соғыс болмасын!!! – дей отырып, төмендегі жүрек жарды жыр жолдарымды Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен ата – апаларымның рухтарына арнаймын
Ұлы Отан соғысы
Ауыр соғыс зардабы естелік-сыр,
Естелік сыр, көңілде кестелеп тұр.
Сол бір соғыс жылдары майдан кешкен,
Батырлардың еңбегін еске түсір.
Қаншама фашистпен ұрысты, соғысты,
Солдаттары азайып, қандастарымен толысты.
Кеудесінде қасықтай қаны қалғанша,
Қасқырдай ,қайсар рухпен ұмтылды алға, тырысты.
Таңы атып жеңістің, «Уралады» халқымыз,
Бүкіл елім қуанды, кәріміз бен жасымыз.
Азапқа толтырған кей ананың жүрегін,
Соғыс,сенің осынша сұм екеніңді білмедім.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру