Экономика | Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу нарығындағы мәселелер

Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметлерімен де айқындалады. Агробизнес кешені нарықтың әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді, соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр түрлі үлгілерін танытады.
Ауыл шаруашылығы өндірісі рыногінің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: ауыл шаруашылығы — рыноктік құрылым мен қарым-қатынас жүйесі әлі де сақталған, ерікті бәсекелестік рыногіне барлығынан жақын турған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмендегідей:
Біріншіден, ауыл шаруашылығы рыногінде тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп. Айталық, АҚШ-тың ауыл шаруашылығында 1987 жылғы соңғы халық санағына сәйкес фермерлік шаруашылықтардың саны 2 млн. 176 мың құрады. Бұл — олардың барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға болмаса да, аз сан емес.
Екіншіден, ерікті бәсекелестік рыногі болып саналатын ауыл шаруашылығы рыногінің белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Арал теңізінің экологиялық мәселелері

АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 - 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шарлашылық мақсаттарға үздік өңдеу алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды (қ. Арал апаты). А. т. көне замандардан белгілі. Ежел гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" есептесе, А. Македонский кезінде , Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аТЫ) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент ті Кердері т. сияқты аттарында бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхак әл-Истахри (10 ғ.), ӘбуАбдал-лаһ Мүхаммед әл-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 г.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. Теңіз табиғатын жан-жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 - 49 ж. әскери теңізші әрі зерттеуші А.И. Бутаковтың экспедициясы А. т-нің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, 1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | Жоқтау және соған ұқсас нәрселерге тиым салу үкімі

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Дүйім жұртқа белгілі жұмыр жердің бетіндегі бір жарым миллиард халықтың ұстанатыны Аллаһ тағаланың хақ діні-Ислам біздің елімізде де даму үстінде. ҚМДБ-ның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі өз сөзінде:
«Тәуелсіз еліміздің рухани өмірінде дініміздің алар орны мен маңызы артып келеді» дегендей. Жүзден астам ұлт пен ұлыстар мекен етіп өзара тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан халқының жетпіс пайызы да осы қасиетті Ислам дінінде.
Орта Азияның түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының Исламды тек қабылдаушы болып қалмастан, қайта Ислами мәдениеті мен өркениетіне үлкен үлес қосқандығы нақтылы деректермен дәйектеледі.
Осы Мауера-ән-наһір өлкесінен шыққан нақты қазақ жеріне келсек,Әбу Насыр әл-фараби бастаған атақты Отырар ғалымдары плеядасы, Тараздан шыққан әл-Тарази есімді ғұламалар, Каир мен Дамаскідегі мәдениет, ғылым ошақтарында қызмет еткен және сонда қайтыс болған ғалым бабаларымыз туралы терең ой жүгіртіп, деректерге сүйене отырып ой толғаған.
Жалпы, осыдан 10-15 жыл бұрынға дейін қазақ жазба әдебиеті Абайдан басталады деп келсек, кейінірек оны шегіндіріп он бес ғасырға дейін апарғанбыз. Ал, хазірет муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі өзінің нақты дәлелдерімен оны ары қарай он шақты ғ. шегеріп тастайды. Соның дәлелі ретінде:....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Алматы қаласы мысалында әлеуметтік процестерді мемлекеттік саясат мәселелері

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде нарыққа өту барысында аймақтық экономикалық саясат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, аймақ саясаты аймақтық экономикалық саясаттың нақты бір көзқарасы жоқ десек болады.
Аймақтық саясат – көпмағыналы ұғым, әртүрлі мәндерде кеңінен қолданылады. Көбінесе осы ұғым қолданылатын сипаттамадағы негізгі 3 проблемаларды көрсетуге болады:
1. Билік және атқарушы органдар және биліктің аймақтық органдары арасындағы әртүрлі түрдегі қарым-қатынастарды сипаттау;
2. Кәсіпкерлік және өмір деңгейі жағдайында мағыналы аймақтық өзгешіліктерді игеру мақсатымен және территориялдық құрылымды дамытуға мемлекеттің араласуы;
3. Аймақтық және саясатын сипаттауда: әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, аймақтық және тағы басқалар
Экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың негізігі аспектісі тұлғалардың әлеуметтік топтар арқылы қоғаммен өзара іс-әрекеттесуін сипаттайды. Сондықтан да экономикалыө процестер қандай да бір әлеуметтік сипатқа ие болады, содан белгілі бір салдарға алып келеді.
Радикалды әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін рыноктық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық эконеомика ие болып отыр. Тек аймақтын барлық табиғи, экономикалық-әлеуметтік, демографиялық, географиялық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдаларын жан-жақты қатаң есепке алу ғана, экономиканың өсуі мен әлеуметтік процестердің жақсаруына қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | М. Жұмабаевтың «педагогика» атты еңбегіндегі психологиялық мәселелер

Кіріспе
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Сөз болып отырған кезеңде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің сан қырлы мәселелері бойынша қалам тартып, ой бөлушілердің қатары молайып еді. Ұлттық мінез-құлық – әлеуметтік-психологиялық категория. Ол халықтың шаруашы лығы мен тұрмысының өзгешелігі, қоғамдық құрылыс пен табиғат жағдайының, мәдениет пен нанымшылдықтың, басқа халықтармен қарым-қатынас формаларынан көрінеді. Ол адамның дағды, талғам, тәртібінде, дүниетаным байланысын да, сыртқы ортаның құбылыстарын ұғыну, халық өмірінің жан-жақты алғышартының себебінен адам психологиясының сезім-әрекеті сипатында көрінеді.
Олай болса тәрбие – мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырылып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәжірбиелерін үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оның ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірбиеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру маңызды міндеттердің бірі. Міне сол міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады.
Ұлттық мінез биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс, яғни, өмір жағдайымен, тарихи ортамен тығыз байланысты. Мәселен, қазақтың өткен заманындағы психологиясы мен осы кездегі мінезінде айырмашылық бар. Әсіресе, кеңес заманы салтанат құрып тұрғанда ұлттық психология көп өзгеріске ұшырады. Әрине, мұның пайдалы жақтары да, тиімсіз тұстары да кездеседі.
Ұлттық сана-cезімнің қалыптасуына рухани-мәдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар үлкен рөл атқарады. Ондай шығармаларда халықтың сана-сезімінің дамуына ерекше әсер ететін көңіл-күй, эмоциялық сипаттар бейнеле неді. Мәдениеттің белгілі қайраткерлері өз халқының тарихы на үңіле отырып, ондай шығармаларды өздері дүниеге әкеледі.
Осы айтылғандарға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, әсіресе, оның тәлім-тәрбие, ұлттық психологиялық асыл қазыналарын ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс. Туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев. Мағжан өз еңбегінде педагогика мен психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Мектеп оқушыларының мазасыздануының психологиялық мәселелері

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы түрлі өзгерістер, жан-жақты карқынды дамуға байланысты кез-келген адам үнемі түрлі стресс жағдайларымен соктығысып отыратындығы жасырын емес. Экономикалық, саяси тұрақсыздық адамның өзіне, өзге адамдарға, ситуацияларға деген сенімділік сезімін жоғалтады.
ХХ-шы ғасырдың басында шетелдік және отандық психологияның өзекті мәселелерінің бірі жағымсыз эмоционалды жағдайларды, яғни ашу, агрессия, кінәлау сезімі, мазасыздану, стресс, дистрессті зерттеу болды.
Психология тарихында мазасыздануды түсіну ең алдымен жеке тұлға туралы түрлі теориялық дамуымен байланысты. Ең алғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З.Фрейд болды. [1,2,3,4]
Ол былай деді: "мазасыздануды бәсеңсіту үшін, адамның психикасы сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу деген сияқты қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық сезімі жеке адамның дамуын тежелтеді, себебі онымен күресу үшін көп энергетикалық күш-қуат жұмсалады".
Бірақ, бұл Фрейд бойынша мазасыздануды жоюдың бірiнші тәсілі ғана. Екіншісі, жағдайларға тікелей мойын бұру болып табылады.
Фрейдтің оқушылары, неофрейдистер яғни Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливан және т.б мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік кайта қүрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э.Фромм былай деп жазады, мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл бөледі. К.Хорни мен Г.С.Салливандар мазасыздануды ана мен баланың қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді. [1,2,3,4,5,6,7,8,].
Мазасыздану проблемасына өте жиі гуманистік бағыттағы психологтар К.Роджерс, В.Франкл, А. Маслоулар мән берді. Олар өзгелерге қарағанда, өзін-өзі дамытуға ұмтылған дені сау жеке тұлғаға катысты түсіндірді. [9,10,11]
Л.С.Выготский өз зерттеулерінде үнемі мына құнды жайтты ескертті: яғни, адам психикасы тұтас процесс ретінде зерттелуі тиіс. Адамның жеке тұлғасының интелектуалды және аффективті жақтары арасында тығыз өзара байланыс болуы тиіс. Кеңестік дәуірде психологтар көбінде интеллектуалды аумақты зерттеуге аса мән берді. Ал, эмоционалды күйлерді зерттеу идеологиялық себептерге орай рұқсат етілмеген еді. Мазасыздануды орыс нейрофизиологтары И. М, Сегенов, И. Павлов, В. М. Бехтеревтер де өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Жалпы психологияда эмоционалды күйлердің проблемасы Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Ф.Е.Василюк, Рубинштейн еңбектерінде де қарастырылды. Олар эмоционалды күйлердің базалық, теориялық негіздерін қарастырды.
Мазасыздануды эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С.Д.Спилбергер (С.D.Spielberder) және оның ізбасарлары бастаған. Бірақ әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының механизмдері айқын емес. [12,13]....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда, Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық қазақстан (Сарышаған, Байқоңыр, Балқаш), Оңтүстік қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Рио-де-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ – ның қоршаған орта бойынша өткізген конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологияны тұрақты дамытуға талпынысы т.б.) бойынша қабылданған шешімдер білім мен тәрбиені экологияландыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жеткіншектердің экологиялық білімі мен тәрбиесі міндеттерінің маңыздылығы арта түседі [1;2].
Өркениетті елдермен қатар Егеменді Қазақстан Республикасы да Рио-92 қабылдаған шешімге парасаттылық көрсетіп, біздің қоғамның приоритетті дамуының стратегиялық бағыттағы “2030” тұрақты дамуының сара жолын көрсетті [3].
Одан кейін де Елбасының мемлекеттік экосаясаты мен экономикалық саясаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әлемдік деңгейдегі үрдістеріне үн қосып “адам – қоғам – табиғат” арасындағы гармониялық үйлесімділіктің теориялық аспектілерін тұжырымдады. Бүгінгі таңда “Білім туралы” Заңдарды жетілдіру және білім сапасын әлем кеңістігінің білім деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Яғни нәтижеге бағытталған білім сапасын өміршең ету жоспарлануда.
Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды [4;5;6;]. Соның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” (2003 ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді [7]. Елбасының №1241 (2003) Жарлығымен мақұлданған бұл тұжырымдама ҚР “Қазақстан Республикасының конституциясы’, “Білім туралы” заңына сәйкестендірілген бірден-бір мемлекеттік білім мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші құжаттардың бірі болды [8;9].
Экологиялық проблеманың пайда болуы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Адамзат экологиялық тұрғыда қоғамды дамытудағы көзқараспен байланыстағы жаңа менталитетті қалыптастыру қажеттігін ойындайды. Әлеуметтік әрекет құралы ретінде қоғамдық экологиялық таным әлеуметтік бақылаудың барлық механизмдерін дұрыс іске асыруды қамтамасыздандыруы қажет, тұрғылықты халық қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне, сонымен бірге оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне аса назар аударғаны жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі:
Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады.
Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді.
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.
Аномальды балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.
Аномальды балалар тәрбие ісінде, оқытуда көптеген қиындықтар келтіреді. Әдетте, кемістігі бар бала ақыл-ойы мен өсуінің бұзылуы оның организмі жаңадан қалыптаса бастаған кезде пайда болады. Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болатындықтан, аномальды балаларды зерттеу қиындай түседі. Бұзылудың қандай түрі болмасын баланың өсіп-дамуына өз тарапынан ерекше әсер етеді.
Дефектология курсының мақсаты әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру.
Осы курстың міндеттері:
 дефектология ғылыми білімінің саласы ретіндегі ұғымы туралы, оның тарихы, қазіргі кездегі жағдайы және оның дамуының бағыттары жайлы білімдерді беру;
 мүмкіндіктері шектелген балалардың негізгі топтарына психологиялық сипаттама беру;
 арнайы мекемелердің әр түрлі типіндегі білім беру жүйесін, яғни білім беру мазмұнын, принциптерін, оқу тәсілдері мен формаларын ашу;
 мүмкіндіктері шектелген балалардың әлеуметтік еңбекке бейімделуінің жолдарын көрсету;
 дамуында ауытқуы бар балаларды интерактивті тұрғыда оқытудың үлгісін ашу;
 балалардың бойында кәсіби және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
 балалардың физикалық дамуын, ақыл-ойын терең және жан-жақты зерттелуінің объективті заңдылықтарын жүзеге асыру;
 аномальды балалардың кемістігін жою, түзету және орнын толтыру мүмкіндіктерін іске асыру;
 аномальды балалардың қоғамдық ортадағы өмірі мен белсенділік ерекшеліктерін зерттеу;
 аномальды балаларды тәрбиелеу жүйесінің даму принциптерін, білім алуын жақсартуды жолға қою;
 арнаулы мектептердегі оқушыларды практикалық белсенділікке даярлау.
Баланың дұрыс қалыптасуына негіз болатын басты жағдайлар:
1. Баланың бас миының дұрыс қызмет жасауы;
2. Баланың физикалық жағынан дұрыс дамуы;
3. Сезім мүшелерінің сақталып, дұрыс қызмет атқаруы;
4.Балалардың бала-бақшаларда, жанұяда, мектепте жүйе бойынша оқытылуы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Филология | Олжас Сүлейменов және түркітану мәселелері

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Олжас Сүлейменов - ХХ ғасырдың ірі қоғам қайраткерлерінің бірі.
Заманымыздың аса ірі қаламгері, мемлекет және қоғам қайраткері әр шығармасында түркі дүниесінің әлемдік мәдениетке жасаған ықпалын тарихи лингвистика арқылы бұлтартпастай етіп дәлелдеп келеді. Ақынның соңғы жылдар бедерінде адамзат өркениетінің қандай жолдармен дамығаны, ұлттардың бағзы замандардан бергі бір-біріне ықпалы, мәдениеттер сабақтастығы, салт-дәстүрге жұғыстығы туралы түбегейлі әрі ауқымды зерттеулері ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Оның түркітану ғылымына қатысты зерттеулері мен зерттеу барысында қолданған әдістері, жасаған тұжырымдарының дәстүрлі емес түркітануда маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Олжас Сүлейменовтың түркітанудағы көзқарастарын жүйелеу. Осы мақсатты айқындауда мынадай міндеттер анықталды:
- Ғалымның түркітануға қатысты еңбектерін қарастыру;
- О.Сүлейменовтің түркітанудағы пікірлерін, жұмысын анықтау;
- Түркітану ғалымдар мен О.Сүлейменовтің зерттеулеріндегі әдістер сабақтастығы мен көзқарас, тұжырым айырмашылықтарын қарастыру.
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста ғалымның түркітанудағы алатын орны туралы кең ашылып айтылған. Бүкіл түркі ғылымы мен славистика ғылымын дүр сілкіндірген “Аз и Я” кітабының құндылығы бүгінгі күнде де өзекті. Еңбектің негізгі зерттеу нысаны – орыстың әйгілі “Игорь полкі туралы жыр” болып табылады. Бұдан кейін ғалымның түркітануға байланысты көптеген мақалалары газет-журнал, басқа мерзімді баспаларда жарық көріп отырған.
Ғалымның тағы бір еңбегі “Таңбалар тілі. “1001 сөз” деп аталады. Бұл еңбек “1001 сөз” деп аталатын этимологиялық сөздікке дайындық ретінде жазған. Мұнда автор дәстүрлі қалыптан өзгеше әдіспен, яғни сөздің тууын алғашқы сызылған таңба белгісімен тамырлас байланыстыра қарастырып, түсіндіреді.
Жазушының келесі еңбегі “Тарихқа дейінгі түркілер” деп аталады. Атаулы еңбекте түркітану мен славистикатану ғылымдарының арақатынасы мен бір-бірімен тығыз байланысы айқын берілген.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде түркітану бойынша зерттеулер, О.Сүлейменовтің “Аз и Я”, “Таңбалар тілі. “1001 сөз”, “Тарихқа дейінгі түркілер” еңбектері, түрлі мақалалары және баспасөэ беттерінде жарияланып отырған сыни-мақалалар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие берудің мәселелері

КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. Мектепте білім берудің мақсаты - ... жеке тұлғаның сапалы терең білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру деп көрсетілген.
Педагог ғалымдардың еңбектерінің негізі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбаны өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру, мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады.
Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский былай деп жазған: "Әдемілікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін". Эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі. Яғни эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таңым ынтымақтыққа, бірлікке, адамгершілікке, шыншылдыққа, патриоттыққа, мейірімділікке, тәрбиелейді.
Бүгшде мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушыларының ақыл-ойы сана-сезімін жетілдіруде эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндігін ерекшелей келе, ұстаздардың кәсіби даярлығына ерекше талаптар қойып, оның психологиялық және педагогикалық жолдарын зерттеуді алға қоя отырып диплом жұмысының тақырыбына арқау болатын актуалды, көкейкестілігін анықтауды жөнкөрдік.
Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік деңгейді жетілдіру, оқыған кітіп, көрген кинолар мен музыкалық шығармалар санын көбейту ғана емес. Ең бастысы, адамгершілік, этетикалық сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту, мінез – құлқын түзету, әсемдікті түсіне білу. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, өз әрекеттерінің әдемілігін, қажеттігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерінің жоғарв жетіле бастағанын көрсетеді.
Мектепте оқушлар мен оқытушылар, тарбиеленушілер арасындағы, кіші және ересек оқушылар арасындагы таза адамгершілік қатынастардан өзіндік эстетиканы байқауға болады. Қатынас кезінде олар өзара түсінушілікке дағдыланады, ортақ тіл табысады, өмірге өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, Сократ дана айтқандай "әдемілікті бірлесіп іздеуде" таптырмайтын мүмкіншіліктер алады. Қатынас - ол тек қана оймен ғана адмасу емес, сезім және әсерленушілікпен де алмасу. Қатынас неден құралады немесе, басқаша айтқанда, қатынастың әдістері қандай? Олар: - көзқарас, сөз, дауыс ырғағы, ым, ишарат, дене қимылы. Бұл амалдар жеке түрде болсын, біріккен түрде болсын көп мағынаны түсіндіреді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық