Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, біздің елімізде 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, Қазақстандағы мол қазба байлықтар қоры. Жылына елімізде 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастар достық, тату көршілік негізінде құрылғанымен де, екі тарапқа тиімді өзара пайда мүдделері де маңызды болып табылады деп айтсақ қателеспейміз. ....
Тақырыптың өзектілігі ХХ ғасыр адамзат баласының тарихында маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы бір тарихи кезеңде дүниежүзілік соғыстар, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), НАТО, Варшава Шарты, АСЕАН және басқа да әр түрлі халықаралық ұйымдар, блоктар мен бірлестіктер құрылды. ХХ ғасырдың аяғы әлемдік деңгейдегі дамуда күрделі өзгерістермен сипатталады. Бұл кезеңде биполярлық жүйе өзгерді, «қырғи қабақ» соғыс аяқталды, екі Германия қосылды, КСРО күйреді, бұрынғы халықаралық қатынастар жүйесінде, геосаяси және геоэкономикалық бағыттарын айқындады. Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр . Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы.....
Қазіргі заманғы биологияның ең болашағы зор әдістерінің бірі өсімдік клеткасы мен ұлпасын жасанды жағдайда өсіру. Әсіресе гаплоидты технологияның тиімділігі зор. Гаплоидты организмде барлық рецессивті белгілері көрінеді. Аталық тозаңдарды өсіру арқылы гаплоидты организмдерді алуға болады. In vitro жағдайында өсімдік ұлпасын өсіріп, өсімдік жүйесінің бір клеткадан дифференциация гистогенез, морфогенез арқылы біртұтас өсімдік алу мүмкіндігінің күрделі механизмдерін зерттеуге болады. Клеткаларды In vitro жағдайында өсіру әдістерінің ең күрделі мәселесі каллус клеткаларының морфогенез процестерін реттеу болып табылады. өсімдік клеткасын жасанды жағдайда өсіргендегі технологияда қолданудың басты мақсаты біртұтас регенерант өсімдігін алу. Даражарнақты өсімдіктердің, әсіресе астық тұқымдастардың оқшауланған ұлпаларын In vitro жағдайында өсіруге өте қиын, себебі бұл өсімдіктердің тотипатенттілік қасиеті төмен. Сондықтан органогенез процесіне эффективті әсер ететін және каллус түзуге, өсу және морфогенез процестерін реттейтін жаңа биореттегіштерді іздеу қажет [1,2]. Гормондар – тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызы өте зор. Организмдердің дамуы, өсуіндегі ең негізгі процестер гормондармен реттелуге тәуелді. ....
КІРІСПЕ Орталықтандырылған КСРО мемлекеті ыдырап, ұлттық қажеттілікке қарай, демократиялық негізде тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Бұл орныққан жаңа әлуметтік- саяси ақуал қоғамның да, оның азаматтарының да санасына айтарлықтай сілкініс туғызды. Дүниеге халықпен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шын мәнінде тәуелсіз елдің тілі де тәуелсіз дамуы тиіс. Сондықтан тәуелсіздік алған көптеген елдер бұрынғы кіріптарлықтан, ұлттық кемушіліктен құтылу үшін өз ұлтының тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, сол арқылы ұлттық сананы, өзіндік мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыруға ұмтылуда. Дегенмен бұл көп ұлтты болып Республикаларда бір күлер үшін қуаныш сезімін тудырса, енді біреулері үшін салмақты қауіп-қатер әкелетіндей көрініп, тілдік өмірді шиеленістіреді. Бұл алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланған байырғы тілінің өз мәртебесіне лайық қызмет атқаруына айтарлықтай кедергілер жасауда. Мұның себебі біріншіден, "мемлекеттік тіл" ұғымының дағдылы түрде қалыптаспағанына байланысты болса, екіншіден, оның өз мәнінде ұғын-дырмалуынан, үшіншіден, оны жариялаған Конституция Тіл туралы заңдар-ының құжаттарға сәйкестенбеушілігінен болып отыр. Еліміздегі мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі, жалпы алғанда баршаға аян. Оның қызметі Қазақстанның әр түкпірінде әр түрлі екені тағы да белгілі. Алайда мемлекеттік тілдің қай жерде қай салада қандай дәрежеде екені ешкімге аян емес. Кейбір басқару органдары мамандарына белгілі болуы мүмкін, бірақ оны тілдік жоспарлауда жергілікті тіл ерекшеліктерін нақты ескере бермейді. Республика бойынша сол белгіленген шаралар нақты фактілерге негізделмей жалпылама сөзге құрылады, ал бұл тілдердің жер-жерде тиісті дәрежеде дамуын қамтамасыз етпейді. Қазақстандағы тілдердің, әсіресе, мемлекеттік тілдің дамуының бір себебі осы. Міне осы жағдайда не істеу керек? Тіл саясатының жергілікті жердегі жүзеге асуы жайы зерттелуі шарт, содан сол бойы нақты іс-шара белгіленіп, оны қоғамға енгізу қажет және оның орындалуын бақылау қажет. Қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялаумен іс бітпейді. Тіл дамыту аса күрделі іс. Алғашқы сөз тілге мемлекеттік мәртебе беру себебінен басталуы тиіс. Негізінен әлуметтік тәжірибеде тілге мемлекеттік мәртебе екі жағдайда беріледі. Біріншіден, тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда, оның мәселесін шешіп, екіншісі – басым тілдің артықшылығын сақтау үшін бері-леді. Қазақ тіліне келетін болсақ, оған мемлекеттік мәртебе дағдарыстан шығу үшін берілді. Алайда тіл туралы заң қабылданғалы он жеті жылдан астам уақыт өтті. Сол кездегі туған бала бүгінде қыз-келіншекке қырындайтын жағдайға жетіп, мұрты тебендеген балаға айналды. Сол жылы шаңырақ көтергендер үш-төрт сәбилі болып, балаларының алды мектеп бітірді. Сол жылы жігіттің жасы жиырма бестер шамасында болса, ендігі қырықтың қырқасынан асып, бір отбасының ұйытқысы, ақылшысына, тірегіне айналып отыр. Ал қазақ тілі ше? Байлардың құлындай мемлекеттік кеңселердің есігінен сығалау бақыты ғана бұйырып тұр. Отбасы, ошақ қасы-нан басқалардың ешқайсысы қазақ тілін менсінбейді. Сондықтан қазір тіл тағдырына алаңдаушылық аса маңызды қоғамдық – саяси құбылысқа айна-лып отыр. Сондықтан қазақ тілін республиканың мемлекеттік тіл мәртебесінде қоғам өміріне орнықтыру және ары қарай дамыту – мемлекеттік стратегия. Тілдің мемлекеттік мәртебесі нақты жүзеге асуы үшін үкімет тарапынан билікті басқару қажет, басқару билікті білу үшін жергілікті тілдің жағдайын білмей болмайды. Бұл әсіресе жер аумағының көлемі бойынша әлемде алғашқы ондыққа енетін санатындағы Қазақстан үшін социолингвистикалық зерттеу жүргізілуі шарт, ал тіл құрылысы тізгінін отырған басшылар ондай социлингвистикалық ұсыныстарға зәру. Демек, қазақ тілінің елімізде мемлекеттік мәртбеге лайық қызмет атқаруы үшін алдымен оның қоғамдағы нақты жағдайын анықтап, сол жағдайды жөндейтін жолдарды іздестіру қажет. Әлемдік тәжірибеде белгілі болғандай, тілдік қоғамның қызметін дамы-тудың дұрыс жолын анықтайтын – әлеуметтанушы (социолингвист), ал қол-данатын – үкімет. Диплом жұмысының өзектілігі міне, осындай әлеуметтік қажеттілікте.....
Қазақстан әлем эфирінен орын алғанына жақында 26 жыл. Сол сындарлы жылдар барысында бастан кешкен қуанышымыз бен тауқыметіміз аз емес. Көшкен құстай бір-бірінің соңынан ілескен уақыт 6 ғасырға жуық тарихы бар қазақ көшін жылдар жылжыған сайын ілгерілетті. Түрлі өзгерістерге бой үйретіп, талай жаңашылдыққа бет бұрдық. Сансыз жобалармен жұмыс атқарып, көптеген стратегия, идеялар барысында халық арасында ауыз толтырып айтарлықтай жаһандану, жандану толқыны көрініс алды.
Ел игілігі үшін жұмыс атқарып жатқан жобалардың соңғысы «Рухани жаңғыру» аясында талданған «ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ» жобасы сәуір айының ортасында орайы түсі , оң жамбасымен Үкімет басшылары арасына топ ете түскен еді.
Бұл жоба 2017 жылдың аяғына дейін бірыңғай стандартты нұсқасы жасалуы тиіс болған. Соның негізінде оқу праграммасы латын әрпінде жүргізілуі , мектептер мен басқа да оқу орындарында жазба түріне енген жаңа жазудың жетілдірілуі келер 2018 жылдың анық та, айқын мақсаты. .....
Ертеде бір бай болыпты. Байдың үйінде жүрген бір күң болыпты. Күң жатса, түс көріпті; басынан ай туыпты, аяғынан күн шығыпты, жүрегінің басынан екі жұлдыз туыпты. Ертең ерте тұрыпты. Бір байдың сиырын баққан тазша балаға келіпті.
Бала айтыпты:
— Е, жеңеше, қайда барасың?
Күң айтыпты:
— Сенің байыңа жалданғалы келдім.
Сиыр баққан бала айтты:
— Сен өтірік айтасың, сен бірдеме іздей барасың.......
Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді......
Сатыбалды би. Қоңырат тайпасының маңғытай руынан. Жастайынан алқалы топта билік айтып, бала би ретінде аты шығады. Ел аузында сақталған аңыздардың бірінде Ұлы жүздіңдуалы ауыз биінің .....
Қазанғап Сатыбалдыұлы - 1771-1856 жылдары өмір сүріп, 1843-1848 жылдары Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, сондай-ақ бәсентиін елінің төбе биі болған. Ұрпақтары Бердәлі Қазанғапұлы 1812-1842 жылдары өмір сүріп, Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, би; .....