Политология | Ұлыбританияның саяси кеңістігіндегі Маргарет Тэтчердің атқарған саяси қызметтері
Тақырыптың өзектілігі. Британ тарихындағы әйел затынан шыққан саяси қайраткерлердің бірінен саналатын, Маргарет Тэтчер есімі, әлем тарихының жадында мәңгі сақталады. М.Тэтчер дүниедегі ең озық саяси идеологиялардың негізін салушы болып табылады. Ол тарихта «тэтчеризм» деген атпен қалды. Бұл саяси идеология Британияда бірқатар әлеуметтік, экономикалық, саяси құрлыстар барысында реформалар жүргізді. Тарихқа терең үңілер болсақ, Маргарет секілді Британ тарихында терең саяси-әлеуметтік экономикалық реформалар жүргізген әйел затынан шыққан қайраткерлер аз болмаған. Мысалы: Елизавета, Виктория ханшайымдардың есімі тарихта мәңгі ұмытылмастай сақталып қалды. М. Тэтчер де сол есімдердің ішінен өз ерекшелігі, құндылығы бар дара есім болып саналады. М.Тэтчер және «тэтчеризм» атауларына қатысты Ұлыбританияда көптеген түбегейлі бет-бұрыстар жасалынды. Бұл туралы бүгінгі таңда да өз бағасын алып, талқыланып келеді. М.Тэтчердің қолдауымен әлемде көптеген өзгерістер орын алды. Оның Кеңес Одағымен 80-жылдардың ортасында байланыс ұстауының өзі көптеген саяси идеологиялардың алмасуы мен төңкерісіне алып келгенін көре аламыз. Осы мәселелерге қатысты әлем баспасөздерінде және Британияда «Тэтчер факторы», «Тэтчер феномені», «Тэтчер революциясы» деген терминдер қалыптасты. Бұл терминдердің сипаты өте жоғары мәнге ие. Бүгінгі таңда әлем саясаткерлерімен, Британ үкімет органдарының ірі өкілдері М.Тэтчердің жүргізген саяси бағыттарына біржақты қолдау білдірмегенімен, оның іскерлігі мен терең саяси атқарған қызметтерін еріксізден мойындайды. М.Тэтчер партия бойынша, консервативтік партияның өкілі болып табылады. Консерваторлар осы күнге дейін оның есімін толықққанды мақтаныш тұта алады. Оған себеп болар айғақтарды біз өз кезегінде толық, тиянақты талқылаймыз.....
Дипломдық жұмыстар