Қожанасырдың май сатып алуы
Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады.
Әйелі оған бір кесе беріп:
— Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді.
Сол жерде сатушы:
— Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? - дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп:
— Қалғанын мына жағына құй! - деп, кесесінің түбіне құйғызып, Қожекең сол бойында кесені ұстап үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып:
— Майды мұнша неге аз алдың? - деп сұрағанда,
Қожа:
— Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп, кесені тағы да төңкеріп қалады. Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп қалыпты.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Қожанасырдың май сатып алуы туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Қожанасырдың май сатып алуы для детей на казахском языке, балаларга Қожанасырдың май сатып алуы арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Қожанасырдың май сатып алуы казакша оку, Қожанасырдың май сатып алуы