Филология | Олжас Сүлейменов және түркітану мәселелері

 Филология | Олжас Сүлейменов және түркітану мәселелері

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………………………………………………3
І. ТАРАУ. ТҮРКІ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ (Олжас Сүлейменовтің көзқарасы бойынша)……………………………………………………….5
1.1. О.Сүлейменовтің түркітану ғылымына қатысты көзқарасы мен тұжырымдары………………………………………………………………..5
1.2. О.Сүлейменовтің Еуропа тілдеріндегі жазылу мен айтылуға байланысты ерекшеліктердің түркі тілдеріндегі көрінісі туралы тұжырымы…………………6
ІІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІ МЕН (оның ішінде қазақ тілі) БАСҚА ТІЛДЕРДЕГІ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ СӘЙКЕСТІГІ………………. 17
2.1. «Аз и Я» кітабы және ондағы түркітану мәселелері………...17
2.1.1. «Аз и Я»-дағы «Жырдың» берілуі……………………….……..17
2.1.2. Шумер-түркі арақатынасы………………………………………18
2..2 «Тарихқа дейінгі түркілер» еңбегі және славистика мен түркітану мәселелері ……………………………………………………22
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………54

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Олжас Сүлейменов - ХХ ғасырдың ірі қоғам қайраткерлерінің бірі.
Заманымыздың аса ірі қаламгері, мемлекет және қоғам қайраткері әр шығармасында түркі дүниесінің әлемдік мәдениетке жасаған ықпалын тарихи лингвистика арқылы бұлтартпастай етіп дәлелдеп келеді. Ақынның соңғы жылдар бедерінде адамзат өркениетінің қандай жолдармен дамығаны, ұлттардың бағзы замандардан бергі бір-біріне ықпалы, мәдениеттер сабақтастығы, салт-дәстүрге жұғыстығы туралы түбегейлі әрі ауқымды зерттеулері ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Оның түркітану ғылымына қатысты зерттеулері мен зерттеу барысында қолданған әдістері, жасаған тұжырымдарының дәстүрлі емес түркітануда маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Олжас Сүлейменовтың түркітанудағы көзқарастарын жүйелеу. Осы мақсатты айқындауда мынадай міндеттер анықталды:
- Ғалымның түркітануға қатысты еңбектерін қарастыру;
- О.Сүлейменовтің түркітанудағы пікірлерін, жұмысын анықтау;
- Түркітану ғалымдар мен О.Сүлейменовтің зерттеулеріндегі әдістер сабақтастығы мен көзқарас, тұжырым айырмашылықтарын қарастыру.
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста ғалымның түркітанудағы алатын орны туралы кең ашылып айтылған. Бүкіл түркі ғылымы мен славистика ғылымын дүр сілкіндірген “Аз и Я” кітабының құндылығы бүгінгі күнде де өзекті. Еңбектің негізгі зерттеу нысаны – орыстың әйгілі “Игорь полкі туралы жыр” болып табылады. Бұдан кейін ғалымның түркітануға байланысты көптеген мақалалары газет-журнал, басқа мерзімді баспаларда жарық көріп отырған.
Ғалымның тағы бір еңбегі “Таңбалар тілі. “1001 сөз” деп аталады. Бұл еңбек “1001 сөз” деп аталатын этимологиялық сөздікке дайындық ретінде жазған. Мұнда автор дәстүрлі қалыптан өзгеше әдіспен, яғни сөздің тууын алғашқы сызылған таңба белгісімен тамырлас байланыстыра қарастырып, түсіндіреді.
Жазушының келесі еңбегі “Тарихқа дейінгі түркілер” деп аталады. Атаулы еңбекте түркітану мен славистикатану ғылымдарының арақатынасы мен бір-бірімен тығыз байланысы айқын берілген.
Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде түркітану бойынша зерттеулер, О.Сүлейменовтің “Аз и Я”, “Таңбалар тілі. “1001 сөз”, “Тарихқа дейінгі түркілер” еңбектері, түрлі мақалалары және баспасөэ беттерінде жарияланып отырған сыни-мақалалар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ТАРАУ. ТҮРКІ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ (Ожас Сүлейменовтің
көзқарасы бойынша)

1.1. О.Сүлейменов және оның түркітану ғылымына қатысты көзқарасы мен тұжырымдары
Ғалымның зерттеу мақалаларында дәстүрден тыс ерекшелік байқалады. Көпшілік оқырманға арналған еңбектерінде түркілер тарихын қарастыра отырып, ол кісі есімдерінің негізінде, олардың түбірлерінің төркіндігіне сүйене отырып, біршама тұжырымдарға келіп отыр. Бұл ретте біз оның қандай тұжырымдарға келгендерін алдымен мәселе ретінде қарастырып көрейік.
1. Ғалымның ойынша, тіл – ең бір самарқау құрылым. Толысып кемеліне келген тілге “сырттан жаңалық енгізіп”, оны мәңгі қалдыру үшін оның басқа тілдермен ұзақ уақыт бойы өзара байланысқа тусуі керек. Ал қалыптасу кезеңінде дәл осы өзін өзі сақтау қабілеті арқылы тілдер бір-біріне өзара тәуелді болған еді. Славян және түркі тілдері қалыптасу кезеңінде де, неғұрлым толысып, дербестік алған шағында да тығыз байланыста дамыды. Мұны лексикалық және грамматикалық материалдардың өзара алмасуы дәлелдеп береді. Бұл орайда түркі және славян тілдерінің тармақтары қолданылу мерзімнің ұзақтығы жағынан да, даму тәжірибесі жағынан да бір-бірінен онша алыс кете қойған жоқ. Олар өзара үйрене отырып өркендеді. Яғни О.Сүлейменовтің айтуынша түркітану мен славистика бір бірімен бір екі ғасыр емес, ұзақ уақыт бойы тығыз байланыста болған.
2. Жоғарыда біз автордың түркітанудың славистикамен байланысы туралы тұжырымына тоқталсақ, ендігі кезекте ол көне мысыр мен түркілердің әлі де толық зерттеуге алынбаған тақырыптар туралы тұжырым жасайды. “Біріншіден түркілер Кіші Азия және Жерорта теңізінде бұдан мың жыл бұрын ғана пайда болған. Оның өзінде олардың Византияға жорыққа аттануға дейінгі бірнеше ғасырлар бұрын Алтай-моңғол аймағынан этнос ретінде шыққаны да белгілі. Ал бұл көнемысырлық өркениеттіліктің семуінен кейінгі мың жыл өтетіндей аралықта деген сөз болуы мүмкін ?!” Яғни уақыттың біраз өткеніне қарамастан, түркітану саласындағы зерттеулердің әлі де болса баяу дамып келе жатқындығын айтқысы келетіндей.
3. Ғалымның келесі тоқталған мәселесі әдеби және археологиялық көздердің сарқылуға шақ қалып отырғаны туралы. Оның пайымдауынша, қазіргі кезде эпостық бейнелердің есімдері пайдаланылуына аса көп мән берілмейді де, олардың керемет деген аңыз әңгімелерден де бұрын шыққанын, сондықтан пирамида қазыналарынан да құнды. Есімдерде де электрондық сезімтал бөлшектерде сияқты тарихи және тарихқа дейінгі ақпараттардың мол көлемі сақталған. Ғалымның есімдерге байланысты атаулы тұжырымы, менің ойымша, зерттеуді қажет етеді. Дегенмен де, бұл тұжырыммен тіл мамандарының барлығы бірдей келіспеулері мүмкін.Айта кететін болсақ, бұл теория бір кездері көне Мысыр немесе Шумер тілдерінде пайдаланған, ең болмағанда бір сөзді қазіргі сөздерден аңғаруға ұмтылыс жасаудың жолын кеседі.
4. Кез келген тілді, оның ішінде түркі тілі де бар, жіктеген кезде, ондағы буын ерекшелігін (ашық және бітеу буындар) ескерген жөн. Атаулы тұжырымын ғалым келесідей түсіндіреді. Сөздің өзгеруі үнемі қатаң заңдылықтарға бағынады. Бір тілдерде ашық буында дауыстылар басым болса, бір тілдерде бітеу буынды сөздер басым. Мысалы, түріктің ала-чуг (ал-ач-ук, қаз. /ы/ла-шық) славян тілдерінде ла-чу-га сөзіне оралады. Алдыңғы буынның инерциясының әр түрлі екендігін дәлелдейтін көптеген мысалдар келтіруге болады, славяндардың алғашқы буыны ашық болады. Осыларды есепке ала отырып, біз екі тілді бір-бірінен еніп, жасырын түрде тұрған көптеген сөздерді таба аламыз. Менің ойымша, егер де біз О.Сүлейменовтің буын жайында айтқан тұжырымын басқа ғылымдармен салыстырғанда, бұл ретте тілді зат ретінде қарастырып, буынды сол затты құрастырушы атом ретінде қарастыруымыз керек сияқты [24,89].

1.2. О.Сүлейменовтің Еуропа тілдеріндегі жазылу мен айтылуға байланысты ерекшеліктердің түркі тілдеріндегі
көрінісі туралы тұжырымы
О.Сүлейменов бүгінгі таңдағы түркологияны жалпы адамзаттық ғылымдар қатарына қосып, оның славистикадан кем түспейтінін дәлелдеп, ондағы зерттеулердің негізгі дерек көздері жазба ескерткіштері мен жалпы тарихта қалған жазбалар екенін атап айтып отыр. Ғалымның пайымдауынша, жазба өнерімізді сақтау үшін бар мүмкіндіктерді жасау қажеттігі туындап отыр.
“Ғылыми лингвистиканың” дамуының алғашқы кезеңі бір тілден екінші тілдің айырмашылығын іздеуге және “ семьялардың” қалыптасуына арналса, келесі кезең тілдер мен мәдениетті әуелде біріктірген универсалдықты, ортақтықты іздеуге арналады.
Жазушының көзқарасы бойынша, біздер басымыздан кешіп отырған төңкерістер / оның ішінде мәдениетке қарсысы да / әрбір ойланған жаннан қандай да бір әрекетті, ат салысуды немесе қарсылықты талап етеді [14,2]. Мысалы, Ұлы Петр өзінің “қайта құруын” бастағанда университет ғұламаларына құлақ асқан – Ресейді шұғыл түрде Еуропаға жақындату үшін латын алфавитін енгізбек болған. Бірақ батылы бармаған: жазба дәстүрі кафтанды камзолға ауыстыра салатындай оңай дүние емес еді. Тек орфографиялық реформамен ғана шектелді – кириллицаны едәуір қарапайымдандырды.
Қазан төңкерісінен кейін Ленин ол алфавитті бұрынғыдан да гөрі сығымдады, - он қабатты “и”- ден және “ять” - терден құтқарды, онсыз да “қатаңдығы” білініп тұратын сөздердің соңындағы қатаңдық белгісін қысқартты.
Осман империясының күйреуі және еуропа мәдениетіне бағыт алуды Ататүрік едәуір кесімді әрекеттермен атап өтті – араб графикасын латын алфавитімен ауыстырып және түрік тіліне енген араб – парсы кірмелерін шығарып тастады.
КСРО – дағы түркі тілдес республикалардың басшылыры да содан үлгі алған, бірақ 37 – жылдан кейін жаңа басшылар мен жаңа лингвистер барлық жерде тегіс латын графикасын кириллицаға ауыстырды. Жоғарыда аталғанға орай, қазіргі қазақ жазуын құрастырған сол бір астаң – кестең кезенде барлық күрделі жайлар тегіс ескерілді ме екен? Сондағы қабылданған орфография қазақ сөзінің үндестігін қаншалықты дәл бере алады? Мұндай сауалдардың туындау себептеріне байланысты және оларға жауап ізденген ғалым тағы бір тұжырымын ұсынады. Бұл ретте сөз айтылу мен жазылу ережелері мен олардың ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Негізінен, “Қалай айтылса, солай жазылады”, дейтін қағида рим жазуында толығырақ сақталған, ал қазіргі еуропа елдерінің ішінде – тек орыс кирилицасында сақталады. Осы қағида орыс алфавиті негізінде пайда болған жазба жазбалардың да басты құндылынғына айналуына, ғалым айтпақшы, барлық мүмкіндіктер болған, және ондай тенденцияның болуы жаңалық емес. Дегенмен де, байқап отырсақ, жарты ғасырдан аса қазақтар көптеген сөздерді айтылуына қарай жазбайды. Біз аул, ауз, аур, баур, қаун, жаун деп айтамыз да, - ауыл, ауыз, ауыр, бауыр, қауын, жауын –деп жазамыз.
Осынау “ауы” деген жабайы трифтонг қазақ жазбаша сөзінде қалай пайда болды? Міне, осы сауалдың негізінде ғалым жауап іздей бастайды.
Жазылуы мен айтылуының екі түрлі болып келуі еуропаның көптеген ескі тілдеріне тән. Француздар “mais”, “tait”, деп жазады да “me” және “te”-деп оқиды. Сөйлеу тілі орфографияға қарағанда тез жетілген деп есептейді. Осы ғасырдың басынан бері реформа қажет деп талап етумен келеді. дегенмен де атаулы мәселе өзінің шеішімін айтарлықтай деңгейде таба қойған жоқ. Оның біршама себептері мен алғышарттарының бар болуы жаңалық емес. Ф.Соссюр орфографияның сәтсіздігінің себебінен сөз төркінінің бұлыңғырлығынан көрді: “Өрлеу дәуірінде олар басымдық роль атқарды. Орфография жалған этимологияның қысымымен белгіленді: осылайша француздың “poids”- салмақ, деген сөзіне “d” әрпі енгізілді, өйткені ол латынның “pondus” салмақ, деген сөзімен үндеседі, ал шындығы ол сөз латынның “pensun” - өлшеулі деген сөзінен туындайды. Осы мәселеге орай ғалымның айтуынша кирилицаның қазақ тіліндегі вариантының қағиданы бұзуының негізгі себебі осы айтып отырған жалған этимологияда. Бұл ретте ғалым аса үлкен назарын түркітанушылардың қазақ (кеңірек айтсақ - қыпшақ) дифтонгі “ау”-дың тарихын қате қарағанына аударады [3,215].
Зерттеу барысында ғалым түркі тілдік тобын қарастырғанда, оны ағаш бұтағына теңеп, ондағы негізгі жуан бұтақтарының арасынан мәселені шешуге қажет “ау” үшін оғұз бен қыпшақты бөліп қарайды.
Тілдің осы екі және өзге де бұтақтары ерте тарамдалып, уақыт өте тәуелсіз өркендеулеріне қарай әрқайсысының айтылу дәстүрі қалыптасып әрқилы буындық түрлерге (ашық-жабық) бейімделіп, басталуы және яқталуы белгілі бір дыбыстарға және дыбыс үнділіктеріне т.б. әдеттеніп кеткен. Осындай факторлардың барлығы сөздер өзара ауыс-түйіс болған кезде белгілі дәрежеде өзгеріске ұшырауына әсер ететін үндестік ықпалына айналады.
Ғасырлар бойы ажырасудан кейін тарихта ұзақ уақыт қауышу кезеңдері де болып отырған, ондайда өзара лексикалық материалдармен алмасып, олар үндестік ықпалына сай өзгерістерге ұшырап отырған. Түркі тілдерінің бәрі де белгілі мөлшерде аралас боп кеткен, олады оғұз-қыпшақ, қыпшақ – оғұз деуге де, немесе тіпті қыпшақ – оғұз- бұлғар (мысалы татар, башқұрт тілдері) деп атауға болады.
Бұл жерде, сонымен қатар, алғашқы бастаудан келе жатқан “химиялық таза” тілдің сақталмағанын да айтуға болады. Бұл ережеден түркі тілдері де құр қалған емес. Олардың байланысы жақын туыстарымен шектеліп қалған жоқ, оған мысал, түркі тілдерінің үнді еуропа, угро-фин, тұңғыс-манчжур және басқа да көршілес тілдермен біріктіретін көптеген қасиеттері дәлелдейді. Тіл білімінің бірнеше ондаған жылдар бойына жинақтаған және үнемі сан жағынан молаюы үстіндегі материалдары тілдік Семьялар төңірегіне мезгілсіз бұрын қойылған қоршауларды шайқалта түсуде. Сонымен қатар, ғалым зерттеуінде еуразияның барлық тілдерін үлкен организмнің мүшелері ретінде біріктіретін тірі жүйелері есебінде қарастырады. Еуразия, Африка және Америка тілдерінің сөздіктері алфавиттік ретпен де, “семьялық” ретпен де қойылмаған, континеттердің кеңістіктерінде әрқайсысының иелері өзара кіріптарлық өркендеу жағдайында қалай орналсқан болса, сөздіктері де сол тәртіппен аралас-құралас тұр. Ғылыммен қол жеткен қорытындының жетімсіздігін ғылымның барлық тілдермен мәдениеттердің айырмашылық ерекшеліктерін жіктей отырып, оларды не біріктіретініне лайықты мән бермеуінен деп түсіндіруге болады. Жіктеген кезде біз олардың ерекшелік те, жан-жақтылық та қасиеттерін ескеруіміз керек. Егер белгілі бір топқа жататын тілдердің ғана сөздіктеріне сүйенетін болсақ, үнді-европа сөздерінің көпшілігінің түп төркіні табылмайды. Сол сияқты адамзат тілдерінің контекстінен тыс басқа тілдерден бөліп түркі тілдерін де зерттеу мүмкін емес. Үнді-еуропа тілдері сияқты түркі тілдері де сол фонетикалық, морфологиялық және семантикалық заңдарға бағынады. Сондықтан жаңа жазулардың орфографиясы уақыт сынынан өткен ескі орфографиямен түзетілуі мүмкін. Жоғарыда айтылған тұжырымдарда, түркі тілдерін қарастырған кезде, олардың басқалармен қатынасын, беріректе емес сонау көне заманнан алған бастауын алып қарастырып, ғалыммен оның еркшеліктерінің ескерілгендігін атауға болады.
“Тіл ғылымы” мен “ғылыми графология” пайда болмастан екі мың жыл бұрын дүниеге келген латын жазуын сөздердің дыбысын барынша дәл береді, ал сол көненің қазіргі ұрпағы түр жағынан еш қартаймастан бүгінгі басқа тілдерде, соның ішінде түркі тілдерінде де өмір сүріп келеді. Сондықтан да латынның және біздің сөздіктеріміздегі туындас немесе дыбыстағы ұқсас лексемдердің жазылуын салыстыра қарау әрекеті көңілге қонуы тиіс. Ғалымның айтуына қарағанда, бұл жерде бір ғана мақсатпен жаңа орфографияны түзетуге әрекет жасау керек. Егер латын және онымен салыстыратын тілдердің фонологиялық зерттеуін алдын ала салыстырмалы түрде жүргізсе, бұл әдіс тіптен жемісті болар еді.
Мысалы, дауысты фонемелар у, о а барлық фонологиялы өлшемдері бойынша латын тіліне де, түркі тілдеріне де сәйкес келеді. Олар сөз басында да сөз құрамында да, соңында да өздерін бірдей ұстайды және қосарланып (дифтонг) келгенде де солай.
Еуропа тілдерінің ішінде латын тілі бірінші болып империя тілі сапасына ие болып, диалект нормаларына төзімділік танытты. Айталық ол қосарланған дауысты дыбыстарды да (ау), және соған сай ұзақ дауыстыны да (о) мойындайды. Көптеген ұлттық тілдер империя тілі дәрежесінде болып та сол дәрежедегі икемді үстемдікке жете алмады. Бұл жерде ғалым біршама қызықты мысалдар келтіріп өзінің ойын келесідей дәлелдейді: Мәселен “ау” – ды орыстар бертінде ғана айта бастады: Кейуптаун, наука, паук, баул... Ал XVIII ғасырда ғана : навык, павук (павка) , - дейтін. Яғни олар қос дауыстыны еріндік дауыссыз “в” дыбысына қабаттайтын, сөйтіп қос дауыстының елте дауыстысы не көмескі айтылатын (павук, павьк), немесе дауыс екпінінің әсерімен жасанды, созылыңқы боп таңдаймен айтылатын жартылай дауысты дыбысқа (навук, навьк) айналатын.
Орыс сөзінің басында “ау” дифтонгі басқаша бұзылған : дауысты “а” өзінен өзі көмескіленеді, латын тіліндегі сөз алдынан келетін көмекші сөз “аи” мағынасы жағынан орыс предлогі “у”-ға сәйкес (аи Roma –у, Рима). Осы сәйкестік латын тілінен орыстың “улей”, “улица” (aulus, родителный падеж- aulis двор-авула, ограждение – қоршау, соты – кэрез және басқа да көптеген осындай “шеңберге” байланысты мағыналар) сөздерінің төркіндерін табуға мүмкіндік береді. Мүмкін, түркі-моңғол тіліне сіңген “ұлус” сөзі де осылай келген шығар. Сол сөздердің ұясына, бәлкім, обло-есть, яғни “кругло есть” үлгісі бойынша орыстың –обл-кругл (*aul) түбірінен құралған “область” сөзі енетін болар. Осынау графикалық белгі басқа диалекте өзгеше аталады: огул (*aul>oul>ogul (сообща -бірлесіп, все вместе –бәрі бірге, всем кругом лиц барлығымыз бірлесіп, всем обществом - барлық қоғамымызбен) сөздердің мағынасын білдірген.
Осы мысалға қарап біз шығыс славян диалектісінде бұрын болмаған “ау” дифтонгінің сіңісе бастағанын көреміз. Сөз басында келгенде осы қосарлы дыбыспен славяндық күрес тәсілін де өзіміз үшін еске алып қоялық:
1) дифтонгті бір дауыстылыққа дейін оңайлату aulus> ulus6 aulus>uli/s/. Бұл топқа узда (*ауызда), уста (*ауыста) және басқа да сөздерді енгізуге болады.
2) дифтонгті протетикалық дауыссызбен қабаттау : а) еріндік наук – навук-навък-навык. Немесе паук-павук-павък. Бұл жерде шолақ “у” шолақ “ы” (һ)-ға айналады, тек қазір орыс тілінде айтылмайды. Екпіннің әсерімен созылып, айтылады: привык, обычай, б) көмейден шығатын: * aul – круг /агул/ огул/. Бұл жерде қос дауыстының екі жағы алғашқы дыбыстың екпіні астында қалып өрістемей қалған.
3) Дифтонгінің екінші бөлімі ерндік дауыссыз сияқты айтылады: Paul / Павл павло (итальянша Паоломен салыстырыңыз).
Бұл мысалдар (ау (дифтонгінің әубаста шығыс-славян тілдеріне тән болмағанын, және қос дауысты –дифтонгті басқа тілден ауысқан немесе жасанды сөздер («на-ук»)а тәрізді игерілуі кезінде өзінен-өзі өңдеуден өткенін дәлелдейді.
Еуропа тілдерінің айтылу екпіні туралы ИОАН дінмен бірге кең таралған христиандық антропонимдер сияқты үлгі лексемдерді құбылтуларына байланысты пікір айтуға болады.
Библиялық Ioan еуропа тілдерінің иоттан басталған дыбысқа да, қос дауыстылыққа да қалай қарайтындарын тексереді: немістер иоттан басталар дыбысқа төзімділік танытқанымен әдетегіден тыс дифтонгті қабылдамайды, сондықтан оны көмейден шыққан жасанды үнмен қабаттайды: Iogan. Эстондықтар : Iuhan.
Атаулы құбылысты нақтырақ қарастыру үшін ғалым бұл ретте угрофин тілдерінен әдейі мысал келтіріп отыр, себебі өйткені сөз өзгерту механизмдері этникалық шекараларды мойындамайтын жан-жақты боп келеді. Тіпті белгілі бір топқа жататын, тілдердің өзінде – бірі қос дауыстылыққа қабылдайтын, екіншісі оны көмейлік немесе еріндік жасанды үнмен қабаттайтын әрқилылық болуы мүмкін. Эсталарға туыстас хантылар еріндік үнді қолданады: Iuvan.
Егер де түркілер христиан дінін қабылдаған болса, бүгінде түріктер Иоанды Иоган, қазақтар Жуан, қырғыздар Джон, алтайлықтар Жан, деп атаған болар еді, ал хантылардан ауысқан Юван – Жуан болар еді.
Жалпы иоттан басталар дыбыстар мен дифтонг – қос дауыстыларға деген көзқарас. Оғұздар «ау», «уа» деген қос дауыстылар мүлде қабылдамайды. Сондықтан оларды көмейден шыққан жасанды үнмен қабаттайды («агу» - «уга»). Осы жағдай көптеген этимологияларды анықтайды.
Жоғарыда келтірілгенмен қатар, О.Сүлейменов Жолшыбай Библия есімінің қайдан шыққаны жайлы да айтып кетеді. . Мұның негізінде ертедегі римнің күн құдайы Ianus жатыр ма дегенді негізге алып отыр. Ғалым екі жүзді Янусты есімізге сала отырып, ол туралы «1001 сөз» еңбегінде толығырақ айтып кетеді. Бұл ретте оның бауыры, құрандық кейіпкер – Ianus * ianus – екпінді дыбыстың әсерімен дауысты дыбыстың үндесуін атап өтеді.
Римге дейінгі күн таңбасының белгісі – ian. Бұл белгі – “Алғашқы ай (жарты ай)” деп те түсіндіріледі. Сол түсініктің күн құдайының құрметіне - ian /деп / алғашқы айға ат беруге де әсері болды – “ian-var” (лат. genvaris). Осы тұлғаларды талдай отырып «Дауыстыны кеңейту » заңдылығына – e\ іа дәлел табамыз және * еn есімінің әуелгі тұлғасына шығамыз......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру